Материалдар / Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтар үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Маусым 2019
355
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы

Кітапқа деген сүйіспеншілігін тудыру әрбір кітапханашының борышы "Жастарымыздың салт-дәстүрімізді көзіміздің қарашығындай бағып жүретін,көптің көкейіне үміт отын ағып жүретін,адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретін болуы тиіс"-деген Н.Назарбаевтың сөзін есімізде ұстасақ алға мақсатты ұмтылыс талпыныс болады.Балалармен тәрбие жұмысын жүргізуде кітапхананың ерекше маңызды болатыны себебі,бала кезде оқыған кітап көңілге ұялап қалады,бүкіл өмір бойына өзінің ізін қалдырады,ғылым мен мәдениеттің көптеген аса көрнекті қайраткерлері өздеріне балалық шақта оқыған кітаптардың қаншама үлкен әсер еткенін айтады.Мектепте өткізілетін конференция ,кештерде оқушылар өздерінің кішкентай кездерінде оқыған кітаптары туралы көбірек пікірлерін айтады.Әсіресе,жерлес жазушыларымыздың жазған кітаптары жайлы.Қазіргі таңда ең басты мәселелердің бірі-кітап шығару мәселесі.Ата-аналардың пікірі балаларға,арналған көркем әдебиеттер өте аз.Кеңес үкіметіндегі кезеңіндегі пионерлер өмірі туралы әңгімелер,қазіргі балалар үшін қызықсыз.Сондықтан жазушылар балаларға арнап заман талабына сай әдебиеттер,қызық ертегілер жазса нұр үстіне нұр болар еді-дейді аналардың жауабы.Кітап дүкендерде қазақ тіліндегі кітаптар аусақпен санарлық.Ал орыс тіліндегі кітаптар Ресейде балаларға арналған кітаптардың көптігі сондай ,олар "Балаларды өзіне керегін ғана таңдап алуға үйрету керек" деген мәселені көтеріп отыр.Ашық кітап қоры-әрбір кітапханаларының бет пердесі деуге болады.Ол алдымен оқырман үшін жасалады.Оның ұымдастырылуы мен безендірілуі ,оқырманның оны қалай қабылдайтынына ,оларға бұл жерде қолайлы ма,өздеріне керек әдебиетті олар еркін таба алар ма екен соған байланысты болады.Кітапханашы оқырмандарына кітапты дұрыс ұсына білсе,балалардың оқуға деген ынталылығын және кітапты өз бетімен еркін пайдалана білуге тәрбиелей алса,онда кітапхана жұмысының дұрыс жолға қойылғандығы білінеді.Кітапханаға жаңа келген балаларға кітапты мұқият біліп ұсыну керек,өйткені балалардың арасында көп оқыған ,талаптары күшті оқушылармен қатар,кейде аз оқыған балаларда кездеседі.Ұсыныс әңгіме өткізудің әр түрі бар,кейде оқушыларға кітап ұсынғанда кітапханашы олардың ынтаын қайтарып тастауы мүмкін.Сондықтан оқушыға мәдениетті жұмсақ түрмен ғана ,ғылымның әр саласынан оқуды және жеке жазушының шығармашылығынан ,немесе бір мәселе жайында түсіндіру керек.Д.Дидро "Кітап оқымаған ештеңе ойламайды" деген екен.Бұған менің қосарым: "Көркем әдебиет оқымаған немесе нағыз өнер туындыларына қызығушылығы жоқ адам өзінен басқаның жан дүниесін түсінуді сезінеді,басқаға жаны ашу сияқты эмоционалдық-эстетикалық қасиеттерден ада болады.Сондықтанда мектебімізде баланы кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру ,оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып,баланы оқуға еріксіз жетелейтін жұмыс түрлерін өткізіп отырады.Кітапханада жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітіліп жүзеге асылады.Ел президентінің "Рухани жаңғыру" бағдарламасында "XXI ғасырда білімсіз өмір сүру түрін емес,халықты сауатты да салауатты өмір сүруге бағыттауымыз керек" деген өздері бүгінгі ұрпақ мәңгілік ел азаматтарына ,білім мен тәрбие беріп жүрген жандарға міндеттелген тапсырма іспетті.Бүгінгі күні жа с ұрпаққа берілер тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық.Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы -кітапханалар кеңістігінде мектеп кітапханасының алар орны ерекше.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!