жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Оқыту мен оқуға өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп
Дадабекова Аида Мұғалім портфолиосы
Педагогикалық шеберлік орталығы « Тиімді оқыту мен оқу»
Шымкент қаласы А есебі
Оқыту мен оқуға өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп
Менің ПШО ұйымдастырылуымен өтіп жатқан «Тиімді оқыту мен оқу» курсына қатысу себебім 21 ғасыр мұғалімі заман талабына сай өзгеру керек екеніне көзім жетті. Қазіргі таңда мұғалімнің ең басты мақсаты- оқушыға оңтайлы білім ортасын құру болғандықтан осы курс нәтижесінде шебер мұғалім болып шығамын деп мақсат қойдым. Курс барысында «маған өзгеріс қажет» деген сұрақ аясында ойландым. Себебі мен топта дұрыс жұмыс жасау ережесін, оқушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыруды, олардың бір-бірін оқытуының нәтижелі болатыны туралы хабарым болмаған. Осы өзгерістер арқылы мен оқушылардың өзін-өзі реттеуін, бір-бірімен білім алмасуын, метатанымын қалыптастыру, оларға терең білім алудың маңызды екендігін үйрену үшін курсқа қатысудамын.
Курс барысында бағдарламаның 7 модульден тұратындығын, сабақтың өн бойында аталған модульдер бір-бірімен ықпалдастықта көрініс табатындығын түсіндім. Осы модульдер туралы алған теориялық білімімді және оларды сабақ барысында қалай пайдаланатыным туралы айтып өтейін. «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер». Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтын негізгі факторлар мыналар: мұғалімнің (1) балалардың қалай оқитынын түсінуі; (2) нені оқыту керектігін түсінуі; (3) тізбектелген сабақтар топтамасын қалай құрылымдау туралы ұғым қалыптасуы; (4) сонымен қатар оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруі (МАН 29 бет). Яғни, жоғарыда аталған 4 қағида арқылы сабағымды жоспарлайтын болсам оқыту үдерісінде жетістікке жететінімді түсіндім. Осы модельде «метатану» деген түсінікпен таныса отырып оқытып отырған шәкірттерімді терең танығанда ғана олардың қажеттіліктерін қанағаттандыра аламын деген ойға келдім. Осы орайда модульді сабағыма кіріктіру туралы ойландым. Оқушылардың алған ақпаратты сақтауының орта пайызы туралы «Оқу пирамидасы» (МАН 31 бет) 10 сурет ке қарай отырып оқушылар 90 % ақпаратты өзгелерді оқыту арқылы алатынын білдім. Мектеп практикасындағы тізбектелеген сабақтарымда осы «Көпіршелер» әдісін қолданамын. Оқушылар бір-біріне көпірше болу арқылы өзара әрекеттестікте болады деген ойдамын. «Көпіршелер» – оқушыға ЖАДА аясында қолдау көрсетіп, біреудің көмегінсіз орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру үшін мұғалімдер ұсынатын интербелсенді мүмкіндіктерді сипаттау үшін қолданылатын метафора. (МАН 25 бет)
Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек. (МАН 45 бет) Бұл модуль оқушылардың да мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Оқушыны сын тұрғысынан ойлауға үйрету үшін алдымен мұғалімнің сын тұрғысынан ойлау қабилеті қарқынды дамыған болуы керек деп ойлаймын. Өйткені сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамыған және дамып келе жатқан мұғалімнің ұстанымы да жоғары болады деп ойлаймын. Алдағы сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлану үшін оқушыға уақыт беремін, идеяларын ашық әрі еркін айтуларына жағдай жасаймын, егер олар сабақ барысында қандай да бір жағымсыз ахуалға тырысып қалса оларды ыңғайсыздандырмау үшін елемеуге тырысамын, білімді үйрену аясындағы олардың белсенді іс-әрекеттерін қолдайтын боламын.
