Материалдар / ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқы өнерлі халық болғандықтан, өнерін жоғалтпай өзінің ісін, өмірін жалғастыратын шеберлі өнерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірген. Ал қазіргі күнде жастарды өнерге, шеберлікке үйрету, ұлттық тәрбие беру технология пән мұғалімдеріне жүктелген
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Буркитбаева Гүлсім

Балалар мен жасөспірімдер орталығының қолөнер үйірме жетекшісі


Қазақ халқы өнерлі халық болғандықтан, өнерін жоғалтпай өзінің ісін, өмірін жалғастыратын шеберлі өнерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірген. Ал қазіргі күнде жастарды өнерге, шеберлікке үйрету, ұлттық тәрбие беру технология пән мұғалімдеріне жүктелген.

Халқымыздың сарқылмас бай қазынасы, рухани мұрасы болып табылатын қазақ қолданбалы өнеріне деген алғашқы негізі, ұлттық мәдени құндылықтарға баулу ісі мектептегі бейнелеу өнері пәнінен басталатыны белгілі.Осы тұрғыдан бейнелеу өнері пәнін мектепте оқытудың негізгі мақсаты қоршаған орта әсемдігін көру, сезіну, қабылдау қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетін жетілдіру, көркемдік қаракеттерді өз бетімен орындауға үйрету болып табылады.

Қазіргі таңда мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиесіне баулу арқылы өз ұлтымыздың ұлттық қолөнеріне үйрету – оқу тәрбие үрдісінің өзекті мәселелерінің бірі болып келеді. Қолөнерге оқушыларды баулу өз елін, жерін, халқын сүю, салт-дәстүрін бағалай білуге үйретеді. Қай халықтың болмасын қолөнері, оның тарихынан, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен қатар өркендеп, дамиды. Сондықтан жас жеткіншектерді халқымыздың мазмұнға бай тәрбиесі негізінде өсіруге, ой-өрісін, жоғары эстетикалық тағлымын, биік адамгершілік тұлғасын қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.Қолөнерді жасап байыту арқылы адамның жан дүниесі, ақыл-ойы, қиялы, іскерлігі, шеберлігі, тапқырлығы, талаптылығы, ұқыптылығы және байқағыштығы артып, дағдыландырады.Қолөнерді оқыту әдісі дегеніміз — мұғалімнің технология сабақтарында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетіне басшылық ету тәсілдерінің жүйесі.Қазақ халқының ұлттық өнерін, тарихын көптеген ғалымдарымыз Ә.Марғұлан, Ө.Жәнібеков, Х.Арғынбаев, С.Қасиманов, Ғ.Иляев, А.Ғалымбаева, А.Мұқанов және т.б. зерттеп көптеген еңбектерін жарыққа шығарған.Еңбек сабақтарында оқушыларды қолөнеріне баулу және сәндік қолданбалы өнер негіздері бойынша М.Қозыбақов, Ш.Әбдуалиева, С.Жолдасбекова, Б.Ортаев, т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізген.Технология сабақтарында халқымыздың қолөнерін үйрету арқылы оқушыларға ұлттық дәстүрге тәрбие берудің артықшылығы көп. Қолөнерге баулу, шығармашылықпен ұштастырып білім беру, еңбек етуге баулумен қатар ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрге тәрбиелеу қазіргі заманның талабы. Қолөнерге қызықтыру үшін кез келген бұйымның, туындының жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсетсек, қосымша әдебиеттерден мағлұматтар берсек қайталанбас ерекшеліктерге толы жасалу технологиясымен таныстырсақ оқушы шығармашылықпен іске кіріседі.
Қазақ қолөнер көркем мәдениеттің бір бөлігі болып табылады.Бұл өнер ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін тұрмыста қолданып келеді.Қазақтың ұлттық өнерімен таныстыру негізінде бала айналадағы дүниенің қимыл-қозғалыстарының алуан түрлі реңін түсінеді.Балалардың өнер туындыларымен бірге үнемі байланыста болуы рухани-өнегелік,эмоционалдық-сезімдік дамуының және шығармашылық мүмкіндіктерінің қалыптасуының негізгі тірегі болып келеді. Оқушылар бейнелеу өнері,ән-күй; құрастыру және қол еңбегі,көркем әдебиет сабағында және ертеңгілік-тер мен ойын-сауықтар барысында халқымыздың ұлттық өнерімен танысып,көркем талғамын,өзіндік дүниетанымын қалыптастырады.

Қазақстандағы мектеп оқушыларының көркем мәдениетін қалыптастыруда ұлттық өнердің ерекшеліктері мынадай міндеттерді алға қояды:

қолданбалы және бейнелеу өнерінің мәнерлеу тілін меңгеру арқылы қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыру;

қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыда бағалауға қажетті білім қалыптастыру;

бейнелеу өнері сабақтарында оқушының шығармашылық қарекеттерінің потенциалын жетілдіру;

-оқушылардың ұлттық өнерге деген мақтаныш сезімі мен елжандылығын қалыптастыру.

Оқушыларға халық шеберлері-ағаш шебері, ұста,зергер,тоқымашы,кестеші,өрмек тоқушы т.б.таныстыра отырып, олардың қолынан жасалған бұйымдар туралы мағлұмат беру балалардың білім деңгейлерін жетілдіре түседі.

Қазіргі кезде сол ұлттық қол өнерді жас ұрпақтың бойына дарытын, үйрететін мектептерде жүргізілетін еңбек пәні. Олай болса «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер” деген халық даналығын басшылыққа алып, жас ұрпақты тәрбиелеуде, дамытуда, қалыптастыруда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие құралдарын (тіл, дін, өнер, үлгі-өнеге) орнымен пайдалану бүгінгі күн үшін де өте маңызды.
Балалар ағаш шебері ағаштан түйін түйетінің,ұста темірден жасалатын бұйымдарды соғатынын,зергер әшекей бұйымдарды жасайтынын,тігінші киім тігетініні жөнінде мағлұмат алып,ұлттық бұымдардын жасалу ерекшеліктерімен танысады.
Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл – ой деңгейі дамып, жетіледі, еңбектің мәні және құндылығы арта түседі. Балалар мен жастардың еңбек тәрбиесі ежелден – ақ ата – ана парызы, бүкіл халық міндеті болды.Қайсыбір қолөнер шеберін алсақта олар өздерінің жасаған бұйымдарын түрлі ою-өрнектерімен әшекелейді.Әдемілік пен әсемдікке құштарлық адамзатқа тән. Көркем бұйымдар мен зәулім ғимараттар — көз қуанышы. Ол жанды сергітеді. Ежелгі адамдар жын – шайтаннан қорғану және өзін — өзі сәндеу үшін тәндерін нақыштап, киімдерін әшекейлеп, үйлеріне тұмар іліп қоятын. Осының нәтижесінде ою — өрнек пайда болды. Ою — өрнек латынның «оrnamentum» сөзімен мәндес. Оның аудармасы әшекей, өрнек, бедер деген мағынаны білдіреді.Көшпелі қазақтар табиғаттың әдемілігіне сүйсіне отырып, өз айналасының сұлулығына аса мән берген.

Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата дәстүрі халықтық өнер желісін үзбей, халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, оларды көздерінің қарашағындай сақтап, ілгері дамытып өркендету — өнегелі іс.Мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыруда сәндік-колданбалы өнерді менгеру үрдісінде кәсіби шеберлігін калыптастыру оның адам өміріндегі рөлін жетік түсіндіруден, оның маңыздылығы мен мәнін және спецификалық зандылықтарын толық ашып көрсетуден де талап етіледі.Адам өміріндегі қоғамдық салт-дәстүр, әдет-ғұрып қашан да адам қиялынан туындап, заман ағымына карай байып, мазмұны тереңдеп келе жаткан тәрбиелік мәні өте зор тағылым.

            Қолөнер бұйымдарын жасау барысында қазіргі жастарға берер тәлім – тәрбиесі, пайдасы өте мол, сонымен қатар эстетикалық тәрбие бере отырып, өз қолдарымен қажетті бұйымдар жасай білуге, шеберлікке қолөнер шығармашылықтарын дамытады.


ЖИ арқылы жасау
26 Желтоқсан 2023
231
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі