Оқыту үрдісінде өзіндік
жұмыстарды орындатудың маңызы
Білім алу
– адам өмірінің ең басты қажеттілік. Білім арқылы оқушының
дүниетанымы дамиды, ой-өрісі кеңейеді, белгісізді таниды, өзін
толғандыратын сауалдарға жауап табады. Оқушы бойында қалыптасатын
осы қажеттіліктердің барлығы сабақ үдерісінде орындалатын түрлі
тапсырмалар мен жаттығуларға байланысты болады. Жүйелі түрде,
тиянақты тапсырмалар беру арқылы оқушы зейінін шоғырландырып,
назарын нақтылы тақырыпқа аудару - оларды ғылыми негізде ойлауға,
өмірді танып-білуге, өзін-өзі дамытуға үйретеді. Мұғалім тарапынан
берілген мазмұнды тапсырмаларды орындап, тиянақты білім алуға
ұмтылады.
Өзіндік жұмыс дегеніміз - сабақ үстінде алған білімді
мұғалімнің көмегімен және бақылауымен, бірақ оның қатысынсыз
орындайтын жоспарлы жұмыс.
Өзіндік жұмыстың тиімділігі:
1.
Зерттелетін тақырыптың, қарастырылатын мәселенің төңірегінде
білімді тереңдетуге;
2. Өз
пікірін айтып, оны дәлелдей алады;
3.
Ізденушілік қабілеті ұшталады;
3. Теория
мен практиканы ұштастыра қолдануға мүмкіндігі
артады.
Өзіндік жұмыстың негізгі
мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық
қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге деген құштарлығын
ояту. Сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың
ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне
деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет.
Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына
және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын
дамытып, оларды сөйлетуге үйретеді.
Өзіндік
жұмысты сабақтың барлық кезеңінде іске асыруға болады. Тек оны
ұйымдастыру кезінде мұғалім алдына айқын мақсат қоя білуі керек.
Мысалы:
-
өткенді қайталау (еске түсіру,
есте сақтау қабілетін тексеру);
-
меңгеру деңгейіне қарай топтау
(топішілік пікірталасты дамыту);
-
үй жұмысын орындау (сыныпта
алған білімді өз бетінше қолдану);
-
шығармашылық ізденіс (әр
еңбекке өзіндік қолтаңба қалдыру);
-
жаңа тақырыпты
бекіту;
-
жаңа тақырыпты игеру (жаңа
тақырып мазмұныны ашу);
-
топта, ұжымда жеке жұмыс жасай
білу қабілетін арттыру;
-
өткенді
бекіту.
Осы негізде жүйелі жұмыс
жүргізу барысында мына нәтижелерді көруге болады:
-
оқушыда өз бетінше білім алу
қажеттілігі пайда болады;
-
оқушы өз деңгейін өзі
аңғарады;
-
оқушы алдына мақсат-міндет қоя
біледі;
-
алған білім,білік , дағдыны
іс-тәжірибеде қолдана біледі;
-
нәтижені талдай алады,
өзін-өзі бағалайды;
-
өз ісін жоспарлай
алады;
-
мәселелік сұрақтар арқылы
белсенділігі артады;
-
оқушы іздену үстінде жаңа
ұғымды меңгереді;
-
оқытуды дербестендіру,
деңгейлік дифференциалдау ерекше орын алады;
-
әр түрлі бейнелермен
операциялар жасап, тапсыраманы орындауда оны көрнекі түрде елестете
алады.
Өзіндік жұмыстарды орындату
барысында өз тәжірибемде кеңінен қолданатын әдістердің бірі –
деңгейлік тапсырмалар.
Деңгейлік
тапсырма беру – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше
оқушы біліміне, мүмкіндігіне, сұранысына, қабілетіне сәйкес
дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі.
І деңгей
– үлгі
бойынша ӨБЖ ұйымдастыру (бағдарламаға сай)
ІІ деңгей
–
алгоритмдік (бірте-бірте күрделенген)
ІІІ
деңгей – жаңалық ашатын (жаңа ұғым
қалыптастыру)
Оқушылардың тапсырмаларды
орындау дәрежесін диагностикалау негізінде оқытудың түрлі
формаларын тиімді пайдалануға болады. Ол үшін оқытудың жеке,
топтық, жұптық, ұжымдық формалары тиімді. Топтық жүйедегі жұмысты
үш әдіспен жүргізуге болады:
-
оқушының білім дәрежесіне
қарай араластыра бөлу;
-
білім деңгейлеріне қарай
бөлу;
-
қабілетіне, жеке ерекшелігіне
қарай бөлу.
Тиімділігі: бір-біріне достық
қатынасы нығаяды; бір-біріне көмектесуге бейім болады, үйрете
жүріп, өзі үйренеді, ұйымдастырушылық қабілеті артады, өз бетінше
ізденіс туындайды, өзінің және жолдасының білімін саралайды,
бағалайды.
Оқушының өз бетінше жұмысының
сапасы ол орындаған оқу жұмысының тегіне, түріне, мазмұнына,
көлеміне байланысты сапалылығы оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін,
ақыл-ой операцияларын тиімді пайдалануға да байланысты. Осы тұрғыда
өз тәжірибемде басты назарда ұстайтын әдістер жиынтығы
төмендегідей:
-
ойын (ұлттық , дидактикалық,
танымдық т.б.);
-
салыстыру (ұқсастығы мен
айырмашылығын анықтау);
-
дәлелдеу (өз ойының
дұрыстығына өзгенің көзін жеткізу);
-
талдау (тұтасты
бөлшектеу);
-
жинақтау (бөлшектерді
біріктіру);
-
бағалау (өзін, досын, топты,
сыңарын т.б.);
-
эврестикалық (жаңалық ашу,
іздену, зерттеу);
-
көрнекілік (сызба, сурет,
альбом, кеспе қағаз, видео т.б.);
-
сұрақ-жауап;
-
ой шақыру.
Қорыта келгенде, дамыта оқыту
идеясына негізделген жаңа буын оқулықтарында оқушыларға өз бетінше
жұмыс жасауды үйрету көзделеді. Сондықтан, баланы жеке тұлға
ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі, жаңа білім
парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше
дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өзіндік жұмыстардың алар
орны ерекше.