Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда экологиялық тәрбиенің рөлі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мазмұны:
Кіріспе......................................................................................
І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
1.1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері.................................................
1.2. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жағдайы............................................
1.3. Оқушыларға сабақта және сыныптан тыс жұмыста экологиялық тәрбие беру үлгісі................................................
ІІ. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы
2.1. Оқу процесінде сабақта экологиялық білім мен тәрбие беру........................................................................................
2.2. Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру.............................................................................
Қорытынды............................................................................
Әдебиеттер..............................................................................
Кіріспе
Ғылыми-техникалық прогрестің жедел даму барысында, қоғам мен табиғаттың қарым-қатынас мәселесіндегі күрделі шиеленістерді дұрыс шеше білу, бүкіл жер шарының болашағын, әрбір азаматтың өмірін сақтауға мүмкіндік туады. Өйткені, өндірістің дамуы барысында табиғи қорлардың дағдарысқа ұшырауына, қоршаған табиғи ортаның ластануына себепші болып, жаңа дағдарыстардың туындауына ұйытқы болды.
Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды. Соңғы жылдардағы мемлекеттік жоспарларды орындау, өндірісті өркендету негізгі міндет болып, табиғатты (ауаны, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін) қорғап, ядролық жарылыстар, табиғат байлықтарын орынсыз пайдалану, табиғатты ауруға ұшыратты. Жұтатын ауамыз, ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың құрамында улы заттар көбейді. Заводтардан шығатын қалдықтар сүзгіден дұрыс өткізбестен ауаға таралып, осының нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық аурулар саны көбейіп барады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, аурулардың 80-90% ішетін ас суынан және жұтатын ауадан туындап отырғаны көрінеді.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты өз халқына жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған Президенттің жолдауында: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-ке себеп болып отыр, ол кейбір аймақтарда жағдайы мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі сапасыз тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады; - деді.
Озон қабатының жұқаруы, улы тұзды жаңбырлардың жаууы, химиялық заттармен ластануы – адамның іс-әрекетінен жасалған қасірет болып табылады. Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат аймағына айналуының бір себебі – экологиялық білім мен тәрбиенің төмендігі.
Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 89 бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз ету шараларына арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешілуі тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі көрсетіледі.
Өйткені табиғатты аялау, соның негізінде имандылыққа, ізгілікке баулу бала тәрбиесіндегі ұлттық тамырдан нәр алады, яғни, экологиялық ой-тұжырымдар баланың қоршаған табиғат ортасымен және өмір сүріп отырған қоғамындағы қалыптасқан ғылыми ұғым түсініктерімен байланыстырса, соғұрлым өз туған жерін, елін қорғауға тәрбиелейтіндігін ашып көрсеткен. Табиғат арқылы балалардың имандылық сезімдерінің алғашқы нышандарын педагогикалық құндылығын қалыптастыру жайлы Коменский ескерткен.
І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
1.1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің
педагогикалық негіздері
Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық прогрестің даму барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама-қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, табиғи жүйенің өзін-өзі реттеп отыру ырқынан шығып кетті. Демек, адам баласы өмір сүріп отырған қоршаған ортаны бүкіл ғалам бойынша өзгеріске ұшырату қаупі төнді.
Сонымен бірге, қазіргі кезде адам мен табиғат арасындағы қарама-қайшылықтарды шешіп, жол табу және жастарға экологиялық тәрбие беру педагогика мен мектептің басты борышына айналуда.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру жалпы білім берудің бір тармағы ретінде оқушыны жан-жақты дамытуға, оның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге бағыттайды. Кезінде орта ғасыр ғұламалары Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.А. Яссауи, М. Қашқари, А. Иүгінеки, С. Бақырғани және т.б. өз шығармаларында табиғатты аялап, қорғауға байланысты көзқарастарын білдіріп, жаратылыстану жайында бағалы пайымдаулар мен ғылыми тұжырымдар жасаған. Мәселен, Әл-Фараби «Ғылымдардың шығуы туралы трактатында» табиғаттану ғылымдарының шығу төркінін, себептерін ашып көрсетуге тырысады.
Н.Н.Герцен жас баланың жан дүниесін қалыптастырудағы табиғаттың маңызын көрсете отырып: «Біз адам дүниесін табиғат дүниесінен тас қабырға арқылы бөліп тастауға әдеттендік, бұл әділетсіздік»,- деді. Д.И.Писарев патриотизмді қалыптастырудағы табиғаттың мәнін ерекше бағалап, «өз денесін сүю және қорғауға адамға тән қасиет болғаны сияқты, дәл солайша өзінің балалық шағының 1-ші күнінен үйренгендерін, жақсы көрген сол адамдарды, сол жерді, сол өмір құрылымы мен ұғымды қорғауда оған тән қасиет», - деген болатын. Орыс ағартушылары жас ұрпаққа табиғат туралы сапалы білім беру және адамның табиғи мінез-құлқын айқындайтындықтан, моральдық сапалардың қалыптасуына әсер ететіндіктен айрықша мән берді.
Белгілі философтар А.Қасабеков, Ж. Алтаев т.б. жасөспірімдерге экологиялық білім мен тәрбие беруде «қоғам-адам-табиғат» арасындағы дүние-танымдық сана формаларын саралау тұрғысынан қарастырады. Себебі, адамның тұрмыс-тіршілігінің әлеуметтік мәнге ие болуының нәтижесінде санасы дамып, жетіледі. Сана – адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын реттеп, бағыт-бағдар беріп отырады. Ол әрекетінен көрініс табады. Жеке адамның басқа адамдармен – табиғи ортамен көрініс табады. Жеке адамның басқа адамдармен – табиғи ортамен қарым-қатынаста болып, сана-сезімінің дамуы, өзіне басқа адамдарға қоршаған заттық дүниеге көзқарас-пікірінің қалыптасуы жеке адамның жетілдірудің негізгі факторы болып саналады. Сонымен, адамның ақыл-ойы мен сана-сезім бірлігін дәлелдейтін тұжырым жеке тұлғаны экологиялық проблемаларға жаңама көзқараспен қарауға бағыттады.
С.Л. Рубенштейн әрбір жеке адамның қоршаған ортамен байланысының басты компоненттерінің бірі қарым-қатынас деп санайды. Ол табиғатқа адамгершілік қатынасын қалыптастыру, мінез-құлық нормаларын қалыптастыру екенін көрсете отырып, «басқа адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік етуіне жағдай жасай білу тек толы бағалы адамның ғана қолынан келуі мүмкін, ал ол дегеніміз дүниеге, өмірге, табиғатқа мың дос қатынастағы адам», - дейді.
Оқушылардың адамгершілік қасиетін дамытып, оларды парасаттылыққа тәрбиелеуге экологиялық тұрғыдан келудің де маңызы зор. Балалардың мейірімділік, қайырымдылық, аяушылық, мүсіркеушілік және басқа гуманистік ерекшеліктерін дамыту бағытында табиғатпен сырласу жеткіліксіз болса, олар парасаттылық тәрбие алуда белгілі бір мөлшерде қысым көру мен шектеушілікке душар болады.
Табиғат арқылы экологиялық тәрбие берудің маңызын бағалай келіп, А.Е. Тихонова «табиғатты эмоциялық сезіммен қабылдау, оған деген эстетикалық қатынастың бастапқы негізі болып саналады. Мұғалімнің маңызды міндеті эстетикалық сезімді байыту ғана емес, сонымен бірге табиғатқа адал қатынастағы адамгершілік-эстетикалық жағын дамытуды, оның сұлулығын молайтуға ұмтылдыруда болып табылады», - деді.
Сондықтан да адамның табиғат сұлулығына қатынасы эстетикалық қатынас деп қана емес экологиялық аспектідегі адамгершілік-эстетикалық қатынас деп қарастырған жөн. Табиғат пен көркем шығармалар арқылы бейненің ішкі үйлесімдігі экологиялық пен эстетикалық үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Демек, табиғатқа эстетикалық қатынасты оған деген адамгершілік қатынасты, «эстетикалық тәрбиені экологиялықтан бөліп қарастыруға болмайды».
Табиғат – сұлулықтың мәңгі бақи таусылмас қайнар көзі, ол эстетикалық тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі саналады. Ал, бұл экологиялық тәрбиемен іштей жалғасып, табиғаттың күйзеліп, күйреуіне қарсы тұратындай адамның қалыптасуына ықпал етеді. Қандай жұмыстың болса да, «экологиялық жағы» еске алынбаса, табиғат пен адам арасындағы зат алмасуды заңды түрде үйлестіріп отыратын, еңбекке үйрету мен тәрбиелеу саласында орны толмас олқылықтар пайда болады.
Ғылымда «Экология» деген ұғымды алғаш айтқан адам Эрнест Геккель. Ол «Экология» деген сөзге анықтама беруге тырысты. 1866 жылы немістің табиғат зерттеушісі Эрнест Геккельдің өмірге енгізген «экология» сөзін дәлме-дәл аударғанда «үй туралы ілім, тұрақ (мекен) туралы ғылым», деген грек сөзінен шыққан. Келесі бір экологиялық сөздікте «экология (гректің ойкос – үй, мекен, тұрақ және логос – білім, ғылым, зерттеу деген екі сөзінен құралған) – қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру жағдайларын, олардың өзара қатынастарын, табиғи ортамен байланыстарын зерттейтін ғылым».
Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған – тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде жоспарлауға, қағазды қайта өңдеуге, көкөністерді органикалық тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. «Осы іс-әрекеттің әрі аса қажет екендігіне ойынды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өзі үкімімен бізге берер соққысын жеңілдету мен лайықты аз жазаны аз да болса кешеуілдетуге тырысуымыз жатыр», - деп атап көрсеткен болатын Америка экологы Р.Риклефс.
Жоғарыда айтылғандардан шығаратын қорытынды айқын: адамдарды құтқару жолындағы әрекетті табиғаттың тіршілік ету және даму заңдылықтарын оқып үйренуден бастау қажет.
Экологиялық тәрбие жұмысы балалардың жас ерекшеліктеріне сай және табиғатқа жақын қарым-қатынаста жүргізілсе ұтымды болатындығына К.Д. Ушинский назарын аударған. Оның «Детский мир», «Родное слово» атты кітаптарында табиғат және онда тіршілік ететін хайуанаттар мен құстардың тіршілігі, адам және оның еңбегі жөнінде көптеген деректер келтіріледі. Ол адам мен табиғат арасындағы қатынасты педагогикалық аспектіде қарастырып, «Табиғат даусын ата-аналар да, қоғам да, тәрбиешілер, заң шығарушылар да аяғына дейін тыңдауы тиіс. Табиғатпен егесу жақсы емес, адамға тек оның заңдылықтарын білу және олардың күшін пайдалану ғана қалады», - дейді. Ол табиғаттың тәрбиелік күшіне берік сене отырып, оны «ой ұрығы», «ұлы тәрбиеші» деп бағалады. Өзінің жастық шақ өмірінің негізінде қорытынды жасай отырып: «Мейлі мен педагогикада тағы деп атаңдар, бірақ өзімнің өмірлік әсерімнен жер бетінің әсем көріністерінің баланың жан дүниесін дамытуда ересек мол тәрбиелік мәні, ықпалы бар, тіпті ойымен тәрбиесінің ықпалынан да
Бар өмір тіршілігі табиғатпен араласып өтетін, оның аясында өскен халқымыздың туған жерге қатынасы туралы халықтық педагогикада, ақын-жырауларымыздың, ағартушыларымыздың даналық сөздеріне қанып өскен Ш. Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың еңбектерінде табиғатқа көзқарастарының ғылыми әрі тәрбиелік мәні мол. Ш.Уәлиханов туған халқының табиғатпен қатынасындағы әдет-ғұрыпын, дәстүрін, этикасын зерттей отырып, қазақтар арасындағы сенім олардың табиғатты шексіз қадірлеуінен туған», - табиғаттың сұлулығын тану адамдарға рухани күш беретіндігін айтқан болатын.
А.Құнанбаевтың қара сөздеріндегі философиялық ой-пікірлері, оның табиғат заңдылықтарын терең пайымдау алумен бірге оған байланысты ғылыми көзқарастарын танытады. Ол табиғаттың бір байлығын адам баласының ауызына тосып, таусылмас азық болып отырғандығын көрсете келіп, «Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз», - деп өсіп келе жатқан ұрпақты табиғат ананы аялап сүйе білуге үндейді.
Қазіргі экологиялық мәселелер бүкіл адамзат баласын ойландырып отырған кезде халқымыздың бұл салада қалдырған тағылымдық та, тәрбиелік те мәні зор асыл мұраларына көңіл бөлу керек. Халықымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі және оны көздің қарашығындай сақтап келуі жайында қазіргі ұрпаққа өнеге-үлгі боларлық жыл мұралар, даналық ұғымдар, мақал-мәтел, нақыл сөз, аңыз әңгіме арқылы жетіп отырған. Осындай әрбір асыл мұраның өзінде қаншама терең ой, әрі тәлім-тәрбие өнегесі жатыр. Сондықтан да әрбір ұстаз, әр тәрбиеші өзінің күнделікті жұмысында халықтық педагогиканың асыл маржанына үнемі көңіл бөліп, әрі оны пайдаланып отырса, оқушылардың экологиялық түсінігінің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Аңыздардағы Қорқыт бабаның жерді бүлдіріп қаза беруден сақтандырып, «...уы шығып кетер», - деп безектеді, Асанқайғы атамыздың халқына жайлы қоныс іздеп, желмаясымен жеті жыл кезуі, тіпті М. Әуезовтың Америкаға барған бір сапарында сол жақта тағдыр талабымен тұрып жатқан Әбілсәмәд деген қазақтың қонақ үйге іздеп келіп: «Сыр ағып жатыр ма?» – деп сұрауының өзі туған жерге, туған жер табиғатына деген сүйіспеншіліктің белгісі.
Халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын «киелі», «қасиетті» деп ұғып, оларды жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас, бірінен-бірін бөлуге болмайды деп қараған. Сондықтан адам табиғаттың өз керегін ғана алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген Ш.Уәлиханов: «табиғат пен адам: өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар? – дей келе қазақтар киеге үлкен мән береді. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырымын жасап тұру, адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі», - деп атап көрсеткен.
Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «Әулие бұлақ», «Әулие ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап, «Бұлақ көрсең көзін аш», «Аққуды атпа», «Құстың ұясын бұзба», «Көк шөпті жұлма» деп өсиет етіп отырды. Ал қарлығаш, аққу, ұлар т.б. құстар жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастауы, игіліктің иесі, сұлулықтың символы деп ұясын бұзуға, балапанын алуға, өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.
Ертедегі табиғат жайындағы нақыл сөздер, өнегелі өсиеттер, жырау мен ақындар жырларындағы ойлы пікірлер – экологиялық тәрбие беруде және экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өте құнды құрал. Ертеден қалған:
«Көзіңді қалдыр бұлақ көзін аша жүр,
Ізіңді қалдыр жақсы істен мұра шаша жүр,
Өзіңді қалдыр бақша өсіріп, жаса нұр – деген өсиетінде зор мағына жатыр.
Табиғат – ананың сырларын бойға сіңіріп алмайынша онымен тең отырып сөйлесу қиын. Ең бірінші, табиғатты – туған анаңдай түсіну, екінші, табиғатқа – туған бабаңдай табыну, үшінші, табиғатты туған ұлыңдай қорғауың қажет. Түсінбей тұрып табыну, табынбай тұрып қорғаудың қисыны жоқ. Табиғат пен адамзат баласы дүниенің бірінсіз-бірі тұл болатын – ажырамас бөлшектері. Адам үшін жері мен суы, орманы мен тасы, жануары мен өсімдіктері тіршілік ететін басты көздері болса, табиғат үшін адам оның бағбаны іспеттес.
Бүкіл түркі дүниесінің бабасы Қорқыт Ата «Қаратауларың бұзылмасын, саялы ағаш сынбасын, қанаттарың қырқылмасын», - деген қасиетті сөздері – туған жер табиғатын аялауға шақырған аталы ұғымдар. Мысалы: «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Сулы жер – нулы жер», «Жері байдың елі бай» - деген сөздер бала санасына сіңіп, адамгершілік өлшем қалыптасады.
Қазіргі кезде мектептегі экологиялық тәрбие беру саласында себептен гөрі сандарға көбірек көңіл бөлініп отыр. Нәтижесінде табиғат пен қоғамда орын алатын күрделі байланыстарды талдаудың орнына, адамзат бар күшін табиғатты ұтымды пайдаланбаудың жағымсыз салдарын жоюға жұмсауда.
Экологиялық тәрбие беру жұмысы жанұяда, балалар бақшасында, мектепте, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында, жұмыс істеуге көшкен кезде де үздіксіз жүргізілген жағдайда адам санасында табиғатты қорғап, оның байлықтарын сақтау жөніндегі тиянақты көзқарасты қалыптастырып, жүйелі білім беруге болады.
1.2. Оқушыларға экологиялық білім мен
тәрбие берудің жағдайы
Қазіргі уақытта экологиялық тәрбие беру жер бетінің әрбір тұрғынын қамтуға тиісті бүкіл халықтық мәселеге айналып отыр. Қоршаған ортаны қорғау мен оның байлығын тиімді пайдаланудың Қазақстан Республикасының Конституциясынан орын алуға, арнаулы өкіметтік қаулы қабылдануы, экологиялық тәрбие беру қажеттілігінің күннен-күнге арта түсуі – бұл істі жүзеге асыруды балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі тәрбие орындарында оқу-тәрбие жұмыстарының әр түрлі формалары мен әдістерін пайдалануды міндеттеп отыр. Мұның мәні – оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға үйретіп, оның байлықтарын үнемді пайдаланудың маңызды мәселе екенін ұғындыру табиғатқа дұрыс қарым-қатынас жасау жөніндегі қажетті біліммен икемділік, дағдыларымен қаруландыру. Біздің елімізде «әрбір азамат табиғатты аялауға, оның байланыстарын қорғауға міндетті» деген талаптар барлық уақытта бірдей дәйектілікпен жүзеге асырылып отырымағаны мәлім.
Келешек ұрпақты табиғат апатынан сақтап, қоршаған ортаға деген мейірімділік сезімін сақтап, қоршаған ортаға деген мейірімділік сезімін оятып, табиғатты қорғау жұмысына белсене араласатын ұрпақ тәрбиелеу үшін ғалым М.Н. Сарыбеков алты кезеңнен тұратын жанұя, балабақшадан, есейген азаматқа дейін экологиялық салауатын ашып тәрбие беру жолын ұсынады.
1. Сәбиді табиғат қорғауға тәрбиелеу әр жанұяда басталып, оған әр жанұяда қалыптасқан табиғат қорғау дәстүрі көмектеседі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»,- деген мақалды еске ала отырып тәрбие іске асу тиіс.
