Сабақтың тақырыбы:Оқытудың
белсенді әдіс-тәсілдері.
Сабаққа
кіріспе.
Оқытудың белсенді
әдіс-тәсілдері-оқу
материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және
практикалық әрекеттерге итермелейтін әдістер.Белсенді оқыту
мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына,оларды есте сақтауы мен
қайта жаңғыртуына емес,оқушылардың белсенді ойлауы мен практикалық
әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне
бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды
білдіреді.
Жаңа міндеттердің пайда болуы ақпараттың
қарқынды дамуына тәуелді.Егер бұрын мектепте ,оқу орындарында алған
білімдер адамға ұзақ уақыт қызмет ететін болса,қазіргі жаһандану
заманында ақпараттарды үнемі жаңартып отыру қажеттілігі туындайды.
Бұл өз бетінше білім алу жолымен ғана жүзеге асуы мүмкін, сондықтан
бұл адамнан танымдық белсенділік пен өзінділікті талап
етеді.
Әрбір мұғалімнің басты міндеті-оқушыларға
белгілі бір білімдер жиынтығын беру ғана емес,сонымен қатар оларда
оқуға деген қызығушылықты дамыту,оқи білуге үйрету,шығармашылық
қабілеттерін ұштау.Жақсы ұйымдастырылған оқыту әдістерінің
көмегінсіз оқу материалдарының игерілуін ұйымдастыру
қиын.
Мектепте қолданылатын неғұрлым тиімді
әдістерге:дәстүрлі
сабақтың дәстүрлі емес басталуы,оқу материалдарының
тұсаукесері,интербелсенді оқыту формаларын немесе олардың
элементтерін пайдалану жатады.
Сабақтың дәстүрлі емес басталуы немесе сабақтың
басы.
1.Психологиялық
тренинг
2.Топқа бөлу.
«Алма,шие,өрік.банан»
Оқушылар немесе
қатысушылар шеңбер жасап тұрады.Әр қатысушыға алма,шие,өрік,банан
деп ат беріледі. «Алма» деген кезде алмалар орын ауыстырады.
«Банан»деген кезде банандар т.с.с Осы жемістердің атына байланысты
қатысушылар топқа
бөлінеді.
3.«Үй жануарлары»
Бұнда әр жануардың аты
қағазға жазылады.Қатысушылар қораптан таңдап алады.Және де
бір-бірлерін дыбыстау арқылы тауып алып,топ құруы
қажет.
4.«Серпілген
сауал»
Қатысушыларға сұрақ
қойылып,доп лақтырылады,қағып алған оқушы жауап беріп кері
лақтырады. Осылайша жалғаса береді.Бұл әдісті қайталау,өткенді еске
түсіру кезінде,үй тапсырмасын тексеру кезінде қолдануға
болады.
Мысалы:
-Т қандай
дыбыс?
-С
ше?
-Жуан дауыстыларды
ата?
-Жіңішке дауыстыларды
ата?
Сабақтың ортасында немесе жаңа сабақты хабарлау,түсіндіру
кезінде қолданылатын
әдіс-тәсілдер.
1«Данетки»
әдісі.
Оқушылар
тақырыпқа байланысты сөз немесе зат қара жәшікке жасырылады.
Жасырылған затты табу үшін оқушылар мұғалімге сұрақтар
қояды.Мысалы:
-Бұл
жануар ма?
-Төрт
аяғы бар ма?
-Түсі ақ
па?,-деген сияқты сұрақтар қояды.Мұғалім сұраққа «иә» немесе «жоқ»
деп жауап береді.Оқушылар жасырылған затты табуы
тиіс.
2.«Жұмбақ зат»
әдісі.
Оқушылардың алдына қорапқа салынып бір зат әкелінеді.Бір
оқушы немесе мұғалім оны
сипаттайды, сол сипаттама
арқылы басқа оқушылар жасырынған сөзді табады. Сипаттауда
айтатын сөздерге шектеу қою арқылы немесе қимыл арқылы көрсетуді
ұсынуға болады. Оқушылар жасырылған затты табу қажет. Жасырылған
зат сабаққа қатысты болуы шарт.Әрі қарай осы бағытта жұмыстар
жүргізіледі.Осы сөзді буынға бөл,сөзбен сөйлем құра деген
сияқты.
3.«Жарнама» әдісі.
Әр топқа
белгілі бір тапсырма беріледі.Сол заттарды жарнамалау
тапсырылады.Бұл әдісті сабақтың ортасында немесе сабақты
қорытындылау мақсатында да қолдануға болады. Мысалы: «Адам үй
жануарларынан не алады?»тақырыбын өткен кезде ,үй жануарын немесе
одан алынатын белгілі бір өнімді жарнамалауға
болады.
4.«Ертегі құрастыр»әдісі.
Бастаушы
ертегінің алғашқы сөйлемін айтады.Ертегі шығатындай етіп топ
мүшелері әрқайсысы бір бір сөйлемнен жазып шығуы керек. Құрастырған
ертегі де тақырыпқа сай болуы шарт.
5.«Қара,байқа,зертте»
әдісі.
Дүниетану,жаратылыстану пәндері зерттеуге бағытталған пән
болғандықтан ,бұл әдісті көбінесе дүниетану,жаратылыстану
пәндерінде қолдануға болады.
Сабақтың соңында қолданылатын
әдіс-тәсілдер:
1.«А,Ә,Б,В»әдісі.
Сыныптағы оқушылардың әрқайсысына жоғарыдағы әріптер жинағы
үлестіріліп беріліп қойылады.Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар
дайындалады.Оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын
көрсетуі керек.
2.
«Иә.жоқ»2 әдісі.
Бұл
әдісті сабақтың соңында білімді тиянақтау немесе сабақты
қорытындылау мақсатында да қолдануға
болады.
Мұғалім
қорыту сұрақтарын қояды,оқушылар «иә» немесе «жоқ»деп жауап
береді.Немесе келіссе қол шапалақтайды,келіспесе аяқтарын
тарсылдатады.
Мысалы:
-Жылқыдан қымыз алынады?
-Қымыз
адам денсаулығы үшін өте пайдалы?
-Сиырдан
жүн қырқылып алынады?
-Сиырдың
сүтінен қаймақ,май,ірімшік,құрт
алынады?
-Сүт қыс
мезгілінде молаяды?
-Түйені
көктемде күзейді?
-Түйенің
жүнінен көрпе жасалады,киімдер
тоқылады?
-Сиырдан
шұбат алынады?т.с.с
Кері
байланысты әртүрлі тәсілдермен алуға болады.
« Көңіл күй
букеті»,
«Бағдаршам», «Бас
бармақ»,
«Табыс
ағашы» т.с.с
Қорыта айтқанда,оқытудың
белсенді әдіс-тәсілдері-оқушының іс-әрекеті өнімді,шығармашылық
ізденіс сипаттындағы оқыту әдістері,оқушының танымдық іс-әрекетін
ынталандырушы,мәселені шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды
көздейтін диалогқа құрылған
әдістер.
Қандыағаш қалалық №5 ЖББ
орта мектебі.
Шеберлік
сабағы
Тақырыбы: «Оқытудың
белсенді әдіс-тәсілдері»
Өткізген:Калкаева Рысгул
Каримовна
2018-2019 оқу
жылы