Материалдар / Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру-заман талабы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру-заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру-заман талабы. Сабақ уақытында қолданудың тиімділігі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2022
345
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру-заман талабы

Жалғасқызы Бағлан

Қаратал ауданы

С.И,Морозов атындағы №51 ОМГ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеғін бастан өткеруде. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылдық Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау бойынша нақты міндеттер Мемлекет басшысының 2012 жылдың 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында белгіленді. Ел үшін маңызды осы стратегиялық міндеттерді шешу жағдайында тұлғаның ынталылығы, шығармашылықпен ойлауы мен дәстүрлі емес шешім қабылдау қабілеттері, кәсіби жол таңдау білігі, өмір бойы білім алуға даярлығы – оның басты функционалдық қасиеттері болып табылады.

Функционалдық сауаттылығы дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан өзгергенін, тұлғаға қойылатын талаптарда оқу, жазу, санай білу қабілеттерінен гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа жету.

Жай сауаттылық - адамның оқу, түсіну, қысқа мәтіндерді құру және қарапайым арифметикалық әрекеттерді орындауы. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым - қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым - қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым - қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Жақсы мұғалім оқушылардың оқу және проблемаларды шешу қабілетін дамытады. Мұғалімнің көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, көшбасшылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.
Кез келген пәнді оқытудың ең маңызды мақсаттарының бірі - пәннің қолданбалы мүмкіндіктерін ашу.

Қазақстан  Республикасында  оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық; жаратылыстану ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география

Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме-дәл түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, оқығанын өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруға пайдалану бағаланады.

Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдана білу қабілеттері

Ұлттық жоспардың орындалуын іске асыру нәтижесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалатын болады:

  1. Ғылыми зерттеу жағын қамтамасыз ету; 

2. Білім беру мазмұнын жаңарту; 

3. Оқу-әдістемелікпен қамтамасыз ету;

4. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін енгізу

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің ролі зор. Соның ішінде қазақ тілі сабағының орны ерекше. Осыған орай, оқушыға тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын үйрету-қазақ тілінің басты міндеті болып табылады. Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс жасау барысында төмендегідей тапсырмалар беруге болады.

1) Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. Жоспар құрыңыз.

2) Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар берілген. Орындаңыз. Және мәтіннің үшінші абзацына сай тақырыпшаны анықтаңыз.

3) Мәтінді мұқият оқып, тірек сөздерді теріп жазыңыз және мәтіннің негізгі ойы ашылатындай үш сұрақ құрастырыңыз.

Балалар тапсырманы орындап болған соң төмендегі стратегиялармен салыстырады.

Оқудың алдында мен...

Орындайтын тапсырмаларды түсінетіндігімді тексере аламын;

Мәтіннің /суреттердің / кестелердің/ сызбалардың аттарымен және тағы басқа сілтемелермен таныса аламын.

Осы мәтінде пайдаланылуы мүмкін сөздерді ойластыра аламын;

Өзім игерген энциклопедиялық білімдерді қолдана аламын (мәтіннің мазмұнын алдын-ала болжау, т.б).
Оқып отырғанда мен...

*мәтіннің түрін анықтай аламын (тарих, жаңалық және т.б.);

Мәтінді жылдам оқып, негізгі идеясын түсіне аламын;

Мәтін кім үшін жазылғанын түсіне аламын (нысаналы аудитория);

Автордың мақсатын анықтай аламын (сендіру, хабардар ету, суреттеу);

Егер мәтіннің жеке бір бөліктерін түсінбесем, үрейленбеймін, бұл қалыпты жағдай;

Таныс сөз бен сөз тіркестерін таба аламын;

Атаулар мен аттарға, тыныс белгілерінің қолданылуына көңіл бөлемін;

Таныс емес сөздерді елемей қалдыра аламын;

Грамматикалық құрылымдардың (шақ, сөздердің орны) байланысын орната аламын;

Логиканы пайдалана аламын.
Оқығаннан кейін мен...

нәтижені талдап, ненің сәтті шыққанын анықтай аламын;

Оларды cөйлегенде, жазуда пайдалану үшін қажетті сздер мен сөз тіркестерін теріп жаза аламын;

Пайдаланылған стратегияларды талдай аламын;

Анағұрлым тиімді стратегияларды сыныппен талдай аламын.

Қазақ тілі пәні боқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне мынадай тұжырымдаманы ұсынуға болады:

  1. Оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерту;

  2. Оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету;

  3. Мемлекеттік тілде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау; 

  4. Әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолда- ну және проблемалардың шешімін таба алуға үйрету;

  5. Оқушыларды өзгермелі өмірге үйрету; 

  6. Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамыту;

  7. Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дағдыларын дамыту;

  8. Қазақ халқының салт-дәстүрі,мәдениеті, тарихын түсінуге және құрметтеуге баулу;  

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында әр оқушыны дара тұлға деп танып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстарын жүйелі жүргізу – оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың негізгі шарты болып табылады. Тіл сабақтарында мәтіндер бойынша оқу сауаттылығын арттыратын сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін беру мұғалімнен зор дайындықта қажет етеді. Сұрақтар жүйесі оқушылардың белсенді ойлауын, білімі мен білік, дағдысын қолдана білуді қамтамасыз ететіндейетіп құрылуы керек. Мысалы: «Шығарманың басты ойы неде? Шығармада не жазылғаны туралы айтуға болады? (оның мазмұны туралы). Шығарма қалай жазылғаны туралы айтуға болады? (оның стилі туралы)» сұрақтары беріледі. Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар рефлексия жасай отырып, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолданып, бiлiмдері мен дағдыларын қоғамның белсендi өмiріне араласуына бағыттайды. Келесідегідей түрдегі сұрақтар «не мақсатпен көрсетілген? Қалай қолданасың?» берілсе, оқушылар мәтін мен сұрақты қолдана отырып, логикалық байланыс жасауға дағдыланады. Немесе, «Шығарманың қай бөліктері бір-біріне қарама қайшы? Неліктен?» сұрақтары арқылы байқағыштыққа, мәтіннің әр сөзін дұрыс қолдана білуге, тұжырымдауға үйренеді. Сондай-ақ, оқу материалдарының форматы аспектісін түсінуге бағытталған шығармашылық тапсырмалар ұйымдастыру сауаттылықты арттыруға бағытталады. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында «Екі жақты түсініктеме күнделігі», «Стиктердегі сұрақтар», «Тұжырым кестесі», «Пікірлер парағы», «Үндестік парағы», «Эйлер шеңберін құрау» тәрізді тапсырмалар оқушыларды өзіндік жеке қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етеді.

ХХІ ғасыр – бәсекелестік ғасыры. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр, дара тұлғаның тағдыры ұстаздар қауымына аманат етіп тапсырылып отырғаны анық. Бүгінгі мектептің басты міндеті-өзіндік ой-көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалім мен оқушының бір-біріне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл болуды көздейді. Ойын еркін айтатын, сын тұрғысынан ойлауға бейім,интеллект қабілеті дамыған, өмірде өз орнын таба алатын жеке тұлғаны қалыптас тыру мектеп мұғалімдері үшін жауапты іс.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. http://orleu-uko.kz/?p=2834

  2. https://www.kaznu.kz/content/files/pages/folder21017/%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%82%D1%8C%D1%8F%20%D0%9C.%D0%93.%D0%90.%20%D0%BC%D0%B0%D0%B9.pdf

  3. https://melimde.com/aza-tili-men-edebiet-penderinde-oushilardi-funkcionaldi-sauatt.html

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!