2. Мектепке дейінгі сәбиді тәрбиелеу мекемесінің оқу, тәрбие жұмысының мазмұнына түгелдей табиғатты аялауға үйрету бағытымен беру керек. Бала үшін бала-бақша бағдарламасына жүйелі түрде сәбиге түсіндіріп, табиғатты аялау идясын ұсынады. М.Н.Сарыбековтың пікірінше табиғатты қорғап, аялайтын тәрбие жұмысына арналған оқулықтар, әдістемелік және қосымша әдебиеттер, оқыту мен тәрбиелеуге арналған дидактикалық материалдар болуы қажет. Ол үшін бала-бақша ауласы таза, гүлденіп, бөлмелері әсем безендіріліп, үйде өсетін гүлдерге арнаулы қамқорлық жасай алатындай бояуы керек. Әр сәбиді «табиғат», «табиғат тазалығы», «денсаулық», «сұлулық», «гүл», «жасыл желек», «мөлдір су», «көгілдір аспан», «торқалы топырақ», «сайраған құс», «жүгірген аң», «менің ауылым», «менің отаным» т.б. деген сөздердің мазмұнын жақсы түсіндіріп, сол түсініктерді іске асыруға тәрбиелеу тиіс.
3. Түрлі типтегі мектептің оқу-тәрбие жұмысына табиғатты қорғау мазмұны тұрақты енуі тиіс оның ішінде ІХ-Х сыныптың бірінде барлық оқу жұмысының қорытындысы ретінде арнаулы «Экология және табиғатты қорғау» пәнін оқытуды ұсынады.
4. Арнайы кәсіптік техникалық оқу орындары мен арнаулы орта білім беретін оқу орындарына жоспарлы табиғат қорғауға тәрбиелеу барлық пәндерді оқытудың негізінде жүргізілуімен қатар, осы типтегі оқу орындарында да жоспарға терең арнайы білім беретін «Экология және табиғатты қорғау» пәнін оқытуды ұсынады.
5. Жоғары білім беретін оқу орындарында «Экология және табиғатты қорғау» пәнін оқытудың екі бағытын ұсынады:
- мамандығына қарамай «Экология және табиғатты қорғау» пәнін барлық студенттер оқып үйренуі керек.
- экология және табиғатты қорғау мәселесіне арнайы білім беретін мамандар дайындау үшін факультеттер ашу.
6. Жұртшылыққа табиғат қорғауды түсіндіріп, мамандар мен басшылардың білімдерін экологиялық даярлық орталықтарын ашуды ұсынады.
Сондықтан, өзім жетекшілік ететін 7-сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруге, қазіргі қоғам талабы қаншалықты әсер еткенін, оны іске асырудың қазіргі хал-жайын анықтаудың үлкен маңызы бар. Білімді терең меңгеруге оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыру әр түрлі танымдық міндеттерді мақсатты және жүйелі түрде шешуге мүмкіндік жасалды. Әрбір сабақта, әр түрлі оқу әдістерін, оқыту құралдарын пайдалану қажет. Мысалы, лекциялар, әңгімелесу, семинарлар, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары олардың рефераттар және қысқаша баяндамалар және т.с.с. ұйымдастыру оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, оқу белсенділіктерін іс-әрекеттерін дамытады.
Жалпы қорыта келгенде оқушыларға білім мен тәрбие беру, оның интегралды сипаты жаратылыстану, қоғамдық-тарихи, гуманитарлық-эстетикалық еңбек циклды оқу пәндерінің барлығында дәрежеде бейнелеуін қамтамасыз етеді.
Көптеген ғалымдар, оның осы ерекшелігін негізге ала отырып, экологиялық тәрбиені әр түрлі дүниетанымдық, саяси, адамгершілік, эстетикалық құқықтық, еңбек, т.б. тәрбие элементтерінен тұратын, өзара тығыз байланысқан жүйе ретінде қарастырады. Бұл экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін қандайда болмасын бір ғана мектеп пәні арқылы шешілуі мүмкін емес, тек мұны пәнаралық байланыс арқылы қарастырылады.
Мектептегі экологиялық тәрбие беру ісінің педагогика теориясы мен мектеп тәжірибесінде жаңа сала ретінде қазіргі кезде дамып келе жатқандығын байқатады. Бұл саладағы теория мен практиканы дамытудың қажеттілігі жалпы теориялық және жеке әдістемелік бағыттағы зерттеулерді кеңейту және тереңдету қажеттілігін дәлелдейді. Менің ойымша, қазіргі мектеп практикасы шын мәнінде уақыт талабынан кейін қалып, ол экологиялық сауатты тәрбиеге оқушыларды дайындауды қамтамасыз ете алмайды. Өйткені, зерттеуші ғалымдардың пікірінше мұндай жағдайдың туындауында басты себептердің бірі – экология идеясын ұғындырудың жеткіліксіздігі табиғи ортаның бағалылығы көпшілігінде пайдакүнемдік негізде түсіндіруі, экологиялық мазмұндағы білімдерінің өзара тығыз бірлігінің болмауы деп саналады.
1.3. Оқушыларға сабақта және сыныптан тыс жұмыста
экологиялық тәрбие беру үлгісі
Экологиялық мақсат, міндет және ұстанымдар жайлы ұғым, түсініктерге байланысты ойымды келтіруді орынды деп санаймын. Экологиялық тәрбие берудің мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға байланысты жауапты және аяушылық сезімде болып, іскерлік қарым-қатынас жасайтын ғылыми білім көзқарастар мен сенімдер жүйесінің біркелкі қалыптасуын айтамыз.
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі негізгі міндеттер:
1. Экологиялық идеяларды, негізгі түсініктерді, ғылыми дәлелдерді іріктеп саралай біліп, білім құрамын көбейту, табиғат заңдылықтарын ұғыну;
2. Табиғат – ресурстардың, өндірістік өнімдерді және адамзат мәдениеттерін дамытудағы негізгі көз екендігін білу, оларды пайдаланудың ғылыми-техникалық немесе ғылыми-экономикалық технологиясынан хабардар болу;
3. Табиғатты ұтымды пайдаланудың жолдарына байланысты қолданбалы білім, практикалық іскерліктер мен дағдыларды меңгеру;
4. Қоршаған ортаға саналы көзқараспен қарап, оның бүгінгі жағдайы мен болашағы жайлы бағалай білу, зиянды құбылыстардың алдын алу, оны жақсартуда дұрыс шешімдер қабылдап, өндіретін және қоғамдық еңбектердің әсерлерін түзету;
5. Табиғи ортаға зиян келтірмейтін, ластамайтын, бұзбайтын нормаларды саналы түрде сақтап, табиғатты қорғау идеяларын насихаттау;
6. Әрбір оқушының табиғатпен қарым-қатынас жасауға десек рухани қажеттілік дамыту, оның адам жандүниесінің экологиялық, талғам-сезімдерін қалыптастырудағы ықпалын ұғыну.
Жалпы, эколог-ғалымдардың «экологиялық тәрбие беру» ұғымына берген анықтамаларынан туындайтын және өзіміздің пікірімізше экологиялық тәрбие берудің мәні – табиғатқа сыншы қарым-қатынас жасайтын, қоршаған табиғи ортаны қорғайтын, табиғи қорды тиімді пайдаланып, әсемдігін көрсететін қасиеттер адамгершілік-эстетикалық тұрғыдан ұғындырып, оқушылардың экологиялық-лирикалық серпін тудыру арқылы мақсат, міндеттерге жетумен мінезделінеді.
Өзім жетекшілік ететін 7-сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудегі мазмұнына кіретін оқыту материалдары төмендегідей ұстанымдардағы негізделіп құрылды:
1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің бір жүйелілігі және үздіксіздігі;
2. Оқу мазмұнында әлемдік, ұлттық және туған өлке мәселелерінің өзара байланыстылығы;
3.Оқушылардың экологиялық дүниетанымдарын қалыптастырудағы пәнаралық бірлігі;
4. Табиғи ортаны қорғау жайлы білім алып, оны аялау, сақтау, көркейту туралы интелектуальдық және эволюциялы адамгершілік негіздегі іс-әрекеттерінің бірлігі.
7-сынып оқушыларына берілетін экологиялық тәрбие оқу-тәрбие процесінде екі бағытта жүргізілді:
1. Оқушылардың мінез-құлқында және әртүрлі іс-әрекеттерінде, қызметтерінде табиғи ортаға деген жауапкершілік қатынас нормаларын қажеттілігіне тәрбиелеу;
2. Қоршаған ортаны қорғау және жақсарту, табиғат байлығын ұқыптылықпен пайдалану, ысырапшылық пен немқұрайлыққа төзбестей күрес жүргізуге тәрбиелеу.
Бұл бағыттар негізінде оқушылардың экологиялық білімін танымдық іскерліктері мен әдет-дағдылары, айналасымен адамгершілікті имандылық қарым-қатынастарда болып, сана-сезімдері көзқарастары, мінез-құлықтары ізгілікті түрде қалыптастыруға жағдай жасайды.
Ал, енді сол арнайы курстың мазмұнын қарауға келгенде қиындықтарға кездестік, сонда да экологиялық тәрбие берудің мазмұндарының қисынды құрылымдық жүйесін жасауға талпындық.
Экологиялық курстың бірінші мазмұны – қоғам мен табиғаттың өзара байланысы, экологиялық құндылықтар, адамдар мен табиғат қарым-қатынастарындағы ережелер мен шектеулер, табиғаттан үйрену және қорғау жайлы іскерліктер мен дағдылар болып табылады. Мұнда оқушыларға адам мен қоғам және табиғат қарым-қатынастарының әлеуметтік мәні, бір-біріне тәуелділігі мен ықпалдарының тарихи қалыптасуы, әр қоғамдық формациялардың ерекшелігіне тәуелділігін әлеуметтік ғалымдар тұрғысынан ұғындырылады.
Табиғат туралы деректер, ұғымдар мен заңдарды жаратылыстану ғылымдары береді. Бұл заңдарды білу адамның табиғатқа ықпалын ұтымды шектеп, оны үнемді пайдаланудың мүмкіндіктерін түсінеді.
Экологиялық тәрбие берудің екінші оқушылардың мінез-құлықтарына экологиялық құндылықтарды қалыптастыру, соның негізінде экологиялық сананы тәрбиелеу. Өйткені, табиғат – қоғамның сондай-ақ әр адамның қажеттілігін өтейтін қазына байлық негізі екені белгілі. Адамның қажеттілігі материалдық, рухани және парктикалық тұрғыда болуы мүмкін. Практикалық қажеттілігін өтеу арқылы адам өмір сүріп, тіршілік етеді, ал материалдық қажеттілігін өтеу барысында өндірісті, ғылымды, техниканы қамтиды. Ал, рухани қажеттілігін өтеу негізінде ақыл-ойын және адамгершілік, эстетикалық талғам-сезімін қалыптастырып, дамытады.
Экологиялық тәрбие берудің үшінші мазмұны – оқушылардың бойында экологиялық этиканың қалыптастырумен анықталады. Ұзақ жылдар бойы қоғамның, адамның табиғатқа қарым-қатынасы, тек тұтыну жағы басым болғандықтан, пайда табу мақсатында алып құрылыстар, өндірістік орындар ысырапты игерілуде, соның барысында Арал қасіреті, Семей полигоны, Лабнор полигоны, Чернобыль АЭС-ң жарылуы туындады. Мұның салдарын адамзат түсінгендіктен, өлкелік мәселелер әлемдік проблемаға ұласты.
Экологиялық тәрбие берудің төртінші мазмұны оқушыларды қоғам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатынасты әрекеттерді түсіндіру, оны қорғау мен сақтауға практикалық іс-әрекеттермен қаруландыру болып табылады. Олар, табиғаттағы заттармен құбылыстарды жәй-күйін бақылау, экология жайлы білімді жетік меңгеріп, оны жұртшылық арасында кеңінен насихаттау.
Жоғарыда көрсетілген оқушыларға экологиялық тәрбие беру мазмұндары оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формасы сабақ және сабақтан тыс жұмыстар арқылы іс-жүзіне асырылады.
Баршамыздың елімізде ұстайтын жәй – экологиялық тәрбие беру үздіксіз және жүйелі жүргізу барысында ғана өз нәтижесін береді. Ал, экологиялық нәтиже болса, оқушылардың әдет-дағдыларында, іскерліктерінде байқалынады.
Сонда, оқушылардың табиғатты қорғау, аялау, сақтау, жетілдіру қатынастарын, іскерліктерін есепке алуды мынадай ерекшеліктеріне назар аударуымыз керек:
-
оқушының табиғатқа деген қатынасын бағалау;
-
табиғатты қорғауды, аялауды және жетілдіруде қосқан үлесіне, нәтижесіне талдау беріп, әр оқушының еңбек санасының қорытындысын шығару;
-
табиғат объектілерін зерттеп, оның құбылыстарын тану, оған сипаттама беру;
-
оны жақсартуды жетілдіруде дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін есепке алу;
-
табиғи ортаны қорғауға байланысты нормаларды сақтау;
-
табиғатқа қамқор болу идеяларын насихаттау.
Егер де аталған іскерліктер табиғатқа деген жауапкершілік, жанашырлық, сүйіспеншілік т.б. қасиеттер балалардың мінез-құлықтарында болып, былайша айтқанда, адам-қоғам-табиғат арасындағы алуан түрлі диалектикалық байланыс және бір-біріне тәуелділік деңгейлерді бағалайтын өлшемдер мен көрсеткіштер сұрыпталып, оларға ғылыми-әдістемелік сипаттамалар жасаймыз.
Экологиялық сауаттылық – жас өспірімдерді табиғатты қорғаудың ғылыми негіздерімен қаруландыру 1970 жылдардан бастап, бұл мәселе барлық пәндерді оқытуда, солардың ішінде биологияны оқыту процесінде назар аударылып келеді.
Экологиялық этика – айналадағы табиғи ортамен қарым-қатынастағы мінез-құлық нормалары мен ерекшеліктерін білу және оны сақтау.
Экологиялық мәдениет күрделі ұғым болғандықтан ғылыми жағынан да, оның мазмұны, кешені әр түрлі деңгейде айқындалып бір ізге түспей келеді.
Экологиялық мәдениет – экологияның білім беру жүйесінің міндетті бір бөлігі, адамның материалдық және рухани тіршілігін қамтиды. Екіншіден, экологиялық мәдениет – табиғатты танып білу, пайдалану және жаңартумен байланысты, іс-әрекет түрлерінің негізі.
Жеке адамның экологиялық мәдениеті дегеніміз – табиғатты аялау талабына сай келетін білім, іскерлік және дағдысы, іс-әрекете әзірлігі мен оны жүзеге асыруы жатады.
Ал, экологиялық мәдениет пен этиканың құрамына: табиғатты қорғау қажеттілігін түсіну, табиғатқа тигізетін өзінің пайдасын болжамай білу, табиғатпен қарым-қатынасында заңды, ережелерді сақтау.
Сонымен, анықтамада берілген ұғымдар экологиялық сана, ойлауы, сауаттылығы, этикасы және мәдениеттілігі экологиялық тәрбиенің нәтижесінде оқушылардың мінез-құлықтарында қалыптасады.
Оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын қалыптастыру мақсатымен әрбір сыныптың қабілетін ескере оқытудың барынша жаңаша әдістері мен тәсілдерін таңдау сабақ арқылы экологиялық тәрбие беру ісін сыныптан тыс жұмыстарымен тығыз байланыстыра оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын жүйелі түрде қалыптастыра, әрбір сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамушылық міндеттерін шеше отырып, оқытудың нәтижесінде тәрбие берудің адамгершілік эстетикалық сипаты артты. Экологиялық тәрбие беру ісінің тәрбиенің басқа салаларымен өзара бірлікте және бірін-бірі толықтыру бағытында жүргізілді, әрбір оқушының жеке басы және жас ерекшелігін ескере отырып, оқушылардың мектептегі қоғамдық ұйымдар іс-әрекетінің табиғи бірлігінің қамтамасыз етілуі, әртүрлі пән мұғалімдерінің арасындағы байланыстың сақталуы экологиялық тәрбиеліктің нәтижесін айқындайтын міндетті. Шарт болып оқушының табиғатпен қатынасында өз іс-әрекетіне өздері талдай жасай білу дағдысын қалыптастырады. Жоғарыда айтылғандар зерттеп отырған проблемаларымызды түгелдей қамтымаса да, біздің ойымызша – экологияны оқыту процесінде 7-сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудегі тәжірибелік-педагогикалық жұмысымыздың тиімділігіне арттырудың басты жолдары болып табылады.
ІІ. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие
берудегі тәжірибелік жұмысы
2.1. Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық
білім және тәрбие беру
Қазіргі таңда экологиялық проблемалардың зардаптық көлемі ұлғаюына байланысты жас ұрпақтың экологиялық көзқарасын қалыптастыру деп отырмын. Ол үшін оқушылардың экологиялық білімді игеруі мектептегі оқу-тәрбие жұмысында екі түрлі бағытта жүргізілетіні анықталып отыр.
Біріншіден сабақ оқытудың барысында экологиялық мәселелердің бір-бірімен байланыстырылған ғылыми негізінде қабылдаса, екіншіден сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары нәтижесінде, олар табиғат пен қайта түлеген ортаға тиімді ету жөніндегі нақты білім мен практикалық тәжірибені, іскерлік пен дағдыны меңгереді.
Сондықтан экологиялық білім беруге әр түрлі әдістерді пайдаланамыз: олар табиғатқа экскурсия, экологиялық үйірме, факультативтік сабақтар және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары: экологиялық білім беру және тәрбиелеудің мақсаты мектеп оқушыларының қоршаған ортаның жай күйі үшін азаматтық борышын қалыптастыруды қамтамасыз ететін ғылыми білім, шеберлік, көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың экологиялық білімдері мен біліктерін қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, оның жалпы кәсіби білімі мен сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру қабілетіне байланысты. Осының бәрі бір-бірімен үйлесімді жүруі оқушылардың экологиялық білімдерінің дамуына жол ашады.
Біздің зерттеуіміз көрсеткендей, сыныптан тыс жүргізілетін экологиялық жұмыстардың басты міндеттері:
1. Оқушылардың экологиялық білімдерін дамытып, оқу іс-әрекетінде белсенділіктерін арттыру, яғни, бағдарлама бойынша берілген экологиялық материалдарды тең меңгеруіне көмектеседі.
2. Сыныптан тыс экологиялық жұмыстар өткізу және оған дайындық барысында оқушылардың бақылау жүргізуіне, қарапайым тәжірибелер қоя білуіне, белгіленген әдебиеттерді оқуына мүмкіндік берді.
3. Сыныптан тыс жұмыстар практикалық процесте оқушылардың іскерлігін арттыру бағытында жүргізілетіндіктен экологиялық білім мен тәрбие беруде олардың табиғатты аялауға, қорғауға, имандылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Сыныптан тыс экологиялық жұмыстардың алуан түрлері бар, бірақ олардың әрқайсысының өзінің ерекшеліктері бола тұрса да, бір мақсаттылыққа жұптасып ортақ талаптарды іске асырады.
1.Сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне қарай оқушыларды қалыптастыру тек қана ерікті болуы тиіс.
2.Қандай да жұмыстың түрі болса да, оның қоғамдық және қолданбалы бағыты болуы керек.
3.Сыныптан тыс және мектептен тыс жүргізілетін экологиялық жұмыс түрлерін анықтағанда оқушылардың ынта-ықыласына, талабына, бейім-қабілеттеріне мен құштарлығына сүйенген жөн.
4.Ұйымдастырылған қандай да бір экологиялық жұмыс түрі болмасын оқушылардың белсене қатысуына, ізденушілікке бағыттайтындай болу керек.
5.Балалармен жүргізілетін жұмыстардың әр түрінде жүргізілетін жұмыстардың әр түрінде экологиялық бағыт-бағдар басым болғандығы дұрыс.
6. Бұл жұмыстар нәтижелі болу үшін нақты белгіленген күні, мерзімі және айқын белгіленген кестесі болуы қажет.
7. Сыныптан тыс және мектептен тыс экологиялық жұмыстарға оқушыларды түгел қатыстыру жағын ойластыру қажет.
8. Экологиялық жұмыс жүргізгенде оқушылардың жас ерекшеліктерін, өмір тәжірибелерін, бейім-икемділіктерін ескеру қажет.
Менің ойымызша экология курсының жүргізілетін экологиялық мазмұндағы сыныптан тыс жұмыстардың рөлін арттыруына мынадай жағдайлар әсер етеді:
1. Сыныптан тыс жұмыстардың жан-жақты болуы, білім және тәрбие беру әдістемесінің сапасын көтеруге әсерін тигізді.
2. Мектеп бағдарламасында оқу материалын экологиялық жұмыстармен байланыстыру барысында, оқушылардың білімін жан-жақты жетілдіруге мүмкіндік береді.
Сабақ мазмұндары мектеп бағдарламасында шектеулі болуына байланысты күнделікті өмірде болып жатқан ғалми техникалық, экологиялық өзгерістерді кеңінен қамти алмайды. Сондықтан тек қана іскерлікпен ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстарды жаңа материалдардағы өзгерістерді кең түрде қолдануға болады.
Осыған байланысты сыныптан тыс оқушыларға экологиялық білім беру факультатив сабақтар мен табиғи ортадағы жұмыстар жүргізілуі керек.
Қазақ халқында табиғат пен адам арасындағы байланыс өте ертеректен келе жатқаны бәрімізге мәлім. Табиғаттың сансыз сыры мен құбылыстарын түсіндіруге ұмтылу, халықтың бойында ақыл санасында табиғат жайындағы танымды табиғатты аялаудың қажеттілігі жайында ұғымдарды белгілі жүйемен жинақтауға талпынған. Халқымызда «табиғатым-тағдырым» деген нақыл сөз бар. Ежелгі дүниеде халқымыз табиғатқа, туған жерге, суға, өзі өмір сүріп отырған ортасына көп көңіл бөле білген.
Табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдік бұзылмаған, халқымыздың ауыз әдебиетінде де осы табиғат, жер, су, өсімдік, жануарлары бар дүниесіне де өте мән берілген. Ата-бабамыздың өмірлік тәжірибесінен жинақталған, аңыз, әңгіме, нақыл сөз, мақал-мәтелдернен халық даналығын танып білуімізге болады. Мысалы:
Жаздың бір күні
Қыстың мың күніне татыр –
деп жаздың жайма шуақ, елге сондай жайлы екендігін тілге тілек етсе, ал мына бір мақалында:
Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар
дейді, яғни адам мен табиғатта болатын өзгерістермен байланыстыра отырып атады. Жер қадірін жете түсінген, жаз – жайлауда, қыс – қыстауда жүргенде, жайлық жерін тоздырып алмауды ойлаған.
Тау кезеңсіз болмайды,
Өлке өзенсіз болмайды –
деп өмірі көшіп-қонудан басталған халқымыздың даналығының бастауы болған табиғат сырын игеріп, оның сан-алуан құбылыстарын түсінуге ұмтылды, табиғатпен тіл табысу, оның әр бөлшегін мал жанындай сақталуы өмір заңына айналдырылған. Асыл қасиетті мұраларын кейнгі ұрпаққа мирас етіп қалдырған. Ал біздің халқымыздың дәстүрді іске асыру, оны жалғастыру ата-бабамыздың асыл мақсаттарының орындалғаны, осы тұста негізгі тәрбие беру орталығы әрбір отбасы, бала-бақша, негізгі тәрбиенің жалғастырушы мен жандандырушы арнаулы орта мектептегі тәрбие мен білім беру сапасы екендігі белгілі.
Сондықтан да, мектепте экологиялық мәселелер бойынша оқу-тәрбие процесін белгілі бір жүйеге келтіріп, этноэкологиялық бағытта дұрыс жолға қойып, салт-дәстүрге жетелейтін бағытта бағдарламалар құру қажет.
Сондықтан сыныптан тыс өткізілетін жұмыстарға жете мән беріп, әртүрлі бағдарламалар шығарып, жаңа арна тәсілдер іздестіру қажет, өйткені, сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар жас жеткіншектерге оның ықпал әсері ерекше болмақ.
1.1. Сахналық көрініс: «Жер-Ананың күңіренуі» сахнада жердің құрғап, тілім-тілімі шыққан көрінісі. Аударылған қайық, өлген балықтар. Қара жамылған жер ана қайғылы күйде отыр. «Қорқыттың күйі» бүкіл залда мұңды зарымен күңіреніп тұр. Еңкейген кәрі шал-жолаушы таяққа сүйеніп келе жатыр, елдің барлығы туған жерін, үйін тастап кеткен, жолуашы жер анаға кездесуге келе жатыр.
Бастаушының сөзі: Жер бетінде алашұбар дақтар көп. Соның бәрі де адам қолымен салынған таңбалар. Сулы-нулы көкорай жер шарын талай ғасыр мекен етіп келген адамдар, өзен-көлді суалтып, қу-тақырға, жасыл шалғынды орман-тоғайды күйдіріп, өртеуге, тау мен даланы тескілеп шаңын аспанға шығарып,тірі организмдердің барлығын улап, оның тіршілігін жер бетінен жойып жіберуге әзір тұр. Соның ең қатерлісі ядролық соғыс пен ядролық қаруды сынау болып отыр.
Жолаушы күңіреніп отырған жер анаға кездесті.
Жолаушы: О, жер ана неге мұнша күңіренесің, неге мұнша зарлайсың? Саған не болған, сенімен бірге бүкіл ғалам түнеріп тұр.
Жер ана: Мен неге күңіренбеймін, неге мен зарланбаймын? Қарашы мына байтақ даланы не болып жатыр, нені көрмеді, жерімде, елімде жазды. Қарашы мына Аралыма, толқынды теңізім қайда, толқынды қуалай шалқақтаған шағаларым қайда, теңізді қақ жарып, өтіп жатқан кемелерім қайда? Теңіздің суы тартылып, жердің соры шығып, тілім-тілім болып жатыр.
Адамдардың көпшілігі ауруға шалықты. О, Адамзат не ойың бар?
Жер ана: Иіліп, отырып, қалды.
Жолуашы: Көкжиекке қарап, ойланып қалды. Залда мұңлы күй жайлап өрби отыра қатыңқы ойнап тұрады.
Көрініс: «Теңіз неге ашулы?»
Автор: Кешегі бар байлықтың мекені аталған қайран Арал.
Міне, қазір шаршаған, қамыққан күйде сырын шашып сырласатын, мұңын шағып, мұзданатын ешкім жоқ. Жан-жағына елеңдей қарайды. Осы уақытта уілдеген дауыс естіледі. Бұл ескі дауыл екен.
Дауыл: Ау, Арал! Қалың қалай? Неге мұңайып отырсың?
Арал: Дауыл достым-ау! Мұңаймай қайтейін, маған ешкім соқпайтын болды, бұрын сен де жиі келуші едің, толқындарымды тасытып, көңілімді көтеруші ең. Сенде соқпайтын болдың.
Дауыл: мұңайма достым. Бізге де күн туар, толқының қайта тұрар, байлығың қайта толар.
Арал: Әй, қайдам! Ондай күн көзімнен бұл-бұл ұшты ғой.
Дауыл: Сені осындай күйге түсірген адамдар ғой, сен олардан кек алуың керек. Сені олар аямады, сен де оларды аяма.
Арал: Сонда сен маған не дейсің? Адамдарға қатігездік жаса дейсің ба?
Дауыл: Иә, достым. Олар сені аямады, сен де оларды аяма!
Арал: сонда не істе дейсің?
Дауыл: «Маған ерік бер. Мен жағалауыңдағы тұз бен сорды оларға шашамын. Көрсін қандай екенімізді!
Арал: Ендеше бердім рұқсатымды. Өзің біл не істесең де!
Автор: бұлардың сөзін тыңдап тұрған күн-ана мен бұлт-апа сөзге араласты.
Күн: Әй, Арал, алдандың ба? Ана құтырған дауылға неге еркіндік бердің? Әй, бұлт бердеңе десейші, Дауылға!
Бұлт: Ол дауыл мені тыңдамайды ғой.
Арал: Мен бе алжыған. Алжыған, адасқан адамдар. Бізді олар аямады, бізде аямаймыз оларды.
Автор: Міне, кешегі ару Арал тағдыры мынандай.
Сондықтан табиғатты қорғау бәрімізге ортақ іс. Табиғат туған үйіміз. Оны қорғау біздің бәріміздің абыройлы борышымыз, парасатты парызымыз!
Ән: «Аралдан ұшқан аққулар»
Сөзі: Ш. Сариевтікі
Қорытынды
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мақсатында жүргізілген жұмыстың нәтижесі мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі мүмкіндіктерін шешуде жалпы орта білім беретін пәндердің алатын орны ерекше. Барлық пәндерді экологиямен байланыстырып, пәнаралық байланыста жүргізілуі керек. Солардың ішіндегі экологиялық білім мен тәрбие беруде биология, география пәндерінің орны ерекше.
Тақырып бойынша жүргізілген тәжірибелік зерттеу жұмысымызда жалпы орта білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие берудің жәй күйі зерттеліп мына міндеттерді шешуге бағытталды:
-
жоғары сыныптың бағдарламалары, оқулықтары, әдістемелік құралдардың оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі қазіргі жағдайын қарастыру;
-
мұғалімдермен экологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізу;
-
экологиялық білім мен тәрбие үлгерімінің көрсеткіштерінің бастапқы және соңғы деңгейін анықтау.
Жоғары аталған міндеттерді шешу үшін биология пәнінен өткізілген сабақтардың, сыныптан тыс өткізілген жұмыстар негізінде, оқушыларға және мұғалімдерге сауалнама, КВН, оқушылардың шығармалары арқылы жүзеге асты.
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы мына бағыттарда жүргізілді: Экологиялық апталық, факультатив сабақтар, экологиялық тақырыптағы әңгімелер.
Табиғи ортадағы жұмыстар: қоғамдық пайдалы еңбектер және «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру.
Осы бағытта жүргізілген жұмыстар оқушылардың табиғатқа жауапкершілік сезімдерін, экологиялық тәрбиелігін қалыптастыруға мүмкіндік беретініне зерттеу жұмысымның барысында көз жеткіздім.
Оқушылардың экологиялық тәрбиелілігін қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстардың ішінде экологиялық апталықтың орны ерекше, себебі экологиялық білім беру жүйесінде апталықтар ерекше міндеттерді атқарады да оқушылар ат салысып қатысады.
Әдебиеттер тізімі
-
Ә.С.Бейсенова, Ж.Б. Шілдебаев, Г.З.Сауытбаев Экология Алматы «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001. -555б.
-
Сарыбеков Н.С, Сарыбеков М.Н, Сарыбеков Д.Н. Қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрлері.- Алматы, 1996.-45с.
-
Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. –Алматы: Қазақстан, 1980.-72б.
-
Тихонова А.Е. Дидактические и методические основы экологического образования и воспитания школьников. Хабаровск, 1984.-81с.
-
Зверев И.Д. Экология в школьном обучении. М.: Изд-во Знание, 1982-82с.
-
Құрсабаев А.Р. Атамекен тәлім тәрбие бағдарламасы, А: Жалын, 1991.
-
Балтабаев М.Х. Кәусар бұлақ //Қазақстан мектебі, №4, 1999.
-
Бозжанова К.Б. Оқушылармен жүргізілетін кластан және мектептен тыс жұмыстар жүйесі. А., 1991.
-
БолдыревН.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы А: Мектеп, 1987.-32б.
-
Сәтімбекова Р. Табиғат қорғау. А: Рауан, 1992.-92б.
-
Нұғыманов И, Орынбеков С. Экологиялық білім берудің
педогогикалық негізі. //Қазақстан мектебі, 1996.-127б.