2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / «Оқушылардың өздігінен білім алуына үйрету және дағдыландыру»

«Оқушылардың өздігінен білім алуына үйрету және дағдыландыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер үшін әдістемелік-көмек
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Шалкөде орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм

Коуч Исабаева Шолпан Нурилденовна, 2-ші деңгей мұғалімі .

2017 - 2018 оқу жылы


Коучинг тақырыбы:

«Оқушылардың өздігінен білім алуына үйрету және дағдыландыру»

Жалпы мақсат:

-оқушылардың танымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып , дамыту;

өзінің практикалық іс-әрекетін бағалауға, өзіндік қорытынды шығаруға, шешім қабылдауға баулу;

өзіндік жұмыс терең де берік білім алу құралы бола отырып,оқушының азамат ретінде өмірден өз орнын табуға үйрету.

Сілтеме:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2.Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару.

Оқу нәтижесі

-оқушылардың танымдық көзқарастарын қалыптаcады , дамиды;

өзінің практикалық іс-әрекетін бағалайды, өзіндік қорытынды шығарады, шешім қабылдай алады;

өзіндік жұмыс терең де берік білім алу құралы екенін түсінеді.

Түйінді идеялар:

әр оқушының нәтижеге бағытталған жүйелі түрде өздігінен  жұмыс жасауы –білімді терең меңгеріп, ой еңбегінің сәйкес біліктерін қалыптастырып және орнықтыруға мүмкіндік береді.



Сабақта қолданылатын материалдар:

Интербелсенді тақта, , қалам, кері байланыс парағы, суреттер, ресурстар

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер

АКТ ,СТО әдіс-тәсілдері, топтық жұмыс, рефлексия

Дереккөздері:

АКТ, бейнематериалдар, ресурстар

Тапсырмалар:

Топқа бөлу Тапсырмалар

Коучинг сабағының оқу барысы

Коучтыңіс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті


Психологиялық ахуал тудыру

Әр мұғалім шарды үрлеп, оған өзінің үш жағымсыз қасиеттерін жазады. Ойланып, барынша сол қасиеттерден арылу үшін, шарды жарып, қоқысқа тастау керек.

Мүғалімдердің жұмыс жасауға ынтасы артады, көңіл-күйлері көтеріледі.


Топқа бөлу(2 мин)


Қиық қағаздар арқылы топқа бөлу: онда «Қалай оқу керектігін үйрену» бөліміндегі сызбалар берілген.

парталарға отырады, топқа бөлінеді.

Коучинг тақырыбын негіздеу.

Топтарға тапсырма (15 мин)


1-топ: Мұғалім – ол кім? Синквейн құрастыру

2-топ: Тәуелсіз оқушы моделін құрау

3-топ: Табысты мұғалім моделін жасау

 Топта бірін-бірін тыңдап, өзара бағалау үдерісін жүргізеді.





Сергіту жаттығуы (2 мин)

«Миссис Мамбл» жаттығуы. Дөңгеленіп отырады, біреуі оң жақтағы көршісіне «Кешіріңіз, сіз мисс Мамблды көрген жоқсыз ба?» деп сұрақ қояды. Көршісі «Жоқ, көрген жоқпын, бірақ көршімнен сұрап көрейін» деп ойынды жалғыстрады. Ойынның шарты: Сұрақ қойып жауап берген уақытта адам тісін көрсетпей сөйлеуі керек.

Сергиді, көңілдері көтеріледі


Көрсетілім (тақырыптық презентация көрсету) (7 мин)

Интербелсенді тақтаны пайдалана отырып , бүгінгі коучинг тақырыбына жаңа мәліметтер беру

Презентация арқылы ой түйеді. Әр топ ішінен 2 мұғалім өз ойларымен бөлісіп, қалған әріптестермен пікір алмасады.

Бағалау (5 мин)

Өзара бағалау, қорытындысын жариялау

Топтарда мұғалімдер бір-бірін бағалайды

Рефлексия (2 мин)

«Блоб ағашы»

Блоб ағашына мұғалімдер өздерінің білімдерінің қай сатыда тұрғанын анықтайды, белгілейді



18 Сәуір 2018
714
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі