жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқытудың жаңа технологиясы – «Сын тұрғысынан ойлау»
Мазмұны:
-
Кіріспе кезеңі.
Функционалды математикалық сауаттылығын бағалауға қойылған талаптарды орындау бойынша ұсыныстар.
-
Негізгі кезең.
Оқытудың жаңа технологиясы – «Сын тұрғысынан ойлау» арқылы оқушылардың функционалды математикалық сауаттылығын бағалауға қойылған талаптарды орындау.
-
Қорытындылау кезеңі.
«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасын сабақта пайдаланғаннан кейінгі ой толғаныс.
-
Қосымшалар.
Критериалды бағалау – сапалы білім өлшемі.
-
Әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Қазақстанның дамуының қазіргі кезеңі әлемдік тенденцияларға сәйкес мектептегі білім берудің жаңа басымдықтарын белгіледі. Олардың ішінде жетекші болып табылатын мектепте білім берудің сапасы Қазақстан Республикасының білім беру дамуының 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, сонымен қатар 2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалды сауаттылығын жетілдіруде Ұлттық іс-шаралар жоспарында да көрініс тапты.
Әлемдік білім кеңістігіне еліміздің енуі мемлекет пен қоғамның талаптарына сәйкес келе жатқан ұрпақты оқытуды «Үздіксіз білім беру» концепциясын іске асыруға септігін тигізетін құзыреттілік қажеттілігін туындатады.
2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалды сауаттылығын жетілдіруде Ұлттық іс-шаралар жоспары мақсатқа бағытталған, біртұтастық, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйелігін Қазақстан Республикасының мектеп білім берудің сапасын арттырушы негізгі бағыт ретінде қамтамасыз етуге бағытталған. Нәтижесінде, қоғамға функционалды сауатты, нәтижеге жұмыс істеуге және маңызды жетістіктерге жетуге қабілетті тұлға қажет.
Отандық мектептегі білім беру жүйесінің мақсаты мен мазмұнын жаңартуының негізін 2009 және 2012 жылдары Қазақстан мүшесі саналған PISA (Programmer for International Student Assessment) халықаралық зерттеулер құрайды.
PISA зерттеуінде математика бойынша жеке ойлау қабілеттеріне бағытталған тест тапсырмаларының мазмұнына ерекше көңіл бөлінеді. Ол математикалық ойлаудан және құбылыстарды сипаттауға, түсіндіруге және болжау үшін математикалық тұжырымдамаларды, рәсімдерді, айғақтарды және құбылысты қолданудан тұрады. PISA тестіндегі математикалық тапсырмалар сонымен бірге, оқушыларға математиканың олардың өмiрiнде қандай рөл атқаратынын түсінуге көмектеседi. PISA тестіндегі математикалық тапсырмалар оқушыларға сандық, кеңістік, ықтимал болатын және басқа да математикалық тұжырымдамалары бар математикалық мәселелерді талдауға, ойластыруға, шешуге және түсінік беруге мүмкіндік туғызады. Сонымен, PISA зерттеуінде 15-жастағы оқушылардың күнделiктi өмiрде туындайтын көптеген мәселелердi шешу үшiн алған білім және біліктілік қабілеттерін анықтау және бұл қабiлеттiлiктiң даму тенденцияларын айқындау басым сипатта болып табылады.
15-жастағы оқушылардың математикалық дайындықтарын тексеру мазмұны математикалық сауаттылық түсінігіне негізделген, ол «адамның өмір сүретін әлемде математиканың рөлін анықтау және түсіну қабілеті, жақсы қисынды математикалық пікірлерді айту, қазір және келешекте мүдделi, саналы азамат жасайтын қажеттiлігін қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу» деген түсінікті береді.
Математикалық сауаттылық деген ұғымға оқушылардың келесі қабiлеттiлiктері жатады:
-
қоршаған ақиқат ортада пайда болатын және математика арқылы шешiле алатын мәселелерді тани білу;
-
бұл мәселелерді математика тiлiнде құрастыру;
-
бұл мәселелердi математикалық айғақтар мен әдiстерді қолдана отырып шешу;
-
шешiмдерде қолданылған әдiстерді талдау;
-
қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсiндiру;
-
шешiмдердің нәтижелерiн құрастырып жазу.
PISA зерттеулерiнде оқушыларға қазақстандық мониторинг зерттеулерiне тән типтік математикалық есептер ұсынылмайды. Бұл зерттеудегі математикалық тапсырмалар нақты өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған өмірдің түрлі аспектілерімен байланысты және өз шешiмдерi үшiн математикалық талдауды талап ететiн, мектептiң өмiрi, қоғам, оқушының жеке өмірі, кәсiби қызметi, спорт және т.б. туралы мәлiметтер ұсынылады.
Зерттеу тұжырымдамасына сәйкес, әрбір тапсырма математиканың мазмұнды бөліктерінің біріне сәйкес келеді:
- сандар;
- кеңiстiк және форма;
- өзгерiстер мен қатынастар;
- белгісіздік.
Оқушылардың математикалық сауаттылығының деңгейі, осы аталған мазмұнды бөліктерімен қатар «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейімен сипатталады. Оқушылардың математикалық құзыреттiлiгi зерттеуде «тұлғаның математикалық бiлiмдерінің, біліктілігінің, тәжірибесінің және қабілеттерінің үндесуімен» анықталады. Зерттеуде үш математикалық құзыреттiлiктiң деңгейлерi қарастырылады: елестету деңгейi, байланыс орнату деңгейі, ойлау деңгейi.
2011-2020 жылдарға ҚР білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған Мемлекеттік бағдарламасы біздің оқушыларымыздың PISA халықаралық зерттеулерінде мақсатты индикаторларды анықтады, оның ішінде 2015 жылы 50-55 орын, 2020 жылы 40-45орын.
2013 жылы PISA-2012 нәтижелері ЭЫДҰ тарапынан (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) жарияланды. Аталмыш зерттеу нәтижесінде, 65 елдің ішінде қазақстандық қатысушылар математика бойынша 49, ғылыми жаратылыстану пәндері бойынша 52, ал оқу сауаттылығы бойынша 63-орынды иеленді. Нәтижелер қазақстандық оқушылардың үлесін төмендегідей белгілейді:
Нақты жағдай үшін нақты модельдермен тиімді жұмыс істеу, әртүрлі тапсырмаларды дамыту және қолдану математика сауаттылығын зерттеу қатысушыларының 4,2% құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа деңгей 16%);
Бұдан, Қазақстанның PISA қатысуының нәтижелері еліміздегі жалпы білім беру мектептерінің педагогтары жоғары деңгейдегі пәндік білім береді, бірақ өмірлік жағдайларды оларды қолдануға жеткілікті түрде үйретпейтіндері көрсетеді. Сонымен, мұғалімдер логикалық, сыни және конструктивті ойлау негіздері қалыптастырудың тиімді әдістерін жеткілікті дейгейде білмейтіндері аңғарылады.
Функционалды математикалық сауапттылығын бағалауға қойылған талаптарды орындау үшін:
Теориялық материалды меңгеру:
PISA бағдарламасының мақсатын, мазмұнын және құрылымын;
PISA халықаралық зерттеуінің тапсырмалар типтерін;
Математикалық сауаттылықтың құрылымдық бөліктерін.
Элементарлы математиканың сапалы аспектісінің мазмұны мен болмысын анықтау.
Тұлғаға бағытталған белсенді оқытудың бағыттарын тәжірибе барысында меңгеру және қолдана білу.
Математикалық сауаттылықты дамыту үшін белсенді стратегияларды меңгеру және қолдана білу.
PISA талаптарына сәйкес тапсырмаларға мысалдарды келтіру дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылардың құзыреттілігін формативті және суммативті бағалау бойынша стратегияларды қолдана білу.
Белсенді оқыту мен мәселелерді коллаборативті түрде шешудің әдістерін дәріс-әңгімелесу, белсенді оқытудың әдістерін («Мен-Сен-Біз», «Алты қалпақ», «Әткеншек», «Сократ семинары», «Мозаика», «Миға шабуыл», «Білемін, білгім келеді, білдім», «Қар үйіндісі») қолдану арқылы жүргізілетін тренингтер құрайды.
Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы.
Технология (грек тілінен аударғанда) – шеберлік, өнер, білім беру.
Технология дегеніміз - әдістемелік жүйесімен дидактикалық процестер кешенінің тәжірибеде жүзеге асырылатын жобасы. Нәтиже көрсетіп жүрген оқу технологиясы деңгейлік саралап оқытуға негізделген.
Технология – оқушы мен ұзтазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі.
Педагикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану ретімен жиынтық жүйесін білдіреді.
-
Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады.
-
Оқушының жеке қабілеті анықталады.
-
Іштей бір-бірімен қалмауға тырысып талпынады.
-
Тапсырмалық күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады.
-
Өзін-өзі тексеруге дағдыланады.
-
мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады.
-
Орындау қабілетіне қарай бағаланады.
«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасына кіріспе түсінік.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С Мередит, Чарльз Темпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан - қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан » қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәрбиелеріне ене бастады.
«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмыстың дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс барысында көз жеткізілген.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйренудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпараттты қабылдай жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзеледі.
Енді осы кезеңдердің мақсат міндеттеріне тоқталайық:
Қызығушылықты ояту.
Үйрену процесі бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұйымдастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да Сабақ қарастырлғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіргендіргіш арқылы (Ойды қозғау) әсер ету жүзеге асырады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», “Жұпта талқылау”, «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б деген аттары бар әдістер жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің 2 мақсаты-үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену енжарлықтан көрі белсенділіктен талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды, яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте –бірте ойлауға қадам басуға бастайды.Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат оны байырға біліммен ұштасырады.
Ойлаумен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаны екінші кезеңі мағынаны тану (Түсіне білу) бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар.
Тақырып туралы ой толғаныс-бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру, назардан тыс қалып жасатады. Одан көрі, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегіген өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіге, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады, олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.
Сын тұрғысынан ойлау ойлау бадарламасындағы мұғалімнің рөлі қандай дейтін болсақ, ол үйрену процесінде оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын көрсете сөйлеге қолдау көрсетіп отырады. Бүкіл қайнаған істің ортасында білім (Үйрену) ісін ұйымдастырушы деуге болады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:
1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2.Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3.Әр түрлі идеялармен пікірлерді қабылдау;
4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану;
5.Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;
6.Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
Ал оқушылардың осыған байланысты:
-Сенімділікпен жұмыс жасау;
-Бар ынтасыман оқуға берілу;
-Пікірлерді тыңдау, құрметтеу;
-Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.
Тек сонда ғана олар:
-Мен осы мәселе туалы не ойлаймын?
-Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?
-Маған бұл жаңа ойлар–идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Инсерт – “Түртіп алу” немесе “INSERT” стратегиясын беруде әртүрлілік байқалады. Ағылшын вариантында былай беріледі.
“V” – белгілі оқып отырған ақпаратты сіз бұрыннан білетінг болсаңыз немесе білемін деп ойлаған жеріңізге қойылады;
« - » – белгісі, егер ақпарат сіздің білетініңізге сай келмесе немесе өзгеше болса қойылады;
«+» - белгісі, егер ақпарат сіз үшін жаңа болып табылса, сол жағдайда қойылады;
«?»- белгісі, егер ақпарат сізді таң қалдырса, сізге түсініксіз болса, не
болмаса ол туралы тереңірек білгіміз келсе, сол жағдайда қойылады.
Бұл стратегияны мағынаны ажырату кезеңіне қолданамыз.
Семантикалық карта стратегиясы .
Бұл стратегия оқушының бойындағыны жандандыру және дамытуға арналған семантикалық қасиеттерді талдау. Оқушылардың оқып жатқан тақырыпқа байланысты білімі бар болған жағдайда бұл стратегияны пайдаланған тиімді. Бұл стратегияның мақсаты белгілі бір тақырыпқа байланысты жаңа білім мен оқушыларға бар білімнің деңгейін салыстыру. Семантикалық картада оқушылар үшін немесе төрт обьектіні талқылаудан бастайды. Әр тақырыптың қасына дұрыс деп санаған қосу белгісін қояды.
Семантикалық карта ой толғаныс кезеңінде қолданады.
Венн диаграммасы .
Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін обьектілердің сипаттамалары жазылады.Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар түзіледі.Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
Венн диаграмманы ой толғаныс кезеңіне қолданамыз.
Кубизм стратегиясы - бұл ағылшынша кауан тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы.
Бұл стратегия бойынша ойлау мен жазуға көмектесу үшін кубикті қолданады. Ол кубикті қағаздан 15-20 см. Шамасында жасау керек. Оның әр жағына мына 6 көмекші сөздер жазылады.
-
Зерттеңіз;
-
Салыстырыңыз;
-
Қолданыңыз;
-
Дамытыңыз;
-
Сипаттаңыз;
-
Талқылыңыз немесе қарсы болыңыз.
Мұғалім берілген тақырып бойынша осы тапсырмадан соң еркін 2-4 минуттай жаздырады. Мұғалім 6 жағына да жеке түсінік береді. Ойды ортаға салған кезде оған жазылған ереже жоқ. Бір ғана мақсатол аса ұтымды талқылап ой алмасып ретімен жүргізіп отыру керек.
Кубизм стратегиясы ой толғаныс кезеңінде қолданылады.
Сабақтың аяққы кезеңінде (үйренгенді айқындау) қолдануға тәсілдер.
Бұл кезеңде оқытушы оқушылардың жаңа мағлұмат бойынша ойланып, ол жөнінде өзара пікір мен талқылауды ұйымдастырады. Оқушылар осы сабақта білгендері мен үйренгенін тұжырымдайды, олардың қолданысы туралы пікірлесіп, проблема шешуді қолданады.
Бұл кезеңде оқушы «Не білдім / үйрендім?». «Бұл не үшін керек?»,“Оның қолданысы қандай?”. «Бұл білімді әрі қарай қалай дамытамын/ жалғастырамын?» деген сұрақтарға жауап беруі керек.
Эссе – оқушының сабақта қарстырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Әдетте сабақта эссе 5-10 минуттік уақыт аралығында жазылады. Бұл алайда эссенің шағын көлемді жұмыс екендігін аңғартпайды: бірнеше беттен тұратын көлемді эссе үй тапсырмасы немесе өздік жұмысының үлгісі ретінде берілуі де ықтимал. Эсседе бірінші мезетте оқушының өзіндік «Мені» көрініп тұруы керек. Эссе арқылы оқытушы оқушының ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссе – ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі.
Эссені түрлендіруге де болады.Мәселен, сабақ аяғында оқушылар параққа бір сұрақ жазып,парақтың оң жағында отырған серігіне береді, бұл сұраққа жазбаша жауапты серігі береді.
Немесе эссе оқушының сұрағымен басталып, басқа сұрағымен аяқталуы мүмкін.
Эссенің сабақта қарастырған шығарма (идея, теорема, формула, кітап, т.б.) авторына хат формасында жазылуы да орынды. Хатты бүгінгі сабақ тақырыбы төңірегінде оқытушыға немесе аудиториядағы басқа бір оқушыға жазуға болады.
Дөңгелек үстел – шағын топ ішінде (3-5адам) оқушылардың қарастырылып отырған тақырып (сұрақ, проблема, мәселе, идея, тұжырым, т.б.) бойынша кезекпен сағат тілі бойынша белгіленген уақыт аумағында (1-2 минут) өз ойларын ауызша ортаға салу тәсілі.
Дөңгелек үстелде келесі ережелерді ұстанған жөн:
- біреудің сөзін бөлуге болмайды;
- басқаның пікірін сыйлау керек: келіспегенімізді сөз,мимика,ишарат арқылы білдіруге болмайды.
- берілген уақыт шеңеріне аспау керек;
- сұрақтар туындайтын болса, оларды дөңгелек үстел аяғында ғанаа қоюға болады;
Дөңгелек үстелде сөз бір оқушыға бірнеше рет айналып келуі мүмкін. Келесі сөйлегенде оқушылар алдындағы ойларын қайталамай, оларды әрі қарай жалғастыруға және басқалардың пікірін де ескере отыру қажет.
Дөңгелек үстел жазбаша да өтуі мүмкін. Ондай жағдайда оқушылар (мәселен семинар немесе практикалық сабақтарда ) парақтарына өз ойлары мен идеяларын белгіленген уақыт аумағында (2-3 минут) жазып, уақыт аяқталған соң оң жағындағы көршілеріне парағын береді. Көршілері алдыңғы жолдасының жазғанымен танысып, сол ойларды әрі қарай жалғастырады. Белгіленген уақыт өте парақтар тағы оңға қарай беріледі де жазуды толықтыру әрі қарай жалғастырылады. Жазба жұмысы парақтың жазу иесіне қайтып оралғанша жалғасады. Бүкіл үстелге айналып өткен парақ қолына тигенде, парақ иесі жазғандардың бәрімен де танысып шығып, қорытынды тұжырым жазады.
Үш қадамды сұхбат – тақырып бойынша оқушылар бір-бірінен кезектесіп интервью алу тәсілі. Бұл тәсіл сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою тәсіліне ұқсас, алайда мұнда басты назарды жауапқа аудару керек.
Шағын топ ішінде (3-4 адам) оқушылар тақырып бойынша бір-бірімен интервьюді келесі кезекпен алуы мүмкін:
Үш оқушыдан тұратын топта:
1. А оқушы В-дан интервью алады, ал С олардың сұрақ жауабын жазып отырады;
2. В оқушы С-дан интервью алады, ал А олардың сұрақ жауабын жазып отырады;
3. С оқушы А-дан интервью алады, ал В олардың сұрақ жауабын жазып отырады;
Үш қадамды сұхбатты жазбаша да орындауға болады.
Әрине бұл тәсілді қолданған да оқытушының жұмыс ретін шығармашылық тұрғыдан өзгертіп тұруы әбден орынды.
Пікірталас – қандай да болмасын проблема бойынша қарама-қарсы пікірлерді келтіру арқылы ақиқатқа жету тәсілі. Пікірталас өткізудің түрлері баршылық. Жалпылама олардың негізгі әрекеттері төмендегідей.
Екі жақты шешімі бар проблеманы келтіргеннен кейін, оқытушы олардың осы мәселе төңірегіндегі өз ойларын қағазға түсіріп алып, өз көзқарасын айқындауын сұрауы керек. Осыдан кейін оқушылар үш үлкен топтарға бөлінеді: бірінші пікірді, екінші пікірді жақтағандар және «мүмкін» деген көзқарасты ұстанғандар. Оқушылар бір пікірді ұстанғандар тобында өз көзқарастырын дәлелдейтін тұжырымдарды талқылап, олардың тізімін жасайды. Әрбір топ бүкіл топ атынан сөйлейтін спикерді таңдайды. Осыдан соң топ спикерлері кезекпен өз дәлелдерін аудиторияға белгіленген уақыт ішінде (мәселен, 2 минут) жеткізеді. Спикер сөйлеп болған соң, қарсы жақтардың сұрақ қоюына болады, оларға жауапты тек спикер ғана бермей, топтың басқа да мүшелеріне де қайыруына болады. Осылайша үш топта өз дәлелдері мен уәждерін келтіргеннен кейін қарсыластар бір-біріне қол соғып, орындарына отырып, пікірталастан кейін бағанағы проблема жөнінде эссе түрінде жазбаша келтіреді.
Пікірталастың ережелері:
- спикер сөйлегенде, оның сөзін бөлмеуі керек;
- қарсы жақтың көзқарасына жағымсыз тұрғыдан сын және пікір айтпауы керек («дұрыс емес!», «келіспейміз!», «жалған», «біздің ойымыз ғана дұрыс!» деген сияқты );
- егер келіспесеңіз, тек қарсы жақтың көзқарасын айқындайтын сұрақ қана қоюға болады;
Пікірталас соңында оқушылардан «Қай жақ жеңді?» деп сұрауға болады. Егер оқушылар жеңісті біреуге беретін болса, онды оларды келесідей ұғымға сұрақ қою арқылы алып келу керек секілді:
- пікірталас ақиқатқа жетудің тиімді тәсілі;
- пікірталас әркімнің өз көзқарасын айқындауға зор мүмкіншілік береді;
- пікірталаста жеңілгендер болмайды: бәрі де ұтыста болады.
Топтық зерттеу (Бірлескен жұмыс) – семинар немесе практикалық сабақтарда оқушылардың бірлесе отырып белгілі бір проблеманы графикалы түрде шешу тәсілі.
Оқытушы тақырып бойынша шешуді талап етуді проблеманы оқушыларға ұсынады. Оқушылар шағын топтарға бөлініп, аталмыш проблеманы шешу жолдарын талқылап, өздерінің шешімін маркерлермен плакатқа түсіреді (10-15 минут ішінде). Оқушылар өздігімен мазмұн мен тапсырма орындаудың форматын таңдайды, ақпарат жинастырады, оларды талдап, бағалайды. Содан кейін плакат қабырғаға ілінеді де, топ атынан спикер шығып жұмысты қорғайды. Қорғау соңында топ мүшелері басқалардың сұрақтарына жауап береді, олардың шешіміне түзету енгізуі де мүмкін.
