Оқушылардың музыкалық талғамын қалыптастыруда қосымша білім берудің тиімділігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушылардың музыкалық талғамын қалыптастыруда қосымша білім берудің тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім берудің ерекшелігі баланың шығармашылық қызметі ол үшін бастапқы болуында. Бәрінен бұрын, тұлғаны шығармашылықта дамыту тұр, ал оқыту сол дамытуға демеу болады. Қосымша білім беру баланың ерікті таңдау бойынша жеке дара және ұжымдық шығармашылық қызметте тәжірибе жинауына мүмкіндік туғызады. Білім берудің осы түрі өскелең ұрпақтың бейімділігін, қабілеттілігін және қызығушылықтарын, азаматтық және адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өмірлік және кәсіби өзін-өзі белгілеуге мүмкіндік береді. Қосымша білім беру жағдайында балалар өздерінің шығармашылық әлеуеттерін, қазіргі қоғамға бейімделу дағдыларын дамыта алады және бос уақытты толыққанды ұйымдастыру мүмкіндігін алады. Оқушылардың музыкалық талғамын қалыптастыруда қосымша білім берудің тиімділігі балаларға кәсіби бағдар бере отырып, оларды кәсіпке баулу, сахна мәдениетіне тәрбиелеу сонымен қатар, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Оқушылардың музыкалық талғамын қалыптастыруда қосымша білім берудің тиімділігі»

Picture 1

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ

«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» КММ

«Өнер мектебі»

Вокал сыныбының ұстазы

Нургалиева Айдана Сырымбетовна



Қосымша білім берудің ерекшелігі баланың шығармашылық қызметі ол үшін бастапқы болуында. Бәрінен бұрын, тұлғаны шығармашылықта дамыту тұр, ал оқыту сол дамытуға демеу болады. Қосымша білім беру баланың ерікті таңдау бойынша жеке дара және ұжымдық шығармашылық қызметте тәжірибе жинауына мүмкіндік туғызады. Білім берудің осы түрі өскелең ұрпақтың бейімділігін, қабілеттілігін және қызығушылықтарын, азаматтық және адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өмірлік және кәсіби өзін-өзі белгілеуге мүмкіндік береді. Қосымша білім беру жағдайында балалар өздерінің шығармашылық әлеуеттерін, қазіргі қоғамға бейімделу дағдыларын дамыта алады және бос уақытты толыққанды ұйымдастыру мүмкіндігін алады.

Оқушылардың музыкалық талғамын қалыптастыруда қосымша білім берудің тиімділігі балаларға кәсіби бағдар бере отырып, оларды кәсіпке баулу, сахна мәдениетіне тәрбиелеу сонымен қатар, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

Эстетикалық тәрбие – өнердегі сұлулықты қабылдай алатын, сезіне алатын шығармашыл тұлғаны қалыптастыру процесі, оқушыны өнерді зерттеуге өз бетінше қатысуға ұмтылуға тәрбиелеу, шығармашылық іс-әрекетке баулу. Эстетикалық тәрбие тұлғаның эмоционалдық аясын, сезімдік тәжірибесін байытуды ұйымдастырады, шындықты тануға әсер етеді, шығармашылық, танымдық белсенділігін арттырады, қабілеттерін дамытады. Ол шығармашылық іс-әрекеттің әртүрлі түрлерінде жүзеге асырылады: әдеби, бейнелеу, музыкалық және т.б. Тәрбие процесінде баланың эстетикалық дамуы жүреді. Қазіргі заманғы баланың эстетикалық тәрбиесі бүгінде экономиканың қарқынды дамуы, қоғам өмірін демократияландыру, ақпараттандыру жағдайында жүзеге асуда. Біз күнделікті қарым-қатынас жасайтын заманауи оқушылар - бұл компьютер басты дос болып табылатын ұлдар мен қыздар, олар барған сайын ақпаратты кітапханадағы кітаптардан емес, интернеттен алады. Сондықтан, біз, қазіргі мұғалімдер, оқушыларды өнерге қызықтыру, "ғажайып" ұйымдастыру, тәрбие мен оқу үдерісін қызықты іс-әрекетке айналдыруымыз қажет. Әрине, барлық мұғалімдер болашақта өз оқушыларының эстетикалық талғамы жоғары, шығармашыл, мәдениетті білімді адамдарды көргісі келеді. Жақын жерде музыкаға, театрға, бейнелеу өнеріне шын берілген, табиғаттың, қоршаған дүниенің, адами қарым-қатынастың сұлулығын сезінетін мұғалім болса, баланың дамуы тиімдірек болады. Оқушыларды өнер арқылы тәрбиелеу әдеби және музыкалық шығармаларды оқу барысында, бейнелеу өнері, ырғақ сабақтарында ерте жастан басталады. Бұл жұмыстың негізгі бағыты - оқушыларды әр түрлі өнер түрлерімен практикалық тұрғыдан таныстыру, оларды эстетикалық қабылдау мен эстетикалық пайымдауларға дағдыландыру. Мұғалімнің міндеттерінің бірі – таным үдерісін тартымды етуге ұмтылу. Сондықтан мұғалім үшін К.Д.Ушинскийдің сөздері маңызды: "Барлық қызығушылықтан ада және тек мәжбүрлеу күшімен алынған ілім оқушының оқуға деген құштарлығын өлтіреді".
Жақсы ұстаз – ұстаз, талантты ұстаз – шабыттандырушы екенін бұрыннан білдік! Шығармашылық қарым-қатынас процесінде тек мұғалім ғана оқушының шығармашылық әлеуетін ашуға және дамытуға көмектеседі. 

Музыка – тұлғаның шығармашылық даралығын дамытудың жарқын құралы. Ол лирикалық поэзиямен тығыз байланысты және баланың эстетикалық тәрбиесінің келесі кезеңі болып табылады. Эстетикалық көзқарастың, жалпы өмірге және өнерге деген адамгершілік тазалықтың үйлесімді үйлесуі тұлғаның қалыптасуының негізгі шарты болып табылады. Балалардың эстетикалық тәрбиесінде музыка өте маңызды рөл атқарады. Музыка адамның эстетикалық, эмоционалдық салаларын біріктіреді. Музыка – сезім мүшелерінің тілі. Әуен арқылы сөзге жетпейтін сезімнің реңктерін жеткізуге болады. Музыка шындықты әуендерде, тембрлерде, интонацияларда, оркестрде бейнелейді. Қосымша білім берудегі музыка мен ән айту тек оқу пәні ғана емес, сонымен бірге баланың рухани өмірін эстетикалық және эмоционалды түрде бояуға тиіс тәрбие құралы. Өнер әлемін тану музыканы түсінбей, сезінбей, музыка тыңдап, ләззат алуды қажет етпей мүмкін емес. 

Шығармашылық үдерістің өзі маңызды: шығармашылық үдерістегі баланың мінез-құлқының ерекшеліктері, тақырыпты, сюжетті, материалдарды таңдау. Қосымша білім берудегі музыкалық тәрбиенің негізі музыкалық құлағын, вокалдық қабілетін, көркемдік талғамын дамытатын хормен ән айту болып табылады. Маңызды орын оқушының музыкалық тәрбиесі музыкалық шығармаларды тыңдау, музыкалық сауаттылық негіздерімен таныстыру арқылы тыңдауға арналған. Оқушылар музыка жанрларымен танысады, музыкалық аспаптарды меңгереді, композиторлардың шығармашылығымен танысады. Өнер образдары баланың жан дүниесінде резонанс тудырып, оның ізгілік, рухани құндылықтар, сұлулық туралы түсініктерін қалыптастырады.
Қазақтың халықтық музыка өнері саласында шалқар сахара даладай мол көсіліп кең тараған бір жанр бар. Ол - ән жанры.
Ән табиғатынан халық тарихымен бірге туып - өскен қырын, сол өнердің ел өмірімен еншілестігін, үндестігін көреміз. Адам қуаныш сезімін де, қайғысын да, басқаға айтқысы келмесе де, айтуға болмайтын жағдайы болса да ән арқылы сыртқа шығарады. Ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келген халықтық қазынаны, оның таңдаулы үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру, нақтырақ айтқанда, олардың көркемдік, музыкалық, эстетикалық талғамы мен мәдени деңгейін жоғарылату – басты міндет. Абайдың түсінігінше, баланы жастайынан көркемдікке баулуда үлкендер неғұрлым ертерек ойластыруы қажет, өйткені бесіктегі нәрестенің өзі ананың әлдиі, құлағына жеткен ән - күйдің әуезді үні арқылы сұлулық пен көркемдіктен хабардар болып жатады. Кіші жастан белсенді шығармашылық процеске әдеттеніп, өз ойын өнердің әр қыры мен түрі арқылы қызығушылығымен танытса ғана бала белсенді шығармашылыққа қалыптаса бастайды. Ерте жастан баланың өнерге қызығушылығы өздігінен туылмайды, оған көптеген факторлар әсер етеді. Олар - қоршаған орта, отбасы, балабақша, мектеп, қосымша білім беру ұйымдары. Адамгершілік тәрбие бүгінгі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер барысында ең басты көкейкесті проблемаға айналып отыр. Музыкалық шығармаларда өмір құбылыстарының сан қырлы бейнеленуі, поэзия мен музыканың өзара байланыста болып, бірін - бірі толықтыра келуі бала жанына жағымды ықпал етеді. Рухани қазынаның мөлдір бастау - бұлағынан жас кезінен нәр ала білген бала адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өседі. Музыкамен шұғылдану барысында еңбек тәрбиесі міндеттері жүзеге асырылып отырады. Бір жағынан, тыңдалатын музыкалық шығармаларды қабылдау, есте сақтау қабілеттері дамытылса, екінші жағынан, ән салған кездегі дауыс аппараттарының іс-қимылы немесе музыкалық-ырғақтық қозғалыстар жасау сияқты еңбек процестері жүріп жатады. Бұндай іс-әрекеттер өз кезегінде оқушылардың ынта-ықыласымен еңбектенуін, тәртіптілігін, іске деген жауапкершілікті қарым-қатынасын талап етеді, әрі тиянақтылықпен еңбек ету іскерліктерін қалыптастырады.

Ән салу, музыкалық шығармаларды түрлі аспаптарда орындау физиологиялық процесс болғандықтан, балалардың дене тәрбиесіне, денсаулығына жағымды ықпал тигізеді. Осындай іс - әрекетпен жүйелі түрде шұғылдану өкпедегі оттегі алмасуын белсендіріп, дауыс аппаратының, дем алу органдарының шымыр да икемді жетілуіне, жалпы денсаулығының жақсы болуын қамтамасыз етеді. Ән салу, музыка тыңдау адамның тонусын, яғни жүйке жүйесімен бұлшық еттерінің физиологиялық жағдайдағы күш- қуатын арттырады. Музыкалық есту қабілеттерін дамытуға бағытталған жүйелі түрде жүргізілетін жаттығулардың да мәні зор. Ондай жаттығулар жасау барысында оқушылар тек дыбыстардың биіктігі мен ұзақтығын, тембрін, күшін бір мезгілде немесе бірізділікпен сабақтаса естілетін дыбыстар кешендерін ажырату қабілеттерін иеленеді.

Оқушыларды өнерге баулу дүниетанымын кеңейтеді, ақыл-ой қабілеттерін жетілдіреді. Қиялдың, фантазияның дамуы – тәлім-тәрбиенің маңызды жақтарының бірі. Осы ретте бала қиялын шарықтатып, арман- мақсатының өресін биіктетуде шығармашылыққа жетелеуде музыканың маңызы зор. Жасөспірімнің дамуы туралы ғалымдардың көзқарасы бойынша, өсіп келе жатқан әрбір бала бірнәрсеге икемді, дарынды болып келеді, сол қасиетін дер кезінде байқап, балаға жөн сілтеп әрі қарай дамытатын - мұғалім. Негізі орта мектеппен бірге оқушылардың дарынын тәрбиелеп қалыптастыру мақсатында қосымша білім беру мекемелері де өз үлесін қосады. «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші, үйірме жетекшісінің ұстанымы да өнерді сүйген өрімтал жастардың ептілігін қалыпқа салып, шығармашылығын дамыту болып келеді.

Осыған орай, «Вокал» үйірмесіне қатысушы оқушыларды таңдау кезінде, мәнерлі дауыс, әншілік қабілет, есту және есте сақтау қабілетінің жоғарғы болуы, музыкаға деген белсенді эмоциялық сезім, жақсы дикция, еңбекқорлық, сахналық сырт бейне, жақсы дауыс болу керектігін ескеремін. Осы қабілеттің барлығы бірдей бір баланың бойынан табыла бермейді, біреуі болса, біреуі болмауы мүмкін. Үнемі жаттығудың нәтижесінде олар бір-бірін толықтырып жатады. «Дауыстың сапалық негізі не» дегенге, мен тембр, диапазон, таза дауыс және дауыстың қаттылығы дер едім. Ән айту үшін ең әуелі қалай тыныс алу керектігін үйреніп, дыбыс шығару үшін оны қалай пайдалануға болатындығын біліп алған жөн. Ән таңдауға ерекше мән берілуі тиіс. Дұрыс таңдалмаған репертуар әншінің дауысына кері әсерін тигізіп бұзады. Репертуардың тиімді таңдалуы өз дауысын бағындыруға септігін тигізеді. Алғаш сахнаға шыққан әншіде қобалжу басым болады. Одан құтылудың жолдары: алдын ала қалай болады екен деген артық ойдан құтылу, концертке шығу алдында ұзақ қыдырмау, кітап оқымау, репертуардың қиындығын ойлап өзін тежемеу, шығарда 2-4 рет баяу және терең тыныс алған жөн. Өзін бос еркін ұстап, репертуарға тыңғылықты дайындалса ғана қобалжуды жеңе алады. Әр вокалдық жанрда іс-қимылда әр түрлі болады. Қимыл орындайтын шығармаға сай болғаны жөн және мимика тыңдаушыларды қосымша ойлауға әкеліп, дыбысқа мінездемелік сипат қосады. Әншілік өнерде дауысты дұрыс күте білу аса маңызды. Дауысты зиянды әдеттерден сақтауда: дауысқа сай келмейтін қиын репертуарларды таңдау, айқайлап ән айту, айқайлап сөйлеу, шылым шегу, шаң-тозаңда жүру, өте ыстық және салқын тағамдар ішу, шемішке шағу т.б әдеттерден аулақ болған жөн. Үйірмеге қатысатын балалардың шығармашылық жағынан көрінуі оның жеке болмысы, мұғалім мәдениеті әр баланың шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал етеді. Өнерге қызығушылығы басым балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында сабақтар жетілдіріліп, түрлі әдістер қолдану арқылы өткізіледі. Мысалы: зерттеу сабағы оқушылардың жан-жақты ізденуі, шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылығын, қабілеттілігін жан-жақты дамыту арқылы өткізіледі.

Үйірмеге қатысатын оқушылардың жасы әртүрлі, жылдық оқыту бағдарламасын атақты және жергілікті сазгерлердің өмірі мен шығармашылығына байланыстырып, атаулы мерекелерге сәйкестендіре отырып өзгерістер енгізіп отырамын. Міне, осындай өнерге жаны жақын дарынды, талантты жастарды үйірмеден кәсіби бағыт алып өміріне сүйікті мамандығы етіп өнерді таңдауы ұстаздық еңбегімнің жанғаны деп білемін.

Қорыта айтқанда, қазіргі таңда шәкірт жанын түсінетін зерттей білетін ұстаздың білім деңгейі, терең сөйлеу шеберлігі, мәдени деңгейі, шығармашыл ізденісі жоғары ұстаз ғана егеменді еліміздің болашағы балаларды өрге сүйрей алады. «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені ол мектептің жүрегі»,- дегендей ұстаздықтың ұлы жолында шығармашылықпен, ізденумен үлкен нәтижеге қол жеткізе берелік.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. С. Қасқабасов «Қазақ өнерінің тарихы» Алматы, «Өнер» 2008 ж

  2. Қ.Байжұманов «Халық аспаптар оркестрі» Алматы, «Өнер» 1993 ж

  3. Т.Қоңыратбай «Музыка өнері» Алматы «Өлке», 2009 ж

  4. С.Ұзақбаева «Тамыры терең тәрбие» Алматы, «Білім» 1995 ж

  5. Әдістемелік құрал «Қазақтың ән- күйі- ұлттық тәрбиенің көзі» Астана «Шикула және К» ЖШС 2013 ж



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2025
131
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі