Материалдар / ОҚЫТУ МЕН ОҚУ ҮДЕРІСІН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА «LESSON STUDY-ДІ» ҚОЛДАНУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ОҚЫТУ МЕН ОҚУ ҮДЕРІСІН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА «LESSON STUDY-ДІ» ҚОЛДАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
ОҚЫТУ МЕН ОҚУ ҮДЕРІСІН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА «LESSON STUDY-ДІ» ҚОЛДАНУ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Сәуір 2024
216
3 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

 

«СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жобаның тақырыбы: ОҚЫТУ МЕН ОҚУ ҮДЕРІСІН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА «LESSON STUDY-ДІ» ҚОЛДАНУ


 

 

 

 

 











Дайындаған : И – 001тобының студенті Сырымұлы.М

Жетекшісі : Тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Мұқатаева 3.Қ



Семей 2024

ОҚЫТУ МЕН ОҚУ ҮДЕРІСІН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА «LESSON STUDY-ДІ» ҚОЛДАНУ

Қазіргі уақытта әр бір педагог үшін өз білімдерін шыңдау, дамыту басты мақсат болып табылады. Себебі, білім бір орында тұрмайды, ол үздіксіз дамып отырады. Әр күн сайын біз жаңа ашылулар, жаңалықтар оқып,көруімізге болады. Сол жаңалықтардың бірі — жаңаша тәсіл — Lesson Study деп аталады.  Lesson Study — мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study–ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. 

1970 жылдан бастап «Lesson Study» барлық жапон мектептерінде мұғалімдердің біліктілігін арттырудың негізгі тұғыры болып есептеле бастады. ХХІ ғасырда американдық зерттеушілер «Lesson Study» жапон мұғалімдеріне педагогикалық біліммен қатар, өздерінің пәндік білімдерін де тереңдетуге көмектесетінін, пәндік білімнің тереңдеуі жапондық оқушылардың, американдықтармен салыстырғанда, білім көрсеткіштерін жақсартуға ықпал еткенін білгеннен кейін «Lesson Study» әдістемесі Батыста да кеңінен тарады.Мұғалімдер топтарының бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейтін, сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі - Lesson Study.

Lesson Study әдісі бойынша сабаққа қатысқандар өздері таңдаған зерттеу проблемасы ауқымында оқушының әрекеттерін бақылап, олардың қалай оқитындықтарына назар аударып, оқушылармен сұхбаттасып, олардың оқудағы жетістіктері мен қиындықтарын айқындап, сабақты талқылағанда осыларды дерек ретінде қолданып, сабақты жақсартуға қолданады. Lesson Study әдісін қолдану барысында мына негізгі ұстанымдарға сүйенген жөн:

І. Сабаққа дейін.

1) Lesson Study тобын құру.
2) Lesson Study-дің мақсатын және күтілетін нәтижелерді айқындау.
3) Таңдалған проблема ауқымында коучинг өткізіп, мәселенің теориялық мазмұнын ашу, мүмкін шешімдерін таңдау.
4) Сабақты бірлесе жоспарлау.
5) Бақыланатын оқушылар мен шағын топтарды, бақылау барысы мен интервьюде қолданылатын құралдарды таңдау.
6) Оқушылардан сабаққа дейін сұхбат алу (бұл қадам міндетті емес).
7) Оқушылардан алған интервью негізінде сабақ жоспарына өзгертулер енгізу (егер оқушылардан сабаққа дейін интервью алынбаса, бұл қадам да қолданылмайды).

ІІ.Сабақ кезінде.
Lesson
Study сабағы.
а) оқушыларды бақылау.

ІІІ. Сабақтан кейін.

9)Оқушылардан сабақтан кейін сұхбат алу.
10) Сабақты талқылау, сабақ жоспарына өзгерістер енгізу, сабақ жоспарының жақсартылған нұсқасын дайындау.

Егер мұғалім айтылған ұстанымдарды қолданса олардың кәсіби әрекеттері «Бірлесу, ақылдасу, қолдау» ұғымдары аясында жүзеге асырылады. Осылайша Сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісі мұғалімдерді тұрақты түрде, толассыз кәсіби шеберлігін дамытуға ынталандырып, ұжымдағы ынтымақтастықты дамыта түседі. Сондықтан қазіргі кезде көптеген мектеп оқытушылары өз жұмыстарын осы әдіске негіздей бастаған. Бұлда дұрыс болар, өйткені бұндай топтардағы ұстаздар өзін-өзі басқарып, өз әлеуметін өзі дамытатын ортасын қалыптастырады. Осылайша Сабақты зерттеу (Lesson Study) топтарын тұрақты түрде өзін-өзі реттейтін, өзін-өзі дамытатын мектептің құрамдас бөлігіне айналдырған дұрыс және де бұндай топтарға барша ұстаздар қауымын араластырған дұрыс. Lesson Study әдісін пайдаланған мұғалімнің сабаққа дайындалуы да сабаққа қатысу мәдениетіде өзгерері сөзсіз. Мәселен, мұғалімдер сабаққа «түнде, үйде, жалғыз» форматында дайындалса, енді олар сабақ жоспарларын «күндіз, мектепте және бірлесе» форматы ауқымында дайындайды. Қазіргі күні көп мектептер осы қағиданы ұстанып, сабақ жоспарларын бекітуді әр күннің кешіне қалдыруда. Бұның өзі ұстаздар қауымы үшін тиімді. 

ҚОРЫТЫНДЫ

Lesson Study тәсілі кәсіби дамудың тиімді тәсілі, мұғалімнің кәсіби қоғамдастығын құру болып табылады, бұл үдерісті жеделдетуге көмектеседі. Оқушының терең ойлануына, оқушыны тыңдау керектігін, не ойлағанын тыңдай білуге бағытталуы керек.

Болашақта осындай әдіс - тәсілдерді қолдана отырып өткен сабақтарыммызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз және үлгерімі "С" дәрежесіндегі оқушылармен әлі де жұмыстар жасап "В" дәрежесіне жеткізуге, "В" дәрежесіндегі оқушыларды "А" дәрежесіне жеткізуге тырысамыз. Талантты және дарынды оқушыларға күрделенген тапсырмалар беруде әлі де ізденуге жұмыстанамыз.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Кларин М.В. Әлемдік педагогикадағы инновация: зерттеу, ойындар, пікірталастар негізінде оқыту. Шетелдік тәжірибені талдау]. – Рига: НПЦ «Эксперимент», 1995. – 176 бет.

2.Кішібаева Д.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. Оқу құралы. түркістан қ. а.Ясауи атындағы ХҚту, 2010. – 113 бет.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!