жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Оқушылардың оқу жылдамдығын арттыру жолдары
Павлодар облысы,Екібастұз қаласы , «№ 11 жалпы орта білім беретін мектеп»- коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Жусупбаева Жупар Рамазановна / Еңбек өтілі-26 жыл, жоғары санат /
Тақырыбы: Оқушылардың оқу жылдамдығын арттыру жолдары
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушысының оқу жылдамдығын тежейтін қиындықтар мен кедергілерді анықтау мен жою жолдарын жинақтау.
Міндеттері:1.Ғылыми әдебиеттерді зерделеу
2.Бастауыш сатыдағы оқу техникасын жақсартудың кеңінен тараған технологиясы О.В.Лысенконың "Техника быстрого чтения" жүйесін сипаттау.
3.Бастауыш сатыдағы «Сауат ашу» пәнінің оқу шапшаңдығын арттырудағы маңызына талдау жасау.
Күтілетін нәтижелер: Оқу процесін зерттеу мен оның бастауыш сатыдағы даму ерекшеліктеріне байланысты ғалымдардың сүбелі еңбектері зерделенеді. О.В.Лысенконың "Техника быстрого чтения" жүйесі зерделенеді. Оқу шапшаңдығын тежейтін қиындықтар мен кедергілер анықталады.
Тақырыптың өзектілігі: Бастауыш мектепті бітірген оқушылар оқу жылдамдығын толық меңгеріп шығуы тиіс. Алайда бастауыш мектептегі төрт жыл ішінде олар тек қана оқу процесінің алғашқы қадамдарын ғана игереді. Психолог Т.Г.Егоровтың айтуынша «іштей», саналы, мәнерлі және жүрдек оқу, оқыту процесінің соңғы этаптарында ғана ұстаз ойлаған деңгейге жетеді. Сондықтан бастауыш мектеп сыныптарында балалардың оқу іскерлігі аяқталмайды, ол ұзақ дамудың тек қана алғашқы бөлімі болып табылады. Оқушы үлгеріміне әр түрлі жағдайлар әсер етеді. Соның ішінде ең күшті орын алатыны - баланың оқу жылдамдығы болып шыққан. Егер оқушы нашар оқыса, оның оқуға ынтасы өзінен-өзі төмендейді, үлгермейді. Әдетте кім тез оқыса, сол көп оқиды, көп оқыса, көп біледі. Оқу техникасы артқан сайын, есте сақтау қабілеті де, ақыл-ой еңбегіне ынталығы да арта түседі.Мәтінді әрі жылдам, әрі дұрыс, әрі мазмұнды түсіне оқи білу-үлкен еңбектің жемісі.Оқушы үлгерімінің негізгі факторы-оқу жылдамдығы болғандықтан мен бұл мәселені өзекті тақырып етіп алдым.
Тез оқу әдістемесі немесе техникасы дегеніміз не және не үшін қажет?
/2-слайд бойынша пікір алмасу/
Жалпы оқу сапасын арттыру үшін жай оқу керек па, әлде шапшаң оқу керек па? Жеделтетіп тез оқу әдісі неге маңызды және қай жерде пайдалы? Қарапайым өмірде адамдар тақырыпты жай асықпай оқу пайдалы әлі түсініктірек деп қате пайым жасайды. Расында тез оқу дегеніміз тез игеру, тез түсіну, тез ұғыну ұғымдарымен тығыз байланысты.Оқымысты, жан-жақты адам дегеніміздің өзі – жеделдете тез оқи алатын, әртүрлі ақпараттарды тез игере алатын адам деген сөз.
Бұрынғы өткен ұлы данышпан адамдардың көбісі тез оқу әдісін терең меңгерген, өз заманының озығы болған. Жай асықпай оқитын адамдарға қарағанда, әр түрлі зерттеулердің қорытындысына байланысты, тез оқи білетін адамдардың жүйке жұмысының өте белсенді күшті дамығанын және де қарапайым өмірде де осы белсенділігінің арқасында көп жетістіктерге жететіндігі дәлелденген.
Оқу дағдысы 17 компоненттен тұрады. Оқудың техникалық және мағыналық жағы болады.Оқудың техникалық жағы төмендегідей компоненттерді қамтиды: оқу тәсілі , оқу жылдамдығы, оқу жылдамдығының динамикасы (өciмі), оқудың дұрыстығы. Мағыналық жағы: мәнерлілік және оқылғанның мазмұны. Оқу дағдысының техникалық жағынын қалыптасу қадамы төмендегідей: Оқу тәсілі - оқу жылдамдығы —► оқу жылдамдығының динамикасы Бул қадамдар авторлардың зерттеулері арқылы және төменгі сынып оқушысының оқу техникасын меңгеру процесін талдау барысында анықталды. Оқу тәсілі мен оқу шапшаңдығы, шалшаңдық пен динамиканың арасындағы өзара байланыс тағайындалды. Осыған толығырақ тоқтала кетейік. Бірінші сыныптықтардың кейбірі мектепке оқып келеді. Бірақ оқу тәсілдері әр түрлі. Бipeyлepi буындап оқиды, енді біреулері буындап және тұтастай оқиды, үшіншілері тұтас оқиды, төртіншілері тұтас сөзбен және сөздердің тобын оқитындай дәрежеде. :Яғни, балалар оқу техникасын меңгерудің әр түрлі кезеңдерінде орналасады. Ал мектепте мүлдем басқа жағдай орын алады: бала буындап оқиды, яғни сөзді тұтас оқи алмайды, оның оқу техникасының деңгейіне сәйкес келмейтін мәтін ұсынылады, әрі оқу жылдамдығын тексереді. Ғалымдардың пайымдауынша, баламен оның мүмкіндігіне сәйкес жұмыс жүргізілуі керек, егер бала буындап оқыса, оған соғұрлым көбірек буын саны аз сөздер ұсынылуы қажет. Әрине, мәтінді де оқу керек, бірақ оның көлемі шағын болғаны жөн. Егер бала буындап және тұтас сөзбен оқыса, онда буындық құрылымы қарапайым және күрделі сөздерді оқыту маңызды. Мәтіннің көлемі ұлғая түседi, бала біртіндеп тұтас сөздер және сөздер тобын оқи бастайды. Әрі қарайғы міндет - бұл тәсілді тұрақты ету, яғни оны дағдыға айналдыру. Авторлар бұны балалар көтерілетін баспалдақ түрінде бейнелейді. Олар бұл баспалдақты әр түрлі игереді: 6ipeyi тез көтеріледі, енді 6ipeyi әр баспалдақтан бөгеліңкіреп барып жоғары өрлейді. (3-4 слайд)
Мектепке алғаш келген бала
ежелеп оқиды, оның көру аумағында бір ғана әріп тұрады, көбінесе
қайта-қайта бұрын оқыған әрпіне көз жүгіртіп отырады, әр әріпке
жекелеп көз тоқтатады, оқу аумағы тар болады. Осының салдарынан
олардың оқығанды түсіну дәрежесі де төмен. Ал әріпті тану
дағдысының қалыптасып жетілуімен қабат баланың «көру, оқу аумағы»
кеңейіп, дағдылана бастайды. Мұндай дағдыға ие болу балаға
оп-оңайға түспейді, ол көп күш-жігерін жұмсайды, мұнда әсіресе
зейіні мен еркі үлкен рөль атқарады.Осының барысында зейін мен
еріктің төзімділік қасиеті жаттыға
түседі.
Сауат ашу кезеңінде бала бар зейінін жеке
әріптерді, буындарды қосып оқуға жұмсайды да, сөздердің арасындағы
байланыстарға зер салмайды. Осыған орай,олардың саналы оқудан гөрі
механикалық оқуы басым болады. Сондай-ақ олар іштей оқудан гөрі
дауыстап оқуға дайын тұрады. Оларға таңбалануы мен айтылуы бірдей
сөздерді оқу да, жазу да біраз қиындық
келтіреді.
Ондай қиындықтан практикалық жолмен ғана шығуға болады,яғни мұғалім дұрысын оқытып отырса, балалар жаттығудың арқасында біраздан кейін дағдыланады.
Сауат ашу кезеңінде балаларда
мынадай дағдылар
қалыптасады:
1.Сөзді буындап және тұтас сөздерді дұрыс
оқу.
2.Көлемі шағын мәтіндерді саналы, түсініп
оқу.
Дұрыс оқудың негіздері алғашқы оқу-жазуға
үйрету кезінде-ақ қалана бастайды. Осы кезде мұғалім әрбір жеке
сөзді балаларға жеке әріптеп оқытпай, буындап оқуға жаттықтырғаны
жөн, бірақ мұнда балаларды сөздің сыртқы түрін ғана
меңгеріп,мағынасын жаңылыс ұғынудан немесе тіпті түсінбей оқудан
сақтандыру керек. Егер бала буындап оқығанда қателессе, дереу
түзетіп, оған қиын тиген сөздерге талдау жасап отырудың дұрыс оқуға
дағдылану үшін пайдасы
зор.
Тез оқу дегеніміз - кез келген мәтінді қалай
болса солай зулатып оқып шығу деген сөз емес, ол шапшаң оқуға
қойылатын талаптарды сақтап оқу деген
сөз.
Шапшаң оқуға қойылатын
талаптар:
-тыңдаушыға жететін ақпараттың түсінікті
болуы;
-әрбір сөз бен дыбыстың анық айтылып, құлаққа
жағымды болып
естілуі;
-сөйлем құрылымдарын еркін
меңгеру;
-дауыс ырғағы - интонацияның сөйлеу мазмұнына
сай болуы;
-мәтін жолдарын тұтас, еркін көру және көздің
алға жылжуын
қадағалау;
Саналы түрде түсініп оқу - жылдам оқуға
қарама-қарсы құбылыс. Түсініп оқу дағдысын меңгермеген оқушы білім
негіздерін жете қабылдай алмайды, содан өздігінен ғылым-білімді
игере алмайды.
Мен оқытып отырған бірінші сынып оқушыларында
кездескен
қиындықтар:
1. Әріп, буын немесе сөз қалдырып кетіп
оқитындар.
2. Кейбір буындарды, сөздерді екі рет
қайталап, ежелеп
оқитындар.
3. Тілі келмегендіктен немесе әдеттеніп
кеткендіктен бір әріпті екінші әріппен алмастырып
оқитындар.
4. Қайсыбір оқушылардың ана тілінде шорқақ
сөйлеуі, қазақшаны жете
түсінбеуі.
Мұндай қиындықтарды жою үшін мынадай жұмыстар
ұйымдастырдым:
1.Оқушыны кітап оқуға жаттықтырып,
дағдыландыру:
-арнаулы тапсырмалар
беру;
-карточкалар жасап, соларды әрқайсысына
оқытып дағдыландыру;
-дидактикалық материалдар
пайдалану;
-осындай жұмыстарды орындауды үйге де
тапсыру.
2. Қате оқыған сөздерді буынға бөліп оқыту
немесе тақтаға буындап жазып көрсету, дұрыс оқуды талап ету, ол
сөзге талдау жасау.
3. Қате оқыған сөздерді қайта
оқыту.
4. Қате оқыған жерін тыңдап отырған
оқушыларға
түзеттіру.
5. Жаңылтпаштар айтқызып,
жаттықтыру.
6. Орфоэпия заңын басшылыққа
алу.
7. Сыныптан тыс оқуды
ұйымдастыру.
Тиімділігі: Бастауыш сыныптарда оқу
сабағын жүргізгенде мыналарды ескеру
қажет:
1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу машығын жетілдіруді оқушының дұрыс және мәнерлеп, тездетіп оқуын қамтамасыз ету. Онсыз оқушының мәтінді толық түсінуі де қиын болады. Сондықтан сабақта қолданылатын әдіс, тәсіл оқудың техникасын жетілдірумен бірге баланың кітапқа, оны оқуға деген ынтасын арттыратындай, бір мәтінді бірнеше рет өз бетінше жалықпай оқуға жағдай жасайтындай болуы керек.
2. Төменгі сынып оқушыларының әсіресе абстрактылы ойлауы жеткіліксіздеу болғандықтан,оқу сабағында оқушының білімін толықтыра отырып,оның ойлануы, қызығушылығы, бір затты екіншісімен таныстыру, салыстыру, бірін екіншісіне қарама-қарсы қойып, салыстыра отырып байқампаздығын тануға баулитын әдіс, тәсілдің сабақта көбірек қолданылуы қажет.
3. Бастауыш сынып оқушыларының көркем әдеби шығарманы түсінуге керекті мәселені – образды түрде ойлануға күші жетіңкіремейтінін ескеріп, оқушының шығармашылық қиялын ұштарлықтай тәсілдер көбірек қолдану қажет. Затты не оқиғаны өзі көріп, нақты елестете алатындай жағдай жасап отыру керек.
Оқу негізінен мынадай түрлерге бөлінеді:
Өз бетінше дұрыс оқу
Балалар өз бетінше сыныптың екінші жартысында және үшінші сыныпта бірнеше сөз тіркестерін тұтас сөз тіркестерін, фразалық тіркестерді оқи алатын болады. Бірақ оқу үстінде интонациялық қате жіберу немесе мағынасына сүйеніп сөз тіркестерін қысқартып, жобалап оқу көп кездеседі. Бұның себебі, үшінші сыныпта қойылатын міндет пен талап сөзді тұтас оқу болғандықтан, тұтас оқуға тырысу әрекетінің күшті болуынан, яғни оқуға деген ынта бар да машықтың әлі қалыптаспағандығынан белгілі бір фразаны, тіркестерді оқи білу машығы әлі жетілмегендігінен. Осы себептер әлі жетіле қоймаған оқушының оқуды дұрыс оқыды ма дегенді тексеріп отыруға міндеттейді.
Бір буынды не бір сөзді оқушының неліктен қайталап оқитынын ілгеріде айттық. Сондықтан оқушының қайталауын мұғалім қадағалап ескерту жасап отыру керек. Мұғалімнен үнемі, үздіксіз ескерту естіген оқушы енді оны қайталмайды.
Өз бетінше мәнерлеп оқу
Бастауыш сырып оқушыларының дұрыс өз бетінше оқуын жетілдіруде қойылатын бағдарламалық талаптың бірі оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету болып табылады.
Мәнерлеп оқу – қандай мәтінді болмасын дұрыс оқып, сөздерді бұзбай, қалдырмай, сөз аяғын жұтып қоймай, әрбір сөзді, ондағы дыбыстарды анық етіп оқу.
Көркем шығарманың негізгі ой тірегін анықтап алмай, оқығандағы мақсат айқын болмайынша бірде бір жолды мәнерлеп оқу мүмкін емес.
Оқушыны мәнерлеп оқуға үйретпейінше оны мәдениетті сөйлеуге үйретеміз деп айта алмаймыз. Ал мәдениетті сөйлеу дегеніміз-сөйлеудегі,жазудағы тіл жұмсаудың өнегелі үлгілері, болып табылады. Осыларды үйрету негізгі бастауыш мектептен басталады және қаланады.
Оқушы мектеп есігін ашқаннан бастап-ақ оқыған сөзінің мағынасын түсінуге бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Сол жұмыс түрлері мәнерлеп оқуға жол ашып отырады. Мұғалім жеке сөзді, сөйлемдерді оқу кезінде оқушылардың тек оқып шықаннына қанағаттанбай, оның мағынасын ашуға арналған жұмыстар жүргізіледі. Яғни оқушы оқып тұрған сөзін, сөйлемін өзі түсініп тұр ма, соны анықтап, егер оқушы түсінбесе, мұғалім қосымша түсіндіреді. Осыдан кейін мұғалім оқушының берілген сөзді не мәтінді үстірт оқымай дауыс ырғағымен оқуын қадағалап отырады. Қазақ алфавитіндегі әріптердің дұрыс, анық аталуына оқушыны жатықтыру үшін баланың ауыз қуысындағы тіл, ерін, тіс, жақтарына жаттықтыру өз бетінше жұмысын жүргізген дұрыс. Осы талаптарды орындауға және артикуляциялық, жаттығулырды жүргізуге төмендегідей кестелерді пайдалануға болады./ слайдтар/
Шапшаң оқу
Шапшаң оқуға үйретудегі мақсат – баланың өзі оқыған сөйлемін, мәтінін толық түсінуі және сонда қолданылған сөздердің мағынасын меңгеруіне қол жеткізу. Мұны орындау үшін оқытушы баланың әрбір сөзді дұрыс анық оқуын үнемі қадағалап отыруы шарт. Әрбір сөзді дұрыс анық етіп оқыған бала сөзді түсінеді, демек шапшаң оқудың алғы шарты орындалады. Осыдан шапшаң оқудың дұрыс оқумен, түсініп оқумен өте тығыз байланыстылығы көрініп тұрады. Оның үстіне сөзді дұрыс және түсініп оқу үшін мәтінді белгілі бір қарқынмен оқу қажет. Олай етпеген жағдайда мәтінді оқушы да, оны тыңдаушы да ештеңе түсінбейді.
Бастауыш мектеп мұғалімі шапшаң оқуды барлық сабақтарда жүзеге асырып отырады. Бұл жұмысты жүзеге асыру барысында ол ең әуелі дауыстан әрі ырғағына келтіре оқуға баса назар аударуға тиіс. Содан соң балалардың денсаулығын сақтау мақсатында көзбен кітаптың ара қашықтығын белгілі мөлшерде ұстауға көңіл бөледі және қандай ырғақпен, қай жылдамдықта оқу керектігін өзі мәтінді оқып көрсетеді. Шапшаң оқуға оқушыларды күнбе-күн өз бетінше оқыту арқылы ғана дағдыландырамыз дедік. Ал мұның өзі оқушылардың сөйлеу мүшелерінің жетілуімен де тығыз байланысты. Сөйлеу мүшелерінің жетілуін, дами түсуін арттыру үшін айтылуы қиындау және қиын жұмбақтар мен жаңылтпаштар оқытудың және оларды ойын түрінде қайта-қайта айтқызудың пайдасы аса зор. Бастауыш мектепте шапшаң оқу өз нәтижесін дауыстап оқу жылдамдығын минутына 58-72 сөз, түсініп оқу жылдамдығы минутына 90-95 сөз болғанда, әрі оқу кітабынан 8-10 өлең және шығарма үлгілерін жаттатқанда берері сөзсіз.
Шапшаң оқуға балаларды 1-сыныптан бастап баулу керек. Себебі, оқу жылдамдығы төмен бала өз сыныптастарына қарағанда үй тапсырмаларын орындау барысында оқып-түсіну үшін көп уақыт жұмсайды, шаршайды, оқуға деген ықыласы төмендеп, өзіне сенуден қалады. Нәтиежесінде баланың оқу көрсеткіштері нашарлап, эмоциональдық күйзеліске ұшырап, оқуға мүлдем құлқы болмайды./ 8 слайд/
Оқу үрдісінің соңғы кезеңі - оның нәтижелігін
айқындау. Диагностика-оқушының білім, білік дағдыны қаншалықты
меңгергендігін көрсетеді, оқудың сапасын, кемшіліктерін анықтауға
көмектеседі./41
слайд/
Психологиялық диагностика арқылы зерттеу
параметрлері нәтижесінде
оқушылардың таным үрдістері дамуының мынандай
пайыздық көрсеткіштері
анықталды. Педагогикалық диагностика арқылы зерттеу
параметрлерінің
көрсеткіштері:
1. Оқу жылдамдығының
мөлшері.
2. Ана тілі, сауат ашу сабағындағы білім деңгейі.
|
|
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
Қорытынды: Бүгінгі бөбек - ертеңгі азамат - қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші - бастауыш мектеп мұғалімдері. Өйткені білім мен тәрбие негізі, баланың жеке басын қалыптастыру негізі - бастауышта қаланады. Оқушының бойында қалыптасуға тиісті дағды мен шеберлік мемлекеттік стандарт талабына сәйкес болу үшін мұғалім оқу-білім үрдісінде қиындықтарды жоюға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізу арқылы білім сапасын арттыруға болатынына көз жеткіздім. Бала тілін дамытудың өзекті бір саласы-сыныптан тыс оқу. Сыныптан тыс оқу арқылы бала өзін қоршаған ортада қандай-қандай оқиғалар болып өткендігін, не болуы мүмкін екендігін байқайды, сезінеді. Шығармалардағы кейіпкерлер іс-әректіне еліктейді, солардан үлгі өнеге алады, дүние танымы кеңейе түседі. Осыдан бастап сыныптан тыс оқудың мақсаты да айқындала түседі. Ол балаларды өз бетінше кітап оқуға үйретіп, соған деген құштарлығын арттыру оқу-жазуға үйретуді жетілдіре түсу. Олай болса сыныптан тыс оқу жұмысын неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым тиімді де жемісті болмақ. Басқаша айтқанда бала мектеп табалдырығын аттағаннан бастап сыныпиан тыс жұмыстары жүргізілуі тиіс. Себебі, сауат ашудың алғашқы кезінде балалардың тілін, ақыл-ойын дамыту жұмыстары түрлі-түсті суреттерді, суретті кітаптарды көрсету, мәнерлеп, дауыстап оқып беру арқылы жүргізіледі.
Сондай ақ сыныптан тыс оқу шәкірттердің өз беттерінше оқу дағдыларын қалыптастырады және арттырады. “Әліппе” және “Ана тілі” оқулықтарында берілген бағдарламалық көркем шығармалардың идеялық мазмұны көркемдік ерекшеліктерін түсінулеріне аса зор пайдасын тигізеді. Балаларды өздері оқыған шығармаларына, олардағы кейіпкерлер іс-әректіне өзінше баға беруге жетелейді.
Міне сондықтан да кітаптың атқарар қызметі орасан зор. Басқаша сөзбен айтқанда кітап-екінші ұстаз. Кітап оқу арқылы бала бүкіл әлеммен, онда жасаушы адамдармен, олардың сан алуан қиялымен және армандарымен, мінез құлқы, жан сырымен танысады. Солардан тағылым алады. Олай болса мұғалім барлық мүмкіншіліктерін, айла – тәсілдерін пайдалана отырып баланы кітап оқуға қызықтыруға міндетті.
Кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру
Бастауыш сыныпта балалардың кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырудың тіл дамыту үшін пайдасы аса зор. Мұндай дағдыны қалыптастыру үшін мұғалім:
1. Балалардың дұрыс айтқандарын мадақтап, қателерін түзетумен қатар олардың назарын сол кітаптың мұқабасына, ішіндегі суреттеріне назар аударып отырады;
2. Көрнекті құралдары, сюжетті суреттерді оқыған шығармаға байланысты кейбір жекелеген заттардың суреттерін қолданады;
3. Шығармадағы қиын сөздерді оқушыларға түсіндіріп отырады;
4. Балалардың оқыған кітаптарынан қаншалықты жаңа білім алғандарын үнемі бақылап отыруы тиіс. Сондай – ақ кітап оқу нәтижесінде балалар қандай сөздерді жиі, қайсысын сирек қолданатындықтарын да басты назарда ұстауы қажетті нұсқау, ақыл-кеңес беріп отыруы керек.
Қорыта айтқанда тіл дамыту жұмысына қойылатын талаптар да оқушыға білім беру, іскерлікке үйрету және олардың білімін дамыту мақсаттарына бағынуы тиіс. Ана тілі сабағы арқылы тіл дамыту жұмысы- күрделі де шығармашылық процесс. Бала тілін дамытуда басты назар аударылатыны өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыруы болып табылады. Бастауыш мектепте ана тілін оқу сабағы арқылы және жаңа жүйелі оқу әдістері арқылы ізденгіш, зерттегіш, шығармашыл, проблеммаларды шеше алады, қиын жағдайларда тығырықтан шығу жолдарын таба білетін есейген, талғамы зор, білім мен тәлім-тәрбие бастамасын жүзеге асыруды өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастырудың нәтижесінен байқауға болады. Өздігінен ана тілді оқу барысында оқу материалының жүйелі түрде менгерту, граматикалық схеманы шешу, іздену, салыстыру, зерттеу, әртүрлі шығармашылық жұмыстарды өз бетінше жұмыс орындау барысында менгереді.
2012-2013 оқу жылының басында 1 сыныпқа келген 22 баланың 3 оқушысы (Балтабаев Рауан,Бозтаев Санжар,Ботагозова Кульбану) толық сөзбен оқи алатын,минутына 15 сөз оқып келген, Жыл аяғында 55-61 сөзге жеткізді. Жалпы норманы орындайтындар 17 оқушы, ал 2 оқушы денсаулығына байланысты оқу нормасын тиісті деңгейге жеткізе алмай тұр, себебі тіл кемістігі бар, ПМПК анықтамасы бар. Жоғарыда атап,көрсетіп кеткен жұмыс түрлерін қолданудың арқасында осындай жетістіктерге жетіп отырмын. Оқу жылдамдығын дамытуда жеткен жетістіктер Кітапхана бойынша 2012-2013 оқу жылының 5 айында (қаңтар-мамыр) ең көп кітап алып оқыған оқушыларды атап кеткім келеді.
Балтабаев Рауан - 35 кітап, Бозтаев Санжар- 40 кітап,
Тұрарбек Әнел-19 кітап, Хамзина Назерке-14 кітап,
Айтыбай Әли - 10кітап, Кашенова Диана- 13 кітапты кітапханадан алып оқыған
Тұрарбек Әнел және Жапарова
Айша “Өлең-сөздің патшасы” мектепішілік мәнерлеп оқу сайысының
жүлдегерлері.
Баяндамамды Төлеген
Тәжібаев ағамыздың сөзімен аяқтағым келіп
отыр:
«Баланың сөз қоры
жеткілікті болғанда ғана өз пікірін айтып, басқалардың сөзін дұрыс
ұға алады.»

