Мектеп тәжірибесін өзгерту үшін мен қандай әдіс-тәсілдерді қолданамын?
Тәуелсіз ел тірегі –білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» - деп, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай мектеп ұстаздарының бір ғана міндеті- алдарында бір-біріне мүлдем ұқсамайтын шәкірттердің жан дүниесін, бойындағы ерекше қабілетін танып- біліп, дарынын шыңдап, білімді, бәсекеге қабілетті жеке тұлға етіп қалыптастыру. Сапалы берілген білім- қай уақытта болмасын жарқын болашақтың кепілі. Ал, мұғалімнің бойында ғылыми зерттеушілік және ізденімпаздық қасиет болу тиіс [1].
Осы орайда , менің де мектебімнің қазіргі жағдайын терең зерттеп, басымдығын анықтап, білімін дамытуға өз үлесімді қосу басты міндетім болып табылады. Зерттеу жұмыстарымның нәтижесінде ең басты басымдық ретінде мектебімізде білім сапасының тоқсан сайын артқанымен әлі көтеру қажет екенін анықтаған болатынмын. Білім сапасының төмендігі мектептің дамуына басты кедергі болатыны баршаға мәлім. Сондықтан да, зерттеу тақырыбымды : «Сабақ үдерісінде оқыту мен оқудың жаңа әдіс тәсілдерінің бірі топтық жұмыс арқылы оқушылардың сабаққа қызықтырып , белсенділігін арттыру арқылы білім сапасын көтеру» деп алдым. Мақсатым: Сабақ үдерісіне топтық жұмыстың тиімді әдіс- тәсілдерін қолдану арқылы оқушыларды пәнге қызықтырып, ойлануға, пікірлерін жүйелі жеткізе білуге үйрету арқылы мектептің білім сапасын көтеру. Мектепті дамыту жоспарына оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыратын басты тұлға болған мұғалімдерді жаңашылдыққа жетелейтін оқыту мен оқу тәжірибесіне жеті модуль кіріктірілген жаңа әдіс- тәсілдерді , іс –әрекетті зерттеу жұмыстарын коучинг сессиялар өткізу және тәлімгерлік ету арқылы коучинг сессияларды енгіздім. Тәлімгерлік жүргізе отырып тәлім алушыммен бірге коучинг сессияның орта мерзімді жоспарын құрдық . Мақсатым мұғалімдерді оқу тәжірибесін өзгерту үшін не істеу қажет, сонымен қатар сол өзгерістерді қалай енгізу керектігі туралы негізгі идеялармен таныстыру[2]. Себебі: мұғалімдерге жеті модульді білу, оны сабақ үдерісіне кіріктіру туралы, түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгеріп оны қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы, топтық, жұптық жұмыс, жеке зерттеу жұмыстары туралы білімдерін жетілдіру қажет болады [2].
Алғашқы коучинг сессиямды «Заманауи оқытудың негізгі 7 модулі» тақырыбында өткіздім. Мақсатым : мұғалімдерге жеті модуль туралы мәлімет беріп, оны сабақ үдерісіне кіріктіру жолдарын үйрету. Мұғалімдердің көңіл -күйін көтеру мақсатында екі қатарға жұптастырып тұрғыздым. Велосипед шынжырының қозғалысы бойынша әр ұлттың сәлемдесу рәсімін жасадық. (1-сурет). Мұғалімдер қағазға жазылған сөздерді таңдап, мағынасына байланысты жеті ата, жеті қазына, жеті керемет ұғымдары бойынша үш топқа бөлінді. Мақсатым: жеті санына байланысты ұғымдарды білім жүйесіндегі жеті модульмен толықтыру болатын. Соңынан, әр шағын топқа жеті модуль туралы дереккөздерді бердім. Мұғалімдер өз топтарында дереккөздермен танысып, бірлесіп постерге салды.(2,3- сурет ). Сандар таратылып жеті санын таңдаған мұғалім спикер болды. Қоучинг қатысушылар спикердің қорғауын смайликтер арқылы бағалады. Мұғалімдердің білімдерін кеңейту мақсатында жеті модуль туралы таныстырылым жасадым. Кестедегі сұрақтарға жауап беретін кері байланыс алдым. Күтілетін нәтиже: Жеті модуль туралы білімдері кеңейіп, сабақ үдерісіне жеті модульдің өзара байланысу жолдарын үйренеді.
Зерттеу тақырыбымның аясындағы екінші коучинг сессия «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер», «Ынтымақтастық» және «бірлескен оқудың мәні» тақырыбында болып, оны тәлім алушым екеуміз бірге өткіздік. Мақсатым: бірлескен, топтық жұмыс туралы білімдерін кеңейтіп, топта жұмыс істеудің тиімділігіне көз жеткізу . Топқа бөліну жолдарын үйрету мақсатында коучинг сессия қатысушыларын «Атом мен малекулалар» ойыны арқылы топқа бөліп,
-
Жаңа не істедіңіздер?
-
Топқа қалай бөліндіңіздер?
-
Топқа бөлінуде қиындықтар туындады ма,әлде оңай болды ма?
-
Осылай топқа бөлінуден өзіңізге бір нәрсе алдыңыз ба? деген
сұрақтарға жауап алынып, тақырып ашылды( 6 –сурет). Әр топқа келген SMS хаттарды конструкция әдісі арқылы құрастырып, коучинг сессияның мақсаты айқындалды(7-сурет). Бірлескен жұмыстың тиімділігіне байланысты «Мықты команда» бейнеролигін тамашалап, алған әсерлері туралы ой бөлісті (8- сурет). Әр топқа тақырыпқа байланысты сұрақтар берілді. Коучинг қатысушылары сұрақтар аясында постер құрастырды. «Құс тұмсық» арқылы спикер анықталды. Топтар жұмыстарына өзара «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы баға берді. Өзім «Бірлескен жұмыс және топтық жұмыстың артықшылықтары» туралы таныстырылым жасап, топтық жұмыстың маңыздылығы мен тиімділігін дәлелдедім. «Қара жорға» биі арқылы сергіту жұмысы жүргізілді. Келесі кезеңде, қатысушылар топтағы қарым- қатынас, топта өзін-өзі дамыту, топта басқаларды қолдау, топ жұмысын бақылау сияқты топтық жұмыс арқылы дамитын дағдыларды ролдік ойын арқылы көрсетті. Рөлдік ойындарды бармақпен бағалады. Мұғалімдердің тақырыпты меңгеру деңгейлерін анықтау мақсатында рефлексия жасаудың бір тәсілі «5+5+1» әдісі бойынша қорытындыланды. Мұнда мұғалімдер коучингтан үйренгендерін шағын топта бес сөйлеммен жазды, ол сөйлемдерді бес сөзге қысқартты, соңында бір сөзбен түйіндеді. Күтілетін нәтиже: мұғалімдер «Оқытудың жаңа әдіс- тәсілдері» Ынтымақтастық» және «бірлескен оқудың» мәні жайында мәлімет алады, тиімділігін айқындайды. Сабақтарында жүйелі қолданады. «Топтық жұмыс барысында диалогтік оқытудың маңызы» тақырыбындағы коучинг сессияны тәлім алушым өзі жүргізді. Мақсаты: мұғалімдердің диалогтік оқыту туралы түсініктерін қалыптастыру. Топтық жұмыста диалог пен әңгімелесу тиімді екенін, оның өзара әрекеттесу дағдыларын дамытатынын тәжірибе жүзінде енгізіп, өз тәжірибелерінде қолдана білуге үйрету болатын. Коучтың өзі жүргізетін алғашқы коучингі болғандықтан «Шашу шашу» рәсімі жасалып, коучинг қатысушылары кәмпит атаулары бойынша топқа бөлінді. Көңіл- күйді көтеру, ұйымшылдықпен іс- әрекет етуге қалыптастыру мақсатында қатысушылар шеңбер жасап тұрды. Коуч «Сәттілік лентасын ұсынып, әр қатысушы лента қолға тиісімен бір тілек айтты. Соңынан, тілек лентасынан үзінді қиылып берілді(10 –сурет ) . Қатысушылар лентадан бантик жасап кеуделеріне естелік ретінде қадап қойды. Талқылауға сұрақтар берілді. «Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек?, «Бізге өзгеру керек пе?,»Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту керек?. «Ойлан, жұптас, топтас» тәсілі бойынша талдау жасалды. Постер салынды(11-cурет). Топтардың жасаған постерлері «Бағдаршам» әдісі бойынша бағаланды. Мағынаны тану кезеңінде нұсқаулықтағы диалогтық оқытудың үш түрімен танысып, сипаттамасы бойынша әр топ өзіне тиесілі әңгіменің түрін әр түрлі тәсілмен көрсетіп берді. Топтар жұмысы «Сэндвич» әдісімен бағаланды. «Ой толғаныс» кезеңінде «Ойлай білген адам сұрақ қоя да біледі» деп мұғалімдер бір-бірінің маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырды. Әр қатысушы бір- біріне жоғары және төмен деңгейдегі cұрақтарды қоя алды, оған жауап не ИЯ, не ЖОҚ деп берілді .
-Сұрақ қою қиын ба, әлде оңай ма? деген сұраққа 1-3 қатысушының пікірі тыңдалды. Коучинг сессиядан күтілетін нәтиже: мұғалімдердің диалогтық оқыту арқылы түсініктері қалыптасады. Әңгіменің үш түрін ажырата алады, сабақ үдерісінде қолдануды үйренеді. Оның тиімді және тиімсіз жақтарын саралай біледі. Мұғалім көп сөйлемей, керісінше бағыттаушы, үйлестіруші бола біледі. Келесі, «Топтық жұмыстың тиімді әдіс- тәсілдері» тақырыбындағы коучинг сессияның мақсаты: оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыратын, ойланып жүйелі сөйлеуі мен өзіндік пікірін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыратын топтық жұмыстың тиімді әдіс- тәсілдерін меңгерту болатын. Коучинг сессия мұғалімдердің көңіл- күйін көтеру және мотивация туғызу мақсатында «Сен өзгерсең, сенің әлеміңде өзгереді» атты таныстырылым арқылы басталды. Коуч таныстырылымдағы мүсәпір жігітті өзгерткен раушан гүлін мұғалімдерге де ұсынды. Мұғалімдер раушан гүлінің түсіне байланысты гүл шоғын жасап топқа бөлінді. Топтық жұмыстық әдіс –тәсілдерімен таныстыру үшін «Ауысып отыратын топтар» бейнеролигі көрсетілді. Қатысушы мұғалімдер «мозайкалық» әдістің тиімділігі жайлы шеңбер жасай отырып талқылады. Әр топқа «Шеңбер әдісі», «Мозайкалық әдіс», «Номинациялық топ әдісі» туралы дереккөздер таратылды. Осы әдістер бойынша дереккөздерді пайдаланып топ мүшелері топта бірлесіп талдап, постер жасады. «ДЖИГСО» әдісі бойынша топ мүшелері басқа топтарға барып өз ойларымен бөлісті және бастапқы топқа келіп үйренгендерін талқылап, пысықтады. «Автобус аялдамасы» әдісі бойынша топ мүшелері топтарына берілген сұрақтарға жауап жазып, басқа топтың сұрақтарын толықтырды.
Сондай–ақ, жадыны дамытушы карта ойыны, ұшақ ұшыру әдіс- тәсілдері топта орындалды. Сергіту сәті «Гүл отырғызу» деп аталып, қатысушылар шеңбер жасап, бір-бірінің арқасына гүл отырғызудағы іс- әрекетті көрсетіп, массаж жасады. Тақырыпты қорытындылау мақсатында «Әткеншек» ойыны арқылы рефлексия жасалды. Раушан гүлінің суретін салып, гүліне үйренгендерін, жапырағына жетілдіретін жағын, сабағына тілектерін жазып кері байланыс берді. Коучинг сессиядан күтілетін нәтиже: мұғалімдер топтық жұмыстың әдіс- тәсілдерін сабақ үдерісінде қалай және қай жағдайда қолдану жолдарын тиімді қолданып біледі. Тәлім алушының «Коуч» ретінде шеберлігі арта түседі. Өзіне сенімділігі артып, әріптестеріне әдістемелік көмек беруге дайын болады. Ең соңғы коучинг сессияның тақырыбы: «Топтық жұмысты сабақта тиімді қолдануға байланысты тапсырмалар құрастырып үйрену» болатын. Мақсаты: Мұғалімдерге топтық жұмысты сабақта жүйелі және тиімді қолдануға байланысты тапсырмалар құрастырып үйрету. Коучинг сессия қатысушылары конструкциялық әдіс бойынша қиынды сөздерден сөйлем құрастырды. Құрастырылған сын тұрғасынан ойлау, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, ақпараттық - коммуникациялық технология, дарынды және талантты балалар сөйлемдері бойынша төрт топқа бөлінді. Мұғалімдердің көңіл-күйлерінің көтерілуі үшін «Сағат тілімен амандасу» тренингін ұйымдастырды. Келесі кезеңде әр топ атауларына байланысты бірлесіп тапсырмалар ойластырды. Құрастырылған тапсырмалар галерея әдісі бойынша таныстырылып, бағдаршам түстері бойынша бағаланды. Сергіту сәті ретінде қатысушыларға бір сіріңкені бір саусақпен ұстап, түсірмей белгілі мәреге жеткізу тапсырылды. Мақсаты бірлесіп жұмыс істеу, шешім қабылдау, ынтымақтықта болу. Коучинг сессия әр топқа тапсырмалар таратып берумен жалғасын тапты. СТО тобы- формативтік бағалау түрлеріне, ЖЕСО тобы- топқа бөлу әдістері, ДТ тобы сергіту сәтіне, АКТ тобы- кері байланыс түрлеріне тапсырмалар құрастырды.Топ мүшелері жест арқылы жұмыстарға баға берді . Коучинг сессияның рефлексиясы «Өрмекшінің торы» әдісі бойынша жасалды. Кері байланыс «Мен үшін қызықты болды» кестесін толтыру арқылы алынды. Күтілетін нәтижем : Мұғалімдер сабақ үдерісінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын, топтағы оқушылардың деңгейіне байланысты деңгейлік тапсырмалар құрастыра алады. Тапсырмалар жинағын шығарады. Жалпы алғанда әр коучингтің соңында тәлім алушыммен кәсіби әңгіме жүргізіп, келесі коучингті өткізуді жоспарладық. Осылай, тәлім алушыммен үш апта бойы жүргізілген тәлімгерлік жұмысым «Lesson Study» әдісін үйретумен жалғасын тапты. «Lesson Stady» тәсілі бойынша бейне таспаны көріп, бір- біріне сұрақтар беріп, білімдерін пысықтады. «Lesson Study» тәсілі бойынша зерттелетін әртүрі деңгейдегі үш оқушыны зерттеу парақтарын көрсетіп, түсіндірдім. Коучинг сабағының соңында мұғалімдерден «Мен үшін жұмсақ болды» немесе «Мен үшін қатты болды» кері байланыс парағын толыруын өтіндім. Сабақ соңында «Шеңбер бойындағы қошемет» тренингі жасалып, «Lesson Study» тәсілінің ұйымшылдықпен, жоғары деңгейде өтуіне сәттілік тілеп, аяқтадық. ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы 3%-ға төмендеген 2 а, 2ә сыныптарын Құрылған «Lesson Study» тобымен бірге алғашқы отырысты өткіздім(22 –сурет). Іс-әрекетті зерттеу барысында топ мүшелеріне міндеттерді бөлдік. Зерттеу нысаны болған екі сыныптың да «А» деңгейіндегі оқушыны өзім бақыладым. «В» деңгейіндегі оқушыны мектеп психологы Г.К. бақылады. Ал, «С» деңгейіндегі оқушыны тәлім алушым үшінші деңгейдің мұғалімі А.Э. бақылады. Зерттеу барысында әр түрлі деңгейдегі оқушылардың бойындағы өзгерістерді зерттеу парағына жазып отырдық. Тәлім алушыммен бірге сабақ үдерісінде топтық жұмыстың , оқушылардың қызығушылығын арттыруға тигізер ықпалына басты назар аудардық. Әр сабақтан кейін топ мүшелері бас қосып, сабақтағы жетістіктер мен кедергілерді талдадық. «Lesson Study» тәсілін зерттеу барысындағы жетістіктер: мүдделі пән мұғалімдерінің қызығушылық танытып, сабақ жоспарын жоспарлағанда тапсырмаларды өздері оқушылардың деңгейіне сай әзірледі. 7 модульді ықпалдастыру жолын тез меңгерді. Оқушылар тарапынан да өзгерістер байқала бастады. Топпен жұмыс жасаған, постер сызып, сурет салған ұнайтынын айтып, мұғаліміне «келесі сабақ та осылай өтсінші» - деп ұсыныстар беріп жатты. Кедергілер жайлы айтар болсам мұғалімдер алғашқы екі сабақта оқушылардың топтық жұмысқа дағдыланбауынан уақытты үнемдей алмай қалды. Оқушылар топта жұмыс істеуде ұялып, бір- біріне жалтақтап кірісе алмай көп отырды. Постер салуда қиналды. Жақсы оқитын оқушылар ұяң , нашар оқитын оқушылардың пікірлерімен санаспай өздерінің пікірін дәлелдеумен болды. Жұмыс барысындағы іс- әрекетті фотоға, видеоға түсіру де қиын болды. Алдын ала ата-аналарынан рұқсат алынып, түсіндіру жұмысы жүргізілсе де оқушылар камераға қарап, ұялып жұмысын қоя салады немесе бетін басып отырып алды. Мұғалімдердің өзі де қобалжып, «дұрыс жасап жатырмын ба?»,- дегендей бізге қараумен болды. Сабақтан кейінгі «Lesson Study» отырысында сабақтың жетістігін баса айтып, кемшіліктерді ұсыныс ретінде білдіріп, келесі сабақты сапалы өткізу үшін бірлесіп жоспарладық. «С» деңгейді бақылап жүрген психолог оқушылардың бойындағы қобалжуды басу және камераға бейімделуге байланысты үзілісте оқушылармен тренингтер өткізді. Соңғы сабақтарда өзгерістер анық байқалды. 2 а сыныбындағы «А» деңгейіндегі оқушы алғашқы сабақтарда өзімшілік танытып отырса , соңғы сабақтарда топтың пікіріне қосылып, бірге жұмыс жасауға үйренді. Басында ойларын айтуға ұялып отырған «В» деңгейіндегі оқушылар да постер қорғады, тапсырмаларды тез орындап, жұпта жақсы жұмыс жасады. «С» деңгейіндегі оқушылардың да сабақта белсенділік танытып, ойларымен бөлісуі, постер қорғауға шығуы бізді ерекше қуантты. Тәлім алушымның зерттелетін сыныптың ынталы мұғаліміне сабақ үдерісіне жеті модульді кіріктіру, жаңа әдіс -тәсілдерді үйрету, смарт талабына сай орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспар жазу жолдарын үйрету деңгейін бақылап, көмек көрсетіп отырдым. Оқушылардан сұхбат алып «Lesson Study»- дің тиімділігін, топтық жұмыстың ықпалын зерделедік. Үш деңгейдегі барлық оқушы сабақтың ұнағанын айтып, топпен жұмыс жасау не үшін қызықты болғанын сабақтағы өздеріне ұнаған іс- әрекеттерімен дәлелдеп айта білді. Екі сыныптағы өзгерістерді бақылау қорытындысы бойынша оқушының сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыруға, білім сапасын көтеруге топпен жұмыстың ықпалы зор екенін байқадым.
«Білім мен ізгілік қана мұратқа жеткізеді», - деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, қазіргі ұстаздар алдындағы міндет пен жауапкершілік өте жоғары. Сондықтан да, еліміздің ертеңі болған шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін бар күш- жігерімізді салып, жаңашылдықтан шошымай, қажырлы еңбек етуіміз керек деп ойлаймын. Сонда ғана күн сайын құлпырып, өсіп, өркендеп келе жатқан мемлекетіміз дамыған елу елдің қатарына еніп, еңсесі биік болатыны сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі Молдабекова Рауза Асқарқызын тағзым етуге арналған «ІІ педагогикалық оқулар» атты Республикалық ғылыми- практикалық конференция еңбектері. І том,Павлодар - 2009
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші (ілгері)деңгей, екінші басылым.
/ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014/.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» «Ынтымақтастық» және «бірлескен оқудың мәні»

шағым қалдыра аласыз