Бағалау – одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин(МАН 51 бет). Демек бағалау критерилері – өлшемді, қолжетімді, оқу мақсатына сәйкес, анық түсінікті болуымен қатар оқушылардың тапсырманы дұрыс жасауына екпіоқушылардың тапсырманы дұрыс жасауына екпі жасайтындай болу керек. Осы орайда «Бағалаудың мақсаты не?» деген сұраққа тоқталуға болады. МАНда көрсетілген 6 мақсаттың ішінен ең маңыздысы кері байланыс деген қорытындыға келдім. Себебі оқушыға кері байланыс бергенде ары қарай қалай даму керек екені және дамытуы керек екені жайлы дұрыс кері байланыс бермесек балада алға жылжу болмайды. Тізбектелген сабақтарымда өз сабағымның әдiстемесiн өзгерте отырып, оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген белсендiлiгiн, қызығушылығын арттыру және бiлiм деңгейлерiн көтеру үшiн балалардың көңiлдерiне қаяу түсiрмейтiндей етiп, тапсырмаларды бағалау критерийлерi арқылы өзiн, сыныптасын, тобын дұрыс бағалай бiлуге баулу мақсатын көздедiм.
Бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін шығармашылық идеяларды жинақтау үдерісіне шоғырланады. Ересектердің көптеген идеяларды бағалай алмауының өзі балаларға көп идеялар өндіруге және өзін-өзі бағалаудың келесі кезеңіне ауысуына сеп болады (МАН 63 бет) яғни жас ерекшелігіне сай оқыту жетістікке жетудің бір сатысы ретінде қарастырылып отыр. Осы модульде жадының 5 түрімен таныс болдым. Теорияға сүйене отырып қайсы балада қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді жады екенін білдім. Сонымен қатар сабақ барысындағы тапсырмалар баланың жас ерекшелігіне, мүмкіншілігіне қарай жасалмаса оқу мақсатының нәтижесіз аяқталатынын түсіндім. Демек сабақтың басында оқу мақсатын таныстырып, оны сабақтың ортасында да естеріне салып отыру арқылы олардың сабаққа деген зейінін шоғырландыруға болады. Яғни, пән бойынша өтілетін тақырыпқа байланысты тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес етіп, сонымен қатар олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып дайындап, пәнді меңгеруіне ықпал ету. Оқушылардың жасы бірдей болғандықтан немесе кішкене ғана айырмашылықпен болғандықтан олардың қызығушылықтары мен ойлау және сөйлеу деңгейлері ұқсас болады.
Балалар бiр ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бiр салада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы мүмкін (МАН 66 бет) яғни әр баланың бойында жасырынып жатқан талант бар. Ал ол таланты мен дарынын ашу мұғалім ретіндегі біздің міндеттеріміздің бірі. Осы модульде дарынды балаларға қолданатын тапсырмалар барысында олардың өздерімен қабілеттері бірдей қатарластарымен өзара әрекеттестікте болғылары келетінін білдім. Қабілеттері өздерінен төмен оқушымен топта жұмыс істеу оларды жалықтырып жіберетіні туралы ақпарат ала отырып осы теорияны алдағы сабақтарыма енгізуді жоспарладым.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі олар өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. (МАН 71 бет) яғни ғарыш заманының мұғалімі ретінде мен де заманауи технологияларды пайдалана және сұрыптай алатын, оны өз сабақтарыма тиімді кіріктіре алатын болуым керек.
Оқу сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс енгізу үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, жоғары лауазымы жоқ жақсы мұғалімдер кәсіби шеберліктері мен адамгершілік сенімдерін қолданып, адамдарға әсер ете алады. Біз өзіміздің тактикалық дағдыларымызды жетілдіріп, стратегиялық тұрғыдан ойлауды үйрене аламыз ( 82 бет). Мұғaлiмдepгe пeдaгoгикaлық тәжipибeсiн жeтiлдiру, бiлiм бeрудiң мaқcaтқa сaй жұмыc жacay үшiн қaжыpлы eңбек, төзім керек екенін, шығармашылығын өмір бойы ізденумен, заманның ағынымен дамып отыру керектігін ұқтым. Әрбір технолoгия жаңа әдіс-тәсілдермен eрекшеленеді. Oсы тәсілдерді мұғалім іздeну арқылы жетілдіре түседі. Қызықты сабақ бoлса oқушының сoл пәнге қызығуы артын қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қoлданған әдісі арқылы ерекшеленіп, oқушы жүрегінен oрын алады. Қазіргі сабақтардың басты ерекшелігі бірлесе жұмыс істеу атмoсферасын орнату ,oқушыларды oқуға, ұстаз еңбегіне араластыру болып табылады. Сондықтанда ұстаз күш-жігерін оқушылардың өздігінен білім алуына,танымдық әрекеттерін өздігінен ұйымдастыруды үйретуге жұмсауы керек.
Осы «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасында негізделгендей «Мұғалімге арналған нұсқаулық» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын зерделеу және меңгеруге көмектесетін негізгі материал болып табылатындығын ескере отырып оны мен бірінші бетпе-бет кезеңінде алған теориялық білімімді тәжірибемде қолданып көру мақсатында орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды жасауды жоспарладым.
Ағылшын тілі пәнінен 6- «Ә»сыныбына тізбектелген 4 сабағым төмендегілер:
-
Prepositions of movement
2. Adverbs of degree
3. -ing or to – infinitive
4. Writing a biography (Abrahaam Lincoln)
Тізбектелген сабақтарыма бағдарламаның 7 модулін өзара кіріктіруді жоспарлап отырмын. Тізбектелген сабағымның бірінші тақырыбына қозғалыс үстеулері тақырыбын аламын. Бірінші сабағымда сыныптағы атмосфералық ахуалды орнату үшін оқушылар бір-біріне «Мен саған сенемін, себебі ....» деп жақсы тілектерін айтады. Үй тапсырмасын «Үй жұмысының сөмкесі» деген әдіспен сұраймын. Қорапқа оқушылар аты-жөнін жазып салады, мұғалім ішінен бір стикерді таңдап аты шыққан оқушы үй тапсырмасын айтады. Алдыңғы білімді еске түсіру мақсатында «Бумеранг» әдісін пайдаланып допты лақтыру арқылы бірнеше сұрақтар қоятын боламын. Сабақ мақсаттары таныстырылып, жаңа сабақ видеоролик арқылы түсіндіріледі. Сабақта АКТ-ны қолдану оқушылардың визуалдық қабылдауына оң әсерін береді деп есптеймін. Сабақтың негізгі бөлігінде «Simon says» ойынын пайдаланатын боламын. Бұл әдіс оқушыларды шапшаңдыққа үйретеді, сонымен қатар жаңа сабақ туралы практикалық білімін қалыптастырады. Сабағымда топтық жұмыс ұйымдастыратын боламын. Тренердің «топтық жұмысты ұйымдастыруға уақыт жоғалтпау керек» деген сөзін басшылыққа алып топтық жұмысты отырған орындарында ұйымдастыратын боламын. Екі топқа тақырыпқа сәйкес суреттер беріп олар мұғалім қолдауымен тақырыпқа сай қысқа сөйлемдер құрап оны таныстыратын болады. Топтық жұмыс барысында оқушыларды бір-біріне көпірше болуға жағдай жасаймын. Себебі бірінші бетпе бет барысында алған теориялық біліміме сүйене отырып оқушылар бір-бірін оқыту барысында ақпаратты тез қабылдайтынына көзім жетті. Топтық жұмыс барысында тапсырмаға барлық оқушылардың қатысуын қамтамасыз ететін боламын. Олардың біреуіне хатшы, біреуіне іздеуші, келесісіне суретті қорғауды тапсыратын боламын. Диалогтік оқытуды дамыту үшін жұптық жұмыс жүргізетін боламын. Олар қалыптастырушы бағалау тапсырмасын жұппен орындайтын болады. Сабақты бекіту бөліміне «Аэропорт» әдісін пайдаланамын. Оқушыларға бір щетіне сұрақ жазылған самолеттер ұшырылады. Олар екінші қанатына жауаптарын жазып оларды аэропортқа әкеліп қондырады. Сабағымда оқушылар өзін-өзі бағалау, бір-бірін бағалау , қалыптастырушы бағалау түрлерімен бағаланатын болады. Өзін-өзі бағалау арқылы оқушы өз білімін және деңгейін мұғалім дайындаған кестеге сәйкес бағалай алады. Кері байланысты «1-10» әдісімен аламын. Олар сабақ туралы білімдерін 1 мен 10 санының аралығында бағалап неліктен қойылғанын түсіндіретін болады.
Сабағымда дамытқым келетін тұстарым сабақтарымды түрлендіру арқылы жаңаша әдіс-тәсілдерді енғізгім келеді. Сол себепті тізбектелген сабақтарымда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері модуліне басымдық беріп отырмын. Жаңаша әдіс тәсілдерді сабақтарыма енгізу оқушыларымның ынтасы мен талпанысын, өзара әрекеттесуін, тақырыпты терең меңгеріп ары қарай ізденулеріне жол ашады деп жоспарлаудамын.
Егер мұғалімнің талабы мен оқушы дағдысы сай келмесе онда біз жұмысымызда ағымды көре алмаймыз. Сондықтан оқушыларға оңтайлы әдіс таңдасам, оқушыларды сабаққа қатысуында жақсы өзгерістер көруді мақсат еттім.
Қорытынды
Мен « Оқыту мен оқудың тиімділігі» бағдарламасы негізінде бірінші бетпе-бет кезеңінде алған білімімді мектеп тәжірибесінде қолдау ,үйрену арқылы өзімді дәстүрлі сабаққа өзгерістер енгізе отырып , жаңалықтар ,бағдарламаның жеті модулін элементтерінен пайдалана отырып заман талабына сай сабақты ұйымдастыруды мақсат етіп отырмын. Өйткені ұстанымы жақсының , ұстазы жақсы демекші оқушыға сапалы білім және саналы тәрбие беруде біз мұғалімдерге үлкен жауапкершілік артылып тұрғанын ішімнен сезіндім. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашағы жастардың қолында, ал жастарды болашаққа деген нық сеніммен, сана-сезімін дамытып жауапкершілікті өз бойына алуға күш-жігерін топтап, алға қарай ұмтылуында біз мұғалімдердің үлесіміз мол.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Тиімді оқыту. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
А есебінің астына тізбектелген сабақтың ОМЖсы, бір сабақтың ҚМЖсы қоса тіркелген.
|
Unit: Helping and heroes |
School: №74 |
||||
|
Date: 15.10.2021 |
Teacher’s name: Dadabekova Aida |
||||
|
Class: 6 Ә |
Number present: |
absent: |
|||
|
Theme of the Lesson: |
Prepositions of place and movement |
||||
|
Learning objective(s) that this lesson is contributing to |
6.3.1.1 provide basic information about themselves and others at discourse level on a range of general topics 6.1.1.1 use speaking skills to solve problems creatively and cooperatively in groups 6.6.14.1 use an increased variety of prepositions of location and direction |
||||
|
Lesson objectives |
|
||||
|
Assessment criteria |
|
||||
|
Value links |
Civil responsibility, honesty |
||||
|
Previous learning |
Prepositions of time Grade 5 Eyes Open |
||||
|
Plan |
|||||
|
Planned timings |
Planned activities |
Resources |
|||
|
Beginning 10 min |
Organizational moment. Teacher greets pupils, then presents the lesson objectives, explains students what they would be able to do by the end of this lesson. Warming-up. “I believe you cause…” Students should say to each other compliments why they believe to him/her. And they must tell it with their signature move. Short poem to develop pronunciation. Dearest creature in creation Studying English pronunciation, I will teach you in my verse Sounds like corpse, corps, horse and worse. |
|
|||
|
Middle 15 min
10 min
5 min
|
Asking the home task. “Home-bag” Students write down their names on a sheet of paper then throw it into the bag. Teacher choose one of the paper and ask the home task from that person. For remember previous lesson I’ll use method «Boomerang» New theme. Prepositions of movement Short video material about new theme. “Prepositions in song” The game “Simon says” Instruction: the teacher stand in front of the class and give the rules to the learners, like “Simon says,
Group work. Students divided two groups. Teacher give them picture about a theme of the lesson. They’ll make short text about it and present to class.
Descriptor: A learner: -describe a picture: -use prepositions of movement; For consolidation the method «Airport» Descriptor: A learner: -answer the questions: Answers are checked and correct answers are presented at the airport.
Evaluation. At the end of the lesson teacher must evaluate pupils with rule which she gave at the beginning of the lesson. Marks 1-10 Formative assessment. |
Pictures Papers
Airport table Planes with questions
|
|||
|
End 5 min |
Feedback. Method «Instagram»
|
Flashcards |
|||
|
DIFFERENTIATION – how do you plan to give more support? How do you plan to challenge the more able learners? |
ASSESSMENT – how are you planning to check learners’ learning? |
Health and safety
rules |
|||
|
Teacher’s support should take place occasionally. As it is a revision lesson teacher’s support should not be thorough – just some hints/clues are given. |
Monitoring learners’ while doing different activities during the lesson and providing different types of feedback (on the sport or delayed). |
Make sure power cords are not a tripping hazard Everyday classroom precautions |
|||
3.1-ресурсы. ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРДЫҢ ҮЛГІСІ
|
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған 19 қараша 678
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі |



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген