Оқушының білім сапасын көтеруде биоақпараттандыру және синергетика технологиясының маңызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушының білім сапасын көтеруде биоақпараттандыру және синергетика технологиясының маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының білім сапасын көтеруде биоақпараттандыру және синергетика технологиясының маңызы жайлы түсінік берілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» ММ 
«№27 ЖОББМ» КММ
 
бастауыш
сынып мұғалімі 
Медеуқанова Лаура Қайнарқызы
 



Оқушының білім сапасын көтеруде биоақпараттандыру және синергетика технологиясының маңызы


«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен

азаматтардың білімімен өлшенеді»

Н.Ә.Назарбаев


Әлемдегі жаһандану үрдісінің қарқынды жүруі еліміздің білім беру жүйесіне үздіксіз жаңару мен өзгерістер әкелуде. Бүгінгі қарыштап дамыған өркениетті заманның өзекті мәселесі-дербес және белсенді шешімдер қабылдай алатын білімді ұрпақ тәрбиелеу. Өскелең ұрпақтың ой-өрісінің даму тенденциясын заман талабына сай дамыту әрбір ұстаздың міндеті. Осы ретте, саналы ұрпақты тәрбиелеуде тәжірибені өзгертіп, жаңа технологияларды кеңінен игеріп келеміз. Қазіргі таңда мектебімізде ғалым-практик Ф.Я.Вассерманның биоақпараттандыру және синергетика технологиясы бойынша білім беру жүйесі жүзеге асырылуда.  Мектебіміздің білім сапасын арттыру мақсатында пәндерді оқытудың өзегі ретінде  осы технологияны қолданып келеміз.

Пән бойынша білім сапасын көтеруде БжС технологиясының ықпалы артуда. Әр сабағымда технологиялық карталарды тиімді қолданамын. Сынып оқушылары биоақпараттандыру және синергетика технологиясының маңызын түсініп, технология бойынша жұмыс жасауға дағдыланды. Оқушылар жылдамдықпен жұмыс жасауға, уақытты үнемдеп, зейінін тұрақты ұстай білуге үйренді. Оқушылар жеке және жұппен де, топпен де   жұмыс жасайды.

Әдебиеттік оқу пәнінен «Ауызша сабақ -1» катасын қолданып өткізген «С. Жүнісов. Кімнің мекені жақсы?» атты сабағымда сыныптағы 30 оқушының ешбірі қалыс қалмады, өз ойларын тұжырымдап айта білді. Бұдан сынып оқушыларының тілдік мәдениетінің дамып, өз  іс -әрекеттеріне есеп беруге дағдыланғандығын байқадым. Дүниетану пәні бойынша өткізген «Жануарлар дүниесінің тіршілігі» атты сабағымда тірек сөздермен, тақырыптық-сөздік қормен жұмыста оқушылардың шығармашылық ізденістерін, сыни ойлауының дамығандығын байқадым. Математика пәні бойынша «Алгоритм» картасымен өткізген ашық сабағымда оқушылардың ерекше белсенділігі байқалып, шектелген уақытта тапсырмаларды оқыту сапасының нормативтік көрсеткішінен жоғары деңгейде орындап шықты. Оқушылар математикалық терминдерді қолданып сөйлеуге жаттықты, жылдам есептеуді үйренді.

Мектепішілік семинарда «Бастауыш сыныпта оқу пәндерін биоақпараттандыру және синергетика технологиясы бойынша оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында баяндама оқыдым, өз тәжірибеммен бөлістім.

Жұмыс нәтижесінде,  сынып оқушыларының білім сапасы артты. Барлық жүргізілген жұмыс білім планшетінде көрініс тапты. Осы орайда, өзім үшін өте құнды болған біраз жайттың бірі- оқушылардың оқу үдерісін бақылай алуға және оқушы   біліміндегі өзгерістерді басқара алуға дағдыландым. Оқыту ортасын әзірлеу, іске асыру, басқару және жоспарлауды технологиялық карталар арқылы жүргізуге үйрендім. Бұл оқыту сапасындағы кедергілерді жоюға мол мүмкіндік берді. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыста мұғаліммен бірге қабілетті оқушылардың бірлескен әрекеті мол нәтиже берді. Сыныптағы үлгерімі төмен оқушылардың бірі - Нұрғазина Диана мен Елмұрат Дамирдің белсенділігі артып, облыстық интеллектуалдық конкурстарға қатысып жүлделі орынға ие болды. БжС технологиясын пайдаланып оқыту тәсілін өзгерту мен үшін өте табысты болды. 2- сынып оқушыларына арналған таңдаулы курс бағдарламасы «Сиқырлы математика» атты авторлық бағдарламам жарық көрді. Бұқаралық ақпарат құралдарына БжС технологиясы бойынша өткізген ашық сабақтарымды да жарияладым.

Ендеше, бүгінгі білім мен біліктілік бәсекелескен заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз деген сенімдемін!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.02.2019
427
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі