Оқушылардың ғылыми дүниетанымын оқу процесі кезінде қалыптастыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушылардың ғылыми дүниетанымын оқу процесі кезінде қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың жан-жақты, ой-өрісін кеңейтіп халқының қамын ойлайтын азамат болуға баулу, оқушылардың ынтасын , қызығушылығын арттырып , адамгершілікке , жауапкершілікке тәрбиелеп оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы









КУРСТЫҚ ЖҰМЫС



Тақырыбы: «Оқушылардың ғылыми дүниетанымын оқу процесі кезінде қалыптастыру»

Модуль:

Оқыту нәтижесі:

Мамандығы: 01140700 «Информатика»







Қорғауға жіберілді:___________ Орындаған:

Бағасы: _____________________ Ғылыми жетекшісі:



















Семей, 2025

Мазмұны



Кіріспе.................................................................................................................3 – 4


I. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын оқу процесі кезінде қалыптастырудың ғылыми- теориялық негіздері


1.1. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын оқу процесі кезінде қалыптастырудың жолдары ...............................................................5 – 10


1.2. Тәрбие процесі кезінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру ............................................................................................... 11 – 15


II. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын оқу процесі кезінде қалыптастыру


2.1. Оқушылардың дүниетанымын оқу процесі кезінде қалыптастыруда мұғалімнің рөлі..............................................................................................16 – 19


2.2. Ойын жүргізу барысында оқушылардың білімін жандандыру.........19 – 23


III. Қорытынды................................................................................................24


IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................25



















Кіріспе


Курстық жұмыстың тақырыбы: «Оқушылардың ғылыми дүниетанымын оқу процесі кезінде қалыптастыру»

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық жаңару, барлық салаға ацтарлықтай өзгерістер енгізді. Сонымен қатар қоғам алдында білім беру жүйесін модернизациялау- жылдық мектеп жүйесіне көшу мақсатыда тұр. Бұл жағдайда педагогика ғылымының алдында қоғам санасының аталмыш сферасының жаңа тиімді болатындай даму жолдарын іздестіру міндеттері тұр.

Жеке тұлға - өзіндік құндылық. Оның дамуы мен қалыптасуы мектепте оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсатыболуы керек. Бұл жөнінде ежелден-ақ

Ұлы ойшылдарымыз әл-Фараби, Ж.Баласағұн, ұлы Абай ерекше толғанған, сондықтан, еңбектерінде адамның жеке басын, дүниетанымын дамыту үнемі көтеріп отырған. Дүниетанымның қалыптасуы- күрделі әлеуметтік- педагогикалық мәселе. Педагогика тарихы мен мектеп тәжіриебесінде бұл мәселені шешудің үлкен және құнды тәжірибесі жинақталған. Ғылыми білім берудің негізгі бағыты –адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде тану , оның рухани жан дүниесінің баюына, саяси көзқарасы мен шығармашылық белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің жоғары деңгейде қалыптасуына толық мүмкіндік беру., жағдай жасау. Жалпы бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарттарында өскелең ұрпақтың дамуы, ғылыми дүниетаным қалыптастыруының айқын бағыттары көрсетілген. Себебі ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жалпы және жоғарғы формасы.

Адам дамуының дүниетанымының мәні мен маңызын ашуда әсіресе Қорқыттың, Әл-Фарабидің, Қ.А..Яссауидің , Абайдың және тағыда басқа ойшылдарымыздың көзқарастары анықталып, Дүниетанудың өмір, табиғат заңдылықтарының алатын орны ерекше екендігі көрсетілді.

Дүниетанымның тұжырымдамасы, оның философиялық тұрғыда қалыптасу

деңгейлері мен сипаты А. Спиркин, М.Федосов, В.Н. Лавренко, В.Ратникова, Ә.Н. Нысанбаев, М. ОРынбеков, Л.Кішібеков, Ж. Әбілдин,Ә.Тұрғынбаев тағыда басқа ғалымдардың еңбектерінде тұжырымдалған. Әсіресе Д.Кішікбаев тың халқымыздың ұлттық дүниетанымының сипатын, оның жас буынға ықпалы тұралы философиялық ойларының маңызы зор.

Тұлға дүниетанымының теориялық , интелектуалдық , практикалық сипстын ашумен психологтар С. Л. Рубинштейн, Л.Н. Божович, Р.С. Немов, Т. Тәжібаев, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, Қ. Жарқұлов , Ж. И. Намазбаев, Қ.Шерниязданова т.б. шұғылданып , өз еңбектерінде ғылыми-теориялық және әдістемелік жағынан айқындайды.

Қазақстандық ғалымдар өз ой- пікірлерін, ғылыми негіздерін жасап құнды мұра қалдырған Қ. Аймауытов, Б.Баймұратов, А.Меңжанов,

Н. Храпчинкова, М. Тұрсынкидина, м. Сәлімбекова, Х.Шерезденова, А. Бакрединова өздерінің зерттеу жұмыстарында мектеп жасына дейіңгі балалардың дүниетанымын дамытұға үлкен көңіл бөлген.

Жек тұлғаның , оның ішінде оқушы жастардың ғылыми дүниетанымының қалыптасуы теориялық және тәжірибелік трғыдан көкейкесті мәселеге айналуда. Сол себепті тақырыбымызды «Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру» деп таңдауымызға негіз болды.


Зерттеу мақсаты: Оқушылардың жан-жақты, ой-өрісін кеңейтіп халқының қамын ойлайтын азамат болуға баулу, оқушылардың ынтасын , қызығушылығын арттырып , адамгершілікке , жауапкершілікке тәрбиелеп оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Зерттеудің міндеті:

-«Дүниетаным» ұғымының мәнін ашу.

-Жек тұлғаның дүниетанымы қалыптасуының әдіснамалық және психологиялық негіздерін айқындау.

Зерттеудің нысаны: Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру қурылымының ерекшелігі..

Зерттеудің пәні: Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру үрдісі.

Зерттеудің болжамы: Егер пәндік білім, білік, дағдыны қалыптастыру мен шектелмей сыныптан тыс жұмыстарда еңбек әрекет үлгілеу, құрастыру және жасампаздық сатылары мен ұйымдастырса, онда бастапқы техникалық ғылыми дүниетанымды қалыптастыру нәтижелі және тиімді болады, өйткені сабақтармен қатар сыныптан тыс жұмыстар оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық және ғылыми әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау,әңгіме, тестер жүргізу нәтижелерін сандық және сапалық өңдеу.

Зерттеудің құрылымы:Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, жалпы қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттеу мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні,болжамы, зерттеу әдістері, зерттеу базасы тұжырымдалады.











I.Оқушылардың ғылыми дүниетанымын оқу процесінде қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері.


1.1.Оқушылардың ғылылми дүниетанымын қалыптастырудың

жолдары.

Дүниетанымның қалыптасуы, педагогикалық процес ретінде, обьективті түрде әдіснамалық идеялардың реттелген жиынтығын оқушылар игілігіне айналдыруды талап етеді. Дүниетанымның қалыптасуы- күрделі педагогикалық мәселе. Педагогика тарихы мен мектеп тәжірибесінде бұл мәселені шешеудің үлкен және құнды тәжірибесі жинақталған. Жеке тұлғаның, оның ішінде оқушы жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы теориялық, және тәжірибелік тұрғыдан көкейкесті мәселеге айналуда.

Дүниетаным дегеніміз- дүниеге деген нақты тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік-саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы. Оқушылар материалистік диалектиканың мынадай заңдары мен категорияларын игерулері қажет: дүниенің материялдығы мен танымдылығы; қозғалыс- материяның өмір сүру формасы ретінде; материяның бірінші ,сананың екінші болуы; қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі; себепті байланыс-болмыстың жалпы заңы; құбылыс мәңгіліктің көрінісі ретінде; мүмкіндікпен шындық; практика таным негізі, ақиқат критерийі.Дүниетаным қалыптасуының біртұтас процесі

білім берудегі бірізділік пен оқу пәндері арасындағы байланыс арқылы жүзеге асады. Білім беру процесі ретінде ұстаз бен оқушының бірлескен

іс- әрекетімен сипатталады, іс-әрекеттің мақсаты – оқушыларды дамыту, олардың бойында білім , білік , дағдыларын қалыптастыру.

Аналитикалық-жүйелік іс-ірекеттің нәтижесіне (түсініктеме, арман-мұраттарда, теорияларда) білім де, іс-әрекет әдіс-тәсілдеріде бар. Бұл

сананың әр түрлі жақтары, бірақ бұл процесте ең басты білім тұрады. Осының барлығы оқушы бойында біліммен білікке қоса ойлау мен әрекет ете алуды дамытуды талап етеді.Ғылыми білім құрылымында екі деңгейі бар: эмпирикалық және теориялық. Олар обьективті болмысты көлемірек , тереңірекжіне толығырақ суреттеуі бойынша ажыратылады.

Дүниетаным жекелеген білімдерден емес заманның талабына сай білімдердің құрылымын қамтиды, әдіснамалық идеялар, теориялар мен принциптер негізінде ұйымдастырылатын жүйе.Оқушылардын меңгерген білімдер жүйесі әрдайым қозғалыста болады, басқа жүйелермен қатынасқа түсіп оларды пайдалану міндеттеріне сәйкес жалғасады.

Оқушылардың ғылыми дүниетанымына табиғат және қоғам елдегі

әлеуметтік-экономикалықжағдайлар, қоғамдық саяси қатынастар әсер етеді.Ғылыми сенімдер ғылыми-философиялық білімдерді, қазіргі ғылыми жетістіктерін оқып үйрену, дүниені танудың ғылыми әдістерінқолдану арқылы қалыптасады.Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жоғарғы түрі. Ол арқылы оқушының өмірдегі жақсы мен жаманға көзқарасы қалыптасып, бағыт- бағдары айқындалады.Ғылыми дүниетаным тек қана білімдер арқылы ғана емес, сонымен қатар , дәйекті дәлелдері аз жалған көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады.Қоғамның өзгеруі , қоғамдық және жаратылыс ғылымдарнда ашылған жаңалықтар ғылыми дүниетанымды жетілдіреді, толықтырады, нақтыландырады кейбір көз қарастарды өзгертеді.

Дүниетанымды қалыптастыратындар: Тәжірибені теориялық тұрғыдан қорыта білу, сезімнің ақыл-ойға әсері , саналы, алдына қойған мақсаты бар ерік жігер. Бұлар оқушылардың көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыралы.

Көзқарастар- баланың өзі сенетін білімдері, ұғымдары, практикадан шығарылған теориялық тұжырымдары, ұсыныстары. Оқушылар олар арқылы табиғатта және қоғамда болып жатқан түрлі құбылыстарға баға беріп өзінің мінез –құлқын, жүріс тұрысын белгілі бір бағытқа салып отырады.

Сенім – ақиқат екндігіне балалар ешқандай күмән келтірмейтін білімдер, ұғымдар , тұжырымдамалар, теориялар, болжамдар сенімге сезім әсер етеді.Таным процесінде қуану білімінің ақиқатына сену , өз алдына мақсат қою, сұлулықтан ләззат алу сенімнің қалыптасуына ықпал етеді.

Қажымайтын қайрат –дүниетаным құрамындағы маңызды бөлік. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру үшін оған теориялық білімдерді берумен шетелуге болмайды. Тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру кезінде бала өз алдына мақсат қойып,соған жету үшін жігерлене еңбек етеді.

Теориялық ой – дүниетанымның елементі , болмыс тұралы білімдерді, құбылыстарды шығармашылықпен ой елегінен өткізе білу дүниетанымды жетілдіру, сенімді басшылыққа алып, іс-әрекет жасауға ұмтылу.

Дүниетаным көптеген маңызды қызмет атқарады.

Ол өзінің ағарту қызметі арқылы балаға табиғат және қоғам тұралы ғылыми білімдер беріп, оны жалған көз қарастардан арылтады, болмысты тану әдістерімен қаруландырады.Дүниетаным тәрбиелік қызмет атқарады. Оқушылар өзі келісетін көзқарастар арқылы, адамгершілігін, ерік-жігерін, эстетикалық сезімдерін шындайды. Мұғалімдер оқушыларды адалдыққа сендіріп, олардың адал жүруіне керек батылдықты, табандылықты, ізгілікті жауапкершілікті тәрбиелеуі керек. Осы талаптардыорындау үшін қоғам және жеке адамдар өміріндегі жақсы тұстарды оқушыларға әсерлі етіп түсіндірген дұрыс. Саяси-әлеуметтік , философиялық, моральдық, эстетикалық, ғылыми теориялық білімдерді меңгеру оқушының белсенді ой жұмысын тұғызады.Ғалымдар болмысты (алуан түрлі байланыстағы объективтік дүние, тұрмыс, қоршаған орта,жағдайлар) түсіну үшін диалектикалық тәсілдер қолдану керектігін дәләлдеп отыр. Бұл тәсілді қолданғанда баланың миы жағдайды дұрыс бағалап , шығармашылықпен жұмыс істейді құбылыстарды басқа құбылыстармен байланысиырып қарайды.

Баланың дүниетанымы ұйымдастырушылық қызмет атқарады . Бала өзінің дүниетанымына сүйеніп, тәжірибеде түрлі іс-әрекеттер жасайды.Сонымен , ғылыми дүниетанымдық тәрбиенің мақсаты- баланың жеке тұлғасының орталығында орналасатын дүниетанымды берік және оған сенетіндей етіп қалыптастыру , сол арқылы қошаған ортамен дұрыс байланыс жасауға көмектесу.Осы мақсатқа жету үшін мұғалім оқущының ғылыми көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырып, ғылыми емес дәлелдері аз көзқарастарды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету керек.[12;390 ]

Адам тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілу үшін тәрбиелеу қажет. Тәрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер жүгізілген. Бұл процесті кәіптенген адамдар басқарады.. Барша дәуірлерде педагогтар балаларды табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа саналардың қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар бойы қажетті білімдер тырнақталып жиналып педагогикалық жүйе негізге келді, тексерілді, қажетті болмаған тұстары қолданымнан шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық идеиялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Бірте – бірте басты міндет: ғылыми білімдерді топтастыру және жүйеге келтіру болған тәрбие жөнінднгі ғылым пайда болды. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман педагогикасы адам тәрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға айналды.

Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тәрбиелеу ерекшіліктері жөніндегі кәсіби білімдермен қаруландырып, әр қилы жағдайлардағы оқу – тәрбие процесін болжастыруға, жобалуға және іске асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді.

Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға байланысты өзгерістердің ізімен асыру қажеттігі пайда болып отыр. Педагогиканың іркіліс, кешуілдеуі адамның даму дағдарысына алып келеді, ғылыми – педагогикалық прогрестің маманданбауына соқтырады. Сондықтан да педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап алуы қажет. Педагогиканың дамуына негізгі себепші көздер –

адамдардың өмір салтында, дәстүрлерінде, халықтық педагогика бекіген көп ғасырлық тәрбие нәтижесі,

Іс – қызметтері: философиялық, қоғамтану, педагогикалық және психологиялық еңбектер; әлемде және еліміздн жүріп жатқан тәрбие практикасы; арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеу деректері; жаңа идеялар, жаңарған бағыт – бағдар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі дүниедегі тәрбиенің тиімді техникалары.

Сонымен дүниетаным- дүниеге деген нақты-тарихи маңызы бар. Оның басты міндеті адам тәрбиесіндегі ғылым білімдерді жинақтау және жүйелестіру. Дүниетаным адамдарды тәрбиелеу, білім беру және оқыту заңдылқтарын ашып, соның негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тәсілдерін көрсетіп отырады.

Бүгінгі кезеңдегідүниетаным дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы жатыр.Дүниетаным түрлі білімдерді игеру процесінің нәтижесінде ғана емес, өзінің диалектикалық, өзгермелі ғылым сипатына сай болумен қарқынды дамуда.

Дүниетаным адам санасының арнайы формасы, оның қоршаған дүниеге, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы және сенімі.

Кейінгі он жылдықтарда педагогиканың бірнеше салаларында келелі тапсырыстарға қол жеткізілді, әсірісе мұндай жетістіктер мектептегі оқыту жаңа технологияларын жасауда көрініс береді. Ғылыми-өндірістік комплекстер, авторлық мектептер, эксприментальды оқу – тәрбие алаңдары, ұнамды өзгерістер жолындағы елеулі көзге түскен педагогикалық жаңалықтар. Еліміздегі жаңа және жаңаланған мектеп оқуы мен тәрбие басты назарда тұлға дамуын көзге алып, гуманистік бағытта өрлеп, өрістеуде.

Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша адамзат білімдерінің пәнаралық білімдерін құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігі. Бұл жағдай педагогикалық нысан ретінде әртүрлі күрделі болмыс обектері (космос, мәдениет, асясат және т.б ) қабылданары сөзсіз.

Ендігі ғалымдар тобы педагогиканың басқа ғылым салаларынан (психология, жаратылыстану, әлеуметтену және т.б) алынған білімдерді жанама түрде пайдаланып оқу және тәрбие аймағында туындайтын мәселелерді шешуге икемдестірілген қолданбалы пән рөлін таңдады. Бұлай болғанда педагогикалық практиканың іске асуымен өзгерістеріне тұғырлы тірек болар тұтастай теориялық негіз қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай педагогика мазмұны педагогикалық құбылыстардың жеке тақырыптары жөніндегі кездейсоқ, жүйеленбеген, байланыссыз деректер жиынтығы күйінде көрінері екені бәріне аян.

Қазіргі кезеңде ғылым мен практикаға үшінші ғылыми тұыжрым өз тиімділігімен танылып отыр: педагогика - өзіндік нысаны мен зерттеу пәніне дербес білім саласы.

. Дүниетаным ғылымдарының жүйесіне:жалпы педагогика,жас ерекшелік педагогикасы,мектепке дейінгі педагогика,кәсіби педагогика,корециялық педагогика,салыстырмалы педагогика т.б. жатады.Кейінгі кезде педагогикалық білімнің дербес салалары ретінде әлеуметтік педагогика дербес бөліне бастады.

Жалпы педагогика педагогикалық процесс пен білім берудің негігі заңдылықтарын зерттейді.Жас ерекшелік педагогика анатомиялық және физиологиялық ,әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшеліктеріне байланысты білім беру ерекшелігін зерттейді.Кәсіби педагогика жоғарғы білім беру,әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылықтары болып табылады..Салыстыру педагогика әр елдегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін салыстыра, дамуын зерттейді.

Педагогиканың салалық тарауларына - арнаулы педагогикалық ғылымдар (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофролопедагогика, логопедия), дене дамуында кейбір ауытқушылықтары (есту, көру, ойлау қаблеттеріндегі өзгерістер, сөйлеу)бар балалар мен ересектерге білім берудің теориялық негідерін,принциптерін,әдістерін,формаларын зерттеулерімен айналысады.

Жергілікті дәрежеде дербес педагогикалық пәндер тобын жеке немесе пендік педагогика құрайды, онда жалпы – бұл педагогикалық заңдер мен заңдылықтар, танымдық әрекет әдістері, ал жеке ерекшелік берілетін сабақ Теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогикалық шындық тәжірибесін зерттейді.Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады.Міне осыдан педагогиканың гуманитарлық білімдер (адамтану) жүйесімен байланысты.

Дүниетанымдық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінде діни ілімдерде, саясаттануда,заңда, әдебиетте дамиды.Қазіргі кездегі педагогика психологиямен тығыс байланысты.Психология адам психикасының дамуының заңдарын, ал педагогика – тұлғаның дамуын дүниетанымын зерттейді.Ойлаудің іс -әрекетті мақсаттылықпен өзгерту,психологиялық білімдерсіз мүмкін емес.Мұндай білімдерсіз тұлғаның оқығанын және тәрбиелілігін бағалауға мүмкін болмайды.Сондықтан педагогика психологиялық білімдер ғана емес сонымен бірге педагогикалық міндеттерді шешу үшін тұлғаны зерттеу әдістері ( рейтинг, психометрия, жұптық салыстыру т.б.) пайдаланады. Педагогиканың әлеуметтанумен – жан – жақты байланысының өте маңыздылығы ол қоғам туралы біртұтас жүйе ретіндегі және оның бөліктерінен тұратын (әлеуметтік жай, топ және т.б. ) ғылым болып табылады.

Дүниетаным ғылыми аралық байланыстары белгілі бір байланыстарды зерттеу барысында басқа ғылымдарға – тарихқа, этнологияға, этнографияға, экономикаға, демографияға, экологияға және т.б. таралады.

Дүниетанымды қалыптастыру жүйесінде бастауыш мектептегі оқыту, жоғары сыныптарда жеке пәндерді оқыту әдістемесі едәуір жетіле түсті..

Жоғары мектептерде жастарды оқыту және тәрбиелеу проблемасы жайында ғылыми еңбектер, оқу құралдары шыға бастады..Әрине, жоғары мектеп педагогикасы жаңа және жас ғылым. Ол келешекте мұғалімдерді оқыту мен тәрбиелеу, оларды жоғары дәрежелі мамандыққа даярлаудың тиімді жолдарын іздестіреді.

Ғылыми дүниетаным бірыңғай байланысып, қисынды бір ізгілікпен дамиды.Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Өйткені, адамды жан – жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу проблемасын шешу үшін басты ғылымдардың нақты мағлұматтарына сүйенеді.Олардың бірі – философия ғылымы.

Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып білу жөніндегі көзқарастардың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын білушілікке тәрбиелейді., халыққа білім берудің мазмұны, педагогикалық процесті ұйымдастыру сияқты проблемаларды зерттеудің барысында, педагогика ғылымы алдын – ала болған нақтылы әдіснамалық жағдайлардың негізіне сүйенеді.

Ғылыми дүниетаным тәрбие процесінің ерекшіліктерін, негізгі кезеңдерін, басқа құбылыстармен өзара байланысын қарастырады, олардың заңдылықтарын анықтап қарастырады.

Адамзат бағытындағы ғылыми дүниетанымы ақиқаттың жалпылама көрінісініңжоғары деңгейімен ерекшеленетін әлеуметтік мәдениеттің, интеллектуалды және эмоционалды- жігерліксипаттарын топтастырған феномен.Осылайша, жеке тұлғаның дүниетанымы жалпы қорытыланған білімдер мен оларды пайдалану біліктілігіі,олардың ақиқаттылығы мен нәтижелігіне дегенсенім, нұсқауларды қажет ету, жалпылама принциптер мен арман-мұраттар, қызмет-әрекетке деген әзірлік сияқты компоненттер

өзара байланысты болып келеді.































1.2 Тәрбие процесі кезінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру негіздері.

Оқыту мен тәрбиенің әрбір кезеңінде дүнетанымдық білімнің мазмұны,

Тереңдігі және оларды оқушыларға түсіндіру мемлекеттік оқу және тәрбие бағдарламаларында қарастырылған. Сондай-ақ оқулықтарда бағдарламаларға сәкес оқушылардың жас ерекшеліктері және күрделі дүниетанымдық ұғымды игеру қабілеттері еске алынған.

Оқушылардың ғылыми дүниетанымын ақыл-ой тәрбиесі кезінде қалыптастыру тек ұстаздың ықпалымен ғана дамиды. Оған қоршаған орта жәнешәкірттің өз ұмтылысы әсер етеді.Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда, өнегелі , эстетикалық, адамгершілік сезімдерді тәрбиелеуде сурет, ән, әдебиет сабақтарының орны ерекше.Сабақтан тыс уақытта түрлі үйірмелерге, сексияларға қатысқан оқушылар музыка, көркемсурет, кино, театр, би, спорт, еңбек арқылы тәлім-тәрбие алып өз сезімдерін бекітеді.

Оның тұлға болып жетілу үшін – тәрбиелеу қажет. Тәрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер жүгізілген. Бұл процесті кәіптенген адамдар басқарады.. Барша дәуірлерде педагогтар балаларды табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа саналардың қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар бойы қажетті білімдер тырнақталып жиналып педагогикалық жүйе негізге келді, тексерілді, қажетті болмаған тұстары қолданымнан шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық идеиялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Бірте – бірте басты міндет: ғылыми білімдерді топтастыру және жүйеге келтіру болған тәрбие жөнінднгі ғылым пайда болды. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман педагогикасы адам тәрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға айналды.

Дүниетаным белгілі жас тобындағы балаларды тәрбиелеу ерекшіліктері жөніндегі кәсіби білімдермен қаруландырып, әр қилы жағдайлардағы оқу – тәрбие процесін болжастыруға, жобалуға және іске асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді.

Дүниетанымның дамуына негізгі себепші көздер – адамдардың өмір салтында, дәстүрлерінде, халықтық педагогика бекіген көп ғасырлық тәрбие нәтижесі, .

Ғылыми дүниетанудың дамуының мен оның мәнін –Л.И. Божовичтің пікірінше жеке тұлғаның дүниетанымы- бір шама кешігіңкіреп келктін қубылыс, ол адамның жеткіншек шағында пайда болады, оның қалыптасу негізі жалпы тәрбиелік бағыттылық, дүниетану мен дүниені сезіну жүйесі болып табылады.

Сонымен қатар, педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған практикалық іс - әрекетті, яғни қажетті болған ептіліктер, дағдылар мен қабілеттер жүйесін қамтиды. Бұл тараптан ол тәрбиелік шеберлік, өнермен ұштасып жатады. Педагогикарың міне осы ғылымдық әрі өнерлік ерекше сипатына кейбір үстірт ойлайтын адамдар, оры аса қажет теориялық құндылық деп бағаламай, тәрбие ісіндегі ептіліктер мен икемділіктерге бұра салады. К.Д.Ушинский « Тәрбие ісі біршама жеңілдеу көінеді. Тәрбиеге шыдамдылық керек екені баршаға аян, кейбіреулер ол үшін тума дарын қажет деп ойлайды, тек аздаған ғана мамандар шыдамдылық, тума қабілет және ептіліктерден басқа арнайы білімдердің де қажет екенін бүгінгі күні мойындап отыр » - деген.

Тәрбиелік қызметте ептілік, дарын және теориялық білімдер бірдей керекті екенін П.П.Блонский ескерген. Ептілік күнделікті тәрбиеде ұштасады, дарын тәрбиелік жұмыс барысында шыңдалады, теориялық білімдер адам дамуы мен тәрбиенің мән – мағынасын тереңдеп танумен қалыптасады да, ғылыми идеялар түрінде бірден бірге өтеді деген.[1;-130]

А.С.Макаренко ықпалды тәрбие жүргізу үшін әрбір мұғалім – тәрбиеші педагогикалық шеберлікке бейімделуі тиіс, ал сол шеберліктің астарында міндетті түрде игерілген теориялық білімдер болуы шарт деп өте дұрыс пайымдаған. Теориялық білімдердің маңыздылығы бүгінгі ғылым мен техниканың, өмірдің барша тармағында кең орын алуына орай ерекше артып отыр. Сондықтан да педагогикарың мәнін түсініп, тәрбиеге байланысты негізгі теориялық идеяларын игеру педагогикалық қызметке дайындалуда өте маңызды.

Біздің ойымызша, адам тәрбиесінің күнделікті практикасында болсын, теориялық тұғырымдама тағайындауда болсын жоғарыда айтылған бүінгі педагогика тұжырымдамаларын негізге ала отырып, идеалистік бағытты да, имандылық шарттарын да өз орнымен үйлесімді пайдаланып отыру керек.

Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отарып, оқыту – тәрбелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым, заңдар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту – тәрбиелеу жұмысын педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері бағыт береді.

Педагогикалық процесс – күделі дамушы жүйе. Оның жеке тқлғаны қалыптастырудағы рөлі. Оқу – тәрбие процесін болжау, мұғалімнің әдіснамалық бағытына тәуелді. Табиғаттағы және қоғамдағы құбылыстардың және процестердың даму заңдылықтарының философиялық мәні. заңдылықтарының мәнін танып білуге тарихи шолу және олардың мұғалімнің іс - әрекетіндегі рөлі. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс - әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. [10; -59 ]

Педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары, оларға сипаттама;қоғамның әлеуметтік – экономикалық талаптармен келісуі; оқушы мен оқытушының екі жақты міндетті іс - әрекетімен байланысты өзара қарым – қатынасы; оқушылардің белсенділігін арттыру мұғалімнің адын – ала мұхият ойлаған және ұйымдастырылған іс - әрекетінің нәтижесі; оқушылар арасындағы өзара іс - әрекетті мұхият ұйымдастыру педагогикалық процестің тиімділігінің ұйымдастыру шарттары.

Педагогикалық процестің мынандай заңдылықтарын атап көрсетуге болады:

  • бала өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесінің мұрагері – тек қана өзінің белсенді шығармашылық іс - әрекетінің арқасында ғана бола алады;

  • индивидтің өзін жүзеге асыратын және өз орнын таба алуға дайын белгілі бір әлеуметтік- азаматтық дәрежесі бар барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі тұлға ретінде дамуы;

  • ұстаздар мен оқушыларды біріктіретін ұйымдастырылған бірлесіп бөлінген іс- әрекеттері педагогикалық процесс қатысушылардың әрбіріне және барлығына жетістіктер мен қамтамаз етеді.

Дүниетанымның пәні нақты тарихи тәрбие процесін оның объективтік заңдылықтарына, әлеуметтік қатынасына, өмірдегі қоғамдық тәрбие тәжірибесіне отырып болшақ жас ұрпақтың даму, қалыптасуын зерттейді. Дүниетаным ұрпақ пен жса ұрпақтың қарым – қатынасындағы қарама – қарсылықтарды шеше отырып, жас ұрпақтың дұрыс жолға түсуін қарайды. Қарама – қарсылықтың дұрыс шешу жолдарының бірі ертеден келе жатқан өмірдің, өмір тәжірибесінің дұрыс бағыттарын алып, жастарды соған тәрбиелеу, үйрету, оқыту.Өмір тәжірибесінің дұтыс немесе қате екенін философияның заңына сүйене отырып қарайды. Өмір - өзен, бір орында тұрмайды. Бала тәрбиесі әрдайым қозғалыста. Сондықтан педагогикалық құбылыстың бәрін, оның ішінде тәрбие, тәлім мазмұнын, түрін, әдістерін өмірде пайдаланамыз.

Баланың даму,дүниетанымының қалыптасу процесіне көптеген қарым – қатнастар тікелей әсерін тигізеді. Негізінен мұны үшке бөлуге болады.Олар өзара тығыз байланысты.

Олар:

а) Экономикалық базис, экономикалық қатынас.

ә) Идеология, қоғамдық сана. Осы арқылы адамның санасы қалыптасады. Әр адамның саяси ғылыми эстетикалық, құқықтық, этикалық, діни көзқарасы мен сенімі болады.

б) Жеке адамның қоғаммен, жеке тұлғалармен психологиялық қатынасы. Адамдар арасындағы қатынас. Ересектер мен жастардың, ұстаз бен шәкірттің қатынастары.

Осы қатынастардың нәтижесінде тәрбиенің заңдылықтары шығады. Тәрбиелік, тәлімдік заңдылықтар педагогика ғылымдарының негізі. Заңдылығы жоқ ғылым – ғылым емес. Сонымен педогогика ғылымдарының заңдылықтары:

а) Жас ұрпақтың аға ұрпақтан қабылдаған әлеуметтік тәжірибесін өзінікіндей етіп, өмірде пайдалану. Сол арқылы өмірге араласу, қоғамды алға дамыту, қоғамның әрбір мүшесін керекті заттармен қамтамасыз етіп, ұрпақ арасынан үзіліске жол бермеуі.

ә) Ұрпақ байланысының заңдылығы ретінде қарастырылатын нәрсе, ол тәрбиенің мазмұнының, түрлерінің, әдістерінің қоғамның өндіргіш күштеріне сәйкестігі. Яғни тәрбие теориясының өмірмен байланыстылығы.

б) Тәрбиенің өндіргіш күшке сәйкестігі өндіріс арқылы анықталады, өндірістік қарым – қатынасқа байланысты, өндіріс қарым – қатынас анықтайды.

в) Тәрбиенің төртінші заңдылығы баланың тәрбиелік нәтижесі өмірмен байланысты шешіледі. Тәрбие өмір талабына сәйкес болуы керек. Мұнда тек өндіргіш күш емес, сонымен әлеуметтік, психологиялық қарым – қатынасқа да байланысты.

г)Жас ұрпақтыңғылыми дүниетанымы қалыптасуында өзінің атқаратын ісі, белсенділігі, өзін - өзі көрсете білуі, өмірден өз орнын табу.

ғ) Тәрбиеленушінің өзінің жас ерекшелігіне байланысты қажетті, жан – жақты, интеллектуалды, эмоцияалды, жігер, дене т.б. қырларынан білім – тәрбие алып дамуында. Осы айтылған алты заңдылықтар педагогиканың немесе тәрбиенің, оқудың, үйренудің заңдылықтары деп есептейміз.

К.Д.Ушинский ескерткендей, тәрбие заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан тану өте қажет. Себебі, оның айтуынша, педагогикалық ережелерді қара дүрсін жаттау ешбір пайда бермейді. Сол ережелерді туындататын ғылыми негіздерді зерттеу міндетті іс. Ұлы педагогтың кеңесі: басқарылуы қажет болған психикалық құбылыстардың заңдарын ашып, өз іс - әрекетіңді сол заңдарға және оларды қолданатын жағдайларға ойластырылған жөн.

Тәрбиенің астарлы заңдылықтарын білместен, оны жетілдіруге ұмтылудің өзі бос әрекет. Өмір шындығы заңдылықтары мен жеке адамның дүниетанымының қалыптасуы мен дамуы және кемелденуіндегі қиыншылықтарды тану ғана белгілі бір дәуір тәрбиесіндегі күнделікті шаралардың іске асырудың және сол процесті ғылыми тұрғыдан басқарудың теориялық - әдіснамалық негізін бере алады.

Сонымен тәрбие заңдылықтарының мәні: орындалуы жеке адам дамуы мен дүниетанымының қалыптасуында тиімді нәтижеге жеткізетін тәрбилік процестегі орнықты, кайталап отыратын қажетті байланыстар. Мұндай заңдылықтарды біле отырып, тәрбие жоспарын алдын – ала болжауға және ол іске терең мазмұндық, әрі әдістемелік мән – бағдар беруге болады.

Тәрбиенің жалпы заңдылықтары.

  1. Барша тарих кезеңдерінде тәрбие объективтік – қоғамдық қажеттіліктне туындайды және ол қоғамға қызмет етеді.

  2. Тәрбинің мақсаты, мазмұны және тәсілдері біртұтас байланыста, бір – бірінсіз нәтиже бермейді.

  3. Біртұтас педагогикалыұ процестегі оқу мен тәрбие өзара кіріге ұштасқан.

Келтірілген заңдылықтар тәрбиенің ұйымдастырудың жалпы негіздерін құрайды, ал енді сөз болатын заңдылықтар тікелей тәрбилік процесті іске асырудағы педагогикалық құрал ретінде танылуы тиіс. Олардың қатарына кіретіндер:

  1. Дамушы жеке адамның тәрбиесі сол адамды тікелей іс - әрекетке қосу барысында орындалады.

  2. Тәрбие – ұйымдастырылған іс - әрекеттегі жеке адамның белсенділігін арттыруға ықпал етуші фактор.

  3. Тәрбие барысында тәрбиленушіге деген жоғары гуманизм мен сый – құрмет орынды талаппен ұштасуға міндетті.

  4. Тәрбие барысында оқушыға алдағы жетістіктерін көрсете отырып, табыс қуанышына ере білуге көмектесу.

  5. Тәрбие барысында оқушылардың ұнамды сапаларын тану және оларды орынды пайдалану қажет.

  6. Тәрбиелеуде оқушылардың жастық және даралық ерекшеліктерін ескеру орынды.

  7. Тәрбие ұжымда жүргізіліп, ұжым арқылы іске асырылуы қажет.

  8. Тәрбие барысында мұғалімнің, мектептің, отбасының және қоғамдық мекемелердің педагогикалық ұсыныстарының бірлігі мен келісімі қажет.

  9. Мектептегі оқу жұмысы да, оқушылардағы жеке адамдық сапаларды тәрбиелеу де осы заңдылықтарды ескеру негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

  10. Педагогика – ғылым, педагогика – пән. Екеуі сабақтас нәрсе. Екуінде де ортақ ұстаздық қызмет, шәкірт тәрбиесі, оқуы, яғни педагогикалық процесс.Ғылым – объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын – ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылғар білімнің жоғарғы формасы. Пән сол ғылымды жүйелі түрде қарапайым тілде оқырмандарына жеткізу түрі.

Мұғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тәрбиелеу ерекшіліктері,дүниетанымын қалыптастыруға, әр қилы жағдайлардағы оқу – тәрбие процесін болжастыруға, жобалуға және іске асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді. Сонымен тәрбие дегеніміз адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық - тарихи тәжірибені беру процесі болып табылады.

Тәрбие – белгілі жоғары мақсатқа бағытталған процесс.

А) жас ұрпақтың рухани дене күштерін дамыту;

Б) ғылыми дүние тануды қалаптастыру, қоғамға сай ережелерді меңгеру;

В)қоғам өміріне, қоғамдық өндірістің белгілі саласына қатысуға дайындығы болу міндеттерін қамтиды..

Тәрбие – жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп біржақты түсіндірушілер де бар.Тәрбиені тар және кең мағынада ажыратып түсіндірудің де маңызы ерекше. М,Жұмабаев бұл жайында: «Тәрбие – кең мағынада алғанда, қандайда болса бір жан иесіне тиісті азық беріп сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көсету деген сөз, ал Н.К.Крупская «Тәрбие» атты мақаласында: «Тар мағынада алып қарағанда, «тәрбие» деген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез – құлқына әдетте ересек адамдардың алдын ала ойластырылған және жүйелі түрде жасайтын белгілі бір ықпал», ал кең мағынада «... қоғамдық мекемклкр, айналаны қоршаған бүкіл жағдай, бүкіл қоғамдық құбылысты тәрбиелейді» - деп түсіндірді.

II. Тарау.Оқушылардың ғылыми дүниетанымын оқу кезінде қалыптастыру.

2.1 Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырукезінде мұғалімнің рөлі.

Оқушылардың дүиетанымын қалыптастыру үшін оған өмірдің жақсы да , көлеңкелі тұстарын да айтқан дұрыс.Дүниетанымдық сана баланың сезіміне, ерік жігеріне әсер етеді, сезім сананы бекітуші, ерік-жігерді ынталандырушы.

Баланың дүниетанымы оның сөзі мен ісінен, дүниемен қатынасынан көрінеді.Баланың санасы, көзқарастары, сенімдерін ең алдымен ғылым негіздері қалыптастырады.

Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар.Мысалы, философияяда бұндай ұғымдарға « болмыс », «материя», «қозғалыс», экономикалық негіздерде «тауар», «ақша», «баға», «нарық», психологияда «сана», «зейін», «түйсік» секілді т.б. негізгі ұғымдарды зерттейтін салалары қалыптасқан. Жеке адамның дамуы бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Даму – физиологиялық, ой - өріс, әсемділік, дене, еңбек,психологиялық т.б. бөліне береді. Жеке адамның дамуына, жетілуіне мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие мен оқу мұғалімнің қатысуынсыз жүрмейді.

Педагогика ғылымының, оның пәнінің күделілігі, ғылым ретінде анықтауға қиын соғатыны екі жақты бірлігінде. Екі бөлік, осы екі бөліктің егіз болуында. Ол теория және тәжірибе. Алдымен тәрбиенің нәтижесі өмірге келді, соңынан тәрбиені өмірде жүзеге асыратын маман қызметі келді. Сөйтіп өмірге теория келді. Өмір өзгерген сайын педагогика ғылымының проблемалары да пайда болды.

Бүгінгі күні біздің мемлекетіміздегі педагогикалық қызметтің, педагогикалық процестің ғылыми – зерттеу пәнінің негізгі проблемалары бар. Біз сол проблемаларды іріктеп алып шешкен жағдайда педагогикалық

қызмет және педагогикалық процесс дұрыс жолға қойылады.

Олар: а) Ұстаздық қызметтің, педагогикалық процестің ұйымдастыру барысы, тәрбиенің заңдылықтарына сәйкес келуінде. Педагогикалық қызмет және оның барысы, іс жүзіне асу жолдары заңдылыққа сәйкес болғанда ғана тәрбие жұмысы дұрыс атқарылады. Ұстаздық қызмет, оның барысы деп отырғанымыз: оқытудың, тәрбиенің үйретудің мазмұны, түрлері әдістері, солардың өндіргіш күштерге сәйкестілігінде, өндірістік қарым – қатынасқа лайық болуында.

б) Ұстаздық қызметтің, оның педагогикалық процесінің барысы тек тәрбие заңдылықтарына ғана сүйеніп қоймай, дүниетаным мен байланысты ғылымдардың заңдылықтарына да сүйенеді.

в) Ұстаздық қызмет пен педагогикалық процестің нәтижелі болуы, ұстаз бен шәкірттің іс – қимыл, әрекетіне зер салып бақылап, керек кезінде шәкірттің әрекетіне түзету енгізуі қажет.

г) Ұстаздық қызмет пен педагогикалық процесте диагностика керек. Шәкірттің іс - әрекетіне баға беріп, қай бағытта тәрбиеленіп жатыр, қай бағытка сілтегеніміз дұрыс, дегендей оймен ұстаз шәкірттің ғылыми дүниетанымын қалыптастырады

д) Бүгінгі өмірдің өзгеруіне байланысты тәрбие, оқу, үйрену өзгеріп жатыр. Сондықтан осы өмірге байланысты ұстаздық қызмет, педагогикалық процесс экспериментті қажет етеді.

е) Ұстаздық қызмет пен педагогикалық процесте баланы субъект – объек ретінде қараймыз. Сондықтан тәрбие (оқып үйрену) нәтижесі бастапқы қойған бағыттан басқаша болады. Бастапқы бағыт пен нәтиженің арасындағы бала тәрбиесіндегі өзгерістер есепке алынып, келесі бағытқа жаңалықтар еніп тұруы қажет.

ж) Педагогиканы екі бағыттан тұрады дедік: теория және тәжірибе. Сондықтан теория тәжірибеден нәр алады.

Ол ұстаздыққызметтегі,педагогикалық процестегі пайдаланып жүрген алдыңғы қатарлы тәжірибе, соны жинақтау, қорытындылыу және тарату.[ ]

Педагогиканың теориялық бағыттары: оның заңдылықтары, принциптері т.б. іс жүзінде тексеріліп, шәкіртті тәрбиелеу, оқыту, үйрету арқылы сол теория бағыттарының дұрысын көре аламыз. Ал оның дұрыстығы шәкірттің іс - әрекет, білім, қимылы, еңбегі арқылы жүзеге асады. Ұстаздың еңбегінің нәтижесі шәкірттің берген жемісіне білінеді.

Педагогиканың кызметі – 1) тәрбие, білімдену, оқу заңдарын ашу;

2) Диагностика (нақтама) мақсаттарымен міндеттерін анықтау, көзделген тәрбие мақсаттарының іске асу жолдарын көрсетіп беру.

Педагогика ғылымының қызметтері: дербес ғылым ретінде танылған педагогиканың қызметтері оның жоғарыда аталған пәндік сипаттарымен сабақтас, яғни таби бірлікте іске асырылу қажет теориялық және техникалық міндеттер.

Педагогикалық теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:

  • сипаттау немесе түсіндіру озат әрі жаңашыл педагогиканың тәжірибесін зерттеу;

  • анықтау (диагностикалық) педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс - әрекеттерінің нәтижелілігі немесе тиімділігін және оларды қамтамасыз етуші шарттармен себептерді анықтап алу;

  • болжау (прогноздау) барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксприментальді зерттеуден өткізу және оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.

Теориялық қызметтің болжау, болжастыру деңгейі педагогикалық құбылыстардың мәнін ашу, педагогикалық процестің түп – төркінінде орын алатын құбылыстарды таба білу, сонымен бірге болып қалуы мүмкін ықтималды өзгерістерге ғылыми негіздеме бере алу сияқты іс - әрекеттермен байланысты. Осы деңгейде анықталған деректерге орай оқу тәрбие теориясы анықталып білім беру практикасына жетекші рол атқарушы өзек педагогикалық жүйе моделі құрылады. Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына себепші болған әлеуметтену процесінде адам тұлғалық кемелдену қатысына көтеріледі. Адамның әлеуметтену оның қоғамдағы ауыспалы жағжайлар мен шарттарға икемдесе білу ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның даму, олардың дүниатанымының қалыптасуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты прогрестерді де қамтиды.Дегенмен аталған прогрестерге байланысты міндеттердің шешімі бірде мүдделі, жүйеленген болады, бүкіл қоғам сол үшін арнайы ұйымдастырылған мекемелердің қолданылуымен және жеке адамның ынта – ықыласына негізделген.

Ғылыми пән ретінде педагогика қоғам өмірінде тәрбие мәселесіне қатысты елеулі міндеттерді атқарып келеді, әрі атқара бермек. Атап айтсақ, өткен дәуірдегі, яғни әлеуметтік – экономикалық құбылыста тәрбиенің міндеттері әрқилы болды. Тек кеңес өкіметі орнаған күннен бастап, тәрбие міндетінің таптақ сипаты жойылып, кеңестік педагогиканың алдына жаңа міндеттер қойылды Олардың қатарына: жаппай сауатсыздықты жою; жалпыға бірдей міндетті білім берудің дәрежесін арттыру; оқушыларды еңбекке қатынасуға сай психологиялық және практикалық дайындаудың ғылыми негіздірін жасау; қоғамдағы мұғалімнің рөлі мен маңызын анықтау; білім берудің мазмұнын, талаптар жүйесін жасау т. б.

В.И.Ленин жаңа педагогиканың міндеті – мұғалімнің қызметін әлеуметтік қоғам ұйымының міндеттерімен байланыстыру деп анықтады.

Бұл қоғам тұсында, өскелең жас ұрпаққа білім беру және тәрбиелеудің жоғарғы дәрежесін қамтамасыз ету үшін, оны өмірге қоғам игілігі жолындағы еңбекке әзірлеп, жан – жақты үйлесімді жетілдіру үшін барлық жағдайларды жасауда бұрын болып көрмеген мүмкігдіктерге жол ашылды. Соған орай педагогика міндеттерінің аумағыда күделенеді. Тәрбие және білім берудің мақсаты мен міндеттерін, мазмұны мен принциптерін, формалары мен әдістерін анықтап жетілдіру; жалпы, политехникалық және профессионалдық білім берудің арақатынасы мен байланысын зерттеу; тәрбие ісінде мектептің, жанұяның және жұртшылықтың рөлі мен бірлігін анықтау; адамды дамытуда және қалыптастыруда еңбектің рөлін жан – жақты зерттеу, өткендегі прогресшіл педагогтардың идеаларын оқу – тәрбие процесінде кеңінен қолдану т.б. Бұл бағытта педагогика айтарлықтай табыстарға қолы жетті.

Педагогиканың алдында тұрған міндеттерінің күнделігі біздің қоғамымыздың барлық саласында жүріп жатқан өзгеріс процесінен туындайды.Қоғам түбегейлі қайта құру, экономика мен саяси жүйеге жаңаша ойлау, халықтың рухани байлығын жандандыру, адам факторын жетілдіру мәселелері үздіксіз білім беру бірыңғай жүйесінің ғылыми негізін анықтаумен байланысты шешіледі. Негізгі міндеттері:

  1. Халық педагогикасының педагогика ғылымындағы орнын анықтау, рөлін көрсету және оның педагогикалық процесте жүзеге асырылу жолдарын орындау.

  • халық педагогика мұраларын зерттеу.

  • Ұлттық тәлім-тәрбиенің өз ерекшеліктерін көрсету.

  1. Оқыту мен тәлім тәрбиенің негізгі заңдылықтары мен принциптерін дұрыс қолдана білу.

  2. Білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін жасау, жалпы, полтехникалық және кәсіптік білім берудің арасындағы қатынасты анықтау, оқу – тәрбие

процесін оңтайландыру тиімді әдістерін ашу, ғылыми тәжірибелік мәнін көрсету.

  1. Педагогика ғылымындағы бағыттары, білім беру жүйесін, мектептегі оқу- тәрбие процесін интеграциялау, гуманитарландыру, интеллектуалдандыру, жекелендіру және демократияландыру ғылыми теориялық принциптерін ашу.

  2. Балалармен қарым – қатынас жасау мәдениеттеріне үйрену, ұстаз шеберлігіне жету жолдары мен шараларын жете түсіну.

Бүгінгі таңда қоғамның жаңа сатыға көтерілуіне байланысты педагогиканың міндеттері де жаңарып, жаңа деңгейге көтерілді. Олар мыналар:

  1. Үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесін одан ары жетілдіру.

  2. Оқу – тәрбие үрдісін интеграциялау, гуманитарландыру, демократияландырудың ғылыми – теориялық негізін жасау.

  3. Білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін мемлекеттік стандартқа сай үнемі жаңартылып отыру.

  4. Өздігінен білім алудың ғылыми практикалық негізін жетілдіру.

  5. Ұлттық тәрбиенің маңызы мен практикалық қызметін дамыту.

  6. Оқу мектептерін жаппай компьютерлендіру.

Қазіргі таңда педагогикалық әдебиеттерде балалар бірлестіктерінің қызмет атқару моделі берілген. Мұнда балалар бірлестіктеріндегі тәрбиеленушілер тұлғасын дамыту ерекшеліктеріне сәйкестендірілген іс - әрекеттің ұйымдастырудың негізгі кезеңдері мен педагогикалық шарттары көрсетілген. Олар: алғашқы бейімдеу, жаңа іс - әрекет түрлерін меңгеру, жаңа жағдайға орай өз мүмкіндіктерін іске асыруға үйрену, білімдері мен ептіліктерін тұрмыса пайдалануға дайындық жасау.

Мұндай бірлескен жұмыстар балаға өзін белсенді субъект ретінде тануға, игерген жұмыс, тәлімдік қалып, талаптарды орындауға жол ашады.

Бұл міндеттер Республикадағы білім беру және педагогикалық ғылыми қызметкерлерінің болашақ ұрпақты бүгінгі күннің талабына сай дамытудағы қосқан төл істері болмақ.






2.2 Оқушылардың ғылыми дүниетанымын сабақтан тыс тәрбие жұмысы кезінде қалыптастыру.

Зерттеу жұмысымыз №48 Т. Рысқұлов атындағы қазақ орта мектебінде

4»д» сыныбында жүргізілді. Бастауыш сынып оқушыларының өмірге деген көзқарасын және сенімін нығайту тәрбие жұмысы кезінде яғни, интеллектуалды сабақ, ойын әдісі ретінде олардың ғылыми дүниетанымдарын қалыптастыру.

Тақырыбы: « Білгір» интеллектуалды сабақ

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жан-жақты, ой-өрісін кеңейтіп халқының қамын ойлайтын азамат болуға баулу, оқушылардың ынтасын , қызығушылығын арттырып , адамгершілікке , жауапкершілікке тәрбиелеу,Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Көрнекілігі: Тақырып, магнитті тақта , сайыс аттары, сыйлықтар.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушыларды ұйымдастыру.

Ән ұран айту.

2. Мұғалім : Бүгін 4 «д» сыныбының білімді, оқушылар сайысқа түсіп,

олардың дүниетанымын арттырм

Жас жүректе жанған шақ,

Талаптың аты арындап.

Әр қияға салған шақ,

Жастықтың оты жалындап,- деп

данышпан Абай келер ұрпаққа терең ой тастаған.Талаптың тұлпарын

мінген сайыскер оқушыларымызға сәттілік тілейміз.Олар:

Өжет қыз –

Өнерлі қыз-

Қайсар ұл-

Салмақты қыз-

Ерке қыз-

Биязы қыз-

Жүйрік ұл-

Қарағым оқу оқы, босқа жүрме,

Ойынға құрқаларсың, көңіл бөлме.

Жолама шақырсада, қасына ерме,

Кідірме, аялдама, ұмтыл алға.

1-кезең « Бәйге»

Шарты:мен оқушыларға екі сұрақтан қоямын, ойлануға 30 секунд уақыт беріледі. Егер оқушы жауап бере алмаса, білеін оқушы жауап беруге болады.

Тез, жылдам, нақты жауап беру басты шарт.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

  • Республика күні? (25 қазан )

  • Ғарышқа ең алғаш ұшқан адам? (Юрий Гагарин)

  • Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)

  • Қазақтың ғарышкерін ата? (Т.Әубәкіров, Т. Мұсабаев)

  • Рейхстагқа ту тіккен қазақ? (Р. Қошқарбаев)

  • Түйе атасы кім? ( Ойсылқара )

  • 1 жылда қанша күн бар? (365-366)

  • Неізгі нота сызығында орналасқан кілт қалай аталады? (скрипка кілті)

  • Абайдың анасы кім? ( Ұлжан)

  • Қазақстанмен шекаралас 5 мемлекет (Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан Түрікменстан)

  • Жер бетінің қағаз бетіне өте кішірейтіліп салынған бейнесі? (карта)

  • Шоқанның шын аты? (Мұхаммедқанапия)

  • - Қазақстан туының авторы кім?(Шәкен Ниязбеков)

2 кезең «Тіл өнері»

- Бұл кезеңде мен сендерге жұмдақ жасырамын , сендер шешесіңдер.

Шешуін екі тілде айту керек: орысша және қазақша

.1 тілде айтсаңдар -5 ұпай,

2 тілде айтсаңдар -10 ұпай.

  1. Желден желігеді

Судан шегінеді.

(от, огонь)

  1. Жылт-жылт еткен

Жылғадан өткен

(су, вода)

  1. Суда қалқиды ,

Жылыда балқиды.

(мұз, лёд)

4. Жеп көріп ем өзім мен,

Жас шығарды қөзімнен.

(пияз, лук)

  1. Қыста киімін тастайды ,

Көктемде киіне бастайды.

(ағаш, деревья)

  1. Ашылып жабылады ,

Әр үйден табылады.

(есік, дверь)

Қорытындылау: Құрметтті оқушылар тәрбие сағатымыз шешуші сәтке де таяп қалды, әділқазылар алқасы қорытындыны шығарғанша біз

Н.Назарбаевтың «Қазағым менің» әнін орындайық.

Бағалау: Міне балалар «қатысу- мұрат, ұту-бақыт» демекші қатысқандарыңа,

Ұйымшылдықтарына, сабаққа ынталарына қарап сендерді ата-аналарыңда бағалап жатыр. Әр қашан осындай дайындықта жүріңдер. «Өнерлі өрге жүзеді» демекші өнерлерің өркендей берсін!.

Сабақтың тақырыбы: Талап-тұлпар, Білім-сұңқар.

Мақсаты:

  1. Ойын жүргізу барысында оқушылардың білімін жандандыру.

  2. Ойын-сабақ арқылы оқушылардың ұйымдастырушылық қабілетін арттыру.

  3. Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың сөйлу шеберлігін, мәнерін,өзін-өзі ортада еркін ұстауға тәрбиелеу.

  4. Көп білуге, өз білімін тексере білуге ойын сабақ арқылы үйрету

  5. Ойын-сабақ арқылы ,оқушылардың қызығушылығын арттыру,өз білімін тереңдетуге ынталандыру.

  6. Логикалық ойлауын, білімді болуға, құштарлыққа ынталандырып,ой-өрісін дамыту, дүниетанымын қалыптастыру.

Әдісі:

1.Ойын әдісі

2. Сурақ-жауап

3. Үлестірмелі қағаздармен жұмыс.

4. Тақтамен жұмыс.

Көрнекілігі:

  1. Бор ,тақта

  2. Ғажайып әлем

  3. Үлестірме таратпалар

  4. Мақалдар

Барысы: Ұйымдастыру.

Оқушының бойындағы іскерлікті, дағдыны, алған білімдерін бір арнаға бұру,

дайындау, сабаққа ынтасын бұру.

1-жүргізуші:

  • Балалар бүгін қандай күн?

  • Бірінші қыркүйек білім күні.

- Не себептен блім күні деп аталады?

- Өйткені барлық балалар, жоғары оқу орнындағы ағалар мен апкелер де

бүгін білім алуға барады.

  • Иә, дұрыс айтасыңдар. Бұл күні барлық мектептер мен жоғары оқу орындары сабақтарын бастайды.

2-жүргізуші:

Ал енді мына тақтада қандай сөз жазылып тұр, оқыңдаршы кәне:

  • «Талап – тұлпар ,білім-сұңқар.»

  • Міне, балалар, осы бүгінгі білім күні сендердің тұлпардай жүйрік талапты, сұңқардай биік –білімді болуларыңа тілектестікпен бастаймыз. Қазір мен жазған қағазды екі дөңгелек столға қоямын,жеребе бойынша кім қай столға, яғни қай топқа бөлінеді,сол топ мүшесі болып , білімділер, тапқырлар, алғырлар сайысында жарысады.

I. Тұлпар

II. Сұңқар.

Шарты: әр топ мүшелері өздерінің бір жақсы қасиетін айтып өту керек.

Келесі тапсырмамызда « Ғажайып әлемді айналдырып табамыз.

1-жүргізуші:

II. Шарты :әр топ бір ән бірнеше тақпақ айтуы керек.

2- жүргізуші:

III.Ендігі кезекті метаграммаларға береміз.


1.КЕМПЕТ-мектеп, осы сөзбен байланысты қандай сөздер білесіздер?

Мұғалім, сынып, сабақ, оқушы . . .


2.СОТЫБА- отбасы-үй ,ата, әже ,немере, бала. . .


3.ЫЛУА- ауыл, мал, сиыр, бау-бақша . . .


  1. ЛААҚ- қала, көп қабатты үйлер, мұражай, алаң даңғыл. . . .

2-жүргізуші:

IV. Ойлан – тап, аудар

Шарты : берілген мақал мәтелдерді құрастырып, жауабын қазақша, орысша айту.

Еңбектің . . . тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

НАН, орысша- хлеб.

Күш білекте , . . .кітапта.

БІЛІМ,орысша –знание.

Жеті жұрттың . . . біл, жеті түрлі білім біл.

ТІЛ, орысша-язык.

Туған жердің . . .,шетте жүрсен білерсің.

ҚАДІРІН,орысша- уважение.

Адам . . . , ағаш тамырымен мывқты.

ДОСЫМЕН, орысша- друг.

1-жүргізуші:Ал енді суретті сұрақ бөлімінде сурет бойынша жұмыс істейміз.

Жыл мезгілдері тұралы әңгімелесу.

Мәнерлеп өлең оқу.















Қорытынды

Жаңа заманның нарық қатынастарына көшу жағдайларында жастардың мемлекеттік және қоғамдық құрылыс жүйесідегі орны түбегейлі өзгеруде. Сондықтан қоғам мен мектеп алдындағы жеке тұлғаың дүние танымы оның ең алды мен жастардың өздері үшін , сондай-ақ бүкіл қоғам үшін қажетті әлеуметтік адамгершілік құндылықтарының жаңа жүйесін құру процесіне белсене қатыстыру арқылы қалыптастыру міндеттері жатыр.

«Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері»атты бірінші бөлімде Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруда тәрбие процесінің негіздері қарастырылып,

оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың жолдары мен бағыттарына сипаттама берілді.

«Оқушылардың ғылыми дүние танымнын оқу процесінде қалыптастыру» атты екінші бөлімінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруда мұғалімнің және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарының рөлі қарастырылды..




























Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті «Педагогика.»Алматы 2003ж.

2. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев

«Педагогика Университеттер студеттеріне арналған оқу құралы»

2-басылым Алматы 2000 ж.

3. Ж.Әбиев, С.Қабаева, А.Қудиярова «Педагогика»

Дарын – Алматы 2004 ж.

4. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев «Педагогика» Алматы 2000ж.

5. Тұран Бегалиев «Педагогика» қысқаша лекция курсы

Тараз 2001ж.

6. С.Ш.Әбенбаев, А.М.Қудиярова, М.Ә.Әбиев «Педагогика»

Астана Фалиант 2003ж

7. Тәрбие сағаты №5 2004ж.

8.Қазақстан мектебі №5-6 2007.

9.Тәрбие жұмысы №6 2009ж

10. С.Б.Бабаев, Ж.К.Оңалбек «Жалпы педагогика»

Алматы 2006ж.

11.Қазақстан мектебі №11 2009ж

12. Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова, Ә.У.Ғалымбаева, Р.К.Ильясова «Педагогика» «Фолиант» баспасы Астана 2007ж.

13. Ж.Б.Қоянбаев.»Педагогика» . Алматы «Рауан» 1992ж.

14. АГУ Алматы 2005ж








25


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
24.11.2025
43
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі