Материалдар / "Оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу және мектеп дамуы жоспарының жүзеге асу үдерісі туралы"атты мақаласы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу және мектеп дамуы жоспарының жүзеге асу үдерісі туралы"атты мақаласы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу және мектеп дамуы жоспарының жүзеге асу үдерісі туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2018
643
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу және мектеп дамуы жоспарының жүзеге асу үдерісі туралы Жумаканова Райгуль Ешенгазиновна, КММ «№35ЖОББМ» директоры, Семей қаласы, ШҚО

«Ұстаз қызметінің мақсаты – балаға бақытқа жетудің жолын табуға көмектесу» ұлы ғұлама Әл-Фараби

Бүгінгі таңда бақытты бала тәрбиелейтін негізгі қызметіміз оқу мен оқытуда тың өзгерістер енгізу бұл заман талабы. Қазіргі кезде білім саласы өте қарқынды түрде дамып, өзгеру үстінде. Осы бағытта Қазақстан республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан курстардың үлесі өте зор деп ойлаймын. Бұл курс бағдарламасының мақсаты қазіргі заман талабына сай мектеп жұмысын ұйымдастырып, мұғалімдерге эвалюация жасаудың арнайы жүйесін дамытуға бағытталған.«Білім мен қабілет міндетті түрде байланыста болуы тиіс. Баланың басы білімнің көп не аз деңгейіне толы болғанымен, бірақ оны қолдануды үйренбесе қынжылтарлық құбылыс»,-деп А.Дистерверг бекерге айтпаса керек. Сол себептен де, 2017-2018 оқу жылында мектеп дамуы жоспарының тақырыбы «Пән мұғалімдеріне тиімді жоспарлауды меңгерту арқылы оқушылардың топта бірлескен жұмыс жасау дағдысын дамыту» болды. Осы басымдыққа курсалды тапсырмасын орындауда сауалнама алу барысында оқушылар мен ата-аналардың және ұжым мүшелерінің үнін ести отырып түйін арқылы шыққан едім. Біраз деректерге назар аударсақ, «№35 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ 1961жылы салынған төрт қабатты ғимаратта орналасқан. Оқыту орыс және қазақ тілдерінде жүргізіледі. Мұғалімдер және мұғалім емес басқа негізгі қызметкерлер барлығы 112адам қызмет етеді. Кәсіби шеберліккті арттыру жолында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін, мектебімде нені өзгерту керектігін білу үшін мектеп деректеріне шолудан бастадым.Мектепте жалпы 61 сынып топтамасында1443 оқушы бар.Оның ішінде қыздардың саны 694(48%) құраса, ұлдардың саны 749(52%) құрайды. Әр буын бойынша айтсам, 6 мектепaлды дaярлық тобында 149 бала, бастаyыш бyындa 28 сынып топтамасындa 671 оқушы, негізгі бyын 25 сынып топтамасында 578 оқyшы, жоғары бyын 2 сынып топтамасында 45 оқyшы, жалпы қaзақ сыныптары бойынша 865(60%) және орыс сыныптaры бойынша 578(40%) оқушы білім алуда. Мектеп бойынша сыныптың орташа мөлшері 24оқушыдан айналады. Ең кіші сынып мөлшері – 15 оқушы болса, ең үлкен сынып мөлшері –27оқушыдан тұрады. Мектеп мұғалімдері мен мұғалім емес басқа негізгі қызметкерлер жайлы деректер төмендегідей:
  • Дипломы бойынша білім деңгейіне қарай жоғары білімді мұғалімдер саны- 100(89%), арнаулы орта білімді- 12(11%).
  • Біліктілік деңгейіне қарай жоғары санатты мұғалімдер саны- 23(20,5%),бірінші санатты мұғалімдер саны- 34(30,5%),екінші санатты мұғалімдер саны- 24(21,4%),бейсанатты мұғалімдер саны- 31(27,6%).


  • Еңбек өтіліне қарай бірінші жыл еңбек ететінмұғалімдер саны- 9(8%),2-3 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдер саны- 20(17,8%),4-19 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдер саны- 38(34,2%),20жыл немесе одан да көп жыл еңбек өтілі бар мұғалімдер саны- 45(40%).
Сонымен қатар мектеп оқушыларынан, ата-аналардан және мектеп персоналынан сауалнама алынды. Сауалнаманың негізгі мақсаты олардың мектепке деген көзқарасы арқылы негізгі проблемаларды анықтау. Сауалнамаға мектептің 6-9 сынып оқушыларының ата-анасының 30% қамтылды. Ата-аналарға арналған сауалнамада 12 тұжырым бойынша өз пікірлерін көрсету керектігі айтылған болатын. Ата-аналардан алынған сауалнамалардың өндеу нәтижелері бойынша «біздің мектепте жоғары тәртіп стандарттары орнаған» деп 76%-ы айтса, «Мектеп менің сұрақтарым мен проблемаларыма тиісті түрде жауап береді» деп 99%, «Менің балам бұл мектепте өзін жайлы сезінеді» деп 95% келісіп жауап берген. Алайда,олардың 7%-ы«менің балам бұл мектепте жақсы жетістіктерге жетіп жүргеніне келіспеймін» десе,15%-ы «үй тапсырмасын баланың қабілетіне сәйкес берілетіне келіспейтіндігін» және 5%-ымектеп маған барлық қажетті ақпаратты ұсынып отырады дегенге келіспейтін көзқарас білдірген. Жалпы ата-аналардан алынған сауалнама қорытындысы бойынша мектеп мұғалімдеріне балаға тапсырма бергенде оқушылардың жеке мүмкіндігі мен қабілетін ескере отырып, әр баланың жетістікке жетуіне ықпал ететін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін (ПДС- постоянно действующий семинар) әдістемелік семинар арқылы меңгерту керек деп шештім.Заманауи талаптарға сай мектепті өзгерту үшін оқушының пікірін тыңдадым, мектептің жұмысын жақсарту жолында нені өзгерту керектігін түсіну үшін сауалнама арқылы баланың ойын анықтап, байқадым.Сауалнамаға 6-9 сыныптар бойынша 86 ұл, 58 қыз бала, барлығы -144 оқушықатысты. Сауалнамадағы төрт бөлімнен жақсы мұғалімге тән баланың жанына жақын қасиеттер мен әрекеттерді көруге болады.Онда ең аз белгіленген сұрақтарға назар аудардым. Себебі, оқушылар мұғалім бойынан осы қасиеттерді аз кездестіреді және оны дамытуды қажет етеді деп түсіндім.Сауалнаманы талдай келе, оқушылардың әр бөлімдегі жауабынан төмендегідей сұрақтарды назар аударуды қажет ететін деп іріктеп алдым:
СұрақтарОқушының таңдаған жауабыБарлығы
Жақсы мұғалімге қандай қасиеттер тән болуы керек?Сізді жеке тұлға ретінде құрметтейді49
Сіздің ойыңызша, сабақта қандай жағдайлар сізге көп нәрсе үйретуге мүмкіндік береді?Мен отырған топ маған көмектеседі94
Оқушылар жақсы оқу үшін жұмыс тәртібі қандай жолмен басқарылғаны жақсы?Мұғалім нашар тәртіп үшін әділ жазалайды71
 Мектепте қолданылған бағалау түріКері байланыс/баға қою жиілігі (сіздіңжұмысыңыз қаншалықты жиі бағаланады)73








Жоғарыда сауалнама нәтижесінде көрініп тұрғандай ,"сізді жеке тұлға ретінде құрметтейді" сұрағына 49оқушы, "мен отырған топ маған көмектеседі" таңдауын 94оқушы, "мұғалім нашар тәртіп үшін әділ жазалайды" таңдауын 71оқушы, "кері байланыс пен баға қою жиілігін" 73 қана оқушы таңдаған. Оқушының пікіріне зер салсақ,сабақ барысында кейбір оқушының жауабы жиі бағаланбай,назардан тыс қалып, кері байланыстың болмайтындығы байқалады. Яғни, мұғалім ондай кезде оқушыны жеке тұлға ретінде құрметтемейді деп түсінеді. Оқушылардың бұлай таңдау жасаулары мұғалімдердің бойынан жоғарыда айтылған мұғалімге тән жақсы қасиеттердің аздығы, сонымен қатар бірлесе оқуға ықпал ететін "топтық жұмыстың" тиісті деңгейде жүргізілмеуі деп ойлаймын. Сондықтан сауалнамаға қатысқан сыныптардағы пән мұғалімдеріне топтық жұмыстың тиімділігін арттыру жолдары мен кері байланысты уақытында жасай білуді коучинг ұйымдастыру арқылы меңгерту керек деп шештім.Мектеп персоналына арналған сауалнамаға қатысқандар саны -34(30%) адам. Оқу-көмекші персонал- 3, директордың орынбасары- 5, мұғалімдер саны -26.Қорытынды бойынша мұғалімдердің өзінің сыныптағы тәжірибесіне талдау жүргізуге кейде ғана көңіл бөлетіні -44%, ұзақ мерзімді мектеп жоспарында қызметкерлердің мақсаттары кейде ғана көрініс табатыны-53%, өзгеріс енгізер алдында оқушылардың пікірін біліп алу маңыздылығы -41% кейде, кейбір қызметкерлерге көшбасшылық функция атқаруға мүмкіндік берілетіндігі -43% кейде деп көрсеткен. Қызметкерлерді кәсіби дамыту бөліміндегі оң жауаптар мектепте қызметкерлерді кәсіби дамытуды дұрыс жолға қойылғандығын көрсетті. Мен бұл сауалнамадан мектеп әкімшілігі мұғалімдерді (жоспарлау, қатыстырылуы, көшбасшылық) бөлімдеріне тарта бермейтіндігімізді, олардың пікірлерін ескере бермейтіндігімізді байқадым. Шынында да біз жоспарлау үдерісіне мұғалімдерді тек формальді түрде ғана тартып, олармен ақылдаса, талдай бермейтіндігіміз ойлантты. Келешекте оларға сенім артып, қолдау көрсетіп көшбасшылық қабілеттерін дамытуға мән беру керектігін түсіндім.Жоғарыда сауалнамалардан түйгенім:топтық жұмыстарға жеткілікті көңіл бөлінбейді және кері байланыс уақытында тиісті деңгейде жасалмайды.Ұжым ішінде бөлінген көшбасшылық ұғымы жеткілікті дамымаған. Сабақ жоспарын жасауда оқушы қабілеті мен мүмкіндігі жиі ескерілмейді және ата-анамен тығыз байланыс ұдайы орнамаған. Осы түйіннен мектеп басымдығы анықталды: пән мұғалімдеріне тиімді жоспарлауды меңгерту арқылы оқушылардың топта жұмыс жасау дағдысын дамыту.Ендігі мақсат пән мұғалімдеріне желілік қоғамдастықта сабақтың құрылымын тиімді жоспарлау бойынша іс-тәжірибе алмасу арқылы меңгерту, мұғалімдерге топтық жұмыстың ережесін меңгертіп, тәжірибеде пайдаланудың жолдарын үйрету болды, сабақ барысында топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру, топпен бірлесіп жұмыс істеуге дағдыландыру, бірлесіп жұмыс істеуде ынтымақтастық қалыптастыру арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып,оқу мен оқытуға өзгеріс енгізу. Ата-аналармен тығыз байланыс орнату арқылы баласының білімі жайлы толық ақпаратты уақытында алуға жағдай жасай отырып, мектеп туралы теріс көзқарасын өзгерту болды. Осы жоспардағы іс-шараларды іске асыруда тәжірибе кезеңінен өттім. Тәжірибемнің алғашқы күнін мектеп әкімшілігімен ой бөлісіп, курсалды тапсырмалардың қорытындысындағы басымдықтар жайлы пікірлестім. Бұл пікірлесу кезінде мектеп басымдықтарын айқын алғандығымды түсіндім.Себебі, әрптестерімнің ойы мен пікірі менің алған басымдықтарыммен ұштасты. Бір айға жасаған мектептің даму жоспарындағы іс-шаралармен таныстырдым. Мектептегі тәжірибе кезеңінде мектеп даму жоспарын жүзеге асыру үшін өзгеріс енгізу тобы құрылды.Топтың құрамына деңгейлі курстан өткен және новатор әрі шығармашыл мұғалімдер алынды. Топ мүшелерінің міндеттері анықталды.Бастапқы кезде өзгеріс енгізу тобы мүшелерінің бойында алғашқы тәжірибе болғандықтан өздеріне деген сеніміздік пен үмітті ақтай алмай қаламыз ба деген жасқаншақтық болды. Осыдан басымдықта әр бағыт бойынша алынған табыс критерийлері орындалмай қалуы мүмкін деген қатер болды. Дегенменде, мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін көтеруге мүмкіндік бере отырып, өзгеріс енгізу тобы мүшелеріне үлкен сенім артылды. Сонымен қатар тәжірибе жүргізу барысында бірлесе жұмыс жасайтын өзгеріс енгізу тобы мүшелерімен атқарылатын іс-шараларды талқыладым. Іс -шараларды жүзеге асыруда І,ІІ,ІІІ деңгейлік бағдарламаны игерген және зерттеу нысаны болып табылатын 7-сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерге тапсырмалар беріліп, жоспар бойынша сабақ өткізу кестесі белгіленді. Әріптестерімнің қолдауымен алға қойған мақсатымды толық орындауға тырыстым. Мен өзіме деген сенімділік пен жауапкершіліктің арта түскенін сезіндім.Өзгеріс енгізу тобы жұмысының тиімді,нәтижелі жүруі үшін өзіме оқу ісі жөніндегі орынбасарым, бірінші деңгейлі курс бағдарламасын меңгерген, тренерлік курстан өткен А есімді әріптесімді тәлімалушы етіп алдым.Тәлім алушымен мектептегі бөлінген көшбасшылық тақырыбы төңірегінде кеңесе отырып,мектептегі өзгерісті енгізу мақсатында коучинг үдерісін өткізудің маңыздылығын, желілік қауымдастық шараларын ұйымдастыру арқылы мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін көтеруге ықпал ету үшін оны өткізу жолдарына бағыт беріп өттім.Бірлесе отырып, тәлімгерлік жоспарын жасадық. Алайда, мұғалімдер санасында бөлінген көшбасшылық жайлы көзқарастың төмен деңгейде болуы тәлім алушы үшін проблема туғызды және тәлім алушыда өзіне деген сенімсіздік болды. Тәлімгерлік ету аясында:тәлім алушы орынбасар І деңгей бағдарламасын меңгерген болғандықтан,бөлінген көшбасшылық жайлы кәсіби сұхбат нәтижесінде ұжымда ары қарай дамытуға ұдайы іздене отырып әрекет етті.Желілік қауымдастықтағы шараларды іске асыруға ықпал ете отырып, іс-тәжірибе алмасу шеңберін кеңейтті.Жоспарланған коучингке, семинарға, сабақтарға қатысып, мұғалімдер қызығушылығын танытты, оқыту мен оқу тәжірибесін дамыту үшін мектеп мұғалімдеріне басымдық төңірегінде белгіленген SMART(ақылды) мақсаттарды жүзеге асыра отырып коучингтер жоспарланған еді. Басымдық төңірегінде әртүрлі тақырыпта 3коучинг өткізілді. Коучингтерде мұғалімдер топпен жұмыс жасап, пікірлесті, өз ойларын ортаға салды. Мені топпен жұмыс кезінде қалай болады екен, мұғалімдер бірін-бірі тыңдай ма? деген ой мазалаған болатын.Коучингтер кезіндегі мұғалімдердің белсенділігі, қызығушылығы мені қуантты. Кері байланыс кезінде өздерінің алған әсерін, келесі жолы не білгілері келетіндерін білдірді. Мұғалімдерге топтық жұмыс жүргізу кезінде сыныпты топқа бөлу кезінде қалай бөлу керек, сабақ барысында топтың ішкі жағдайына көңіл бөлу керектігі айтылды. Мұғалімдерден кері байланыс алып, олардың өткізілген коучинг бойынша және жаңа бағдарлама бойынша ой-пікірлерін білдім. Өткізілген коучингтердің сәтті болуы мектеп мұғалімдерінің ынтымақтаса жұмыс жасауында деп ойлаймын. Алайда, коучинг барысында кері байланыс жасауда мұғалімдер жаңаша оқыту бойынша тәжірибесінің аздығынан өз көзқарасын нақты жеткізуге қиналды. Бұл ретте даму жоспарының тақырыбына сай топтық жұмыс арқылы білім сапасын арттыруды мақсат ете отырып, «Сабақты тиімді жоспарлай аласыз ба?», «Сабақта топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыра білесіз бе?», «Lesson study» тәсілі - бірлесіп нәтижеге жетудің жолы» тақырыбын коучингтерге алған едік. Бұдан мұғалімдер сабақтың мақсатын дұрыс қойып, міндеттерін шешудің тиімді әдіс-тәсілдерін үйренді, топтық жұмыстың ұйымдастыру ережесін біліп, тиімділігін түсінді, сабақта қолдану жолын үйренді.Өзіне қажетті мағлұматтарды ала отырып, оны өз сабағында көрсетті.Сонымен бірге мұғалімдер Lesson study тәсілін сабақтарда топтық жұмыстарды ұйымдастыруға баса назар аударылды. Жоспарлауда А,В,С деңгейдегі оқушы анықталып,сабақ барысында бақыланды, бақылау парағы жүргізілді, оқушы үні ескерілді, деңгейлік тапсырмалар дайындалды, еңбек жолын жаңа бастаған жас мамандарға үлкен бастау бол
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!