Материалдар / Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында зерттеу әдісін пайдалану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында зерттеу әдісін пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының бiлiмiн бағалау арқылы, оның түсiнiгiнiң қай деңгейде екенiн көруге болады. Ал, қазiргi жаңа оқыту әдiстемесi, яғни оқыту үшiн бағалау модулiнiң идеясы бойынша оқушының ары қарай оқуға деген зейiнiн арттыруға, ынталандыруға, өзiнiң бағасын өзi шығаруға, өзгенi бағалауға қатыса алатындығы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2022
884
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында зерттеу әдісін пайдалану

Алдейбеков Сабырғали Смағұлұлы

Мұхтар Әуезов атындағы тірек мектебі (РО) информатика пәнінің мұғалімі.



Александердiң  2001 жылы шыққан еңбегiнде, «Сыныптағы бағалау тек қана бағалау техникалық тәсiл емес. Мұғалiмдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана обьективтi немесе жеткiлiктi дәрежеде обьективтi нормалар мен стандарттар ғана емес, оның қалай дамып келе жатқанын, өзiнiң оқу сатысынан қай баспалдағында тұрғанын анықтау мақсатында екенi айтылған деп» тұжырымдайды.

Жалпы бағалау ұғымы «жақын отыру» деген мағына бередi. 

Сабақ барысында бағалау кезеңi оқушы үшiн де, мұғалiм үшiн де маңызды сәттердiң бiрi екенi сөзсiз. Оқушының бiлiмiн бағалау арқылы, оның түсiнiгiнiң қай деңгейде екенiн көруге болады. Ал, қазiргi жаңа оқыту әдiстемесi, яғни оқыту үшiн бағалау модулiнiң идеясы бойынша оқушының ары қарай оқуға деген зейiнiн арттыруға, ынталандыруға, өзiнiң бағасын өзi шығаруға, өзгенi бағалауға қатыса алатыны, критерий арқылы өздерiнiң бағасын түсiнетiн және әдiл екенiн үйрететiн үдерiс екенi анық. «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалаудың» ерекшелігі мен маңыздылығы мұғалімнің және оқушының іс-әрекетін бақылау, бағалау, тұжырымдауда басты рөл атқарады, себебі мұғалім оқушының жас ерекшелігін, белсенділігін, ойының ұшқырлығын, нақтылығын саралай отырып оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін, ерекшеліктерін байқайды. Оқушы өзін-өзі, жұбын, топты бағалауда өзінің, жұбының, тобының жұмысына сыни тұрғыдан қарап, саралап, талдап, «Мен үшін не маңызды? Оған қалай жеттім және қалай жетемін? Тағы нені білуім, толықтыруым керек» деген сауалдарды қоя алады. Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданатын термин.

Өтiлген тақырыптарды еске түсiру арқылы жаңа тақырыпты байланыстырып, ұштастырып отыру тиiмдiрек. Мұғалiмнiң ғана емес оқушылардың да өзiндiк оқуға белсендi қатысуы қажет. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшiн бағалау нәтижелерiн ескере отырып, оқытуды өзгертудiң маңызы зор. Балалардың өзiн-өзi бағалай алуы және өздерiнiң оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсiнуi қажет. Бұл өз кезегiнде бiлiм алуға түбегейлi түрде ықпал етедi. Сондықтан да мен келешекте оқушыларды бағалауда жиынтық бағалау мен формативтi бағалауды қатар қолданамын. Бұл бағалаулар оқушыны оқу үшiн бағалауға және оқыту үшiн бағалауға тиiмдi деп ойлаймын.

Оқушылардың сабақ барысындағы iс-әрекетiн бақылау, яғни, балалардың өзара қарым-қатынасын, олардың арасында болып жатқан әңгiме барысын тыңдап, берiлген тапсырмаларды қадағалаудың өзi оқушыларды бағалау үшiн көп ақпарат беретiнiн байқадым. Осының өзiн iске асыру үшiн де әр  түрлi  әдiс пайдалануыма тура келдi.

«Формативтi бағалау дегенiмiз –  оқушының әр сабақта, әрбiр материалды қалай меңгергендiгiн бағалау. Оқушының ағымдық деңгейiн анықтау, келесi сабақта мұғалiм ненi енгiзу керектiгiн бiлуi. Формативтi бағалауды қолдану үшiн алдымен оқушыны өзiн-өзi бағалауға үйрету керек, кейiн жұптық, топтық, критериалды бағалау түрлерiн қолдануға болады».

«Критериалды бағалау –оқушылардың бiлiм жетiстiктерiн ұжыммен келiсiлген, оқу үрдiсiне қатысушыларға алдын-ала белгiлi, оқушылардың негiзгi құзыреттiлiктерiнiң қалыптасуына жағдай жасайтын, бiлiм берудiң мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша  салыстыруға негiзделген үрдiс».

Дәстүрлi сабақтар барысында оқушылардың сыныптағы оқу үдерiсiне түгел қатыспайтындығы байқалатын. Күнделiктi сабақта түсiнбей қалған тақырыптар көлемi ұлғайып, үлгерiмi орташа балалар сабаққа құлықсыз қатысты. Бұл тығырықтан шығу жолын iздестiргенiммен, нәтиже көңiлге қонымсыз болды. Осы тұста Бағдарлама модульдерi оқу нәтижесiне түбегейлi өзгерiс енгiзетiнiне сенiмдiмін. Сондықтан өз сабағымның әдiстемесiн өзгерте отырып, оқушылардың пәнге деген белсендiлiгiн, қызығушылығын арттыру және бiлiм деңгейлерiн көтеру үшiн балалардың көңiлдерiне қаяу түсiрмейтiндей етiп, тапсырмаларды бағалау критерийлерi арқылы өзiн, сыныптасын, тобын дұрыс бағалай бiлуге баулу мақсатын көздедiм.

Оқытудың мәңгілік сауалы: «Нені оқыту, қалай оқыту?» күрделеніп барады. Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін міндетті түрде білім негіздерін өз еркімен үйреніп, іс-әрекетінің мақсатын, міндетін, түрін, тәсілін, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға жетуі тиіс. Біздің еліміз де әлемдегі білім саласындағы озық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы оқушыларға білім беру  жұмысын арттыруда.

Мектеп жұмысы мен оқушылардың жетістіктерін өрістетуде маңызды рөл атқаратын ұстаз. Мұғалімнің шығармашылық белсенділігі ең алдымен өзінің өткізген сабағынан, іс-әрекеттерінен көрініс табады. Әрине алға жылжу үшін, алған мәліметтер мен  істеген жұмыстарды саралап, қортындылап, бағалау керек. Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі ─ білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Оқушыны бағалау─ ол білімнің нәтижесі болып есептеледі. Оқушылардың сабаққа даярлығы мен қабілеті бағамен есептеледі.

Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқуды тиімді бағалау білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдердің барлығымен байланысты. Бағалау оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен қолдау көрсету үшін қажет.

Оқушылар алға қойған мақсатқа жету үшін, сол мақсатқа жету өлшемдерін түсінуі қажет. Бағалау – одан арғы, білім алу туралы нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин деп нұсқаулықта көрсеткен. Баланың мүмкіндігі мен жетістіктерін сенімді, әділ бағалау үшін, бағалау процесі терең зейінмен, сыныпта жасалған жаттығуларда үздіксіз жүргізілуі тиіс.

Баға — оқыту үдерісіндегі қозғаушы күш. Сыни тұрғыдан алып қарасақ, оқушылар өздерінің білімінің толығуына көмектеседі, осыған қарап біз өзіміздің жұмысымыздың нәтижесін көреміз, бұл кәсіби өсуімізге әсер етеді. Осыдан біз білім берудегі басты қозғаушы күш екенімізді естен шығармауымыз керек. Оқушыларға және олардың оқуына өзіміздің берген біліміміздің көрінісін көру үшін кәсіби өсуіміз туралы ойлануымыз керек. «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерінен озады» деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы, білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Сондықтан да мұғалім мен оқушының сапалық өсуі, үйлесімді бір мезгілде жүргенде ғана оқу-әдістемелік деңгейінде сапалық өзгерістер болады.

Оқыту үрдісінің қалай өткенін анықтау үшін формативті бағалаудың маңызы зор екені сабақ барысында үнемі байқалып отырды. Дәстүрлі үлгіден шығып, жаңа оқыту әдістерін меңгеру керектігін, сезінетін уақыт жетті.
Бұндaй өзгеpiстеpдi iске aсыpу үшiн жaңa фоpмaцияның педaгогы қaжет.
Бiлiм беpудегi ескi мaзмұнның оpнынa жaңaсы келуде. Ол – бaлaғa оқу қызметiнiң субъектiсi pетiнде жүзеге aсыpылуы оpынды. Жaңa тұлғa оқушыны дaмыту жолдapы: өзiн-өзi өзектендipу, өзiн-өзi тaну, өзiн-өзi дaмушы тұлғa pетiнде қaлыптaстыpуғa бaғыттaлғaн.
Сонымен, оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді сабақта қолдану арқылы ғана нәтижелі мақсатқа жетуге болатындығы айқындалды.
1. Жұптарда өзара бағалау. Өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны: оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беріліп, содан соң жұмыстарын алмастыру және бірін-бірі бағалау үшін жұптарға бөлуді тапсырды. Кері байланыс, әдетте, жазбаша емес, ауызша. Ол ынталандыру нысанында ұсынылуға тиіс екені ескертілді.

Оқушылар өздерінің сыныптастарының жұмыстарын мұғалім ұсынатын бағалау жүйесін қоса алғанда, «жауаптар үлгілері» немесе «дайын шешімдер» арқылы бағалайды..

2. Топтардағы өзара бағалау
Оқушылар топтарға бөлінген кезде олардың достық қарым-қатынаста болмағаны жақсы. Топтық жұмыс кезінде олар талқылайды және төмендегіге қатысты келісімге келуге тырысады:
Қандай әдіс, жұмыс стилі, негіздеме және жауап және т.с.с. жақсы және неліктен?
3. Оқушылардың арнайы қателерді бағалауы
Бұл жоғарыда сипатталған үлгілерді оқушылардың түсіндіру нұсқаларының бірі болып табылады және көп жағдайда олардан кейін бірден орындалады.
Оқушылар жұптарға бөлінеді.
Оқушыларға арнайы қателері бар дайын жауаптар жинағы ұсынылады.
Оқушылар бір нәрсені қалай түсіндіретінін, бір нәрсені қалай бағалайтынын тыңдаңыз, бірақ араласпаңыз. Бұл сізге ауыр тиетіндігіне қарамастан, сіз үшін құнды, сондай-ақ, оқушыларыңыздың түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Оқушылар сыныптастарымен сұрақтарды талқылауда, бірін-бірі бағалау немесе өзін-өзі бағалауда өте белсенді болмаса да, олармен жұмысты тоқтатпау керек. Бұл оларға осы мәселеге қатысты көбірек жаттығуға мүмкіндік береді. Оқыту үшiн бaғaлaу тәсілін тәжipибеде қолдaнудaғы бipiншi бaсымдық оқушылapдың оқуынa көмектесу мaқсaтынa бaғындыpу болып тaбылaды.

Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалiм оқушының тақырыптың мәнiн өз бетiмен меңгеруiн түсiнуi мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсiл бұл үдерiске оқушының өзiнiң де қатысуын талап етедi. Осылайша, оқушы да өзiнiң оқуы үшiн жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершiлiктi көбiне сабақ беру барысында мұғалiм қалыптастыратын ортада сезiнiп, қабылдайды.Сондықтан мұғалiмде Шульман «мұғалiмнiң үш көмекшiсi» деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады.

Сонымен қатар оқытуды жақсартатын бес басты факторға сүйендiм. Олар:

1.Оқушылармен тиiмдi керi байланысты қамтамасыз ету;

2. Оқушылардың өзiндiк оқуға белсендi қатысуы;

3. Бағалау нәтижелерiн ескере отырып, оқытуды өзгерту;

4. Бағалаудың оқушылардың өзiн –өзi бағалауы мен қызығушылығына едәуiр ықпал ететiндiгiн мойындау, бұл өз кезегiнде бiлiм алуға түбегейлi түрде ықпал етедi.

5. Оқушылардың өздерiн –өздерi бағалай алуы және өздерiнiң оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсiнудiң қажеттiлiгi.

Бағалау әдiл болу үшiн оқушылармен бiрлесе отырып бағалау критерийлерiн жасап алу керек. Оқушының әрбiр жауабы, ұсынысы, идеясы, шешiмi құнды болып есептелетiнiн және бағаланатынын ескерту керек. Әр сабақта жаңа тақырыпты өздерi оқып, жұбымен, одан соң топта талдап, мысалдар келтiредi. Топта әрқайсысы өз ойын, идеясын ортаға салып, шешiм қабылдауды үйренедi.

Бағалау оқушы өзiнiң қандай сатыда тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажеттi деңгейге қалай жету керек екендiгiн анықтау үшiн керек үдерiс.Оқыту үшiн бағалау және оқуды бағалау –бiлiм сапасының нәтижесi, яғни көрсеткiшi.

Осыған байланысты бағдарлама критерийлi бағалау тәсiлдерiн де қарастырады.  Мен өз тәжiрибемде қалыптастырушы бағалаудың бiрнеше түрiн қолданамын. Оқушының жетiстiгiн қолдау оның өзiңе деген сенiмдiлiгiн арттыра түседi. Керi байланыс жасау – оқушының оқуын жақсарту үшiн қажет нәрсе. Сондықтан әр сабағымда өтiлген сабақ бойынша оқушылардың не үйренгенiн, оған қалай қол жеткiзгенiн, ненi дамыту қажет екендiгiн, қандай сұрағы бар екенiн стикерге  жазуын дағдыға айналдыруға тырыстым.

Жұппен жұмыс істеу кезінде сыныптастарды бағалау және өзін-өзі бағалау – бұл балалардың бір-бірінің жұмыстарына немесе өз жұмысына жай баға қоюдан біршама өзгеше. Оқыту үдерісін жақсарту үшін бұл әрекет балаларды өз жұмыстарының сапасына қатыстыруы және оны қалай жақсартуды ұғынуына көмектесуі тиіс.

Сыныптастарын бағалау балаларға бір-біріне құнды кері байланыс ұсынуға мүмкіндік береді, осылайша, олар бір-бірінен үйренеді және бірін-бірі қолдайды. Бұл оқыту үдерісінің бағалы өлшемін ашады: қарым-қатынас жасау, талқылау, түсіндіру және бір-бірін тартысқа шақыру мүмкіндігі балаларға дербес оқу шегінен шығатын әрекетке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сыныптастарын бағалау өзін-өзі бағалау қабілетін дамытуға көмектеседі, ол балаларға өз прогресі үшін үлкен жауапкершілік алуға көмектесе отырып, тәуелсіз оқуға ықпал етеді. Сыныптастарды бағалау және өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерін ойластырыңыз, мысалы, жауап алу кезінде «жұппен талқылау және қалғандарымен бөлісу»

Әрбір тапсырма үшін болжанған нәтижелерді және олардың оқу мақсаттарына қатысын түсіндіріп, бұл орайда балалардың оқу ұсынатын мүмкіндіктерді ұғынатынына көз жеткізу керек (мүмкін, өте қабілетті балалар үшін оқытуды ұзарту немесе балалардың нақты қызығушылығымен өзара байланыс орнату мүмкіндіктері бар шығар).

Балаларға өз жұмысының сапасын бағалауға көмектесу үшін нақты табыс критерийлерін ұсыну керек.

Уақыт өткен сайын балаларға өз жұмыстарын және басқалардың жұмысын бағалауды үйретіп және тиісті тілді қалыптастыру керек.

Балаларды өз оқуларын талдап отыруға үнемі және жиі итермелеу және олардың келесі қадамдарды анықтауына бағыттану керек.

Сабақта өзiн – өзi әдiл бағалауға жетелеу үшiн «Даналық ағашы» ойыны өткiзуге болады. Алдын–ала дайындалып әкелген алманың суретттерiне оқушылар өтiлiген тақырыптар бойынша сұрақтар құрастырады. Сұрақтарына жауап алған соң, жоғары деңгейдегi сұрақтар ағаштың жоғарғы жағына, орта деңгейдегi сұрақтар ортасына, төмен деңгейдегi сұрақтар төменгi жағына жапсырылады. Бұл оқушылардың өзiн – өзi шынайы бағалай бiлуiне ықпал етедi. Үлгерiмi жақсы оқушылар көшбасшылық таныта бiледi, жоғары дәрежелі сұрақтар қойып, мысалмен дәлелдейді. Өздері құрастырған жоғары дәрежелі сұрақтары балалардың көңiлiнен шығып, шапалақ соғып, қолпаштайды.

Оқуды бағалау және оқытуды бағалау модулiн кезiнде қолдану сыныптағы оқушылардың белсендiлiктерiн арттырып, бiлiмге деген құлшыныс әкеледi.

Оқушылардың өзiн-өзi бағалау арқылы жеткен жетiстiгi:

-жауаптарын мұқият тыңдай бiлдi;

- өз көзқарастарын, өз пiкiрлерiн дәлелдi қорғай бiлдi;

- өзiн-өзi, достарын тексерушi, бағалаушы болды;

- өз еңбегiн саралап, қорытындылай алды.

Оқушының өзiн-өзi бағалату жұмыстарының нәтижесiнде менiң түсiнгенiм:

Бағалау – оқушының оқу үрдiсiнде қаншалықты табысты болғандығын, бiлiм игерудегi олардың жетiстiктерiн, өсуi мен дамуын айқындау.

Бағалау- оқушының қолынан не келетiндiгiн бақылау.

Бағалау – оқу үрдiсiнiң қаншалықты нәтижелi екендiгiн анықтап, мақсаттардың қандай дәрежеде жүзеге асып жатқанын бақылау.

Сабақтағы оқу үшін бағалау Пол Блэк пен Дилан Уильям өздерінің «Қара жәшік ішінде» атты көпке танымал мақаласында қалыптастырушы бағалауды жақсарту оқушылардың үлгерімін артыратынын көрсетті. Төменде олар әріптестерімен бірлесіп мұғалімдерге өздерінің жұмыс әдістерін өзгертуге, ал оқушыларға өздерінің мінез-құлықтарын өзгертуге көмектескен, сол арқылы әр тарап оқу үшін өз жауапкершілігін түсінген жоба туралы әңгімелейді. Пол Блэк, Кристина Хэррисон, Клэр Ли, Бетан Маршалл және Дилан Уильям 1998 жылы «Қара жәшік ішінде» атты мақала журнал бетінде пайда болды.

Мұғалім енгізген инновацияның әсері мұғалімдер мен оқушылар арасындағы «сыныптық келісімді» - күтілетін тәртіпті анықтайтын ережелерді өзгертіп, оны мұғалімдер де, оқушылар да мойындауға тиіс. Оқушылар мұғалім ұсынатын білімді енжар түрде қабылдаушыдан, өзінің білім алуы үшін жауап беретін және өз оқуын басқаратын белсенді оқушыларға айналуы қажет. Қорытындысында, төмендегі тәсілдер арқылы: «сыныптағы өзара қарым-қатынасты» барлығы мұғалім мен оқушы бірлескен нәтиже үшін бірігіп жұмыс істейді деп күтетіндей етіп өзгерту арқылы (бұл ретте бірлескен нәтиже әрқайсысының оқуын жақсарту болып табылады); оқушыларға белсенді оқушы болуға мүмкіндік беріп, осылайша олардың өз оқуы үшін жауапкершілік алуы арқылы; орынды болған жағдайда, қадамдап мұғалімнің рөлі туралы ұғымға өзгеріс енгізу арқылы; бағалау оқытуды жақсартатын амал-тәсілдерді ойластыру және үздіксіз назар аудару арқылы сынып мәдениеті мен күтілетін нәтижелерді өзгертуге болады. Сіз не істей аласыз? Өз қызметіңізге қалыптастырушы бағалау идеясын енгізу үшін, ең алдымен, сіз не істейтіндігіңіз төңірегінде ойлануыңыз қажет.





«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі – сапалы оқыту кепілі

Қазіргі таңда Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған  жаңа білім беру жүйесі құрылуда. Білім беру парадигмасының орын алмасуы: жаңа мазмұн, өзгеше жағдай, өзгеше қарым-қатынас, өзгеше тәртіп, өзгеше педагогикалық менталитет қалыптасуда. Білім беру мазмұны жаңа ақпарат алмасу, ғылым мен нарық практикасындағы проблеманы шығармашылық түрде білім беру процесінде жеке тұлғаға бағытталған дағдылармен байытылуда. Педагогиалық технологиялар, жалпы білім беру деңгейіне барабар ғылымның рөлі артып келеді.

Оқушылардың өздері оқуға қатысқанда ғана оқу қызықты әрі тамаша болып шығады: жобалау, құрастыру, зерттеу,  ашу, осы сөздің шынайы мағынасында жаңалық ашу болып табылады. Мұның бәрі тек заманауи педагогикалық технологиялар негізінде өз бетімен білім алу жағдайында ғана жүзеге асады.

Бұл әдіс-тәсілдерді барлық сабақта тиімді қолдануға болады.

Мұғалімдер оқушылардың  үйренгенін  үнемі жинақтап отырады, өйткені, оқушылардың оқу үлгерімін тиімді бағалауды түсіну, олардың бұдан былайғы оқуда алға жылжуларының ажырамас бөлігі болып табылады. Бірақ бұл сыныпта қолданылатын бағалаудың жалғыз тәсілі емес. Оның ата-аналар үшін баланың оқу үлгерімі бойынша есеп беруде, оқушыны белгілі бір сыныпқа бөлу кезінде мектеп басшысына көмек көрсетуде; оқушыға оқу барысында қосымша сабақтарды таңдауда  көмек көрсетуде; сыртқы біліктіліктің барлық немесе жеке құрылымдарын қалыптастыруда; оқушылардың мектепте жеткен нақты жетістіктері туралы ақпарат беру мақсатында қолданылуы орынды.

Ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығы мұғалім өткізетін жиынтық бағалаудың негізгі ұстанымы болып табылады. Сенімділік оқушының оқу үлгерімі туралы шынайы және толық ақпарат беру дәрежесін білдіреді, ал дұрыстығы бағалау үшін маңызды және түбегейлі болып табылатын  барлық тұстарды бағалауды талап етеді.

Ақпарат дұрыстығының сапасы мен  оңтайлы сенімділігі бірігіп, бағалау үрдісіне   кепілдік беріп,  сенімділігін арттырады.

Бағалау сенімділігі әділетсіз немесе бір жақты бағалауды, мұғалімдер қолданатын үлгілердің алуандығын, түсіну мен машықтардың маңызды аспектілері туралы ойлау қабілетсіздігі сынды  мәселелерді жоюға мүмкіндік береді.

Сыныпта жиынтық бағалау жүйесін әзірлеуде, бағалау нәтижелерін пайдалану әдістерін ескергені өте маңызды: мақсатты түрде пайдалану немесе фактілерге негізделген бағалау (кейде мақсатсыз) ретінде пайдалану.

Сыныптағы сапалық жиынтық бағалау келесі мәселелерді қарастырады:

оқушыларды жеке оқу үлгерімі мониторингіне қатыстыру;

мұғалімнің ұмтылуға қажетті келешек мақсаттарын нақты қалыптастыру түсінігі мен қабілеттілігі;

оқушының еңбегін бағалауда мұғалімнің әр түрлі әдістерді пайдалана білуі;

мұғалімдердің оқу барысы мен нәтижелерін жазбаша белгілемей, әрбір оқушының оқу үлгерімін бақылауға мүмкіндік беретін, есеп беру үрдісін іске асыру;

мұғалімнің әрбір оқушымен тіл табыса алу қабілеті.

Жалпы мектепішілік сапалы жиынтық бағалау келесі мәселелерді көздейді:

мұғалімнің өзі жауап беретін оқушыларының еңбегі туралы есепті жүйелі түрде беріп отыру;

мұғалімнен алған жиынтық бағалау нәтижелерін мектепте ойластырып қолдану ата-аналарға/қамқоршыға оқушының оқу үлгерімі туралы ақпаратты беру жауаптылығы.

Сыныпта күнделікті бағалау үрдісі үнемі арнайы тапсырмалар мен тестілер әзірлеуді қажет етпейді. Көптеген жағдайларда оқушылардың оқу үлгерімін күнделікті сабақ уақытында бағалап, солардың негізінде қорытынды бағалауды жасаған да жеткілікті. Осы бағалау нысаны ортаңғы сыныптар мұғалімдеріне қарағанда, әрбір оқушының жетістігі туралы ақпаратты жүйелеуге мүмкіндігі мол бастаушы сынып мұғалімдері үшін қолайлы.

Бағалау сенімділігі ең басында сынып немесе мектеп ішінде пайдалануға арналған жағдайда түбегейлі болып есептелмейді. Сондай-ақ, негізгі мақсаты оқыту негіздерін  қалыптастыру  болса, күн сайынғы жиынтық бағалауды реттеу  қажеттілігі жоқ. Ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығы бағалау нәтижелері сырттай пайдалануға арналған жағдайда ғана қажет.

Мұғалiмнiң мiндетi - сабақты жан –жақты ойластырып, оқушыға бiлiмдi меңгеруiне жағдай жасай бiлуiмiз керек.


Пайдаланылған әдебиеттер:

ҚР жалпы бiлiм беретiн мектептер мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiктерiн арттыру курстарының бағдарламасы. Астана, 2012 ж.

Мұғалiмге арналған нұсқаулық 3 (негiзгi деңгей) 3-басылым Назарбаев зияткерлiк мектебi ДББҰ 2012 ж


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!