400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушының шығармашылық жұмыстардағы сыни ойлауының нәтижесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының сыни ойлау қабілетіне ықпалдастық жасау. Сабақ тақырыбын түсіндіруде өмірмен ұштастыра отырып түсіндірудің сыни ойлауға әсері. Қазақ тілі сабағында сыни ойлауға қарапайымнан күрделіге қарай жұмыс жасатудың тиімді нәтижесі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушының шығармашылық жұмыстардағы сыни ойлауының нәтижесі



Бүгінгі заман талабына сай білім сапасына ықпалы мол ұстаз еңбегінің бірі оқушымен шығармашылық жұмыс. Оқушы бойындағы дарындылықты ашудың ұстаз үшін үлкен маңызы бар. Оқушы тал шыбықтай нәзік оны қалай иілдірсең солай қабылдып өседі. Оқушы бойындағы тың және таза дарынын ашу тәжірибелік шеберліктің көрсеткіші. Балалармен көп жылдық жұмысымдағы байқағаным бала көргенін, естігенін, білгенін іске асыру үшін қызығуы шарт және әрбір берілген ақпараттың мәнін ұғынуы қажет. Қазақ тілі сабағында бала сөз мағынасы мен қолданылу мәнін ұқса, қазақ әдебиеті сабағында әрбір шығарманың идеялық мәнін, мазмұнын ұғынуы шарт. Оқушы мәнді ұғынбай білгенін пайдалана алмайды екен. Мәнді ұғындыру тақырыпты өмірмен байланыстырғанда ғана оқушы санасына жетеді екен. Мысалы: сөйлемнің мағыналық түрлері тақырыбын түсіндіру барысында оқушыға оқулықтағы теориямен емес күнделікті қолданыстағы сөйлемдердің мағынасынан бастаған дұрыс. Менің тәжірибемде оқушылардан «Сіздер күнделікті біреуден бірдеме сұрарда қандай сөйлемдер айттыңыздар?» немесе «Сіздер бүгіндікке кімнен не сұрадыңыздар?» т.т. осындай пікірлесумен бастаймын. Оқушылар күніге неше рет біреуден бердеме сұрағанын тізіп айта бастайды. Ол сөйлемдерді ерікті қолданыста дәптерге жазады. Содан соң сөйлемнің грамматикалық дұрыстығын анықтаймын. Содан соң, сұраулы сөйлемның мәнін түсіндіремін. Сұралған сөйлемнен хабарлаған сөйлемінің шыққанын түсіне бастайды. Бұл өтілген сабақта сыныпта сөйлемнің мағыналық түрлері туралы түсінікті қамтымаған оқушы болмады. Ендігі мәселе теориялық /тілдік бағдар/ мәселесі болды. Оқушылар оны тақырып бойынша мәнді ұғынып, мазмұнын білгеннен соң қолданыста пайданып көрді де түсініктерін пысықтап алды. Тақырыптық түсініктерді оқушы санасына ұғындыру мұғалім өзі қалай қабылдап басқаға ыңғайлы жағдайда жеткізе алады деген оймен ұласу керек. Осындай қарапайым тақырыпты түсіндіруден оқушыда сынау процессі қалыптасады. Оқушы сын көзбен қарағанда ғана сыни ой пайда болады. Оқушыны сыни көзқарасқа дайындау қарапайымнан күрделіге ұласса тиімдірек болады. Оқушының санасы білейінші деген сәтке дейін жеткізу тақырыпты өмірдегі бар қолданыстарымен түсіндіруде. Оның жөні де бөлек, нәтижесі де бөлек екенін түсінгелі бері менің тәжірбемде балаға ой тастау, сыни ойлау, нәтижеге бағытталған сараптамалық ойлау болды.

Бұл тек бір мысал ғана, тақырып көп тек оны өмірмен байланыстыра түсіндіруге ынта болса жеткілікті.


Мақала авторы А.Ужазова





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 наурыз
346
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі