Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Оқыту мен оқудағы өзгеріс рефлексивті есеп
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сарыағаш ауданы Мұғалім портфолиосы С есебі
Бастауыш сынып мұғалімі 3- деңгей 02 топ
Эрджанова Айнұр Тренер: Жұманова Р
Оқыту мен оқудағы өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасын өткізілгені туралы рефлексивті есеп.
Мұғалімнің жазбасы |
Тренердің пікірі |
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады. (К.Д. Ушинский) Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасының негізгі қағидасы - жас ұрпақты сапалы білім мен салауатты өмір сүруіне негізделген, оқу мен тәрбиенің ұштасуын қамтамасыз ету. Ал бұл қағиданы іске асырушы, мектептің күре тамырын соқтырушы, оқушының оқу жетістігін биікке көтеруші негізгі тұлға-мұғалім. Мұғалім еңбегі - ең ауыр жұмыс. Себебі: дене еңбегіне қарағанда, ақыл-ой еңбегінің ауыр екенін ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Бүгінгі мұғалімге қойылып отырған талап, бұрынғыдан ауырламаса, жеңілдеген жоқ. Бірақ, әрбір мұғалім бұл мамандыққа жүрек қалауымен келеді. Ол өз мамандығын сүйгендіктен де қиыншылықтан қашпай, алдындағы бүлдіршіндерді білім нәрімен сусындатады. Заман талабына сай, білім беру үдерісіне де көптеген жаңалықтар енуде. Біреулер оған түсінбестік танытып, жаңсақ пікірде болуы мүмкін. Өз басым мұндай пікірлерге мүлдем қарсымын. Себебі: қазіргі кішкене балаларға қандай сұрақ қойсаң да, олар сол сұрақ төңірегінде дұрыс жауап беруге тырысып жататынын байқадым. Сондықтан да балаларды балапан кезінен жақсы жолға қарай жол көрсетсек, ол бала келешекте өз мамандығын сүйетін тамаша тұлға болып өседі деп ойлаймын. Сондықтан да шәкірттеріне нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға, танымдық белсенділігін арттыруға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап ететін сындарлы оқыту талаптарына жауап беретін сабақтарды жоспарлау маңызды деп ойлаймын. Сындарлы оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. (Нұсқаулық. 7-бет) Осы бағдарламаның негізгі міндеті - Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерді мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады. Бағдарлама барысында педагогиканың әртүрлі аспектілері талқыланады. Осы бағдарламаның негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерін кіріктіру болып табылады . (нұсқаулық 12бет) Ең алғаш сағат 900-де бүкіл Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша барлық аудандардан оқуға келген мұғалімдер «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалындағы өнер залына жиналып сол жерде директор Искакова Лаура бірінші болып сөз алды. Оқудың ережелерімен таныстырды және жақсы білім алып кетуімізге тілектес екендігін білдірді. Сабағымыз сағат 900-де басталатыны туралы естідік. Алғаш аудиторияға келген кезде топпен танысуды бастадық. Топ болып барлығымыз шеңбер жасай отырып, біртіндеп есімдерімізді жаттап қалуға тырысып жаттық. Бір топта, бір отбасындай жұмылып жұмыс жасадық. Топты түрлендіріп әр түрлі әдіспен топқа бөлуді үйрендік. Маған ұнағаны ән құрылымына қарай топқа бөліп, би билеу болды, көңіліміз көтеріңкі күйде сергіп қалды. Бұдан басқа көптеген топқа бөлудің түрлерімен бөлуді үйрендік. Оқушыларды да осылай топқа бөлуге болады екен ғой деп өзімше ойыма алып қойдым. Топқа бөлініп топ ережесін құруды үйрендік. Сол ережеге бағынып, бір -біріміздің пікіріміздің құнды екенін, сөзін аяғына дейін тыңдауға, ойын бөлмеуге, барлығымыз топтық жұмыста тақырыпқа сай сурет салу арқылы, сол суретті сыртқы ортамен байланыстыра отырып әр топтан бір мұғалім шығып қорғап түсіндірді. Сабақ өту барысында «Мінсіз мұғалім», «Мінсіз оқушы», «Мәдениет» «Бағалау» атты көптеген тақырыпта жұмыс жасап, өз білімізді шыңдау жолдарын бастадым. Оқуда жүргенде түрлі әдіс-тәсілдерді үйрене бастадым. Осындай әдіспен өтілген сабақ өте тиімді әрі қызық болады екен деп ішімне өзімше түйіп жүрдім. Бұл сабақ өту әдісінің маған ұнағаны мұғалім бағыт беруші оқушы ізденуші болып табылады. Сонымен қатар адам еркіндікті сезінеді, идеяшыл болуға, ойын ашық нақты жеткізуге үйренеді, адамның сөздік қоры, тіл байлығы ой – өрісінің дамуы артады және сыни тұрғыдан ойлауды үйренеді екен. Топтық жұмыста тақырыпқа байланысты күнде не жұмыс жасадым, алдағы идеяларымызды қосып, тапсырманы топпен бірігіп жасадық. Сабақ аяқталған соң өтілген сабаққа талдау жасаумен бірге есеп жазуды да үйрендім. Сондай-ақ күн сайын күнделік жазып отырдым. Күнделік жазуда нені қызықтыратыны, өзіме қажетті жаңалықтарды, мәліметтерді, өзімнің жеке пікірімді, ойымды, кездескен қиындықтарды дәптерге жазып отырдым. Сонымен қатар сол күнделікке қарап отырып, өткен күнде не жұмыс жасадым, алдағы уақытта не жұмыс жасайтынымды, уақытпен санасып жоспарлауға көмектесетініне көзім жетті. Күнделік жазу өзіме өте қажет екенін түсіндім. Жалпы Бағдарлама бойынша өзімнің өзгергенімді, жаңарғанымды, сабақ өту ынтамның артуын байқадым. Әрине бергеніңді оқущыларың талдап өзара өздері қортып отырса, бұның өзі мұғалімге шабыт сыйлайтыны ақиқат емеспе. Оқыту мен оқуда өз тәжірибеме енгізген өзгерістер дегенде ең бірінші есіме түсетіні мұғалім ретінде өзіме сабақтың әдіс-тәсілдерін көптеген түрлерін үйренгендігім болды және ол әдіс-тәсілдерді тәжірибе барысында қолданғандығым есіме түседі. Мұғалімге қойылатын ең үлкен талап оқытуға әр бір пән бойынша өтілетін материалдық жоғары ғылыми теориялық негізін өзіндік ерекшелігін түп тамырына дейін аша білуі керек деп ойлаймын. Ұстаз тек қана барлық адамға бірдей білім беру ісін ғана емес, әр баланың бойындағы қабілетін анықтап, тереңдетіп бекіте түсу үшін қызмет атқарамыз. Келешекте балалардың жан-жақты білімді болып шығуына үлесімізді қосамыз. Кембриджтік оқыту бағдарламасының 7 модулі бойынша біліктілігімді арттыру үшін келдім ба? Демек мен бұл модульдер бойынша теория жүзінде меңгере отырып, оқушылардың да жақсы жағына қарай пайдалану керектігін білдім. Сол себепті мен тәжірибе барысында әр сабағыма жеті модульді қолдануға тырысып отырдым. Жеті модулдің барлығын енгізе алмасамда , жоқ дегенде бес немесе алты модулдерді кірістіріп отырдым. Дәстүрлі сабақта мұғалім сөйлеп оқушы тыңдаушы болатын. Бұл оқудың әдіс-тәсілі бойынша мұғалім тек бағыт-бағдар беруші ғана да ал, оқушы жан-жақты түсіндіріп беруші. Менің өзімнің сыныбым бастауыш сыныптар арасындағы 3 -сыныпқа дайындық ретінде, оқушылардың жаңа әдісті қалай қабылдайтынын бақылау үшін ашық сабақ өтпес бұрын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға бірінші болып күш жұмсадым. Себебі: «-Бақ –қайда барасың? – Ынтымаққа барамын»-деген сөзді данышпан халқымыз қалай айтқан десеңші. Ынтымақтастық болған жерде бақ жүретіні белгілі. Сондықтан да мен сабағымды ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру арқылы бастап отырдым. Жұмысымды жалғастыра отырып, таңдаған тақырыптарыма сай етіп, «Сын тұрғысынан ойлау» әдісін пайдаландым. Топқа бөлудің бірнеше түрлерін ұсына отырып ескеретін мәселелерді қарастырдым. Мысалы: үлгерімі төмен оқушылардың бір топқа жиналып қалмауын, қыздар мен ұлдардың жеке-жеке топ құрып алуын, шулап кетпес үшін бірлескен түрде ереже жасауын мысалдар келтіре отырып түсініктеме қалыптастыруға тырысып отырдым. Мұнда тағы да бір ескере кететін жай топпенен жұмыс жасаған уақытта мұғалімдер мен оқушылар жарыс, бәсекелестік ретіндегі дағды қалыптасатынын білдім. Мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында жұмыс үдерісі бойынша күрделі және әртүрлі болуын қадағалайды, бұл ретте оларға қойылатын міндеттерді орындау үшін қажетті дағды мен білім береді.(Нұсқаулық 34-бет). Сабақтарымда “Сұрақ-жауап”, “Миға шабуыл” “Қайта бағыттау”, “Сынақтан өткізу” “Семантикалық карта” әдісьерін пайдалана отырып сабақтарымды жалғастырып отырдым. Осы әдістерден кейін оқушы бойында өзіне деген сенімділік орнай бастады. Оқущының бойында сын тұрғысынан ойлау қасиеті пайда болды. Оқушылар бұл тапсырманы орындау барысында көңілдері көтеріліп, бір- бірлерімен диалогтық қарым қатынасқа түсті. Мектептегі тәжірибе кезеңінде үш оқушыны бақылау үшін “Өзіндік оқушы дамыту” атты материалды қолдана отырып тексеріп отырдым. Олар шығармашылық жұмыс ретінде маған өз қолдарынан келгенше А4 форматынан құс бейнесін келтіріп жасап көрсетті. Бұл менің дарынды оқушыларым болатын. Сабақ барысында оқушылардың іс -әрекетін бағалауды жоспарладым,олар мынадай сұрақтарға жауап берді. - Нені бақылау керек ? - Қалай бақылау керек ? - Бақылау қорытындысын қалай пайдалануға болады? Оқушыларымның жұмыстарының орындалуын бақылағаным, олар жіберетін қателер мен қиналатын тұстарды анықтауға мүмкіндік бере отырыдым. Сабақ тақырыбына байланысты тапсырмалар беру арқылы да сыни тұрғыдан ойлауға балаларды дағдыландыруға әрекет жасап отырдым. Себебі бала сыни ойлай білсе дұрыс жауаптың өзіне сыни қараса, яғни бұл неге бұлай болды. Қайта қарап ойланып оған өзгеріс еңгізсе ол бала тиімді білім алады деген сөз. Ал енді тізбектелген сабақтар топтамасындағы кіріктірілген модулімнің бірі АКТ, бұл модуль баланың танымын дамытады. Бұл тиімді тәсіл. Бала қанша көп ақпаратты өз көзімен көрсе, сонша рет ойланады, 30 пайыз оның есінде қалады, бұл ғалымдардың дәлелдеген теориясы. Өмірдегі түрлі сұрақтарға жауап береді. Ақпараттық коммуникациялық технологияның сабаққа еңгізу бұл балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып білімін ары қарай дамуына үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын. Оқушыларды жаңа технологиялармен білімін жетілдіруі заман талабы. Бала жаңалықтардан хабардар болу, жаңа технологияны игеру керек. Қазіргі таңда кез келген салада болмаса мұғалімдер барлық сабағында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолданбау мүмкін емстігін біледі. Сабағымда электронды оқулықтарды пайдалану оқушының таным көкжиегін кеңейтетінін аңғартты. Электронды оқулық оқушының қызығушылығын арттыруымен қатар, уақытын да үнемдеді, оқу материалын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді екен. Қазіргі уақытта қандай сабақ болмасын, барлығында компьютердің көмегімен тақырып бойынша тапсырма орындап, тестілер шешіп, жаттығулар орындау және компьютерді дұрыс пайдалану, жақсылап меңгеру керектігін түсінді. Себебі алдағы уақытта мектепті бітіріп бір маман иесі болған кезде де компьютерсіз еш жерде жұмыс істей алмайтынына көздері жетті. Мұнда көрсетілетін қосымша бейнехабар, ән тыңдау, ақпараттармен жұмыс және бейнебаяндар қажетті элемент болып табылады. Мендегі оқушылар бастауыш сынып болғандықтан сабағымды ойын арқылы өткізуді дұрыс деп санадым. Себебі: ойын – балалардың оқуға деген, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттыратын басты құрал болып табылады. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа тәсіл болып есептеледі. Әрбір оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әр түрлі болады. Сондықтан да, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай ойындардың көптеп түрлерін пайдаландым. Бұл ойын элементтері кез келген оқушының қызығушылығын арттырып сабаққа деген ынтасын арттып отырды. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды белсенділікпен орындайды. Олардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі – дидактикалық ойындар. Формативті бағалау, оқытуды бағалау модулін сабаққа енгізгенде, балалардың рефлексия арқылы өзін-өзі бағалаулары, критерий арқылы бағалаулары, сенім ағашы арқылы бағалауларға деген қызығушылығы ізденуге, өзін - өзі реттеуге үйретті. Осы бағалаулар арқылы балалардың өздеріне деген сенімділігі оянды, яғни балалар қалыптасқан дәстүрлі бағалаудағыдай мұғалім қойған бағаға қанағаттанып қала салмай, «енді өзіме жоғары баға қою үшін жоғары дәрежеде сабаққа белсенді қатысып отыруым керек екен ғой!» деген сияқты ұстанымда жақсы оқи бастайды, оқуға деген қызығушылықтары оянады, өзін - өзі реттейді, өзін - өзі бағалайды. Жалпы Кембриджтік оқыту бағдарламасының курстарына сәйкес 7 модуль бойынша біліктілігімді арттыру үстінде түсінгенім ең маңызды ұстаным бұл басты назарды балалардың өзін-өзі оқытуына зор мән беру керектігін ұғындым. Менде болған өзгерістер туралы айтар болсам. 1-ші "бетпе - бет" кезеңінде алған білімімді өз іс - тәжірибемде қолдандым. Дәстүрлі сабақта біз балаларға еркіндік бермейтін едік және балаларға тапсырманы өзіміз оқып, өзіміз түсіндіріп мағынасын айтып және балаларды үш қатарға отырғызып сабақ өтетінбіз, сонымен қатар алдыңғы сабақтарда тек біз жиынтық баға қоятын едік. Балалардың өз ойларын айтуға көп уақыт берілмейтін. Үлгерімі төмен бала сабаққа белсене қатыспай шет қалып отыратын еді. Осы курстың арқасында, менде курстан кейін көп өзгерістер болды, олар бағалауда, сабақ жоспарында, партаны шеңберлеп қойып отыруында. Доктор Джон Саймонстың зерттеуінде былай дейді миды жаттықтырсақ, ол жұмыс істеуін ары қарай дамытады деген болатын. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 21 бет) осы доктордың айтуында үлкен мән жатқандығын аңғаруға болады. Мсыалы атап айтар болсам сыни ойлау арқылы оқушылардың метатанымын арттыру, ойлау, есте сақтау, оқушылар өздері жасаған жұмыстарын өздері бағалау және ойлау дағдыларын қалыптастырады екен. Мен балаларға бағалаудың бірнеше түрін үйреттім яғни ол формативтік бағалау. Оларды атап айтар болсам "Сенім ағашы, екі жұлдыз, бір тілек, смайлик, бағалау суреттері, бес саусақ." Бұл бағалаулар әр сабақтың соңында алынып отырады. Екі жақсы түсінгеніңді, бір түсінбегендеріңді жазыңдар деген ұсыныстар айтылады. Сұрақтарды қойған кезде, жас ерекшелігіне қарай Блум таксаномиясы бойынша жеңілден қиындату арқылы сұрақ қоя отырып, оқушылардың ойлау дағдыларын дамыту болады екен. Осы тізбектелген сабақтар топтамамда әрине кедергілер кездеспеді айта алмаймын. Себебі кедергісіз, қиыншылықсыз бір нәтижеге жетудің өзі мүмкін емес. Сондықтан да менің өзгерткім келетіні: Баланың өз ойын еркін жеткізуіне жағдай жасау және осы жолда іздену. Сабақ өте қызу тартысты өтуге үйрету. Өз ойларын еркін жеткізе білуге. Сөйлемейтін мінезі, тұйық оқушының өзін сөйлеуге машықтандыру. Барлық оқушыларға өз пікірін ашық, нақты айтуға дағдыландыру. Әр тапсырма орындауда өз өздерін бағалауды үйрету. Қорыта айтқанда мен Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың айтқан сөзімен аяқтар болсам «Бүгінгі білімді ұрпақ, ертеңгі болашақ» дегендей бүгінгі болашақ ұрпақтың білімді болуы, ертеңгі күннің сәулесіндей нұрлы болуының кепілі деймін. Осы Кембридж тәсілінде үйренген модулдерімді келешекте өз сабағымда қолданамын деген ниеттемін. Мен жас ұстаз болғандықтан, үйренерім де білетінімде алда, сондықтан осы жаңа тәсілдерді меңгеру мен үшін үлкен жетістік. Жаңа тәсілдерді терең меңгеріп және оны ұғынып, түсініп болашақ шәкірттеріме дәстүрлі сабақты жаңа тәсілдермен ұштастыра отырып, білім беремін деген ниеттемін. XXI ғасыр ғылым мен техниканың дамыған заманының сондықтан әрбір мұғалім компьютерді еркін меңгеруі керек. «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады». (Мағжан Жұмабаев» Теориялық тұжырымдар осылайша әдістеменің озық сарайынан өтіп жатса, оқыту сапасы да жақсарған үстіне жақсара түседі. Болашақта өскелең ұрпақтың өте сауатты білімді, өркениетті, мәдениетті тұлға болып қалыптасуына ықпал жасаймын деген ойдамын. Болашақ шәкірттерім өз Отанының білімді, белсенді, жанашыр азаматы мен азаматшасы болса деген ниеттемін. Мақсатым осы курстан алған білімімді шыңдап, өзерістерді мектепке барғанда өзімнің әр сабағымда тиімді қолдану. Болашақтың мектебін бүгіннен қалайық!
|
|