Материалдар / Оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын арттырудағы әдістері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын арттырудағы әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыкаға деген қызығушылық музыкаға әуестену және оны ұнату, оның ғажайып сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2020
541
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Баяндама тақырыбы: Оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын

арттырудағы әдістері




Біздің қоғамымыздың жас мүшені нағыз адамзаттық көзқарасын дәйекті
көзқарасының қалыптасуын тек білімге ғана негізделмейді, оған қоса өзінің
сезім түйсігінен, ар-ожданның елегінен өткен ақыл-ой қызметі қажет. Бұл
жерде өнердің алатын орны ерекше, себебі біз өнер бұлағынан сусындаған ата-бабаларымыздың музыка және өнер әлеміндегі ірі-ірі тұлғалардың ғасырлар бойы жинаған бай тәжірибесінің арнасын одан әрі кеңітіп дамытуымыз керек.
Оқытушылардың музыкалық тәрбиесінің тәжірибелік нәтижелілігі жоғары
көтерілуінің қажеттілігінің алғы-шарттары олардың білімі мен музыкалық
дамуы болып саналады. Жастардың жеке музыкалық дамуын бақылау, олардың өнер жолында ең жақсы дәрежеде өсуін қамтамасыз етуде мүмкіндік туғызады. Бұл мәселелерді көптеген ғалымдарымыз зерттеді. Қазақстандағы музыкалық сын саласында әр кезеңдерде белгілі музыка танушылары – М.Ахметова, А.Темірбеков, З.Қоспақов, Б.Қарақұлов және А.С.Райымбергеновтар.
Музыканы қабылдау, әрине күрделі процесс, осыған орай Д. Кабалевский
былай деп жазды: Музыкаға деген қызығушылық музыкаға әуестену және оны
ұнату, оның ғажайып сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт. Сонда ол өзінің
тәрбиелік және танымдық ролін атқара алатын болады. Ал музыкаға қызықпаған,онымен айналыспаған, оны ұнатпаған адамға білім мен тәрбие беремін деу сәтсіздікке ұшыратпай қоймайды


Негізгі бөлім
Әрбір оқушының сана- сезімі, мінез-құлқы, мәдениеті, өмірге көзқарасы,
музыкалық қабілеті бірдей болып келе бермейді. Олардың өзіндік ерекшелігі-
тәрбиесіне, шыққан ортасына да байланысты. Демек, оқытушы өзінің тәрбие
жұмысында әрбір оқушыға өз алдына жеке-жеке педагогикалық тәсілдер
қолданады. Болашақ маманның ең негізгі міндеті – таңдаған мамандығы бойынша
теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби
тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің зор көмегі
болады.
Музыка өнері тек эстетикалық құрал ғана емес, оның өзге сипаттары да
бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Бұл турасында, орта мектеп
бағдарламаларында осы тұрғыдан да зер салып, әдістемелік тәсілдеріміздің
мазмұнын байыта түсуіміз керек-ақ. Сондықтанда жастардың тәрбиесіне ықпал
ететіндей жаңаша түрін іздеу керек сияқты. Байқасақ, әрбір жүргізілген
музыка сабағының тәрбиелік мәні өте зор. Мектепке мұғалімдерді кәсіптік
мамандыққа сәйкес даярлауда негізгі нысана музыка болуы керек.
Бастауыш сынып оқушыларының әсемдікті көре, түсіне, жасай білуі мен
рухани өмірін байыту, туған еліне, жеріне, табиғатына деген
сүйіспеншілігін және ұлтымыздың бай қазынасы - қазақ фольклорына
қызығушылығын арттыра отырып, олардың бойында эстетикалық мәдениетті
тәрбиелеу – бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр.
Оқушылардың музыка өнеріне дүниетанымын қалыптастыру әдістері алуан
түрлі және ол оқушының жас мөлшеріне тәуелді. Музыка өнеріне дүниетанымын
қалыптастыру әдістерін көрнекі және ауызша деп бөлуге болады. Педагогикалық
ғылым мен практика оқушының шығармашылық қабілетінің неғұрлым тиімді
әдістерін анықтап отыр. Олар: оқушылардың музыканы қабылдауы мен
эстетикалық мәдениетінің бастапқы көріністерін дамытуға бағытталған сендіру
әдістері:
а) қоршаған ортаны жасампаздандыруға және мінез-құлық мәдениеті
дағдыларын қалыптастыруға арналған практикалық іс-әрекеттерге үйрету,
жаттықтыру әдістері;
ә) шығармашылық және практикалық іс-әрекеттерге итермелейтін
проблемалық жағдайлар сияқты әдістер жатады.

Бұл әдісті көрнекілік, сондай-ақ ауызша әдіс деп те санауға болады.
Үйрету - жаттықтыру әдісінің мәні - оқушыны тыңдай, көре бағалай
білуге және соған сәйкес белсенді іс-әрекет етуге үйрету. Үйрету,
жаттықтыру әдісі көп қайталауды талап етеді және түрлі жағдайларда
қолданылады. Аталған әдістерді кешенді пайдалана отырып оқушының қабылдау
белсенділігін тәрбиелеу керек. Оқушылар әдебиетті оқуға, музыканы тыңдауға
ынталы келеді. Әртүрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс-әрекеттің оқиға
желісін дұрыс түсіну үшін оқушыларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру
ұстаздың міндеті.

Осы жұмыс барысында оқушылар әуенді жатқа орындап, кейбіруі мұғалімнің
көмегімен С – moll әуезіндегі алғашқы ноталарды атап та берді.
Сүйтіп оқушылар тәжірибе барысында мына дағдыларды:
а) қарапайым музыкалық шығарма сипаттарын айқындауды;
ә) басқа баланың ән айтуын, аспапта орындауын тыңдауды;
б) тыңдағанын талқылап, одан қорытынды жасауды;
в) естіген әуенін аспапта қайталауға;
г) өздері талдаған әнді есіне сақтап, қайталауды меңгерді.
Музыка сабағында әр кез жаңа материалдар игеріліп, сабақ сайын
берілген тапсырмалар күрделендіріліп отырылады.
Оқушылардың шығармашылық қабілеті және белсенділігі тұтас
педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы
шығармашылық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік
элементтерін енгізе алады.Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие беру саласында көп өзгерістержаңалықтар болып жатыр. Бүгінгі күнде негізгі мақсат жан-жақты дамығанбілімді тұлғаны тәрбиелеу. Өзгерістер өнер саласын да қамтыды. Тәрбиелеудіңбір құралы кең сан қырлы ұғымды қамтитын музыкалық өнер. Музыка адамзаттың рухани азығы, жан серігі, ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Қазақ халқы құлақтанкіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күйді ұнатқан. Домбыра сөйлейді, қобызжеткізеді, сыбызғы білдіреді деген сөз тіркестері қазақ мәдениетіндекездейсоқ кездеспейді. Сабақта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудамузыка мұғалімінің негізгі міндеті толықтырылған кеңейтілген бағдарламанегізінде оқу-тәрбие үрдісін және ұстаздың педагогикалық шеберлігін дамыту.
Жас өспірімнің бойында талғампаздық эмоциялық сезімпаздық қалыптастыруында,оның мәдениетті болып өсуінде музыка әлемін түсінуде мектептегі музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше. Әр түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды тану, музыкадағы түрлі кезеңдермен көңілді ажыратуда оқушының музыкалық
шығармашылығын дамытады. Жас өспірім – тыңдаушы, орындаушы музыкаға деген өзінің ой-пікірін көрсететін, түсінетін оқушы. Сондықтан музыкалық
шығармашылық қабілеттің басты саласының бірі ол музыка арқылы тәрбие беру болып табылады.

Қорытынды


Музыка тіл айтып жеткізе алмайтын адамның киелі нәзік сезімі. Музыка
бұл сезім тілі, адам жанын баурап алатын, моральдық сезімдік эстетикалық
бірлігі болып табылады. Мектептегі музыка пәні оқушыларға басты тәрбие
құралы болып есептеледі. Олардың рухани өмірі мен тәжірибенің музыка әлемін
түсініп қабылдауы. Оқушының талғампаздығы, эмоциялық сезімталдығы,
білімділігі, мәдениеттілігі, жас өспірімге ақыл-ой, сана-сезімдігі жақсы
мінез-құлықтың қалыптасуына әсерін тигізеді. Музыканың қажеттілігі – ол
музыка өнерінің негізімен оның өмірі мен байланысы жайлы түсінігін
жетілдіру, баянды меңгеруіне көмектесу. Музыкалық тәжірибелік іскерліктерін
дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқушының бойында рухани мәдениеттің маңызы мен ажырамас келбетін байытатын музыканың әсері мол.

Бүгінгі таңда балаларды жастайынан өнерге баулу музыкалық тәрбие арқылы жаңа тұлғаны, жаңа адамды тәрбиелеп қалыптастыру. Сухомлинский былай деді: музыка адамның табиғаттың әсемдігінен, еңбекке деген құлшынысын арттырады, музыканың арқасында айналаға, өмірге, тіпті өзіне деген көзқарасты өзгертеді.
Оқушыларға музыкалық тәрбие беру олардың өнерге деген сезімін ояту,
таңдаулы халықтың шетелдік және классикалық музыкасын, Қазақстан
композиторларының шығармаларын сүйіп тыңдай білуге дағдыландырып үйрету
негізінен музыка сабағында, іске асырылады. Сондықтан да музыкадан ынтасы бар оқушылардың қабілетін аша білейік.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!