Қарағанды облысы бойынша
педагогикалық кадрлардың квалификациясын арттыру Институтының
«Өрлеу» біліктілікті
арттыру Ұлттық орталығы» АҚ
филиалы
Білім сапасы және басқару
кафедрасы
Өзіндік
жұмыс
Тақырыбы: Оқушылардың математикалық
сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары
Орындаған:
Пирназарова
А.Б.
«№34 ЖББОМ» КММ, математика
пәні мұғалімі
Жетекшісі:
Бигельдинова Б.Н. аға
оқытушы
Жұмысты тапсырған күн:
06.11.2018ж
Қарағанды, 2018
ж
Оқушылардың математикалық
сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары
Пирназарова Апиза
Байжигитовна
Математика пәнінің
мұғалімі
№34 ЖББОМ, Қарағанды
қ.
«Мәліметтерді талдаудың
математикалық әдістерін бәрі де – инжинерлер, экономистер,
заңгерлер, құрылысшылар, мемлекет қайраткерлері меңгеруге тиіс»
деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзін басшылыққа ала отырып, адам
қазіргі дамуында табиғаты мен ойының мөлшерсіз мүмкіндіктерін
игеруге ұмтылуы қажет деп
есептеймін.
Бұл – Елбасының білім саласын
жаңарту туралы бастамаларын іске асыруда маңызды
механизмдердің бірі. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану
үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Адамның жалпы білімін
көтеру кең ауқымды мәселе болып
отыр.
Әлемдегі математикалық білім
берудің даму тарихы оны үш дербес аралға бөліп тастады: Кәсіби
математикалық білім беру, жалпы математикалық білім беру және
математикалық сауаттандыру. Математикалық білім беру саласындағы
кез келген реформа осы үш аралдың арасында көпір орнатуға деген
талпыныстан туындайды.
Сондай – ақ математикалық
білім беру, математикалық сауаттылыққа түгелдей тәуелді. Ендеше
математикалық білім беру туралы әңгімені математикалық
сауатылық мәселесінен бастауымыз
керек.
«Сауаттылық» термині білім,
білік, дағды мазмұнын бағалаудың кеңдігін көрсетеді. Оқушы өз
деңгейін табу үшін, қаншалықты білім мен білікті меңгергенін
білу мақсатында құрылған бағалау жобасы үш бағытта
жүргізіледі.
- Оқытудағы
сауаттылық
- Математикалық
сауаттылық
- Жаратылыстану
ғылымдары бойынша сауаттылық.
Бүгінгі күн талабына сай жан –
жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы,қызығушылығы бар адамды
мектеп табалдырығынан дайындап шығарудың ең бір тиімді тәсілі ол –
оқытудағы математикалық сауаттылық. Математикалық сауаттылық
мәселелері оқу процесіндегі толығымен орындалмай отырғандығын
көрсетеді. Математикалық сауаттылық проблемалары осы күнге дейін аз
айтылып жүрген жоқ.Егер әр бір мұғалім әр сабақта математикалық
сауаттылықты қалыптастырып,үнемі көңіл бөліп отырса білім сапасы
әлдеқайда жақсарар еді.Бұл аумақты да күрделі мәселе
қоғамымыздың,жалпы әлемдік қауымдастықтың принциптік жағынан жаңа
жалпы білім беру жүйесін қалыптастыру міндетін жүктейді. Осы
міндеттің жалпы бағдары қоршаған ортада толыққанды тіршілік ете
алатындай қажетті әрі дамытуға бағытталуы тиіс.Соған байланысты
оқушы мектеп табалдырығын аттағаннан бастап дұрыс оқи,жаза,сөйлей
білуге машықтанады да,оның алғашқы баспалдағы кәдімгі «Әліппе».Бұл
бәрімізге таныс құралды меңгерген бала әрі оқи,әрі жазуды жаза
біледі деп есептесек сынып жоғарлаған сайын сауаттылықтың басқа
қырлары көрінеді. Соның бірі – «математикалық
сауаттылық».
Математикалық сауаттылық
сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың
заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің ғылыми бейнесін
меңгерудегі басты құралы ретінде ерекше көңіл бөлу
қажет. Математикалық сауаттылық оқушылардың
математикалық тексті оқуына, жазуына және қайта айтып
беруіне, жазылғандар мен айтылғандарды түсіне білуіне ең
минимальды талап ретінде қарау қажет. Сонымен математикалық
біліктіліктердің негізгі құрамдас, толыққанды тіршілік жасауға
қажеттілік ретінде оны арнайы бағдарлы түрде дамытып,
қалыптастыру керек.
Бастауыш сыныптарда оқушылар
сандық өрнектермен арифметикалық амалдарды орындаумен
шектелсе,алгебра,геометрия,тригонометрия әлеміне енген сайын басқа
жаңа талаптар қойылады.Бастауыш сыныптарда 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 және
«+», «-», «*», «/» секілді таңбалармен қатар І, V, X, M, L, C
тәріздес Рим цифрларын білумен шектелеміз.Ал енді алгебрада
латын,грек әріптерін үйренуге тура келеді. Міне,осы әріптерді дұрыс
жаза және оқи білу математикалық сауаттылықты білдіреді.Мұғалім бұл
әріптерді үйренген күнінен бастап теңдеуді шешу X, Y, Z әріптері
көп кездеседі,оның оқылуын оқушы дұрыс түсіне білуі керек.Бастауыш
сыныптарда жоғарлаған сайын талап та күшейе түседі.Оқушылар
геометрия ұғымдарымен бірінші сыныптан таныс болады,кейін жаңа
жазулар мен сызулар кездесуі мүмкін және оқытуда арнайы заңдылықтар
сақтау қажет.Түзу сызық жоғарыдан төмен,солдан оңға қарай
сызыладым. Мұғалім оқушыны математика пәнінің қыр сырына үйрету
үшін оған математикалық сауаттылықты сақтау жөнінде күнделікті
қатаң талаптар қойып,орындалуына мұқият зер салуы керек.
Математикалық сауаттылық функциональдық сауаттылықтың бір тармағы
болып табылады. Сауаттылық қызметі – алған білім,білік,дағдысын
күнделікті іс – әрекетте пайдалану біліктілігі. Оқушылардың
танымдық әрекет амалдарын меңгеруін есепке алып, алгоритмдік
есептерден эвристикалық типтегі есептерге көшу кезінде
оқу-зерттеулік есептер көбейе түсетін өзара байланыс түрі өте
тиімді. Мен өзім сабақ беретін сыныбымды рефлективтік сұрақтар қоя
білуге үйретемін. Оқушы жауап беріп қана қоймай есептер ,сұрақтар
құрастыра алуға үйренеді. Ал бұл рефлексияны дамытады. Шығармашылық
белсенділігін, бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Математикалық
сауаттылықты қалыптастырудың бастауыш сынып оқушылары үшін сыныптан
тыс жұмыстар арқылы олардың қызығушылықтары мен сауаттылығын
дамыту. Мысалы: математикалық үйірмелерде сабақтан тыс уақытта тек
математикалық сауатты оқу мен жазуға,ұғымдары дұрыс
қолданылып,дұрыс ажыратуға көңіл бөліп қосымша жұмыстар жүргізу
арқылы қалыптастыруға болады. Оқушының пәнге деген көзқарасы әр
түрлі факторлармен: жеке басының және пәннің ерекшеліктерімен
ескере отырып,пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында математикадан
сыныптан тыс жұмыс түрлерін ұйымдастырып жүргізудің ерекше маңызы
зор.
Математика сабағындағы
негізгі сауаттылыққа
тоқталайық:
1.
Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да
математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры
ретінде қарастырылады.
2.
Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін
қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай
түседі.
3.
«Математикалық сауаттылық» ауызша жазбаша қабілеттерін қалыптастыру
арқылы оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгере білу
қабілетін шыңдайды.
4.Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылысты
, жаңалықты дұрыс қабылдап, түсінуге
көмектеседі.
5.
Математика болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық
тұрғыдан қалыптастыруда да тәрбиелік мәні
бар.
Математикалық сауаттылықтың тағы бір ерекшелігі
пәнаралық байланыста. Математика сабағының басқа пәндермен байланыс
кезінде олардың математикалық сызбаларымен қосындыларын жинақтауда.
Педогогика тарихында пәнаралық байланыс ертеден зерттеліп келе
жатқан негізгі мәселелерінің бірі болып саналады. Педогогикалық ой
– пікірдің дамуында және мектеп тәжірибесінде пәнаралық байланыс
проблемасы көптеген прогресшіл педогогтарды толғандырған. Яғни
пәндердің өзара байланысы туралы пікір он сегізінші ғасырда пайда
болған.
Өз
тәжірибе жұмыстарымды қорытындылай келе математикалық сауаттылықты
қалыптастыру дағды мен іс әрекет негізінде өздігінен ізденетін,
өздігінен шешім қабылдайтын, нарық заманында өмір сүріп, адал
еңбектенетін, бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға
септігін тигізеді деп сенемін.
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі:
1. Н.Ә.Назарбаевтың сөзі Егемен Қазақстан газеті 2006
жыл № 115
2. З.Бекбаева «Оқушылардың математикалық тапсырмаларды орындаудағы
дербестігін арттыру» Алматы,
3. Н.Кабушева «Математиканы деңгейлеп оқыту технологиясы» № 2
2001ж
4. Мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға
арналған ұлттық іс-қимыл жоспары