жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Оқушылардың тәрбиелілігін арттыруда қолданылатын тәрбие әдістері
Оқушылардың тәрбиелілігін арттыруда қолданылатын тәрбие әдістері
Сайрекенова Н.Н,Қабибулла А.Т,Есбосын М.Қ,Қалабаева Ә.Б
5B011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2 курс студенттері, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе, Қазақстан
«Тәрбие әдісі-бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау».
И. С.Марьенко.
Кіріспе
Тәрбие процессі соның ішінде тәрбие әдістері жалпы адамзаттың тіршілік,қоғамдық ұстаным және қарым-қатынастан туылған тәрбие әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы болып саналады.Тәрбие әдістерінің көмегімен адам қоғамдық ортаға сай , этикалық және этетикалық жағынан кеңінен тәжірибе алады. Тәрбие әдістері- бұл тәрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары,тәсілдері. Мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысы сапасының болуы тәрбие әдістерін, жұмысты ұйымдастыру формаларына таңдай білуіне тығыз байланысты. Сондықтан тәрбие әдісі ұғымына жеке тоқталып, бүгінгі педагогика ғылымында « Тәрбие әдісі» ұғымына берілген анықтамалар көптеп саналады. [ Ғалым Т.Е. Конникованың анықтамасы бойынша – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. Ғалымдардың берген анықтамасында тәрбиешінің тәрбиелеу құралы тұрғысынан берілген. В.А. Сластенин « Тәрбие әдісі тәрбиешілері мен тәрбиеленушілердің іс әрекетінің өзара байланыс тәсілдері» десе, В.С.Кукушкиннің анықтамасы бойынша «тәрбие әдісі – педагог пен оқушының өзара дамуына, педагогтың жеке тұлға ретінде жетілуіне және оқушының тұлғалық қалыптасуына бағытталған екеуінің бірлескен әрекетін ұйымдастыру жолдары».]
Бүгінгі таңда мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген тәрбие әдістерінің біріңғай жүйесі қалыптасқан.Әдістерідің алуан түрлілігі,оларды тиімді пайдалану және тұлғаға жасалған ықпалдың нәтижелі болуын қамтамасыз ету мақсатын көздеп,оларды топтастырады.Әрбір әдістің өзінеи тән белгілері,ерекшелігі,міндеті,бір-бірімен байланысы да топтастыруды,жіктеуді қажет етеді.
[Педагогика оқулықтары мен ғылыми зерттеу еңбектерінде тәрбие әдістерін жіктеуге байланысты ортақ пікір жоқ.Дегенменде де қалыптасқан тәжірибе бойынша әдістерді негізінен 3 топқа жіктейміз.
Г.И.Шукинаның «Педагогика» оқулығында (-М.,1977) тәрбие әдістерін:
1.Жеке адамның санасын қалыптастыру;Тұлғаның сезім мүшелер арқылы оның ақыл-ойы санасына ықпал ете отыра,оның өмірлік ұстанымын,көзқарасын,сенімін қалыптастыру.]Ол үшін жасөспірімдерге жағымды мінез-құлық нормалары мен ережелерін түсіндіру ,адам ,қоғам өмірінен тәжірибе,үлгі келтіре отырып олардың жан-жақты әрекеттерін ұйымдастыру керек.Бұл тәрбие әдістеріне негізінен әңгіме,әңгімелесу,лекция,пікірталас жатады.Олар мазмұны жағынан танымдық,саяси,этикалық,эстетикалық тақырыптарды қамтиды. Солардың ішінде ең көп қолданылатыны – этикалық әңгімелер.
Әңгімеде тақырыптың мақсаты айқын белгіленуі,мазмұны нақты фактілермен дәлелденуі, оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп, қарапайым тілмен нақтылы өмірге қатысты мәселелер қозғалуы қажет.
Әңгімелесу сынып ұжымының өмірі мен оқушыларының мүддесіне сай тақырыптарды талдау, оған олардың белсене араласуын, қойылған мәселеге сын көзбен қарап нақтылы қорытындылар жасау қажеттілігінен туындайды.
Тұлғаның сенімі мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда лекция тәсілі де қолданылады. Лекция тақырыбы өмірдің, қоғамның, тіпті мектеп немесе оқушылар өміріне қатысты көлемі кең өзекті мәселелерді талқылауға арналады.
Тәрбие әдісінің келесі бір түріне пікірталас тәсілін жатқызамыз. Пікірталасты ұйымдастыру барысында оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, сенімдері артады, өмірлік көзқарастары шыңдалады.
Мақсаты оқушыларды қоғамдық өмірде болып жатқан оқиғаларға, түрлі іс-әрекеттерге,жағдайларға баға беруге, соның негізінде өзін қоршаған әлеуметтік ортаға адамгершілік көзқарасын, қарым қатынасын қалыптастыру.
[2.Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру,іс-әрекетті ұйымдастыру немесежаттықтыру әдісінің маңызы,тұлғаның тек әрекетте ғана жеке басының жан-жақты қалыптасып және дамитындығында.]
Іс-әрекет адамдардың өзін қоршаған ортаға белсене қатысуына негізгі формасы. Бұл топтағы әдістерге талап қою, жаттықтыру, тәрбиелік жағдай туғызу, тапсырма беруді жатқызуға болады. Ал қоғамдық пікір-ұжымды қалыптастыруды оның жоғарғы сатысына тән қасиет. Бұл әдістің маңызы өмірдегі болып жатқан оқиғаларға дұрыс көзқарасты қалыптастыру, блалардың іс-әрекетін бағалау,жаман қылықтардан сақтандыруды мақсат етеді. Бізге мәлім болғандай, тәрбие процесі баланы пайдалы іс – әрекетті орындауға үйретуден басталады. Үйрету-тапсырма беру,оны орындауға жаттықтырудың негізінде атқарылады.Бұл мақсатты процесс.
Жаттығу-үйретудің алдына қойған мақсатты жоспарлы түрде,әртүрлі әрекет барысында жүзеге асыру.Жаттығу барысында дағды қалыптасады.
[3.Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру немесе мадақтау және жазалу әдістерінің маңызы тәрбиелеу шараларының сапасы мен тиімділігін арттырады оларға баға беруде,бала мінезіндегі жақсы қылықты көтермелеп,теріс қылықтарын тежеуді көздейді.Мысалы:Мадақтау баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің нәтижесін дұрыс бағалау және көтермелеуді,яғни ынталандыруды мақсат етсе,жазалауоған жағымсыз қылықтары мен іс-әрекетіндегі келеңсіз жағдайларын түсіндіру,айыбын ұғындыру,оны шынайы сезінуі және өзіне-өзі бақылау жасауына көмектесуді көздейді.
4.Мінез-құлық,іс-әрекетке бақылау жасау,өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және өзіне өзі баға беру әдістері деп те қарастырады. ]
Жоғарыда келтірілген тәрбие әдістерін жіктеу түрлерінің қайссы бірін алсақ та ,олар негізінен жеке тұлғаның қалыптасуындағы оның мәні мен іс-әрекетін ұйымдастырудың маңыздылығына байланысты дәлелдейді.Сол себептен тәрбие әдістерін топтастыру немесе жіктеу тәрбиенің мақсат пен міндеттері және мазмұнына байланысты анықталады.
[Кез келген тәрбие әдістерін таңдау:
1.Нақтылы сынып жағдайына;
2.Баланың жас және дара ерекшелігіне;
3.Оқушылар ұжымының қалыптасу дәрежесіне;
4.Тәрбиешілердің педагогикалық әдеті мен балаларды қаншалықты жақсы білуі және білім дәрежесіне;
5.Тәрбиенің мақсаты,принциптері мен мазмұнына;
6.Бала әрекетінің сапасына байланысты болып келеді.
Сондықтанда тәрбиешілер тарапынан әдістерді таңдау және оларды қолдануда аса жауапкершілікті қажет етеді. ]
Тәрбие әдісі – қойылған мақсатқа жетудегі оқушылар ұжымы мен тәрбиешілер іс-әрекетінің жиынтығы. Тәрбие әдісі көмегімен тәрбие процесінде оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру мақсатты түрде іске асымрылады. Әрбір әдіс құрал болып табылады, оның көмегімен тәрбиеші оқушы санасына, сезіміне, тәртібіне әсер етіп, әртүрлі іс-әрекеттер ұйымдастырады. Олар түрлі тәсіл көмегімен жүзеге асырылады. Тәжірибелі ұстаздар көптеген жанамаәдістерді де қолданады. Олар тіркелей әсер етпейді, жолдастары, ұжым, қызықты іс-әрекет, көркем әдебиет,т.б арқылы әсер етеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Әбенбаев С.Ш Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы. – Алматы : Дарын,2004
2. Бабаев С.Б Жалпы педагогика: Оқулық- Алматы: ССК, 2018
3. Губашева С.Г., Отарбай А.Ж Тәрбие жұмысының әдістемесі: Оқу- әдістемелік құрал. –Астана: Фолиант, 2007.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген