Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Оқушының математикалық сауаттылығының сапасын арттырудағы оқытудың белсенді стратегияларының рөлі" жоба
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру кафедрасы
ЖОБА
Оқушының математикалық сауаттылығының сапасын
арттырудағы оқытудың белсенді стратегияларының рөлі
Тыңдаушы: Ихсанова А.Т. Қарағанды, ЖББОМ №81
Жетекші: Досова Л.А., МДТжБББ
кафедрасының аға оқытушысы
Қарағанды – 2017
Мазмұны
Кіріспе ...................................................................................................................3
1 Оқытудағы тұлғаның белсенділігінің мәселесі..............................................5
1.1 Оқытудың белсенді стратегияларына сипаттама.....................................5
1.2 Оқытудың белсенді стратегияларын қолданудың түрлері мен ерекшеліктері........................................................................................................7
3 Оқушылардың оқу-тану құзыреттілігін дамыту негізі ретінде математикалық сауаттылықты қалыптастыру жолдары...............................9
Қорытынды...........................................................................................................12
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................13
Қосымша...............................................................................................................14
Кіріспе
«Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының» негізгі мақсаты – білім берудің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін, сапалы, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Оны шешу үшін оқу үрдісінде жаңа технологиялардың ұлттық құндылықтарды танытуда маңызы ерекше. [1]
Қазіргі кезде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім алу кеңістігіне бағытталуда. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.
Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін, білім сапасының бәсекелестігін, оқушының шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделу мәселелерін арттыруды, адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуді талап етеді.
Жаңа заман мұғалімі өз білімін қолданумен қатар, шәкірттерінде зерттеушілік, ізденушілік әрекетін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру керек. Жаңа технологияларды жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына, пәніне деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Қазіргі таңда әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын мұғалім өз еркімен таңдайды.
Өзектілігі. Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделу мәселелері тұр. Сол себепті мемлекеттің алдында тұрған бір өзекті мәселе адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүретін, қызмет ететін тұлға тәрбиелеу.
Жобаның мақсаты: Жаңа форматтағы сабақтарда белсенді стратегияларды қолдану арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру.
Жобаның міндеттері:
-
Оқытудың белсенді стратегияларын пайдалану арқылы математикалық сауаттылықты қалыптастыру.
-
Оқушының математикалық сауаттылығын арттыруда сабақ үрдісіне PISA есептерін кіріктіру.
-
PISA талаптарына сәйкес тапсырмаларға мысалдарды келтіру.
-
Тұлғаға бағытталған белсенді оқытудың бағыттарын қолдану.
Күтілетін нәтижелер:
-
Мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған белсенді оқыту стратегияларын пайдаланады.
-
PISA бағдарламасының математикалық сауаттылығының элементтерін сараптау нәтижесінде қажетті стратегиялар мен дағдылар анықталады.
-
Оқушылар үшін PISA бағдарламасы элементтеріне ұқсас үлгілер құрылады.
Оқытудағы тұлға белсенділігінің мәселесі
Ұлы ойшыл Конфуцийдiң «Маған айтсаң, мен ұмытамын. Маған көрсет, мен жадымда сақтаймын. Маған өзiме iстеуге мүмкiндiк бер, үйренемiн» деген сөзi бар. Мұны мынадай зерттеулер де дәлелдейдi.
Көргенiмiздi пiкiрталастырғанда – 50%, белсендi әрекеттер арқылы өзiмiз өз қолымызбен жасағанда – 75%, үйренген бiлiмдi дереу қолданып, басқаларға үйреткенде 90% есте сақтайды екенбiз.
Демек, оқушылар да жұптасып немесе шағын топ iшiнде қоян-қолтық жұмыс iстеу арқылы жаңа тақырып бойынша өз ойларын ашық айтып, бiрi бiлмегенiн екiншiсiнен үйрене алады.
Оқытудағы белсенділік – мұғалімнен оқытудың солай қойылуын талап етеді, қайсысы оқушыларда ынталықты, тұрақтылықты, терең білім алуына мүмкіндік жасауды көздейді. Сонымен бірге оқушыларда іскерлікті, дағдыны, ойлауды, бақылағышты есі мен сөзін және шығармашылықты қалыптастыру.
Оқу жұмысын белсендіру түсінігі білім меңгеруде, тәжірибеде қолданылатын игерім мен дағдыларын қалыптастыруда оқушылардың қызығушылығы мен өзбетінше жұмыс істеуін, шығармашылық белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін оқыту құралдары мен әдістерін, түрлерін ойлап табуға бағытталған оқытушының мақсатты жұмысын білдіреді. Сонымен қатар, өзбетінше шешім қабылдауы және өндірістік жағдай болжау мүмкіндігін қалыптастыру.
Белсенділіктің 3 дегейі:
• Қайта жаңғырту белсенділігі — оқушының түсіну, есте сақтау, білімін жаңғырту, үлгі бойынша қолдану жағдайларын меңгеру талпынысымен сипатталады.
• Интерпретация белсенділігі — оқушының алып жатқан білімінің мағынасын тану, байланысын орнату, өзге жағдайларда қолдану талпынысымен байланысты.
• Шығармашылық белсенділігі — оқушының теориялық білімнің мағынасын түсінуге, мәселелердің шешімін өзбетінше іздеуге, танымдылық қызығушылықтарын көрсетуге ұмтылу.
Белсенді оқыту әдістерінің басты принципі – оқушының «мен істей алмаймын», «мен білмеймін» деген ұстанымдарына тосқауыл қою. Еркін кеңістік принципін ұстану ұсынылады: сабақ қатысушылары еркін қозғалуына, шеңбер бойынша орналасуына, кіші топтарда бірігіп жұмыс істеуіне болады, мәселені шешу, тапсырманы орындау үшін жекелене алады және т.б.
Оқытудың белсенді стратегияларына сипаттама
Имитациялық емес оқыту - оқу үдерісінің немесе әрекеттің моделінің болмауы. Оқытуды белсендіру мұғалім мен оқушы арасындағы тура және кері байланыс орнату арқылы жүзеге асады.
Имитациялық оқыту түрлерінің белсенді әдістеріне ойындық емес нұсқалары
жатады: нақты ситуацияларды талдау, имитациялық жаттығулар, тренинг;
Ойындық түрлеріне жатады: рөлдік, іскерлік ойындар, мәселелі-іскерлік зерттеу (ғылыми жоба), ұйымдастыру-танымдық (эссе құрастыру), ұйымдастыру-іскерлік ойындар (портфолио), блиц-ойындар (сұрақ-жауап), ойындық жобалау.
Оқытудың белсенді стратегияларын қолданудың түрлері мен ерекшеліктері
Математика пәнінің басты мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Логикалық ойлау қабілетін арттыруда есептің атқаратын ролі зор. Себебі, есеп шығару – мидың “гимнастикасы”. Логикалық ойлау қабілеті жоғары оқушы қай пәннің материалын болса да оңай меңгеріп тез түсінеді. Сондықтан бұл пәннен оқу үлгерімі жақсы оқушының басқа пәндерден де үлгерімі жақсы болады. Себебі әр пәннің оқу материалдары мазмұндары жағынан әр түрлі болғанымен оны игерудегі логикалық ойлау операциялары мен ой қорыту формалары бірдей болып келеді.
Америкалық педагог-математик Д.Пойа былай деген: «Математиканы білу деген не? Бұл есептерді шығара білу, онда стандарттық есептерді ғана емес, ойлаудың еркіндігін, сананың салауаттылығын, өзіндік болмысты, тапқырлықты керек ететін есептерді шығару». Сондықтан, орта мектептің математика курсының бірінші әрі ең басты міндеті есеп шығарудың әдістемелік жақтарына назар аудару.
Математикалық есептердің тәрбиелік мәні зор. Есеп шығару кезінде төзімділік пен табандылық қалыптасады. Тиімді шешімді іздеу жазудың, сызудың ықшамдығы мен мұқияттығын керек етеді. Ойлаудың ерекше математикалық стиліне тәрбиелейді:
• Талқылаудың, формальдік - логикалық сұлбасын сақтау (талдау, құру, дәлелдеу, зерттеу);
• Ойдың ықшамдығы;
• Ойлау барысының нақтылығы;
• Математикалық символиканы дәл қолдану
Оқушы біліміне мұғалім берген баға оқушының іштей өзін-өзі бағалауына сай келмесе, оның белсенділігіне теріс ықпал етеді, яғни, көтерме баға оқуға деген тұтынушылық қатынасты дамытуға, мұғалім беделін түсіруге соқтырады, ал төмен баға қою жағымсыз сезім, өз мүмкіндігіне сенімсіздік, кейде дау-дамай тудырады.
Есеп шығару, талдау есептер жүйесін құрудың мынадай әдістемелік ерекшеліктерін анықтауға жол ашты:
1) есеп мазмұнындағы мәліметтердің ғылымилығы;
2) есеп шығаруды үйретудің дамытушы сипаты;
3) есепті кәсіби түрде шығара білуді қалыптастыру мен дамытудың жүйелілігі және сабақтастығы;
4) есеп мазмұнында мәселе көтерілуі;
5) есеп мазмұнының кәсіби бағыттылығы;
6) есеп шығаруды үйретудегі саналылық пен мақсаттылық;
Осының бәрінде де математикалық ойлаудың жеткілікті түрдегі жоғары деңгейін қалыптастыру қажет.
Оқытудың белсенді стратегиялары
Кейс-стади – өзбетінше ойлау қабілетін және шешім қабылдау дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беретін мәселелі сипаттағы сұрақтарды топпен талдау.
Іскерлік, рөлдік ойындар – оқушыларға әртүрлі кәсіби рөлдерде сөйлеуге және сабақты мәселелі жағдайды қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқыту әдісі.Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Миға шабуыл әдісі – топта жұмыс істеуде шығармашылық белсенділігін жігерлендіру негізінде студенттерге ситуация шешімі жауабының ең көп бірнеше жолын айтуға мүмкіндік беретін, идеялар мен шешімдерді қабылдаудың оперативті әдісі.
Топтық дискуссия әдісі оқушыларды кәсіби жағдайды талдауға, мәселені құру дағдыларын қалыптастыруға үйретуге, басқа қатысушылармен қатынасқа түсу игерімін дамытуға, сонымен қатар, әртүрлі кәсіби мәселелер бойынша шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әңгімелесудің арнайы түрі.
Портфолио – белгілі уақыт аралығында орындалған оқушылардың әртүрлі жұмыстарының жинағы (оқу жылында).
Тестілеу – әртүрлі күрделіліктегі өзара байланысты тапсырмалар жинағынан тұратын, білімін мен оқушының басқа да педагогты қызықтыратын жақтарын сенімді және нақты түрде бағалауға мүмкіндік беретін педагогикалық өлшеу әдісі (В.С. Аванесов).
Проблемалы оқыту әдісі – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ). ОҰӘ - оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы.
ОҰӘ принциптері:
- жоғары жетістікке талпыну;
- алынған мәліметті бір-біріне лезде кідіріссіз жеткізу;
- оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық;
- әр түрлі деңгейлік;
- тақырып пен тапсырмалардың әр түрлілігі;
Топтарда оқыту
әдісі. Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші
және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп
шешуі үшін сыныпты топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік
ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік
береді.
Альтернативті
технологиялар. Вольдорф педагогикасы «гуманистік педагогика»
мен «еркін тәрбие» идеяларын іске асырудағы әр түрдің біреуі болып
табылады. Ол мұғаліммен одақтасуда жекеліктің өз бетінше таңдауы
мен тануы жүйесінде көрінуі мүмкін.
Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори) Мақсаттық бағыты:
- жан-жақты дамыту;
- жекелікті тәрбиелеу;
- бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түзгіштерін біріктіру.
Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.
Дамыта оқыту технологиялары. 1. Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Математиканы оқытуда тәжірибені шыңдай түсуде көп жеңілдік ашқан технологиялардың бірі – осы технология. Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:
- ассоциация;
- бірлестік қызмет;
- көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау.
Бұл технология бойынша:
- оқу үрдісінде қызығушылық артады;
- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;
- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.
Бұл бағдарлама басқа технологиялардан өзінің құрылымымен ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады.
Әр кезеңнің өзінің қызметі бар. Қызығушылықты ояту –оқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадам. Сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар арқылы оқушылардың ойы шыңдалып, ашылады,белсенділігі артады. Мағынаны тану кезеңі - мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады (жаңа сабақ түсіндіріледі), оқушылар жаңа ақпаратты меңгереді. Әр кезеңде қолданылатын сратегиялар түрлері: Қызығушылықты ояту кезеңі (болжау кестесі, тірек сөздер, венн диаграммасы, миға шабуыл, топтастыру т.б.). Алғашқы кездерде барлық сынып ұжымымен өткізуге болады. Мағынаны тану кезеңі пікір-талас, бағытталған оқу, INSERT түртіп алу, кубизм). Ой толғаныс кезеңі (эссе, топтастыру, бес жолды өлең). RWCT бағдарламасындағы «Болжау, кубизм, пікірталас» т.б. стратегиялар оқушыларды ойлаудың жоғары деңгейіне көтереді. Ең бастысы шыңға шығуға талпыну бірте-бірте оқушының қажеттілігіне айналады. Ол ешкімнің жетектеуінсіз танымдық талпыныстар жасауға үйренеді.
Мысалы Insert стратегиясы, ізденгіш адамды қалыптастырады.
Бұрыннан таныс мәлімет, «√» |
Білмейтін ойы, «–» |
Жаңа танылған мәлімет, «+» |
Таңқалдырып, сұрақтар тудырған ой, «?» |
|
|
|
|
Мәтінмен жұмыс істеген кезде қарындашпен жай ғана түртіп белгі қойып отырады. Көрсетілген жүйемен жұмыс істеп үйренген оқушы мәтінді оқымастан бұрын дайындалады, судыратып оқып шықпай, ой маржандарын түю, әдемі бір сыр сақтайтын туынды әзірлеу үшін мән бере түсініп мағынасын ажырата оқиды.
Оқушылардың оқу-тану құзыреттілігін дамыту негізі ретінде математикалық сауаттылықты қалыптастыру жолдары
Қазақстан азаматында дамыған құзыретті жеке тұлғасын қалыптастыру оқу пәндерінің құралдарымен сабақ арқылы жүзеге асады, сондықтан, мотивацияны жоғарлату үшін, сабақ төмендегідей болу керек:
-
Толық ақпараттандырылған және кең көлемде пәнаралық байланысы бар;
-
Сабақтың құрылымы нақты және әр оқушыға түсінікті болу керек;
-
Көрнекілікті, өзіндік іс-әрекетті жүзеге асыру үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану;
-
Сабақ қызықты және әсерлі болу керек. Ойлау әрекетін дамыту қажет (логикалық, шығармашылық).
-
Әр оқушы өзіндік жетістігін сезіну керек.
Математиканың теориялық негізін есеп түрінде меңгеру оқушының ойын белсендіреді, икемділік, жылылық, тереңдік, жинақылық, жүйелік, т.б. тәрізді қажетті қасиеттерді қалыптастырады. Сонымен қатар, есептер математикалық білім, білік дағды жүйесін қалыптастырудың маңызды құралы, ал есеп шығару - оқу және кәсіптік әрекеттің жетекші түрі. Әрбір есептің өзіндік әдістемелік мақсаты да бар.
Сондықтан оқушы есепті жылдам әрі қатесіз шығаруға, жаттыға түсуге ұмтылудан гөрі, оны шығармашылықпен шешуге, шешімінен тиісті қорытынды жасай білуге тырысуы қажет. Математиканы үйрену мен белсенді шұғылдану, шын мәнінде, есеп шығару.
Математикалық сауаттылық – қоршаған ортадағы математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.
Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша PISA халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шеше білу құзіреттіліктерін бағалауға бағытталған.
Бұл зерттеу Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) жүзеге асырылады. PISA зерттеуі 2000 жылы басталып, үш жылдық кезеңмен өткізіледі. Бұл қатысушы-елдерге оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелеріндегі қозғалысты, білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістерді бақылауға, жүргізілген реформалардың салдарын анықтауға мүмкіндік береді.
PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.
Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асады: «математикалық сауаттылық», «жаратылыстану сауаттылығы» және «оқу сауаттылығы».
Оқыту мақсаты: оқушыларды математикалық материалды түсінуін қамтамасыз етуге бағытталған математикалық қызметке қатыстыру және ой-өрістің дамуы арқылы математиканың базалық негізін сапалы меңгеруді қамтамасыз ету; ұлттық және жалпыадами құндылықтар негізінде талдау жүргізудің практикалық дағдысы мен біліктігін иелену, ойлаудың математикалық стилін қалыптастыру; негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игерудің практикалық негізін жасау.
Оқыту міндеттері: көрнекі-бейнелік және логикалық ойлауды, оқу уәжін, өздігінен білім алу қабілетін, математика тілінде сөйлеуді, талдау мен дәлелдеулер жүргізу және қарапайым зерттеу есептерін шығару біліктігін қалыптастыру; тұлғаның интеллектуалдық қасиеттерін (логикалық ойлау, интуиция, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару, жігерлілік және т.б.) және алгебраның базистік негізін сапалы меңгертуді қамтамасыз ету; оқушылардың тұжырымдарды талдау және дәлелдеу білігін, ойлау қабілетін, әр оқушының математикалық интуициясы мен шығармашылық қасиеттерін дамыту; өздігінен жұмыс атқару дағдыларын дамыту; берілген тақырып бойынша оқушыларға өздігінен есептер құрастыру мен оларды шығаруға мүмкіндік беру.
Математикалық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында оқушыларға келесі іскерліктерді үйрету ұсынылады:
– анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу;
– математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру;
– игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу;
– дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау;
– математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру.
Оқушының математикалық сауаттылығының сапасын арттырудағы оқытудың белсенді стратегияларының рөлін өз сабағымыздың жоспарында көрсетілген (қосымша 1).
Қорытынды
Оқушыларға математикалық мәдениет,
ой-әрекетінің математикалық стилін қалыптастырудың негізгі жолы -
әр түрлі математикалық есептерді шығару үрдісінде оқушылардың оқу
әрекетін ұтымды, тиімді ұйымдастыру және
басқару.
Осыған орай, нарықтық экономика дәуірінде жас
ұрпаққа математиканың негізін меңгерту, білім беру мен тәрбиелеудің
бірден-бір негізгі мәселесі болып
табылады.
Елімізге аса қажетті білгір мамандардың, дарын иелерінің, өте талантты тұлғалардың дәріс алар алғашқы ұясы – мектеп. Өрендер мектеп қабырғасында өткен он бір жыл ішінде тиісті ғылым негіздерінен тиянақты біліммен қаруланады.
Болашақ ғалымдар – бүгінгі күннің оқушылары, ертеңгі өрелі ізденістерді бүгіннен бастап білуі керек.
“Бала бақыты – жақсы ұстаз қолында” деген сөздің түп негізі осында жатқан сияқты. Жеке пәндерден берілетін білім сапасын арттыру сол пәннің төңірегінде жұмыс жүргізуімен ғана іске аспайды. Бұлармен қоса әрбір жеке пән мұғалімдерінен оқушылардың бір пәннен алған білімін басқа бір пәнде пайдалана алатындай дәрежеде жұмыс жүргізу талап етіледі.
Оқушылар әрбір жеке пәннің өзіндік “философиясын” меңгермейінше ол пәннен тыңғылықты терең білім ала алмайды.
Оқушы біліміндегі формализмді болдырмаудың
негізгі құралы – оларға пән бойынша жан-жақты білім беріп, дүниеге
ғылыми көзқарасын
қалыптастыру.
Қолданылған әдебиеттер:
1.ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауы: «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір келешек»
2.Функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған 2012-2016 жж.ұлттық іс қимыл жоспары. 25.06.2012. № 832 Үкімет қаулысы
3.Қазақстан Республикасында білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2011ж.
4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана, 2012 г.
5.PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Тыңдаушының жұмыс дәптері // NIS- PEARSON.
6.PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы.Оқу сауаттылығы. Тренерге арналған нұсқаулық // NIS- PEARSON.
7.PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы.Оқу сауаттылығы. Мұғалімнің жұмыс дәптері // NIS- PEARSON.
8. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ (2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН).
9. Джон Ричардсон «Преврати свою группу в команду» 9, №2(ноябрь-декабрь) 2005г.
10. Дж. Сафир и М. Хейли «Схемы суммирования: иструктуры заданий для обеспечения объединения и поддержания нового обучения». Эктон,1993.
11. Заир – Бек С.И., Муштавинская И.В. Развитие критического мышления на уроке – М.: Просвещение, 2004 – 175б.
12. РамендикД.М.Тренинг личностного роста. – М.: Форум, 2010.
13. Л.В.Виноградова. Методика преподавания математики в средней школе.учеб.пособ.
Ростов на\Д.:Феникс.2005-252с
14. И.Шварцбурд, О.А.Боковнев. Углубленное изучение алгебры и анализа. Пособие для учителей.
М., «Просвящение», 2005.
15. А.В.Фарков. Математические олимпиады в школе 5-11классы-М.Айрис-пресс.2005.-176с.
Интернет-ресурсы http: //www. akorda. kz/ru/page/ page_poslanie-prezidenta-respubliki-kazakhstan-n-nazarbaeva-narodu-kazakhstana_14-dekabrja_2012-d-1357813742 htt: //www.ruscenter.u/319.html.
13