жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Алматы қаласы Әуезов ауданы
№119 мектеп-лицейінің
тарих пән мұғалімі
Сарбасова Айгуль Курманалиевна
Тақырыбы:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Ел болашағы жастардың қолында, ал жастардың тағдыры –ұстаздың қолында» деп дөп басып бекер айтпаса керек. Білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеу оңай міндет емес. Қазіргі нарықтық заманда заман ағымынан қалмай оқыту мне оқудағы жаңа тәсілдерді ұстаздар қауымы меңгере отырып, білім алушы шәкірттерге меңгерте білсе ел тағдыры мен болашаққа бастар қадамда нұр үстіне нұр болар еді. « Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер» -деп ұлы ақын атамыз Абай Құнанбаев айтқандай қазіргі ХХІ ғасырда ұшқыр ойлы,білімді де білікті азаматтар тәрбиелеп шығару әр бір ұстазға жүктегне міндет болмақ. Бұл, әринe, ұстaздық деңгeйінің де қaншалықты көтeрілгендігін aйқындaйды. "Болашағыңды қазір ойла" демeкші, eртеңгі ұрпaқтың нeгізін бүгін қaлап жaтқан мұғaлімдeрдің кәсіби дeңгейін көтeрудің орны ерекше. Бұл, өз кезегінде, білім сапасын көтеріп қана қоймай, сонымен қатар өмірдің барлық жағдайларына, жаңашыл идеяларға бейім оқушыларды тәрбиелеуге жол ашады.
Бүгінгі балалардың сана-сезімдері мен түсініктері қарқынды дамып келеді. Оларды оқытудағы негізгі мақсат та уақыт талабымен белгіленген. Осы орайда біздің елімізде ұстаздарға арналған бағдарламалы оқыту курстарының берері көп. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсында ұрпақ тәрбиесінің алдыңғы қатарлы тәжірибелері мен сындарлы оқыту дағдыларын үйретіп, әр саладағы әріптестермен тәжірибе, пікір алмасуға мүмкіндік жасайды. Бұл - ұстаздық шеберлікті ұштауға, үздіксіз дамып жатқан сандық технологияларда құзырлылық таныту жолында үлкен қадам болып табылмақ. Қай уақыт болса да жан-жақты білімді, өзгеруге бейім ұстаздың шәкірттерін өзіне сенімді, алдына биік мақсаттар қоя алатын тұлға ретінде қалыптастырудағы ықпалы шексіз. Міне, сондықтан да оқу-тәрбие саласында еңбек етіп жақан педагогтардың өзін-өзі дамыту барысында жасайтын жаңашылдық іс-әрекеттері, соған орай өзгеруге ұмтылуы - заманауи құбылыс болып табылады.
Мектеп табалдырығын аттағанда тарыдай болып шашылған кішкентай ғана бүлдіршіндеріміз, мектеп қабырғасынан білім фундаминті берік қаланған азамат болып шығулары тиіс, олардың тағдыры мен болашағына жол ашар бастау шебер де білімді ұстаздардың қолында. Шәкірт алғашқыда мұғалімге тәуелді болатыны анық.Уақыт өте келе балалар да мұғалімнің қолдауымен білім деңгейлерін көтеріп, дербестік пен тәуелсіздік деңгейін көтереді. Заманауи оқу технологиялары тәуелсіз елдің жасампаз ұрпағын тәрбиелеу үшін керек. Мен өз сабақтарымды сындарлы оқу теориясының негізін қамтитын «1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модуліне сүйене отырып ұйымдастыруым дұрыс деген ой түйдім. Бұл молдульді қолдану барысында нұсқаулықта берілген негізгі теорияны басшылыққа алып, жұмысымды бағдарламада белгіленген бағыт бойынша жасадым.
Оқу мен оқытудағы жаіа тәсілдер
Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну (Vygotsky, 1978; Wood, 1998) «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеяларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болады. Бірақ, бағдарлама талдаулары бойынша, жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» қарастырамыз. Себебі олар әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты.(1, Нұсқаулық, 12-бет)
Оқыту – бұл оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Мен өз сабақтарымда осы жүйелі ойлануға үйретуді; шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерттеп, анықтауды; оқу үдерісі үшін және өзін-өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көруді; тілді, есептеуді жақсы игеру және кеңістіктік ойлау қабілетінің болуын; сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілік тетіктерін қамтыдым. (1, Нұсқаулық, 32-бет)
Қалай оқу керектігін үйрету
Сабақтар барысында бұл үдеріс бойынша оқушыларға:
-
білім міндеті қоятын негізгі талаптарды түсінуге;
-
оқушылардың жеке ойлау және жұмыс қағидаттарын зерттеуге;
-
міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;
-
нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектестім. Сабақ барысындағы сабақтың құрылымдары мен нәтиже көрсеткіштері арқылы олардың негзігі бейнелерін білім сапасы мен үлгерімдерін салыстырмалы түрде алынған диаграммасыда көрсеттім:
Тізбектелген сабақтарымдағы сапа мен үлгерім мониторингісі
8 "Ә" сынып. Пәні:Қазақстан тарихы

Сыныпта «оқуды үйрететін» білім ортасын құру
Сыныптағы оқу үдерісінің пайдасын айқындайтын негізгі факторлар мыналар:
а) оқушылардың оқу үдерісін түсінулері: енгізілген жаңа тәсілдердің барысын түсіндіру үшін сабақ құрылымын уақыт регламентімен белгілеп, әр топқа беріп отырдым;
в) нені оқу керектігін түсінулері үшін: Блум таксономиясына негізделе құрылған білім беру мақсаттарының жүйелілігін құрып отырдым;
с) оқу үдерісін қалай құрылымдау қажет екендігі туралы ұғымдарын қалыптастыру үшін:
8 тезистің аясында құрдым.
д) оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игерулері: бағалау критерийлері анықталған бағалау парақтарын толтыртып, әр түрлі әдістерді пайдалана отырып және рефлексия жасатып отырдым.
Оқушылардың қалай оқитынын назарда ұстау:
|
Түйіндеме: Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады.[1, Нұсқаулық, 34-бет] Оқыту мазмұнының және тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау үдерісінің үйлесімділігі оқушының оқу үлгерімін ғана емес, түсініп оқуын ескеретін оқу үдерісі, материалды терең игеруге ықпал етеді (нұсқаулықта берілген тезистер бойынша): Бірінші тезис: Жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінімен және түсінетінімен байланыстылығы: Стандартқа сай бағдарламаны жүргізе отырып, кезекті сабақты өткен материалдармен байланыстырып және рефлексия нәтижелерін ескере отырып жоспар құрдым. Екінші тезис: Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады: Оқушылардың білім деңгейін, сыныптың психологиялық ахуалы мен жас ерекшеліктерін ескеріп, тапсырмаларды соған орайластырдым. Үшінші тезис: Осы байланыстарды дамытып, нығайту үшін проблемаларды шешу үдерісін толыққанды қатыстыру қажет: Сабақтың мақсаттары мен міндеттерін жүйелі түрде бір-бірін толықтыра отырып дамытуға бағыттадым. Төртінші тезис: Оқушыларға гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт беріңіз: Жеке және топтық тапсырмаларға да уақыт регламентін сақтата отырып белгіленген жоспарды орындатуга тырыстым. Оған алдарына берілген жоспар өз септігін тигізді. Бесінші тезис: Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз: Топ бойынша жақсы нәтиже беру топ көшбасшыларының да, топ мүшелерінің де өзара көмек көрсету ережесін сақтай отырып, пікіралмасып отырды. |
Оқу тактикасы және нәтижелерді бағалау
Пәннің логикасы мен оқушыларға тиімді қарқынмен мағынаны ұғындыру нәтижесінде оқушылар өз дағды-қабілеттерін қолдануды үйренді, осының арқасында оқушылар оқу жоспарын игерудің «өзіндік ландшафттарын» зерттеуге қабілетті болды. Олар берілген тапсырмаларды зерделеп, қандай ресурстардың қолжетімді екенін және бұл ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын біле бастады.
|
Алтыншы тезис: Белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған материалдың көлемі шектеулі болуы керек: Тапсырмалардың деңгейлері біртіндеп күрделеніп отыр- ды, және ол міндетті түрде алдыңғы тапсырмамен байланысты болды. Деңгейлеріне қарай уақыт та сәйкес берілді Жетінші тезис: Мұғалімдер оқушыларға рефлексияны ынталандыру және өз идея- ларын ойластыру арқылы алған білімдерін қорытындылап талдауға көмектесуге тиіс: Рефлексия барысында сынып аурасын күйімен әрлеп отырдым. Бұл өз кезегінде оқушылардың сабақтан алған білімдері жайлы өз пікір- лерін тағы бір ой елегінен өткізіп, нақты қорытындылаларын жасауға септігін тигізді. Бұл тәсіл оқушыларға өте жақсы әсер қалдырды. |
|
Сегізінші тезис: Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек: Бағалау ізгі болуы үшін бағалау критерийле- ріндегі әрбір этаптқа қойылып отырған ұпайларын топ ішінде сыни тұрғыдан баға- лауларын қадағалап отырдық. Топ көшбасшысына тек әділ бағалаушы сайлана ала- ды деген пікір бұл мәселенің шешімін жеңілдетті. Сыныптағы диалогтің маңызы |
Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетіп, балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігін айтқан.
Сонымен қатар Выготский когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен. [1, Нұсқаулық, 39-бет]
-
Менің сабақтарымның барысында топтық жұмыс өте жақсы нәтижелі болды. Топ мүшелері бір-біріне ЖАДА бойынша қолдау көрсетіп, тапсырманың қолжетімділігіне жол ашты. Мысалы, әр сабақтарың соңында пайдаланған «бағалау түрлері» топ көшбасшысы мен топ мүшелерінің ұыснуына қарай қабілеттерін толық көрсете алмаған, баға қоры төмен оқушыларға жеңілдетілген тапсырмалар беріліп отырды. Олар тұйыққа тірелген жағдайларда топтағылар көпіршелерді пайдаланып (бағытын, жолын көрсетіп), өз тобының мүшесіне мүмкіндігінше көмек көрсетуге тырысты.
Сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту
Александер (2004) оқытудағы әңгімелесуде идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар: зерттеушілік әңгіме, әңгіме-дебат, топтық әңгіме.
Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады. (1, Нұсқаулық, 40-бет)
Менің сабақтарымда диалогтық оқытудың эементтерін күнделікті қолданып отырдым. Топқа бөлу диалогтік әңгімені дамытуға жол ашты. Олар бір-бірімен пікіралмасу арқылы әңгімелесудің 3 түрін де жүргізді:
-
Алғашында оқушылардың бір-бірлерімен пікірлесулері әңгіме-дебат түрінде басталды. Олар әрұайсысы өзі үшін дұрыс жауапты табуға және жақсы баға алуға деген талпыныстарын айқын көрсетті. Әрқайсысы өз ойының дұрыстығын дәлелдеп, өзгелердің пікірлерімен санаспауға тырысты. Оның басты себебі тек жақсы бағаға деген бәсекелестік болды. Алайда оқушылардың бұл әрекеттері тапсырмалар орындауда толыққанды білімнің қажет екенін түсінгендерінде еріксіз келесі түрге көшу қажеттілігін туғызды.
-
Келесі кезеңде топтық әңгіме өрбіп дамыды. Топ мүшелері бір-бірінің пікірін тыңдауға үйренді. Дегенмен, өзгеше пікірлер аз және көбіне бірдей нәтижеден аса алмады. Сондықтан зерттеушілік әңгіменің қажеттілігін түсінді.
-
Оқушылар флипчарттада өз топтарының білім деңгейлері мен беделдерінің қаншалықты екенін көрсететіндерін, тапсырмаларды орындаған кездегі деңгейлерінің қай сатыда екенін бейнелеп көрсететіндерін ұқты. Соған байланысты олар ең дұрыс деген пікірлерінің өзін жан-жақты зерттеп, оны барынша толықтырып жеткізуге тырысты.
Сұрақ қоюда қолданған әдістерім мен тәсілдерім:
-
Түрткі болу: жауап алу үшін, оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін сұрақты қарапайым етіп қойып, өткен тақырыпқа оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу тұрғысында менің сабақтарымда «Сергіту сәттері» қолданылды.
-
Сынақтан өткізу: оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей, «мысал келтіре аласыңдар ма?» деген сұрақтың төңірегінде оқушыларға өз ойларын еркін жеткізе білу мен өз жауабының ғылыми тұрғыдан дұрыс болғандығын дәлелдей білу барысында оқушыға бағыт-бағдар беріп отырдым. Осы орайда құрылған тапсырмалар негізінен жоба қорғауға арналған тақырыптар беріп отырдым.
-
Қайта бағыттау: «Кім көмектесе алады ?» деген ұсыныс сұрақ ретінде соңғы жиынтық бағаларын реттеу кезеңдерінде пайдаланып отырдым. Нәтижесі көңілімізден шықты.
Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың нәтижесінде :
-
оқушылар тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге дағдыланды;
-
шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтады;
-
білімге құштарлықты артып зерттеуге ынталанды;
-
білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға, сыни тұрғыдан ойлауына, бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етті; әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмектесіп, іс-әрекеттерін тереңдетті және шоғырландырды; оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтады. Бұл кезең нұсқаулықтағы сұрақтардың маңыздылығының дәлелі болғандай болды. Ойлануға сәл уақыт беріп отырдым.Ойлануға берілген уақыт күрделі жауаптардың көбеюі оқушыларға өз жауаптарын түзетуге, нақтылауға және дұрыстауға мүмкіндік берді.
Қалай оқу керектігін үйрену
«Қалай оқу керектігін үйрену» модулінің атауы «өзін-өзі реттеу» үдерісіне жатады. Бұл үдерісте оқушылар метатану үдерісі арқылы: түсіну, бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады. Өзін-өзі реттеу мен метатанудың мұндай дағдыларын дамыту бұл балалардың саналы оқушы болып шығуларының кілті екендігін растады.
Метатану дегеніміз не? «Метатану» термині оқушылардың саналы білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар үдерістерге қатысты қолданылады (Flavell, 1976). Метатануға танымдық үдерістерді білу, түсіну және реттеу немесе олар туралы ойлау, қатесін танып-білу және ойлауды реттеу деген анықтама беруге болады.[1, Нұсқаулық, 44-бет]
Метатану аспектілерін санаттау:
• өзін оқушы деп білу: оқушылар өзінің мықты және әлсіз жақтарын сезініп, оқу үдерісінде не ұнайтынын, не ұнамайтынын түсінді және жеке мақсаттарды белгілеу қабілеті пайда болды, балалардың басқа оқушылардың да өз оқуына қатысты таңдауы, күшті және әлсіз жақтары бар екендігі туралы метакогнитивті түсінігінің де кеңейетіндігін анықтадым.
• мақсаттар мен тапсырмаларды білу, түсіну және бағалау: оқушының мақсаты мен тапсырмаларын білу, түсіну және бағалауды қамтыды.
• тапсырманы орындауға қажетті стратегияларды білу және оның мониторингі: метакогнитивті құрылымды тапсырманы орындауға қажетті білім мен тәсілдер мониторингі ретінде анықтадым.
Табыс, ұмтылыс және тиімді тәсілдерді қолдану арасындағы негізгі байланысты қалыптастыратын болғандықтан, метатану ұғымын бір оқушының «қалай оқу керектігін үйренуі» деп қарастыруға болады.
Шанк пен Циммерман (1994) балалардың өз оқуын бақылау мен мониторингі үдерісінде дербестігін қалыптастыруға баса назар аударады. Өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін авторлар метатанудың маңызды аспектісі ретінде таниды.[1, Нұсқаулық, 44-бет]
Оқушылардың пікірін назарға алу
Сабақ топтамасын жүргізу барысында «Оқушы үніне» көңіл бөлуге де баса назар аудардым.
«Оқушы үні» жобасындығы мақсаттарым: оқушының оқу мен оқыту туралы пікірін ескеру; оқушыға кеңес берудің әдіс-тәсілдері бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулықты пайдаландым; ашық және қауіпсіз диалог құрудың проблемалары мен мүмкіндіктерін анықтауға тырыстым.
«Оқушы үні» жобасы бойынша тізбектелген сабақтар нәтижесіне негізделген оқушылардың пікірлерін тыңдап, оқушылармен пікірлестім. Бұл жобаның нәтижесінде:
-
оқушылардың өзін-өзі құрметтеуін;
-
мектеп пен оқуға қатысты жағымды көзқарас туындауын;
-
мұғалімдерге деген эмоционалдық жағымды қатынас туындауын дамытуға ықпал ететіндігі анықталды.
Бұл жерде бұрыннан өзіне сенімді оқушылардың бар екенін де ескеру керек. Бұл сұрақтар төңірегінде олардың бұрын ойланбағандары да белгілі болды. Және оқушылардың ішінде оқу деңгейі төмен оқушылардың да өзіне деген, ортаға деген сенімінің қалыптасқандығы байқалып тұр. Білім сапасы дәстүрлі сабақтарымда 62% -дың шамасында болса, тізбектелген сабақтар топтамасында орта есеппен 73 % көрсетуі де осыны айқындайды. Айта кететін нәрсе: бұл сабақтар күнтізбелік жоспарға сай уақытта бағдарлама бойынша жүрді. Сондықтан тақырыптар бір тарау бойынша бір-бірін толықтыруға құрылған. Бұл көрсеткішке қарап, сындарлы сабақтың нәтижесі жоғары болатынына көз жеткіздім.Алдағы уақытта жүргізілетін сабақтарымның нәтижелі болуы үшін мен өз жоспарымды курста алған біліміме негіздеп, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануды қолға аламын.
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттeр:
-
Мұғaлімдeргe aрнaлғaн нұcқaулық
-
Cмeлкoвa З.C (Тeoрия и прaктикa учeбнoгo диaлoгa нa урoкax cлoвecнocти –М: Флинтa Нaукa, 1999-324c, 56 бeт)
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген