Материалдар / Оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізі ретінде логикалық ойлауды дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізі ретінде логикалық ойлауды дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Наурыз 2021
392
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізі ретінде логикалық ойлауды дамыту»

Жалпы функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Әр технологияның өзіндік ерекшелігі бар. Функционалдық сауаттылық дегеніміз адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы. Біз тек оқулық шеңберіндегі білімді үйретумен шектеліп қана қоймай, кең түрде әр баланың талабына, деңгейіне сай жұмыстарды саралап, ыңғайластыруымыз керек. Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда жаңа инновациялық әдіс-тәсілдердің ең тиімдісін пайдалану жоғарғы нәтиже береді деген қағидамен, өзім оқып, үйреніп, тәжірибеде пайдаланып келе жатқан оқушылардың сабақта логикалық ойлауын дамытудың маңызы зор деп есептеймін.

Бастауыш сынып оқушылардың фукционалдық сауаттылық мазмұны келесі мағынада сипатталады:

оқу, жазу сауаттылығынан;

жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;

  • математикалық сауаттылығынан;

  • компьютерлік сауаттылықтан;

  • денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;

  • құқықтық сауаттылығынан.

Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау, бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, кейінірек ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді.

Сондықтан оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бойында логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру және тиімді жолдарын іздестіру мәселесі қазіргі таңда ұстаздын алдында тұрған, яғни біздің міндетіміз. Сонымен қатар бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеттің бір түрі –логикалық ойлау тәсілдерін қалыптастыру.

Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырамын және ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туғызамын. Сондықтан мен оқушыларды ойланып оқуға бағыттай отырып оқу үрдісін жүйелі ұйымдастырып сабақта оқушылардың логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді молынан пайдалану арқылы үйретемін.

Оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізі ретінде логикалық ойлауды дамыту үшін:

Сабақ барысында тақырыпқа сай логикалық тапсырмаларды ұйымдастырамын;

2. Оқушылардың шығармашылығын арттырудағы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдаймын;

3. Оқушылардың жеке бас ерекшелігі мен қабілетін ескеремін;

4. Оқушының сабақ үстіндегі таным белсенділігі мен пәнге қызығушылығын арттырамын.

Мен оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолданып, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздік жұмыс, шағын шығармашылық жұмыстарды орындатамын, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, т.б. алуан түрлі әдіс - тәсілдерді қорлданамын. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып, менің оқушыларым өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді.

Оқушының бойында функционалды сауаттылықтың қалыптасуына көптеген факторлар әсер етеді, алайда, функционалды қабілеттер мектеп қабырғасынан және жанұядан басталады. Сондықтан, біз мектептегі функционалды сауаттылықты дамыту жөніндегі жұмыстың сапасын мүмкінідігінше жоғары деңгейде дамытуын қамтамасыз етуіміз қажет. Бүл – заман талабы.
Балалардың функционалды сауаттылығына тек қана мектеп, тек қана оқу-тәрбие ісіне ата-ананың қатысушылығы ғана емес, ата-аналардың өз функционалды сауаттылығы да ықпал етеді. Сол үшін, мектеп отбасылармен, ата-аналар ұжымымен бірлесе отырып, жұмыс атқару қажет.

Бастауыш сынып оқушылары сабақта ойын элементтерін көп керек ететіндіктен қай сабақты болмасын талапқа сай дайындалған көрнекілікпен, жұмбақ, ребус, т.б. араластыра отырып, ойын элементтерін көп пайдаланамын. Бұл оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады. Орынды ұйымдастырылған ойын үстінде балалар сергіп, тапсырманы тез нақты орындайды. Егер мен оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырсам, олардың сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына ықпал жасағаным болып табылады.

Қорыта келгенде логикалық ойлау қабілетін дамыту –кешенді жұмыс. Ол оқу үрдісінен бөлек оқу-тәрбие процесінің барлық бағыттарында іске асырылады. Сонымен, бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізі ретінде логикалық ойлауды дамытудың қысқаша сипаты осындай. Ал оларды тереңдеп, зерделеп зерттеу келер күндердің міндеті.


Кендирова Айым Талгатовна

Әулиекөл бастауыш мектебінің мұғалімі



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!