Бірлескен жұмысты қорғау кезінде келесі ережелерді ұстанан орынды:
- спикер сөйлегенде, оның сөзін бөлмеу керек;
- басқа топтың көзқарасына сын айтпай, тек жағымды және позитивті тұрғыдан пікір келтіруге болады;
- тек сұрақ қана қоюға болады.
Оқытушы әр топқа жеке тапсырма беріп, немесе топтар тапсырмаларды өздеріде таңдап алуы мүмкін.
СТО бағдарламасын сабақта пайдаланғаннан кейінгі ой толғаныс.
Мұғалім:
- оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру жолға қойылды;
- қызығушылықты оятуға ерекше мән беретін болды;
- өзіне сын көзбен қарауды меңгерді;
- сабақта әрбір жұмысты аяқсыз қалдырмауға дағдыланды;
- сабақ кезеңдерінде сәйкес стратегияларды дұрыс таңдауға үйренді;
- сыныптан тыс жұмыстар, ата-аналармен шаралар жаңа формада ұйымдастыратын болды;
- өзімнің ұжым арасындағы беделім өсті, жеке белсенділігім артты;
- оқушылармен даму деңгейін үнемі зерттеп отыру, қажеттілігіне айналдыру.
Оқушылар:
- ойларын жүйелеуге, ашық айтуға үйренді;
- рефлекция жасай алды;
- ойлау процестерін меңгерді (талдау, жинақтау, салыстыру);
- шығарма эссе жаза алды;
- әртүрлі шешімдер айта алды;
- оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы жақсарды;
- ізденуге, дағдылануға үйренді;
- аз уақытта көп жұмыс жасауға үйренді;
- үлгерімі жоғарылады.
Критериалды бағалау – сапалы білім өлшемі.
Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
- алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
- анық, айқындылығы;
- бағаның әділдігі;
- өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі
Критериалды бағалау сабақтың өн –бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. Бағалау парағы топқа тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар өзге топты бағалар алдында өз тапсырмаларын орындауда сол критерийді басшылыққа алады.
Сабақ үрдісінде формативті бағалау (қол шапалақтау, жұлдызша беру) ынталандыру мақсатында жүзеге асып отыратын сабақтың негізгі бөлщегі болып саналады.
Критериалды бағалау қалыптастырушы бағалау жұмыстарын (формативті тапсырма) жүргізуде де үнемі жүзеге асып отырады. Оқушылар жұмысты орындамас бұрын дескрипторларға назар аударады. Өзінің қандай білік -дағдыны қалыптастыруда жұмыс орындағанын ұғынып отырады .
Сабақ процесінде өтілетін тақырыпқа байланысты немесе топқа орындауға берілген 1 тапсырмаға табыс критерийі құрылады. Табыс критерийі – нәтижеге қол жеткізудің ең тиімді жолы.. Табыс критерийін дайындап, берілген тапсырма орындалып болған соң, топ мүшелері өз есімдерін жазып, әрбір критерий бойынша өздерін бағалайды. Жұмысым жүйелі болу үшін табыс критерийінің бірнеше үлгілерін дайындап көрдім. Сабақ барысында дайын үлгілерді топқа ұсынып, бірлесіп критерий құруын тапсырамын. Оқушылар алдымен топта ақылдаса отырып, өз ойларын ортаға салады. Сонан соң сынып оқушыларымен түгел бірлесе отырып критерийлерді нақтылап аламыз.
Критериалды бағалау артықшылықтары:
-
Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
-
Оқушының жұмысын бағалау алдын –ала ұсынылған критерийлерге негізделеді. .
-
Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала белгілі;
-
Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі;
-
Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады;
-
Критерий арқылы бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді;
-
Білім берудің сапасы артады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011 – 2020 годы. Астана, 2011г.
2. Национальный план действий по развитию функциональной грамотности школьников на 2012-2016 . Астана, 2012 г.
3. Заир – Бек С.И., Муштавинская И.В. Развитие критического мышления на уроке: Пособие для учителя. – М.: Просвещение, 2004 – 175с.
4. Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учебное пособие. – М. Академия, 2003 – 272с
Интернет-ресурстары
-
http: //www. akorda. kz/ru/page/ page_poslanie-prezidenta-respubliki-kazakhstan-n-nazarbaeva-narodu-kazakhstana_14-dekabrja_2012-d-1357813742
-
httр: //www.ruscenter.u/319.html.
-
http://www.nsdc.org/members/tools 11-05.pdf.
12
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген