жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Оқушылардың танымдық шығармашылық қабілеттерін оқытудың интербелсенді әдістемесі арқылы дамытудың жолдары
Оқушылардың танымдық шығармашылық қабілеттерін оқытудың
интербелсенді әдістемесі арқылы дамытудың жолдары
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледж
Оқытушысы Камет Еңілік Есілжанқызы
Білім беру жүйесінің алдындағы қазіргі басты мақсат – бәсекеге қабілетті, өзіндік танымдық әрекет ете алатын жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. Танымдық әрекет дегеніміз білім алушының ізденіп, білім алуына бағытталған белсенді ақыл-ой қызметі. Ал танымдық қабілет дегеніміз жеке тұлғаның білу, түсіну, қолдану, талдау, зерделеу т.б.сияқты іс-әрекет атқарудағы икемділігін айқындайтын өзіндік психологиялық ерекшелігі болып табылады. Сонымен таным дегеніміз не? «Таным – объективтік шындықты адамның ойында бейнелейтін және қайта жаңғыратын қоғамдық іс-әрекет барысы. Таным барысында ойлаудың түрлі тәсілдері пайдаланылады (анализ, синтез, дедукция, индукция)». Педагогикалық – психологиялық тұрғыдан алғанда, білім алушының танымдық қабілеттерін танымдық әрекетін ұйымдастыру арқылы қалыптастырып дамытуға болады.
Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашыл» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір дәлелдеп отыр.
Кез — келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс — әрекеті ақыл — ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс — әрекетте тасымалдай алуға негіздейді. Ал, шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығына,өзін-өзі тануға ұмтылуы,ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін,дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі. Білім алушылардың белсенділігімен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау,осыған орай оқытуды ізгілендіру біздің негізгі міндет екені белгілі.
Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс. Мұғалім ең алдымен, топта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағытталуы керек. Білім алушының қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде, түрлі лингвистикалық жаттығулардың да ролі зор. Сабақ үстінде материалды салыстырып қарма-қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді. Мұғалім сабақтарда ойын түрлерінен пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға, өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілімен өткізілген әрбір сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын, ойын дағдысын, оларды сөйлеуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы балалардың ортасынан қабілеті жоғары бала іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тану білім алушылардың шығармашылық деңгейін бақылып отыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өсуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі таныуына көмектеседі. Білім алушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту жаңа рухани күш беру тек шығармашылық деңгейге жету жолдары ғана жүзеге асады.. Шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы – білім алушылардың танымдық ізденістерін дамыту.
Конфуций былай деген екен: «Танымның үш жолы бар: ең оңайы – еліктеу, ең ащысы – тәжірибе, ең мәртебелісі- ойлау». СТО бағдарламасы бойынша сабақты өту кезеңдерінің де үш сатысы бар:
Қызығушылықты ояту
Мағынаны ажырату
Ой толғаныс
Білім алушылардың танымдық шығармашылық қабілеттері оқытудың интербелсенді әдістемесі арқылы өте тиімді дамыйды. Себебі, «Интерактив» деген сөз ағылшынның «interact»(«inter» — «өзара», «act» — әрекет ету) деген сөзінен шыққан. Яғни, интеракция – жеке тұлғалардың топтың, жұптың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма кезек әсер етуі. Интерактивті оқыту бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Интерактивті оқыту 1990 жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болды. Осыған орай, көптеген ғалымдардың түсіндіруінше, интерактивті оқыту компьютер және интернет желісін пайдалану арқылы оқыту дегенге саяды. Сонымен, оқыту мен тәрбие беру барысында мақсатымыз – танымдық, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлғаның құзіреттілігін қалыптастыру, яғни білім алушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіріп, шығармашылыққа жол салу.
Міне, осы мақсатқа жету жолында қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологияларын меңгеріп, тиімдісін орынды қолданып келемін. Әсіресе «Сорос — Қазақстан» қоры арқылы келген «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының, Қ. Бітібаеваның «Жаңа сабақты меңгерту» технологиясының, В.Шаталовтың «Сызба және белгілер моделі негізінде оқыту» технологиясының маған берген ұтымды жақтары мол.
Педагогикада оқытудың бірнеше моделі ажыратылады: 1) пассивті – оқушы оқытудың «нысанасы» ретінде көрінеді(тыңдайды, қарайды); 2) активті – оқушы оқытудың «субьектісі» ретінде көрінеді (өздік жұмыстарды, шығармашылық тапсырмаларды орындайды); 3) интерактивті – өзара әрекетте болады.
Интербелсенді (интерактивті) оқыту кезінде оқушының істі ұйымдастыра білу қабілеті де көрінеді. Интербелсенді әдістермен сабақ өткізу кезінде мұғалім тек кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Мұғалім жаңа біліммен бірге оқушыларды өз беттерінше ізденуге жетелейді. Мұғалім белсенділігі белсенділікті қамтамасыз ететін оңтайлы жағдай тудыру ғана болып қалады.
Сонымен қатар, мұғалім ұйымдастырушы, бақылаушы деңгейінде ғана көрінеді де, оқушы белсенділігі арта түседі.
Оқытудың интерактивті әдістерінің артықшылығы:
тұлғаның қызығушылығын туғызады;
әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
әрбір тұлғаның сезіміне назар аударады;
оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
тұлғаға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
тұлғаның пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
Менің ойымша, білім алушы қабілеті дегеніміз - оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді.
Оқу тәрбие процесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерекше. Педагогикалық психология бастауыш сатыда оқушының эмпирикалық (көрнекі-бейнелі және көрнекі әрекеттің) ойлау түрлерінің деңгейі жоғары болса, осыны тірек ете отырып логикалық(теориялық) ойлауы да тиімді дамиды деп есептейді. Осы саладан түйгенім-білім алушылардың оқу материалымен белсенді түрде жұмыс істеуі, өздігінен жасайтын жұмыстары олардың белсенділігін арттырады, оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амалдарын қалыптастырады.
В.Сухомлинский «Бала бойындағы білімге деген құштарлық, талап, ынта отын сөндіріп алмаңдар... Партадағы жұмыссыздық – аса қатерлі қауіп» деген екен. Осы қауіпті болдырмау үшін, ойын, деңгейлеп оқытуды көп қолданамын. Деңгейлеп оқыту ол негізінен 3 деңгейден тұрады.
І. Міндетті: оқушылардың міндетті түрде игеруге, білуге және үйренуге тиіс жаттығулары қамтылады.
ІІ. Алгоритмдік деңгей: жаттығулары күрделірек, оқушылардың білімділік дағдыларын жетілдіретін жаттығулар.
ІІІ. Эвристикалық деңгей: оқушылардың терең ойлауға жетелейтін сұрақтар мен тапсырмалар.
Осы 3 деңгей бойынша жұмыстың мақсатын 4 жүйеге бөліп қарастыруға болады:
1. Байқампаздық, зейінін қалыптастыру мақсатында;
2. Іскерлігін, білімділігін қалыптастыру мақсатында (қабылдаған ұғымды, жаттаған ережені тәжірибеде қолданып, орындаудың оңай жолдарын іздестіреді).
3. Өз бетіндік жұмысын қалыптастыру мақсатында(схемалық есептер шығару, тест тапсырмаларын орындау, сызба бойынша сөйлемдер құрастыру
4. Шығармашылық жұмысты қалыптастыру мақсатында (логикалық есептер, сөзжұмбақтар шешу, жұмбақ, өлең т.б. құрастыру.)
Дамыта оқыту технологясының кезеңдерінен өту арқылы оқушының танымдық қабілетін және сабаққа деген қызығушылығы арта түседі. Білім алушылардың танымдық қабілеттерін арттыру жолдары: Өзіндік жұмыс; Ізденімпаздық жұмыстары;Тірек-сызба толтыру; Кестелер толтыру: Жағдайлардың шешімдерін табу;Салыстыру жасау тб.
Білім алушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Білім алушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білемін. Мен әр сабағымда оқушының алдына проблема қоюға, және сол проблемаларды тікелей қазіргі өмірмен байланыстыруға тырысамын.
Ал, интербелсенді (интерактивті) оқыту кезінде студенттің істі ұйымдастыра білу қабілеті де көрінеді. Интербелсенді әдістермен сабақ өткізу кезінде мұғалім тек кеңесші, серіктес ролін атқарады. Мұғалім жаңа біліммен бірге студенттерді өз беттерінше ізденуге жетелейді. Мұғалім белсенділігі белсенділікті қамтамасыз ететін оңтайлы жағдай тудыру ғана болып қалады.
Интербелсенді тәсілдерді ойын түрінде ұйымдастырылған сабақтар студенттің зерттеушілік, шығармашылық ізденістерін, қарапайым нәрседен ой тұтатып, қиял әлеміне шомылып, кез-келген нәрсеге өз ұсынысын еркін жеткізе білетін қабілеттерін дамытып, құзыреттіліктерін қалыптастырады. Мысалы өз тәжірибемде: жеміс ағашы, ойлаудың 6 қалпағы, ыстық орындық, қос күнделік, жүгірмелі диктант тб әдіс-тәсілдер өз нәтижесін беруде.
Интербелсенді әдістерді қолдану бүгінгі күннің талабы, себебі қазіргі қоғам талабына сай, тұлғаның ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде, жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз, шығармашыл тұлғасын қалыптастыру қажет. Жалпы, жаңарған оқыту құрылымы мен ұйымдастырылуы студенттердің қызығушылығы мен қабілеттеріне, рухани дамуына, олардың өмірлік жоспарларының жүзеге асырылуына бағытталған, көп вариантты және икемді болуы қажет.
Интербелсенді дәріс сабағында оқытудың интерактивтік тәсілдеріне: ашық сұрақтарды қою іскерлігі (біріккен дұрыс жауапқа алдын –ала бағытталған жауапта емес, мәселе бойынша әр –түрлі көзқарастарды айтуы);оқытушы дәріс беріп қана қоймай сонымен бірге студенттерге сабақ барысында «дұрыс» және «дұрыс емес» көзқарастарын батыл,қорқынышсыз айтуларына мүмкіндік беретін байтарап ретінде анықтауы,сабақтың қалай және неге жүзеге асатының түсінуге көмек беретін сабақты өзіндік талдауға дайындық, қай жерде өзара әрекеттесу «тоқырап» қалды, бұл қандай жағдаймен байланысты болады; сабақтың өту жағдайын, оның нәтижелігін қадағалауға мүмкіндік беретін ескертулерді тіркеу болып табылады. Дәріс сабағында теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана студенттердің алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор деген ойдамын.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Алматы -2013.
2. Ә. Әлметова «Оқытуда интерактивті әдісті қолдану» А.,2003жыл.
3. В.Шаталов «Сызба және белгілер моделі негізінде оқытудың технологиясы»
4. Д.Соростың ашық қоғам институтының «Сорос — Қазақстан» қоры арқылы келген «Оқу мен жазу арқылы сынтұрғысынан ойлауды дамыту»
5. Ж.Қараев «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген