Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ОҚЫТУ МЕН ОҚУ ҮДЕРІСІН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА САБАҚТЫ ТАЛДАУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ОҚЫТУ МЕН ОҚУ ҮДЕРІСІН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА САБАҚТЫ ТАЛДАУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Ж.С. Бекмурзина, 1- (ілгері ) деңгей бойынша сертификатталған жоғары санатты орыс тілі пәні мұғалімі, мектеп тренері
«А.Өтепбергенов атындағы орта мектеп» ММ, Маңғыстау ауданы, Маңғыстау облысы
Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құяды. А.Байтұрсынов.
Мектеп базасында жүзеге асырылатын іс-әрекеттегі зерттеу үдерісі арқылы практик – мамандар мектеп проблемаларын қарастырып,оларға жан-жақты жауап беру мүмкіндігіне ие болады. Бұл «мектептегі шара» немесе «мектеп туралы ақпарат» қана емес,ол,ең алдымен, «мектеп үшін» жүргізілетін зерттеу шарасы.Осыған қарап, мұғалімнің міндеті өзінің жеке тәжірибесін түсіну және жетілдірумен қатар, өзіндік рефлексивтік зерттеу үдерісіне қызығушылықпен тартылуы, ұмтылуы деп айта аламыз. Іс-әрекеттегі зерттеуге қатысушылар оқу бағдарламасын өзгертуге, мектепте қолданылатын тәжірибеге қатысты дау айтуға және проблема қою, деректер жинау, талдау және әрекет ету жөніндегі үздіксіз үдерістермен айналысуға бағытталады, сол арқылы әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізу жұмыстарына ден қояды. Мектептегі ең басты іс-әрекет – сабақ үдерісі екенін бәріміз білеміз.Сабақ дегеніміз не? Сабақ - бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері - мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық-жекелей өзара қарым-қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары дамиды, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі. Сонымен, сабақ, бір жағынан тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады. Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту процесінде оқушылардың тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиісті дидактикалық міндеттердің (білім беру, тәрбие, даму) жүйесі ретінде дайындалады. Сабақ типтері мен құрылымына келетін болсақ, сабақтың типологиясы – сабақты әр түрлі негізде топтастыра отырып, қазіргі зерттеулердің көпшілігі авторлық шешімін ұсынған басты күрделі дидактикалық міндеттердің бірі болып табылады. С.В.Иванов, М.А.Данилов, Б.П.Есипов, И.Н Казанцев, В.А.Онищук, Г.И.Щукиналар басты дидактикалық мақсатпен тәуелді болатын сабақтардың практикалық ұқсас түрлерін шығарған:
1. Кіріспе сабақтар.
2. Оқулық материалымен алғашқы танысу сабақтары.
3. Заң мен ережені танытудың, түсініктердің пайда болдыру сабақтары.
4. Практикада алған білімдерін қолдану сабақтары.
5. Дағдылану сабақтары.
6. Қайталау және талдау, қорыту сабақтары.
7. Бақылау сабақтары.
8. Аралас және құрастырылған сабақтар.
Сабақ түрлерін топтастыру принциптері әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне өте ұқсас келеді.
И.Н.Казанцев бойынша:
Кіріспе сабақ – бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарымен өтетін бірінші сабақ.
Жаңа бөлімді меңгеру сабағы – жаңа оқу материалын өтетін сабақ.
Пысықтау сабағы – өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
Жаттығу сабағы – оқушылардың білімі мен дағыдысын жаттықтыру сабағы.
Тәжірибелі сабақ – оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақ.
Қайталау – қорыту сабағы – өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау – қорыту сабақтары.
Тексеру сабағы – оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
Білім сапасын бағалау сабағы – оқушылардың алған білімін бағалау сабақтары.
Қорытынды сабақ – оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту.
Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын құрудағы аса елеулі кезеңі болып табылады.
Сонымен, сабақ түрін жіктеу және құрылымын құру өзара байланысты болғанымен, әрқайсысының өзіне тән өзгешілігі болады.
Осы сабақта білім бере отырып,тиімді жолдармен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық.Ал нағыз сабақ – ізденісте екені айқын.Нағыз сабақ – ол әрқашан да диалог, іздене, дайындала,үйрене отырып,шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі. Олай болса, ең алдымен шәкірттерді осы сабаққа, сабақтар арқылы пәнге, пән арқылы өмірге қажетті білім алуға қалай ұмтылдырамыз? Оқушыны қарапайым оқушыдан ізденушіге, ізденушіден зерттеуші дәрежесіне қалай жеткіземіз? Барлық мұғалімнің көздейтін түпкі нәтиже осы емес пе?
Бұл тұрғыда бізге жаңаша оқудағы бәріміз білетін 7 модуль көмекке келеді.7 модульді сабақ процесінде сауатты қолдану осы нәтижеге жетуге көмектеседі.Олай болса,сабақ үдерісін жоспарлау, әдіс-тәсіл,технологияларды орнымен қолдану,оқушының әс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру – жаңа формат мұғалімінен терең пәндік білімді, кәсіби педагогикалық білімді, пән бойынша педагогикалық білімді,технологиялық білімді, пән бойынша технологиялық білімді – осы 3 білім саласын кәсіби түрде жоғары деңгейде игеруді талап етуде.
Жеке тұлғаның дербестігін ескеру мәселесі баланың ақыл-ой,таным деңгейін оның көзқарасымен,өзіндік ой-пікірлерімен,білуге ұмтылысымен,қызығушылығымен біріктіре қараудан басталады.Мұнда оқу әрекетінің нәтижесі ғана емес,баланың әрекетіне қозғаушы болып отырған себептерді ажырата білудің маңызы зор.Баланың оқуға деген құштарлығын оятатын күш оның сол білім алуға деген қызығушылығы болып табылады.
«Оқу үдерісінің қандай мәселесі болмасын,бала психологиясына негізделмесе,оның жеке ерекшелігі ескерілмесе,оқытудың әдіс-тәсілін құбылтып түрлендіру де,сабақ үстінде қолданылған сан алуан көрнекіліктер де жай,жасанды дүниеге айналады.Өйткені,жеке тұлғаны қалыптастыру қоғамдық тәжірибе мен кейбір қажетті нормаларды меңгерту арқылы жүзеге асқанымен,оқытудың мәні тек білімді түсініп,игертуде емес,сол нормалардың оқушы іс-әрекеті мен мен жалпы қасиетінің ішкі механизмі, қозғаушы-мотиві болатындай дәрежеде ұйымдастырылуында»,-дейді белгілі психолог Л.И.Божович. Бұл дегеніміз,оқытуды жақсартуда алдымен педагог-мамандар бала психологиясын жақсы білу керек деген сөз.Содан кейін ғана сабақ үдерісін ұйымдастыруда басқа аспектілерді қарастыруға болады.Әр мұғалім - зерттеуші,сондықтан алдымен өз сабағымызды өзіміз зерттеп алғанымыз жөн. Өзін-өзі талдау – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің бір шарты.
Сабақты өзіндік талдау
1. Сабақтың жалпы құрылымын
бағалау:
Бұл өткізілген сабақ сабақтың қандай түріне жатады?
Бұл сабақтың бөлім, тарау, тақырып ішіндегі орны қандай?
Осы үлгідегі сабақтардың ішінде элементтері нақты белгіленген
бе?
Сабақтың әр бөлігіне жұмсалатын уақыт мөлшері дұрыс белгіленген
бе?
2. Сабақтың дидактикалық
мақсатын жүзеге асыру:
Осы тақырыптағы (сұрақтағы) бағдарламаның талаптарының барлығы
байқалды ма?
Жаңа материалды түсіндірген кезде оқушылар қаншалықты белсенді
болды(қабылдауы, түсінуі, танымдылық ,қызығушылықтың оянуы)?
Жаңа материалдың жеке «бөліктерінің» шешілу жолдары дұрыс таңдалды
ма?
Жаңа материалды оқыту кезінде нені өзгертуді қажет етті және
қалай?
Алғашқы, жалғасқан бекіту өз орнын таба алды ма? (сабақтың арнайы
таңдалған кезеңінде жаңа материалмен түсіндіру барысында бекіту
орын алды ма)
Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейінің сапасы қалай бағаланды
(оқушылардың қамтылуы қаншалықты, тақтаға шығару принципі
т.б.)?
3. Оқыту үрдісінде оқушылардың
дамуын жүзеге асыру:
оқушылардың ойлау операцияларының негізіне (талдау, синтез,
жалпылау, топтастыру, жүйелеу) қамтылуы орын алды ма?
Пәннің ішінде және пән аралық байланыс құру жүзеге асырылды ма?
Шығармашылық ойлауды дамыту әдістері қолданылды ма?
Жалпы дамуына қатысты қандай да бір ақпарат орын алды ма?
Оқушылардың эстетикалық дамуы орын алды
ма?
4. Сабақ барысында
тәрбиелеу.
Оқу материалының мазмұнындағы барлық тәрбие мүмкіндіктері
қолданылды ма?
Дүние танымын қалыптастыруда қандай жұмыс жүргізілді?
Сабақта оқытудың өмірмен байланысы қалай жүзеге асырылды?
Мұғалім тұлғасының тәрбиелік әсері қандай
болды?
5. Дидактиканың негізгі
принциптерін сақтау.
Оқытудың принциптерін жүзеге асыруда мұғалімнің іс әрекеті мен
оқушы іс - әрекеті дұрыс ұйымдастырылды
ма?
6. Оқыту әдістерін
таңдау.
Оқытудың әдістерін таңдауда жалпы талаптар ескерілді ме
(дидактикалық мақсаты, оқу материалының спецификасы, пәннің,
оқушының жас ерекшелігі мен жеке қабілеттерінің жалпы мақсаттық
бағыттылыққа байланысы
т.б.)?
7. Сабақтағы мұғалімнің
жұмысы.
Сабақта мұғалімнің қандай іс-әрекеті орын алды қандай көлемде
(сөйлеу іс-әрекеті, тыңдау, жазу, оқушыларға көмек т.б.)?
Сыныппен қарым-қатынас орнатылды
ма?
8. Оқушылардың сабақтағы
жұмысы.
Сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі оқушылардың белсенділігі қандай
болды?
Сабақта оқушылардың қандай іс-әрекеті орын алды?
Сабақта қандай тәртіп болды және
неге?
9. Сабақтың гигиеналық
жағдайы.
Сынып бөлмелері жеткілікті жарық болды ма?
Оқушылар денсаулығы, бойы, үлгеріміне байланысты отырғызылған
ба?
Сабақ кестесіне дұрыс қойылған
ба?
10. Кейбір әлеуметтік
міндеттер.
Педагогикалық кеңес, әдістемелік бірлестік немесе мектептің
зерттеуімен қабылданған шешімімен байланысты міндеттер.
Жағдайға байланысты талдау барлық параметр негінде аталғандардың
ішінен талдаудың бір-екі түрін ғана алуға
болады.
Өзіндік талдау – мұғалімнің келесі сабаққа дайындалудың бастамасы.
Қазіргі сабаққа қойылатын талаптардың ішінде сабақ сапасының негізгі критерийі – оқушылардың білімділігі, сабақтың мақсатына жету. Сабақтың нәтижелі болуының алғышарттарының бірі- мұғалімнің мәдениеті, жан-жақтылығы мен адамгершілігі.
«Сабақты зерттеу» бойынша бірлескен жұмыс жүргізу ережесі:
5-6 адамнан тұратын топтарда өзіңіздің кәсіби қызметіңіз тұрғысынан мынадай сұрақтарды талқылаңыз:
«Сабақты зерттеу» тәсілін қолдану барысында мұғалімдердің бірлескен жұмысына ықпал ететін жағдайлар.
-
«Сабақты зерттеу» тәсілін қолдану барысында мұғалімдердің бірлескен жұмысына бөгет жасайтын кедергілер.
-
«Сабақты зерттеу» тәсілін қолдану барысында мұғалімдердің бірлескен жұмысына сіз қалай ықпал ете аласыз?
«ҮЗДІК» САБАҚТЫҢ АЛТЫ БЕЛГІСІ
1.Оқушылар сабаққа түгел белсенді түрде қатысады.
2. Оқыту орынды, ақпарат беретін және мақсатқа бағытталған болуы керек.
3. Оқушыларға сабақ ұнайды және оларды өздерінің оқулары қызықтырады
4. Оқушылардың табысқа қол жеткізуі
5. Бағалау оқыту мен оқуға тиімді әсер етеді.
6. Мұғалімнің сұрақтары оқушылардың ойлау қабілетін ашады, айқындайды және кеңейтеді.
Сабақты талдау
түрлері:
1
– қысқа талдау (анализ) (баға қоятын) – бұл
сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын шешетін
оқу-тәрбиелік қызметіне, олардың орындалуына жалпы баға
беру;
2
– құрылымдық талдау (кезеңдік) – бұл сабақтың
басым құрылысын (элементін) анықтау, олардың оқушы танымдық
қабілеттерін қамтамасыз ететін қажеттілігін
бағалау;
3
– жүйелі талдау – бұл сабақтың дамытушылық
мақсатын шешетін дидактикалық міндетін орындауына, оқушылардың
білім, білік, дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етуіне,
оқушылардың білім алу тәсілдерін игеруіне жағдай жасайтын бірыңғай
жүйе ретінде
қарастыру;
4
– толық талдау – бұл сабақ міндеттерінің іске
асырылуын, оқушылардың білімді игеру деңгейі мен ой еңбегінің
тәсілдері сияқты оқу іс-әрекетінің түрі мен мазмұнын, оқушылардың
даму деңгейін, сабақ нәтижелілігін, дидактикалық принциптерін
бағалайтын аспектілі талдау
жүйесі;
5
– құрылымды-мерзімді талдау – бұл сабақтың әр
кезеңінде уақытты қолдануды
бағалау;
6
– құрама (комбинированный) анализ – сабақтың
негізгі дидактикалық мақсаты мен құрылымдық элементтерін
бағалау;
7
– психологиялық талдау – сабақтың
психологиялық талаптарының орындалуын талдау (оқушылардың
дамытушылық үлгідегі танымдық әрекетін қамтамасыз
ету);
8
– дидактикалық талдау – негізгі дидактикалық
категорияларды талдау (дидактика принциптерін жүзеге асыру, оқушыға
білім беру әдісін, тәсілін, құралын таңдау, сабақтың оқу материалын
дидактикалық өңдеу, оқушылардың өздігінен жұмысына педагогикалық
жетекшілік жасау,
т.б.);
9
– аспектілі талдау – сабақтың бөлек бір жағын
немесе мақсатын белгілі бір бұрыштан бөлшектеп, жан-жақты оқушы
әрекетінің нәтижесімен байланыстыра
қарастыру.
10 – комплексті талдау – сабақтың дидактикалық, психологиялық, басқа да негіздерін бірге (бір уақытта) талдау.
Сабақ аспектілерінің
мысалдары:
-Мұғалімнің сабақтың үш мақсатын (міндетін) іске асыруы;
-Сабақта дамытушылық тәсілдерді қолдануы;
-Оқушылардың танымдық әрекетін белсенділендіру әдістерін
зерделеу;
-Танымдық қызығушылықты дамыту жолдары;
-Оқушылардың жалпы білімділік әдістері мен дағдыларын
қалыптастыру;
-Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау;
-Сабақта проблемалық білім беруді ұйымдастыруы,
т.б.
Мұғалімнің өткізген сабағын кәсіби талдау,қажет болған жағдайда дұрыс бағыт беру – мұғалімнің өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік береді.
Жаңа форматтағы,білім беруге ынталы,гуманистік концепциялы тәсілдермен оқыту жүргізу жолдары бойынша мұғалімдерді
1.Бақылаудың орнына Ынталандыру;
2.Мәжбүрлеудің орнына Кеңес беру;
3.Ауыстырудың орнына Сенім білдіру;
4.Үгіттеудің орнына Түсіндіру;
5.Жоюдың орнына Тегістеу;
6.Басқарудың орнына Қатысу;
7.Айқайлаудың орнына Әзілдеу;
8.Кінәлаудың орнына Қорғау;
9.Бұйрық беріп,тексерудің орнына Кәсіби көмек көрсету болса, ал балаларды:
Көндіру емес,түсіну;
Тексеру емес,ынталандыру;
Күштеу емес,түсіндіру;
Бұйыру емес, ақылмен айту;
Алмастыру емес,тең көру;
Басқару емес, бірге қатысу;
Күштеу емес,таңдау,
Айғаймен емес,қалжыңмен;
Кінәлау емес,қорғау қажет екендігін түсініп,осы айтылғандарды басшылыққа алатын болсақ,сабаққа оқушының да,оқытушының да ынтасы артып,сабақтың сапасы жоғарылайды, ізденіс күшейеді деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Игенбаева Б.Қ.Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері,Астана,2011
2. «Мектеп ұстаздарының әлемі» республикалық педагогикалық журналы,№2,2017.
3. «Қазақстан мұғалімі» республикалық газеті,№14-17,2016 жыл.
4. «Мұғалімге арналған нұсқаулық,1 (ілгері) деңгей, «НЗМ» ДББҰ,2012.
5. Интернет материалдары.
21 желтоқсан 2017 жыл
«Білім берудің жаңа парадигмасы және мұғалімнің рөлі» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға
ҚАТЫСУШЫНЫҢ ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ
Тегі,аты,әкесінің аты |
Бекмурзина Жаңыл Сундетовна |
Жұмыс орны,қызметі |
А.Өтепбергенов атындағы орта мектеп,мұғалім |
Ғылыми дәрежесі,атағы |
-- |
Бағыты |
баяндама |
Баяндаманың тақырыбы |
ОҚЫТУ МЕН ОҚУ ҮДЕРІСІН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА САБАҚТЫ ТАЛДАУДЫҢ МАҢЫЗЫ |
Мекен-жайы,электронды почта |
Маңғ.обл.,Маңғ.ауд.,Ұштаған селосы, Zhanil –mektep@list.ru |
Байланыс телефоны |
8 778 967 53 97,8 771 362 8672 |