жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау" В есеп
Утегенова Болсынай Серикбаевна.
«Жаңа дала» жалпы орта мектебі. А есебі.
2-топ
Тізбектелген сабақтар топтамасына «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында мұғалімдерге үлкен сенімдер артады. «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіңдер –бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,Қазақстанда да сол деңгейде болады.Сондықтан да ұстаздарға жүктелетін міндет ауыр»-деп айтқандай қазіргі кезде құзіреттілігі арттыру жолында көптеген жұмыстар жүргізіліп,солардың бірі Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілік арттыру деңгейлі бағдарламасы.
Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын,дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш-білім және білімді ұрпақ.Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі-әлеуметтік,экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай,сонымен қатар оны жүзеге асыруға,жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру.Мұндай қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар-шығармашылық,белсенділік,жауаптылық,терең білімділік,кәсібі сауаптылық.Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауды мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.
Педагог қызметкерлерінің біліктілік арттыру деңгейін зерделеп,
толық меңгердім.Ұсынылып отырған осы бағдарламадағы
модульдер бойынша білім алған оқушы өзін,еркін ұстай алатын,ойын еркін жеткізетін,сыни тұрғыда ойлай алатын,тұжырым жасай білетін,өзін-өзі немесе бірін-бірі бағалай алатын көшбасшы бола алатындай тұлға болып қалыптасады деген сенімдемін.Осы бағдарламадағы жеті модулін де толық түсіндім,ұғындым деп ойлаймын.Соның ішіндегі модуль «Оқыту үшін бағалау және оқуды» бағалау.
Қазіргі кезде бағалаудың екі түрі қолданылып жатыр.Олар қалыптастырушы және жиынтық бағалау.Екеуінің арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген,бірақ берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған.Іс жүзінде нақты баға қою және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау мен нақты мақсаты бағалауды оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде қолдану болып табылатын оқу үшін бағалау арасында анығырақ айырмашылық жүргізілген.
Утегенова Болсынай Серикбаевна. А есебі.
«Жаңа дала» жалпы орта мектебі.
2-топ.
Егер бағалау мақсаты баға қою,сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қортындысын шығару болса,онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды.Жиынтық бағалау оқушының,мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал ететін шешім қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек,яғни бұл ақпараттың мазмұны мен оның қандай жағдайларда қатаң қадағалау қажет.
Оқытуды оқытуда қолданылатын әдіс тәсілдерді жақсарту мүмкіндіктердің және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін анықтауға бағытталған бағалау қалыптастырушы немесе оқу үшін бағалау(ОүБ) деп аталады.
Бағалау- оқуда алға қадам басу және оған қолдау көрсету үшін қажет.Бағалауды пайдалана отырып оқу процесін анағұрлым жақсартуға болатынын байқадым.Өйткені жүргізілген зерттеу жұмыстары көрсеткендей бағалаудың көмегімен оқуды жақсартудың мынандай факторлары байқалған;
-Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;
-Өзіндік оқуға оқушының белсенді қатысуы,оқушының өзін-өзі бағалай алуы;
-Бағалау нәтижелерін ескере отырып оқытуды түрлендіру;
-Өз бетімен өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру;
-Бір-бірін бағалау арқылы бірге оқитын оқушылармен бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;
Бағалау оқушының сабақтағы іс-әрекетін бағалайды.Бұл жерде сабақтағы белсенділігін,өз ойын еркін жеткізе алуы,сыныптас жолдастарына көмектесуі,бірлесіп жұмыс жүргізуі(топтық немесе жұптық),өз құрбысын тыңдап оған баға беруі.Сабақтың жүру барысында бағалаудың мына түрлерін қолданған тиімді болды деп ойлаймын:
-Мақтау,мадақтау(мысалы: «жарайсың», «дұрыс айтасың», «сенің бұл ойың керемет екен»,т.б.) Жылы ниет білдіру.
-Қолдап отыру;
-Ынталандырып отыру;
Тәжірибе кезеңінде бағалауды тиімді қолдана алдым деп ойлаймын,сабақ жүргізу барысында оқушылардың өзін-өзі бағалауы,жұптық,топтық жұмыстар кезінде бірін-бірі және мұғалім тарапынан болатын мақтау және мадақтау,ынталандыру, бағдаршам сияқты бағалау түрлері.
Утегенова Болсынай Серикбаевна. А есебі.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген