Ұйымдacтыру
кезеңі
Уақыты
|
Коучтың іс-әрекеті
|
Қатысушылардың іс-әрекеті
|
Психологиялық
ахуал тудыру
2
мин
|
-Қайырлы күн, әріптестер! Мен
сіздердің бүгінгі «Оқыту үшін бағалау және оқуды
бағалау» атты коучинг сессияға
қатысқандарыңызға қуаныштымын.
Көңіл-күйлеріңіз қандай?
Cабақты бастамас бұрын алдымен шеңбер
құрып, «Қар
көшкіні» ойынын
ойнайық.
|
Амандасады.Өз көңіл-күйлерін айтады.Мұғалімдер шеңбер
бойымен тұрып, қасындағы мұғалімге оның бойындағы жағымды бір
мінезін айтады.
|
Ұйымдастыру
кезеңі
2
мин
|
Топқа
бөлу:
Мұғалімдерді сандар арқылы топтастыру.
|
Мұғалімдер сандарды таңдап алады, топқа бөліне
бастайды.
|
«Дейін — кейін»
стратегиясы
|
Мұғалімдердің тақырып бойынша білім деңгейін анықтау үшін
«Бағалау дегеніміз не? Ал баға дегенді қалай түсінеміз? деген
сұрақтарға жауап жаздыру.
|
Мұғалімдер үлестірілген ақ
қағаздың «дейін» бағанасына бағалау туралы не білетінін
жазады.
|
Теориялық
материал
«Оқыту үшін
бағалаудың әдіс-тәсілдері мен қолдану
тиімділігі»
|
Презентация
арқылы қысқаша мәлімет бердім.
«Бағалау» термині «жақын отыру» деген мағынаны білдіреді.Себебі бір адам басқа
адамның не айтып,не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында
өзінің дербес ойлауын, түсінігін бақылауы болып
табылады. Бағалаудың 2 түрі
бар:
1. Оқуды бағалау (суммативтік немесе
жиынтық)
2. Оқыту үшін бағалау (формативтік немесе
қалыптастырушы).
Оқыту
үшін бағалаудың бірнеше түрі
бар:
1. Өзін-өзі
бағалау;
2. Өзара
бағалау:
3. Топтық
бағалау;
4. Критериалды
бағалау.
Формативтік бағалаудың мақсаты: оқушының білімін
жақсарту. Оқушының өзіне деген сенімділігі пайда болады, менің де
қолымнан келеді деген ой қалыптасады. Өзінің білімінің қай деңгейде
екенін біле отырып, «жақсы оқуға» ынтасы ауады. Ал,мұғалім қай
бағытта жұмыс жасау керектігін білетін
болады.
• Формативтік оқуды бағалаудың
тәсілдерімен таныстырамын.Тек баланың жұмысының нәтижесін ғана
емес, еңбегін де бағалау маңызды. Себебі сіз ол үшін ең қажет
нәрсе – қолдау бересіз!
|
Таныстырылымды ұстаздар тыңдады
Бүгінгі
сабақтың мақсаты мен нәтижесімен
танысады.
Өздеріне керекті мәліметтерді
түртіп алып отырады.
Өздеріне
белгілі мәліметтерімен топта
талқылап
отырады
|
1-тапсырма
10минут
2-тапсырма
10
минут
|
Топтық
жұмыс
1-топ Мәтінге тақырып қою
керек.Мәтіндегі негізгі идеяны анықтау
керек
2-топ Апаттық жағдайлардағы
сақтану ережелерін анықтау
3-топ Апаттық жағдайлардан Жер
планетасын сақтап, қалай аман алып қалуға
болады?
4-топ Тапсырмалар бойынша
дескриптор құрастыру
1-топ Формативті бағалау туралы не
білеміз?
2-топ Формативті бағалау
әдістері
3-топ Топтық жұмысты
бағалау
4-топ Өзін-өзі бағалау. Өзара
бағалау
Топтар өзара бірін-бірі топтық жұмысты
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы
бағалау
|
Постерлерін
қорғайды
Топтар өзара «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
арқылы бағалайды.
|
«Дейін — кейін»
стратегиясы
|
Мұғалімдердің тақырып бойынша білім деңгейін анықтау үшін
«Бағалау дегеніміз не? Ал баға дегенді қалай түсінеміз? деген
сұрақтарға жауап жаздыру.
|
Мұғалімдер үлестірілген ақ
қағаздың «кейін» бағанасына бағалау туралы не білетінін
жазады.
|
Кері
байланыс
«Не
білемін?»
«Нені
білдім»
|
-Тапсырмадан кейін не
істедіңіз?
-Өзіңізді бағалау жеңіл болды ма,әлде өзара бағалау
жеңілірек тиді ме?
-Бұл
әдістер туралы не ойлайсыз?
-Сандық
бағалаудан айырмашылығы бар
ма?
-Оқушы
еңбегін бағалау үшін қайсысы
тиімдірек?
|
Мұғалімдер
кезекпен сұрақтарға жауап береді. Өз ойларын ортаға салады.
Сандық бағалаумен салыстыра отырып,өздері айырмашылығын табады.
Тәжірибесінен мысалдар
келтіреді.
|