Материалдар / Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің негізгі бағыттары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің негізгі бағыттары

Материал туралы қысқаша түсінік
Құқықтық тәрбие дегеніміз – бұл құқықтық білім беру – адамның құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізі ықпал етуші әдісі. Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2021
479
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің негізгі бағыттары

«Егер де өзім бүгін заңға қайшы келсем, заңға

қарсы шықсам, онда ертең құқығым табанға

басылған кезде менің сол құқығымды кім жақтайды,

кім қолдайды?» деп ойлау керек?

Н.Ә.Назарбаев



Бала тәрбиесі-бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянсыз болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата – ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата – аналар іс – жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.

Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдың меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтық тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау – ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез – құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады. Құқықтың тәрбие негізі отбасынан басталады. Әрбір ата – ана өз баласының жас ерекшелігіне қарай құқықтық сауаттылығын арттырып отырған жөн.

Құқықтық тәрбие дегеніміз – бұл құқықтық білім беру – адамның құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізі ықпал етуші әдісі. Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру – құқықтық сананың негізгі белгілері. Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез – құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім тәрбиенің қолайлы обьектісі болып табылады.

Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу; заң нормаларын орындау; қоғамдық тәртіпті; заң нормаларын бұзбау; заң күшіне сену және т.б..Құқықтық мәдениеті дамыған тұлға – құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болады.

Құқықтық тәрбие беру арқылы жастарды өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық міндеттерін орындай отырып қоғамда өмір сүруге, заңдар мен ережелерді тәжірибеде белсенді қолдана білуге үйретуге болады.

Бүгінде оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқындауда В.А. Сухомлинский “қандай да бір құқықтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып жеке адамның мұқтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға оқушылар шаруашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік- құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез – құлықтарына қалыптастырады”- деп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлеріне кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше.

Мектептегі құқықтық тәрбие беру жұмысының негізгі мақсаты:

1. Жас ұрпақты қоғамның заңдары мен құқықтық нормаларын сыйлау рухында тәрбиелеу;

2. Мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде белсенділікпен қатысып, өз отанын қорғауға әрқашанда дайын болу, жаттықтыру;

3.Өз елінің материалдық және рухани байлығын сақтап, оны молайтуға қабілетті адамдарды тәрбиелеу.

Мектептегі құқықтық тәрбие беру жұмысының негізгі  міндеттері:

1.Оқушыларға мемлекет пен құқық жайлы білімдерді меңгерту.

2.Мемлекет пен заңдарға зор құрметпен қарау сезімдерін қалыптастыру.

3.Жеткіншектердің мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талаптарына сай қалыптастырып, адамгершілікке тәрбиелеу.

4.Біздің қоғамымыз гуманист, халық үшін қызмет жасайтын қоғам болуы керек. Олай болса, құқықтық тәрбиенің міндеті – жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін қалыптастыру, заңды бұзушылыққа қарсы күресу.

Баланың құқығы – отбасында өмір сүру, әлеуметтік қорғалуға құқылы, демалуға, денсаулық сақталуға, білім алуға құқылы.

Қорыта келе, әрбір ата – ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі – өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды»деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірле» білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл – заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!