Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Оқушылардың қызығушылығын арттыру
Оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы білім сапасын көтеру
Кіріспе
А) Мұғалімдік мамандық жан – жақты білімді, шынай сезімтал болуды, балаларға шексіз сүйіспеншілікпен қарауды қажет етеді. Мұғалімді адам жанының инженері, мінез – құлық сәулетшісі, ауру шипагері, ақыл – ой мен естің жаттықтырушысы, ой мен сезім дирижері, жас өркенді мәпелеуші бағбан т.б деп дәріптейді. Атақты педогаг ғалым В.А Сухомлинский «Мұғалімдік – күрделі де қызықты, шым – шытырығы мол мамандық. Ол оқушының рухани жан дүниесіне үңіле білуі керек. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» деп ұстаздық мамандыққа ерекше баға берген.
Ә) Химия, биология, география пәндерінен педагогикалық практика бойынша бағыттаушы конференцияның басты қонағы әдіскер Очкур Елена Афанасьевна өзінің бірнеше жылғы шаруашылық жұмысы туралы пікірінде пәнді оқытудың сапасын арттыруда әр сабақтың білімділік және тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңінен талқылап берді. Пәнге қатысты теориялық материалдарды өмірмен, практикалық жұмыстармен байланыстыра айтты. Оқушыларға ғылыми ізденіс жолдарын үйретуді, оларды өмірге даярлау негізгі мақсат екендігін ұсынды. Сонымен қатар оқу баяндамасында пәнаралық, интегралданған сабақ, дәріс, семинар, сайыс сабақ, оқушылардың білімдеріне өздері бақылау жасау, өздері бағалау, дербес жұмыстарының түрлері жүйесін ұйымдастыру арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға болатынын, сабаққа күнделікті даярлану, оқу бағдарламасының әдістемелік аппаратын пайдалану, сабақтың басты мазмұнын ажырату, негізгі өзекті ұғымдардың басын ашу, оқушыларды жаңа технология жүйесі бойынша оқыту және арнаулы білім дағдыларын қалыптастыру жөнінде жұмыс жүргізу, олардың жеке – дара қабілеті мен талап – тілегіне сүйене отырып, интеллектілік потенциялын дамыту, мәселесі педагогикалық үдерістің тиімділігін арттыруға болатындығын айтты.
Білім сапасын арттыру жолындағы мақсат: пән бойынша ғылыми - әдістемелік зерттеулер жүргізу, оның нәтижесін талдау, ғылыми методикалық жұмыстарды дамытуды оқытудың тиімді әдістерін табу, дамыта оқыту: анализ, синтез, болжау әдістерін сабақ беруде жиі қолдану
Жұмыстың өзектілігі: білім сапасын арттыруда – қоғамдағы білім беру үдерісінің жағдайын, нәтижесін, сандай – ақ жеке тұлғаның кәсіби дамуын қалыптасуын, болашағының қажеттілінін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы мекемелердегі жастарды оқуты мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері, материалдық техникалық базалары т.б бойынша анықталады. Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасынада байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: ....... Мұғалім қандай болса мектепте сандай болмақ, яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шығады. Солай болған соң ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетеігі – ұстаз, сонымен қатар оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі. Бұ ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгерудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік. Біліктілік білімнің негізінде қалыптасатын үлкен еңбек, яғни жауапкершілікті сезіну, белгілі бір мәселені шешуге қатысу, білім беру технологияларын түсіну, меңгеру, қолдануда қабілеттілік таныту. Ақпараттық қажеттілікті сезіну. Көздеген мақсатқа жетуде әдіс – тәсілдерінің бір – бірімен сай келуі. Іздену әр түрлі базалық мәліметтерді іздестіруі, ақпараттармен жұмыс, құжаттармен жұмыс жасай білу және оларды топтай білу. Бейімделу: технологиялар мен ақпараттарды қолдана білуге бейімделу; өзгеріске икемділік , қиындыққа көне және жеңе білу, жаңа шешімдер таба білу. Ынтымақтастықта болу, еңбекте ынтымақтастықта болу, келіспеушілік пен әр түрлі көзқарастылықта көрегендік таныту, келісе білу, шарт жасай білу және оны орындау, тілектестік және ынтымақтастық таныту. Жұмысқа ниеттілік, жобаға кірісу жауапкершілікті сезіну, өз жұмысын ұйымдастыра білу, өткенді жаңамен байланыстыруды ұйымдастыру, қоғам дамуына сын көзбен қарай білу, қиындыққа және сенімсіздікке қарсы тұру, өзінің жеке көзқарасын білдіре білу. Т.б
Сапа өздігінен келмейді. Сапаға жетуде білім мекемесі жұмысының құндылығы – бұл көздеген мақсатқа жету мен басты міндеттерді шешуде өз қызметін құру принципі. Ол оқушыларды бірінші орынға қою, жоғары деңгейдегі кәсіптілікпен жұмыс істеу, бірлікте еңбек ету, тұрақты жақсартуға көмек жасау, барлық тұлғалар үшін бірдей еңбек ету, жоғары сапалы қызметпен қамту. Білім сапасын арттыруда тұлғалар қызметін талап деңгейінде ұйымдастырудың мәні зор. Ол қызметтің бағыттары мынадай болып келеді.
Ұйымдастырушылық қызмет:
-
Педагогтің қызметін ұйымдастыру
-
Мұғалімнің оқушы қызметін ұйымдастыруы
-
Оқушы қызметіне жағдайдың жасалуы
-
Мұғалім мен оқушының өзара байланыс қызметі
-
Оқушының өз қызметін ұйымдастыруы (жобалаушылық қызмет )
-
Педагогикалық үрдіске қатысушылардың мүмкін болатын нәтижелерін жобалай білу.
-
Пелагогикалық өзара әрекетті үлгілеу
-
Педагогикалық технологияны жүзеге асыру үрдісінде мұғалім мен оқушының даму деңгейін болжау.
-
Осы іс – әрекеттің бәрі өз кезеңдерінде дұрыс жүзеге асатын болса білім сапасын көтерудің өзекті мәселесі шешіледі деп ойлаймын.
Бүгінгі таңда білім сапасын көтеру, кезек күттірмейтін өзекті мәселе болып табылады. Қоғамның дамуы қаншалықты жылдам болатын болса, орта мектептерде білім сапасын көтерудіде жылдам жүзеге асыруымыз қажет. Әсіресе техникалық мамандықтарды қажет ететін жаратылыстану пәндерінің білім сапасын арттыру өзекті мәселелердің бірі деп ойлаймын.
Мекемелердегі қызметкерлердің жұмыс жоспары, бағдарламалары дұрыс жүзеге асырылады деп ойлаймын. Осындай сындарлы уақытта барлығымыз жұдырықты жұмылдырып, күшті біріктіріп ат салысып жұмыс атқаруымыз қажет деп санаймын.
Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының ішінде химияға ынтасы ауған, химияны тереңірек түсініп білгісі келетін балалар мен қыздар аз емес. Ауыл шаруашылығық өндірісімен, агрохимиялық зертханалармен, ғылыми зерттеу институттарымен немесе агрохимиялық бағыттағы оқу орындарымен байланысты мектептерде оқушыларды «Агрохимия негіздері» жөніндегі факультативтік курсты оқытуға болады.
Бұл пән оқушыларды агрохимияның теориялық негізімен таныстырады, және талдау жасауға қажетті сарамандық дағдыларға үйретеді.
Агрохимия жөніндегі теориялық та, сарамандық та сабақтар оқушыларды химия, физика және биолгияны оқыған кезде алған біліміне, дағдыларына сүйеніп өтіледі және осы пәндер жөніндегі білімін тереңдете түсуі тиіс.
Оқушылар кейбір жұмыстардың орындалу жолдарын және сандық талдау тәсілдерінің негізін алдын ала білгендері жөн. Ауыл шаруашылық өндірісінің жыл мезгіліне байланыстылығын ескере отырып, «Агрохимия» негіздерінің факультативтік сабақтарын 9 – сыныпта оқу жылының бірінші жартысында аптасына 2 сағаттан өтуге болады.
Бұл пәнді дұрыс оқытудың негізгі шарты – оқушыларға бағдарламада көрсетілген жұмыстарды агрохимиялық зертханада және далада өз бетімен істеуге мүмкіндік туғызу.
Білім сапасын арттырудың басты шарты олар: оқыту теориясының дамытылуы мен практикада орынды қолданылуы, оқыту бағдарламасы мен оқулықтардың, оқу құралдарының сапасын қамтамасыз ету, мектептің оқу-материалдық базасын жақсарту, мектептерді қажетті көрнекі және техникалық оқу құралдарымен толық жабдықтау, мұғалімнің әдістемелік шеберлігі, мектеп басшыларының мектепішілік ісін дұрыс ұйымдастыра білуі, ата-аналардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың осы мақсатта жүйелі жұмыс жүргізе білуі.
Оқушылардың білім сапасын арттыру, ең алдымен мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, оқушылардың оқу іс-әрекетін педагогикалық сауатты ұйымдастыра білуіне байланысты. Оқыту теориясы қаншалықты дамытылғанымен, оқу бағдарламасы қаншалықты жетілдіргенімен, оқулық пен оқу құралдарының сапасы барынша жақсартылғанымен, мектеп керекті оқу құралдарымен керегінше жабдықталғанымен, оқу процесінде осының баршасына жан бітіріп, іске қосатын, оларды оқушылардың бақылау, байқау, зерттеу, оқу, үйрету тағы сол сияқты іс-әрекеттер объектісіне айналдыратын кілт- мұғалімде.
Көрнекті неміс педагогі Адольф Дистервег 19-ғасырдың өзінде–ақ: «Жас мұғалімнің негізгі кемшілігі - өзіне белгілі материалды балаларға тегіс айтып беруге тырысуы». Ол нашар мұғалім шындықты (білімді) өзі айтып, хабарлайды, жариялайды, ал жақсы мұғалім шәкірттерді оны табуға үйретеді деп есептеді. Сондықтан мұғалім бүкіл сабақ барысында, оның әрбір кезеңінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін жандандыра, белсендіре отырып, олардың көпшілігінің енжар қалмауын талап етіп, -ұстаз оқыту мазмұнының нәтижесі болуын-шәкіттердің білім сапасының жоғары болуын-олардың өз іс- әрекетерінің сипатына (енжар немесе белсенді) тікелей тәуелді екенін үнемі басшылыққа алуында. Оқушылар белсенділігін арттыру немесе олардың сапалы білім алуын ұйымдастыру үшін сабақ негізгі мынындай кезеңдерден тұрады:
-
Мақсат қою кезеңі (нақты міндеттерді айқын сезіну)
-
Іс-әрекетті жүзеге асыруды жоспарлау, ең тиімді әдіс тәсілдерді таңдап алу.
-
Іс-әрекетті жүзеге асыру, оны орындау кезеңі. Бұл кезең әрекетті бақылау және қажет болған жағдайда оны қайта дұрыс құру арқылы жүзеге асырады.
-
Нәтижені тексеру, орын алған қателерді түзету, алынған нәтижені жоспарланған іс-әрекет моделімен салыстыру, жұмыс нәтижесін қорытындылау, баға беру кезеңі. Оқушының оқып үйренуі, олардың сабақ үстіндегі танымдық іс-әрекеті нәтижелі болу үшін:олардың сабаққа ынта – ықыласын аударып, сабақтың мазмұнына қызығатындай етіп ұйымдастыра білуі керек.
Оқыту үрдісінде балаларға сапалы білім беру үшін олардың танымдық іс-әрекетінің мақсатқа жеткізетіндей әдіс-тәсілдерімен қаруландыру қажет. Оқушылар танымдық іс-әрекеттің әдіс-тәсілдерін меңгергенде ғана құбылыстың мәнін анықтау жолында, өздігінен білім сапасын арттыру мақсатында белсенді де, батыл әрекет ете алады.
Оқушылардың білім сапасын арттыруда біздің назар аударатын ең негізгі мәселелеріміз мыналар:
-
Оқушылардың алдына бүгінгі тақырып бойынша меңгеретін негізгі мәселені мақсат етіп қою. Алдағы уақытта не істеу, қалай жасау қажеттігі жөнінде жалпылама бағыт беру.
-
Оқушылар белгіленген бағыт бойынша материалдармен жұмыс істейді. Яғни олар таблицамен, схемамен, графиктік сызбалармен айналысады.
-
Мұғалімнің сұрақтарына сүйене, схема, таблица және тағы басқа материалдар көмегімен өздері бақылап, байқап, жұмыс істеп көргендерінің ішінен ізделінді қасиетті бөліп шығаруға тырысады. Шығарылған есептің шығарылу жолын, оған нақты қандай дайын формулаларды пайдаланды, сол формуланың көмегімен қандай нәтижеге жеткенін пайымдайды.
-
Оқушылар мұғалімнің көмегімен орындаған жұмыстарын тағы бір рет тексеруден өткізеді: анықтаған қасиеттердің дұрыстығына көз жеткізеді.
Ойлау әрекетін осы ретпен қалыптастыру барысында материалды игеруге оқушылардың мақсаты, қабылдауы, елестетуі, ұғынуы, есте сақтауы барлық психикалық әрекеттері түгел қатысады. Сондықтан сабақты меңгеру нәтижесі білім беріктігін қамтамасыз етеді.
Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруда тағы бір ескеретін жайт оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге бағыттау. Ол үшін әрбір оқушының даярлығы мен мүмкіндіктерін, қабілеттері мен білімдеріне сүйене отырып, сабақтың өту құрылымына талдау жасап, білімнің тиянақты түрде оқушыға түсінікті болуын, нақты дәрежеде игерілуін қадағалау қажет. Өтілген материалды үнемі жиі қайталап отыру, деңгейлік сұрақтарды қою игерілген білімнің терең және тиянақты болу мүмкіндігін ұлғайтады. Пәнге деген қызығушылықты дамыту үшін дидактикалық ойындарды пайдаланып оқушының логикалық ойлауын, өз бетімен жұмыс істеуін жандандыру қажеттігі шығады.
Оқушының біліміндегі олқылықты анықтау үшін тестік бақылау жұмысының орны ерекше. Ол біріншіден оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу әрекеттерін арттырады, оқытудың тиімділігіне қол жеткізеді, ойлау қабілетін,
шығармашылық белсенділігін арттырады, егер мұғалім дұрыс бағыт бере білсе. Сабақта тек материалды игеріп қана қоймай, игерілетін материал төңіреңінде төңірегінде проблемалар туғызып, оқушының тереңірек ойлануына, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашу керек.
Есептерді шешуді үйрету үшін олардың түрлерін, қалай құрылғанын, қандай құрамдас бөліктерден тұратынын анықтаған жөн. Қандай да болмасын есепті шешуге кіріскенде оны мұқият талдап, талаптарын шарттарын анықтау қажет, яғни анализ жасау керек. Бірақ қайсібір оқушылар есепті шешуге біршама машықтанып қалады да, сол жолмен шешуге дағдыланады, яғни басқа жолмен шешуге талаптанбайды. Оларды есептерді шешу жолы басқаша да құруға болатынын проблемалық сұрақтар қою арқылы жетелеп, ой салдырып, өз беттерімен ізденіп, шешу жолдарына зер салып, оларды шешудің тәсілдерімен әдісі ерекшеліктерін түсінуге бағыттау керек. Осы бағытта жұмыс істеу үшін оқушының бойына алдымен оның ынтасын, шыдамдылығын, қажырлығын және білімділігін қалыптастыру керек. Содан кейін есептерді шешудің негізгі кезеңдерін ұқтыру керек.
-
Есепті талдау, яғни оның түрін, шартын анықтау.
-
Схемалық жазылуы, яғни өрнектеу, сызбасын даярлау, шартын құру.
-
Шешудің тәсілдерін іздестіру, теңдеу құру, талдау.
-
Шешуді орындау.
-
Шешімнің дұрыстығын тексеру (жазбаша, ауызша).
-
Неше шешім болатынын, қандай шарттың орындалатынын, шешімі болмайтынын зерттеу.
-
Жауабын дәл әрі дұрыс тұжырымдау.
-
Есептің шешімін талдап, басқа да тиімді жолдарын қарастыру.
«Ел боламын десең бесігіңді түзе» деп ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов айтқан. Бұл сөзде мәні терең мағына жатыр. Еліңнің ертеңі – жас ұрпақты жақсылап өсір деген сөз. Сондықтан, бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әр ұстаздың міндеті.
Қазіргі таңда білімге, ғылымға деген қызығуы жоғары, интеллектуалды жастар сомдау өзекті мәселе. Оны шешуге орта мектепте пәнді оқытуда ең алғашқы күннен бастап-ақ оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыру керек және де білім беруде сабақты күнделікті өмірмен байланыстыра өту тиімді.
Сапалы білім беруде мұғалім міндеті – білім технологиясын бүгінгі күн талабына сай жетілдіру. Бағдарлама бойынша дифференциалдап оқыту, сабақ барысына прблемалы әдісті қолдана білу, сабақтың әр бойында барлық оқушылардың толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қайталау жұмыстарын шебер ұйымдастыра білу, сабақ барысында әрбір оқушының ерекшеліктерін ескере отыру, олардың белсенді әрекеттерін, әсіресе, ұйымшылдық пен еңбексүйгіштік қасиетін әрі қарай дамыту - әрбір мұғалімнің биік міндеті.
Оқушылардың білімін жүйелі тексеріп, бақылап отыру оқушылардың жауапкершілікке, үнемі жұмыс істеуге баулып, оқушы білімінің тиянақтылығын, тереңдігін арттырады.
Сондықтан біз өз тәжірибемізде оқушыға сапалы, тиянақты білім беріп, білімділік дағдыларын қалыптастыруда оңайдан қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай оқытудың жүйелілік ұстанымын басшылыққа аламыз, білім тексерудің сан алуан түрлерін қолданамыз. Үлкен бір тарау өткенде білімді жүйеге келтіру, есепке алу өрісін жетілдіру – басты мақсатымыз.
Оқушылардың білім сапасын көтеру үшін төмендегі негізгі ұстанымдарды еске сақтау қажет.
-
Оқу тәрбие жұмысын педагогикалық диагностикалық нәтижелеріне байланысты ұйымдастыру әр баланың іс-қабілетін анықтау, сұранысын білу;
-
Басты мақсат – балалардың бойындағы дарындылықты дамыту, шеберлігін арттыру, жеке шығармашылығын қалыптастыру;
-
Оқытудың мазмұны мен жетістігіне ғылыми талдау жасау.
-
Педагогикалық ізденіс барысында баланың ойлау жүйесінің дамуына болжау жасау, білім берудің өзгеше әдіс-тәсілдерін енгізу.
-
Оқушылардың жеке шығармашылығын дамыту үшін ұстаз өз шығармашылығын көтеру, іздену керек.
Есіл қалалық №3 орта мектебі
Баяндама тақырыбы :
«Оқушылардың қызғушылығын арттыру арқылы білім сапасын көтеру»
Дайындаған : Аяс Жанаргүл
2023 ж
Анықтама
Баяндаманың мақсаты : оқыту теориясының дамытылуы мен практикада орынды қолданылуы, оқыту программасы мен оқулықтардың, оқу құралдарының сапасын қамтамасыз ету, мектептің оқу-материалдық базасын жақсарту, мектептерді қажетті көрнекі және техникалық оқу құралдарымен толық жабдықтау, мұғалімнің әдістемелік шеберлігі, мектеп басшыларының мектепішілік ісін дұрыс ұйымдастыра білуі, ата-аналардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың осы мақсатта жүйелі жұмыс жүргізе білуі. Оқушының біліміндегі олқылықты анықтау үшін тестік бақылау жұмысының орны ерекшелігі туралы айтылады.

