ШҚО
Көкпекті ауданы
Шұғылбай ауылы
Куньязова Г.О.
«І.Жансүгіроа атындағы орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Оқушыны ғылыми зерттеушілік жұмысқа үйрету
Дарынды оқушылардың өзіндік шығармашылығын дамыту, ғылыми ізденіске жетелеу үшін көп еңбектің талап етілетіні белгілі.Баланы қызықтыра отырып, дұрыс тақырып таңдауы үшін мұғалімнің өзі де көп ізденіп, көп білуі керек. Ғылыми жұмысқа жаңа кіріскен бала көп кедергіге кездесетіні белгілі. Мұндай жағдайда,әрине мұғалім басшылық жасап,көмекке келеді.Баланың талпынысына ата-ананың да қолдау көрсетуі,көмегі қажет. Ғылыми зерттеу жұмысын орындау барысында баланың тұлғалық танымдылық, психологиялық күш-жігері болуы тиіс.Бастысы,мұндай жұмыстарға баланы мәжбүрлемей, қызықтыра отырып өздігінен талпынуына жағдай туғызып,білімін дамытуға бағыттау .Мұғалім алдыңдағы басты міндет- оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне ,ізденіп білімін жетілдіруге,технологиялық ақпараттарды пайдалана білуге бағыттап,танымдылық ізденістерін жетілдіру.Баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау.Сонда ғана біз дүниетанымы мол,жан-жақты білімді,шығармашыл,сыни ойлауы дамыған,өзіне сенімді жеке тұлға қалыптастыра аламыз.Өзіне сенімді жеке тұлғаны ғылыми зерттеу жұмысына тартыла отырып,зерттеу жұмысының талаптарын қалыптастыру қажет.Бұл жұмыстың тиімділігі оқушылардың ғылым туралы ұғымдары кеңейіп,зерттеу жұмысының тақырыбын таңдай білуге,белсенділіктерінің артуына жол ашылады.Осындай жұмыстардың дәлелі ретінде оқушым Әділханова Назеркенің ғылыми жобасын ұсынамын.
Өзектілігі:
Шахмат ойынының шығу тарихымен сыныптастарын таныстыра отырып, оларды шахмат өнеріне деген қызығушылығын арттыру.Әр адамның талантына қарай бір өнерге қызығушылығы болады. Ендеше, шахмат ойынының достарымның ойлау қабілеттерінің дамуына әсер етері анық..
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Шахмат ойынын насихаттау арқылы логикалық ойлауға жол ашу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Шахмат деген атау қайдан алынғанын анықтау. Шахмат ойынының шығуы хақындағы аңыз –әңгімелер жинау. Шахмат өнері дамыған елдер туралы білу. Әлем және Қазақстандық чемпиондары туралы деректер жинау. Шахмат ойынын сыныптастарымен ойнай отырып, олардың логикалық ойлауларына әсер ету.
Зерттеу жұмысының әдістері:
Іздену ,пікірлесу, ақпараттарды жинау және өңдеу. Көрнекіліктер пайдалану.
Зерттеу болжамдары Егер мен шахмат туралы зерттеу жұмыстарымды мектебімде жариялап білгеніммен бөліссем , онда менің достарымның да шахматқа деген қызығушылығы артып, логикалық ойлауы дамыр еді.Сойтіп, математика пәніне сүйіспеншілігі артары сөзсіз. Мен де мақсатыма жетер едім.
Кіріспе
Шахмат ойынын адамдардың көпшілігі жақсы көріп, қызығып та, сүйіп ойнайтыны рас.Ал сол шахматты кім, қашан ойлап тапқаны туралы көпшілік біле бермейді. Мен шахмат ойнауды атамнан үйрендім. Ол кісі немерелерін жинап,1-2 сағат уақытын бізбен шахмат ойнауға бөледі.Шахмат партияларын жазуды және оқуды үйреніп, аса мықты шахматшылардың ойындарын оқып талдаса деп армандаймын.Бірақ мен ауылда болғандықтан маған ондай мүмкіндік жоқ. Қазақ елінің намысын көкке көтеріп жүрген Жансая сияқты болуды армандаймын.Шахматты әбден меңгеріп алып шахматшылардың «Ақ ладья» жүлдесі үшін жарыстарына қатыссам деймін.Шахматшы өз қабілетін ертерек бала кезінен бастап дамыта бастауы керек. Өйткені гроссмейстерлердің барлығы дерлік шахматтағы алғашқы қадамдарын 6- 9 жасында бастаған.Қазақстандық, шахматтан әлемнің төрт дүркін чемпионы, гроссмейстер Жансая Әбдімәліктің журналға берілген сұхбатында «біздің елде шахмат академиясын ашу » туралы арманын оқыған едім. Сол арманына 2014 жылдың 10 қаңтарында Алматы қаласында қол жеткізіп, академияға 200 –ге тарта балалар қабылдаған екен.Онда әсіресе бастауыш топтағы балаларға көп көңіл бөлінетіні мені қызықтырады.Қазір мен мектеп жанындағы «шахмат әлемі» үйірмесіне қатысып жүрмін.Мен шахмат ойнауды үйренгеннен соң, осы «шахмат» деген атаудың қайдан шыққаны туралы үнемі ойлайтын болдым. Бізге зерттеу жұмысына тақырып таңдау туралы мұғаліміміз айтқанда мен өз ойымды айттым. Мұғалімім менің ойымды құптап, қолдау көрсетті.
Негізгі бөлім. Біздің заманымызға жеткен шахмат ойынының терминіне қарасақ, ол түгелдей дерлік Иран тілінен алынғаны байқалады.Мысалы, «Шахмат»деген сөздің өзі екі түбірден құралады.Шах – кароль, мат – өлді деген ұғым береді.Сонда бұл ойын қазақша «патша өлді» деп аталмақ екен.Шахмат ойынының тұңғыш аты чатуранга.Бұл үнді тілінде төрт мүше деген ұғым береді. Төрт мүше - төрт мүшелі әскер деген сөз.Бұған сол кездегі соғыс арбасы, піл , атты әскер, жаяу әскер кіретін болған. Чатуранга сөзінен барып арабтың "чатрандж» сөзі келіп шыққан.Қазақ тілінде кездесетін шатраш сөзінің тарихы да осы болуы мүмкін. Шахмат ойынының шығуы туралы көптеген аңыздар бар. Соның ішіндегі ең қызықтысы шығыстың ұлы ақындарының бірі Әбілқасым Фердаусидің «Шахнама» атты ұлы шығармаларынан кездестіреміз. Ол «Гав және Талханд» деп аталады.Мұнда үнді патшасы Джамхур дүние салғаннан кейін оның екі баласының арасында таққа таласу жөнінде үлкен дау туғаны айтылады.Көп кешікпей патшаның балалары Гав пен Талханд әскер жинап, соғыс ашады.Бұл соғыста Талханд жағы жеңіліске ұшырайды.Талханд кенеттен піл үстінде қайтыс болады. Соғыс аяқталған соң анасы кіші ұлының қайғылы қазасына ашынып, Гавқа «бауырыңды өлімге қалай қидың?!» деп аналық айып тағады.Гав анасын жұбату үшін және қиян кескі соғыста ағасына ешкімнің де қару көтермегенін, оның жарақатсыз өлгенің көрсету мақсатымен ел ішіндегі дана-ақылгөй адамдардың бәрін патша сарайына жинайды.Солардың ішінде бір адам майдан алаңын бейнелейтін тақта жасайды.Оны өзара тең 100 шаршыға (бұл күндері 64 шаршы) бөліп,тақтаның екі жақ бетіне қару-жарақтары бар әр түсті әскерді бейнелейтін фигураларды тігеді. Олар қарама-қарсы түске боялы қойылады. Шахтар(патша) әскер қатарының орта шенінде,оның қасында шахтың оң қолы уәзір(ферзь),екі жағынан екі піл,пілдердің жанына түйе мінген екі жануар(бұл фигура қазір ат)тігіледі.Тақтаның екі жақ шеткі шаршыларына аузынан қанды көбік бұрқыраған екі рух (қазіргі ладья,тағдыр жаршысы - жаналғыш) қойылады.Жаяу әскерлер (пешкалар) осы фигуралардың алдына орналастырылады.Осылардан кейін ол фигураларды кезекпен жүріп қиян-кескі соғыстың барысындақолбасшылардың өмірін сақтай отырып,қырғынға ұшыраған әскерлерді бейнелеп береді.Міне, тағдыр жаршысы рухтың((ладьяның) жазуы бойынша Талха дүние салған,яғни шах «мат» болған. Сонда тақта үстіндегі соғысты және кенже баласының өлімін осылайша көзімен көрген ана қалған азғана ғұмырын азалы жағдайда өткізген екен дейді. Ақын дастанында VI-VII ғасырда жарық көрген «Матикан және чатурангад» (Чатуранга шахмат туралы кітап) атты шағын шығарманың тақырыбын пайдалана отырып, шахматты ойлап табу жөнінде тағы да бір қызықты аңыз келтірілген.Онда да бір раджа (үнді князі) осы бір тамаша ойынғаөте қатты қызығады да,оны ойлап табушыға қандай сыйлық болса да беруді ұсынады.Бір өнерпаз раджадан шахмат тақтасының шаршысына сәйкес астық беруін өтінеді.Сондағы оның қалаған есебі бойынша астық мөлшері мынадай болып шығады: бірінші шаршыға бір бидай дәнін, екінші шаршыға бидай дәнін ,үшінші шаршыға екіні екіге көбейтіп төрт бидай дәнін,төртінші шаршыға төртті төртке көбейтіп он алты бидай дәнін,бесінші шаршыға он алтыны он алтыға көбейтіп 256 дән...,сөйтіп одан әрі осы әдіспен шыққан санды 64 шаршыға жеткенше еселеп көбейтіп беруді сұрайды. Раджа көп болса 2-3 қап бидай ғана кетер деп ойлап,өтінішінің мұндай жай екендігіне таң қалып орындауды бұйырады.Ал есептей келгенде бұл жарлықты орындауға елдің бүкіл астық қоры жетпейтін болып шығады. Бұл ойын ең алғаш Ежелгі Шығыста пайда болған екен.Жиналған деректерге сүйенетін болсақ, Үндістанда VI ғасырдың өзінде –ақ шахмат ойыны ойналған .Шахмат ойыны Үндістаннан Қытайға,Тибетке,Малайя аралдарына Иранға таралған. Ал, Ираннан барып шығыс халықтарына: арабтарға, армияндарға, грузиндерге, византиялықтар мен түріктерге ауысқан.Иран,Кавказ арқылы Ресейге тараған. Зерттеу қорытындыларында Киев пен Новгород жерінде шахмат ойыны кең орын алынғаны расталып отыр.Орыс эпостарындағы Илья Муромец, Алеша Папович,Михайло Потык батыр әрі шахматты шебер ойнаушы ретінде суреттелген. Орыс жерінде шахмат ойнау XV ғасырдың басында патша мен ақсүйектердің балаларын тәрбиелеп,баулу жүйесіне енгізілген.Орыс жерінде шахмат ойынының кең таралғаның шахмат фигуралары мен тақтасын бағалы материалдардан; піл сүйегінен,хрусталь,янтарь,алтын жалатылған металдардан жасағанынан байқауға болады. Иван Грозный патшалық еткен тұста Мәскеуге келген Павел Одерброн деген адам: «Орыстар шахматты зор шеберлікпен ойнайды.Бұл ойынды олар шеберлікпен ойнайтыны сондай, тіпті мен олармен тең түсетін халықтың бар –жоғын білмеймін»деп жазады. Әлем чемпиондары XIX ғасырда шахмат өнері дамыған елдер мәдениетінен кенінен орын ала бастады.Халықаралық жарыстар, чемпиондардың турнирлер мен матчтарда кездесулері басталды.Әр елден таңдаулы шахматшылар шығып,таныла бастады. Осы кезде халықаралық шахмат аренасына көрнекті орыс шахматшысы Чигориннің шығуына байланысты орыс шахмат мәдениеті бұрынғыдан да гүлдене түсті. Чигорин ширек ғасыр бойы үздіксіз Ресей чемпионы болды және халықаралық жарыстарда сол кездегі шет елдердің мықты да таңдаулы шахматшыларын тізе бүктірді. Стейниц Вильгельм-1936 жылы Прагада туып,1900 жылы Нью-Йоркте қайтыс болған.Ол қарсыласынан бес ұпай алға шығып, шахматтан тұңғыш әлем чемпионы атанды. Ласкер Эмануил 1894 жылы әлем біріншілігінде өткізген жеке сайыста Стейниц Вильгельмді жеңіп, Әлемнің екінші чемпионы атанды. 1921 жылы Гаванада Ласкермен әлем біріншілігін өткізген Капабланка Хосе-Рауль 6/4 есебімен ойсырата жеңіп,әлемнің үшінші чемпионы болды. Чигорин шахмат мектебінің дәстүрін одан әрі дамытқан орыстың көрнекті гроссмейстрі, әлемнің төртінші чемпионы Александр Александрович Алехин болды. Эйве Магиэлис-1901 жылы Амстердамда туып,1981 жылы қайтыс болған.Голландияның әйгілі шахматисі,әлемнің бесінші чемпионы,математика ғылымының докторы. Ботвинник Михайл Моисеевич-1911 жылы Петербург қаласының маңында туған.Кеңес Одағының көрнекті гроссмейстрі, әлемнің алтыншы чемпионы.Смыслов Василий Васильевич -1921 жылы Мәскеуде туған. Әлемнің жетінші чемпионы, бұл атақты 1957-1958 жылдары иеленді. Таль Михаил Нехемьевич -1936 жылы туған, әлемнің сегізінші чемпионы .КСРО гроссмейстрі және халықаралық гроссмейстр. КСРО гроссмейстрі және халықаралық гроссмейстр. Вартанович Тигран-дүние жүзінің тоғызыншы чемпионы.Бұл атақты 1966 жылы үміткер Б.Спасскийді жеңіп, құрметті атақты тағы да сақтап қалады. Спасский Борис Васиельевич КСРО гроссмейстрі және халықаралық гроссмейстр. 1969 жылы әлемдік жарыста Т.Петеросянды 12,5/10,5 есебінен ұтып,әлемнің оныншы чемпионы атағына ие болды. Фишер Роберт 1972 жылы Б.Спасскимен әлем чемпионы үшін өткен жарыста жеңіп,әлемнің он бірінші чемпионы атанды.Карпов Анатоли Евгеньевич КСРО гроссмейстрі және халықаралық гроссмейстр. Әлемнің он екінші чемпионы.1984 жылы Мәскеу қаласында дүниежүзілік бірін шіліктің кезекті матчы басталды. Бакулық гроссмейстр Гарри Каспаров пен Анатолий Карпов шахмат тарихында ең ұзақ матч өткізді.Бәсекеде 48 матч ойнағаннан кейін,яғни 1985 жылдың ақпан айында бұл матчты ФИДЕ-нің президенті Ф.Кампоманес тоқтатты.Сөйтіп 22 жасар Гарри Каспаров әлемнің он үшінші чемпионы деп жарияланды. Қазалқстандағы орталық архивінде сақталған құжаттарда 1888 жылдың қараша айында генерарал-губернатордың нұсқауымен Верный округінде шахмат үйірмесін ашқан екен.Бірақ бұл үйірменің жұмысы генерарал-губернатордың нұсқауымен ғана орындалған.Тек 1925 жылдардан бастап қана елімізде шахмат ойынына алғашқы қадамдар жасалды.Бірінші спартакиада 1932 жылы болды.Бірақ біздің шахматшылар бұл ойында жолдары болмады.1933жылы Алматыда болған екінші спартакияда алматылық Ғұбайдар Мендешев чемпион атағын жеңіп алды.Жыл өткен сайын шахматтан мықты спортшылар саны көбейе түсті.1938 жылы Қарағандыда болған төртінші чемпионатта бірінші рет оқушылар қатысып,8-сынып оқушысы Оралдық Шамшиден Мурзагалиев жеңіске жетті.Бұл шахматтағы тосыннан болған күтпеген жағдай болды.Содан кейін Оралдық Шамшиден Мурзагалиев қатарынан үш рет республика көлемінде жеңіске жетті. Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты уақытша шахмат сайыстары тоқтатылып,соғыс аяқталған соң қайта жалғасын тапты.Шахмат сайыстары тек ерлер арасында ғана емес,әйелдер арасында да зор жетістіктерге жетіп жүрді .Әйелдер арасындағы жоғарғы лиганың төртінші чемпионатында қазақстандық Гульнара Сахатованың жұлдызы жарқ етті.Оның ізін жалғап шахмат турнирындағы әйелдер арасындағы жарыстарда .Ирина Буланова,П.Абдиқасымова,С.Қалдыбаева,Э.Сахатова,Ф.Усаковалар өз өнерлерін көрсетті. Бүгінгі күнге дейін Қазақстандық шахматшылар арасында он бес гроссмейс- тер бар.Барлық қазақстандықтардың мақтанышы болған Жансая Әбдімәлік өзінің алты жасынан бастап шахмат ойнай бастағаның,шахматты оған әкесі үйреткенін айтады. Жансая Әбдімәлік –өзінің бір әңгімесінде «Арманым –әлемдегі ең жас гроссмейстер атану»деген еді.Сол арманы орындалған жас шахматшы он алтыншы болып Қазақстаннан шыққан халықаралық гроссмейстер болып тіркелді.Төрт дүркін әлем чемпионы болып,Гиннес кітабына енді.Қазақстан- Британдық Университетіне оқу гранты берілді.Қазақстандағы ең мықты,ең жас шахматшы екенін әлемге мойындатқан қазақтың өрімдей жас қызы үздік 100 шахматшылар қатарына 89 болып тіркелді. Қорытынды:: Қазіргі таңда Қазақстандағы басқа да мақтанышпен айтатын 16 жасқа дейінгі шахматшыларымыздың жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. 16 жасқа дейінгі үміткерлер арасындағы Динара Садуақасова мен 14 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы шеберлік шыңдағанЖанат Сайын, 8 жасқа дейінгі бәсекелесінде Бисара Асаубаева, Әсел Серікбай сияқты құрдастарымыз Қазақстан құрамасын жалпы чемпионаттық есепте 11 орынға еншілетіп,қазақ халқының әлемдегі орынын ойып көрсетіп келеді.Осындай жерлестеріміздің бүкіл әлемдік аренадан көрінуі маған да үлкен ой салып, армандарға жетелейді. «Болмасаң да ұқсап бақ»-деп Абай атамыз айтқандай шахматшы болып, әлем көлеміне танымал болмасам да, облыс, аудан көлеміндегі жарыстарға қатысып жүлделі болу арманым. Ата-бабамыздың қанымен сіңген қайсарлық пен өжеттілік, шыдамдылық қасиеттерін бойыма сіңірсем деймін. Шахмат ойыны күрделі ,терең ой толғанысты, көлемді білімділікті керек етеді. Мен оқитын І.Жансүгіров атындағы орта мектебінде 3-4 –сыныптарда «Шахмат әлемі» үйірмесі бар.Үйірме жетекшісі Талғат Ауданұлының шахматты жетік үйрену үшін ойынның негізгі ережелері мен принциптерін,дебют, миттельшпиль,эдшпиль кезеңдеріндегі позицияның өрістеу жолдарын ойын үстінде шебер ұштастыра білуге дағдылану үшін үйреткен әр сабағынан өзіме ой түйемін.Және сабақтан алған білімімді одан әрі ұштап жаттығу үшін үйде ініммен,сыныпта достарыммен шахмат ойнауды ұнатамын.Әр ойын барысында туындаған мәселелерді атам Әділханмен ақылдаса отырып шешемін. Атам Әділхан менің шахматқа деген талпынысымды құптап, бар білгенін зор ықыласпен түсіндіреді.Шахмат фигураларының жүріс жолдарының ерекшеліктеріне зейін салып,меңгеруіме жол сілтейді. Ой спортының қиын да қызық күнделікті өмірімізде алатын орыны ,оның рухани игілігімізге айналу процесі, эстетикалық әсері жайлы көп айтуға болады. Өйткені шахматтың құпия сырларының кілтін тапқан адам одан ләззат алатыны белгілі. Оның табиғатын түсініп,рухани азық ете білу зор ғанибет,шешімдерін шын көңілмен қабылдасаң, ол серігіңе, сырласыңа айналады, логикалық ойлау қабілетін ашылады,мейіріңді өсірер өнегелі істерге үндейді.Алуан тәтті ойлардың тереңіне сүңгітеді. Мен осындай қорытынды жасай отырып, өз сыныптастарымды , достарымды шахмат ойнауды зор ықыласпен үйренуге шақырамын.
Қолданылатын әдебиеттер.
1. «Шахмат в казахстане» Е.М.Браун Алматы-2002 Медицина баспасы 2. «Шахматы путь к мастерству» Виктор Пожарский Ростов-на –Дону Феникс-2013. 3. «Шахмат,дойба ,тоғызқұмалақ» 4.Мектептегі дене шынықтыру 2007 жыл.№1,2,3. 5..Мөлдір бұлақ (Жас зиялылырға арналған танымдылық журналы)№12 6.Жұлдыздар отбасы №4 (168) 2014 жыл наурыз .
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз