Материалдар / «Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
«Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» бұл баяндамада әдістемелік тақырыбым бойынша тарих сабағында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін көрсету еді .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2020
2651
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру»

«Кеңес Одағының Батыры И.М.Бережной атындағы

Келлер орта мектебі» КММ

тарих пәні мұғалімі

Абдрахманова Гүлзина Батановна

Мақсаты: Тарих сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру тетіктерін зерделеу арқылы оқытудың озық технологияларын тиімді пайдаланып, сапалы білім беру, өмірге бейім тұлға қалыптастыру. Тарих сабағында оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру тетіктерін зерделеу арқылы оқытудың озық технологияларын тиімді пайдаланып, сапалы білім беру, өмірге бейім тұлға қалыптастыру. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды тарих пәнін оқытуда қолдану және ол арқылы оқушы білімін тереңдетіп, функционалды сауаттылығын арттыруға септігін тигізетіндігін дәлелдеу.

Міндеттері:

  • Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау;

  • Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін қолданылатын жаңаша әдіс-тәсілдерді меңгеру, игеру.

  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың өз бетінше ізденудің тиімді жолдарын анықтау.

Зерттеу нысаны: Тарих сабағын меңгертудің ұтымды әдістемесін ұсыну. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды тарих пәнін оқытуда қолдану арқылы оқытудың тиімді амалдарын көрсету.

Зерттеу пәні: Мектепте тарих сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды қолдану арқылы тарихты меңгерту.

Таңдалған зерттеу әдістері: Тарих пәні бойынша сыныптағы оқыту процесін бақылау, алдыңғы қатарлы үлгілі ұстаздардың озат іс-тәжірибелерін жинақтау, талдау, салыстыру, қорыту педагогикалық эксперимент жүргізу және оның нәтижесін сұрыптау, диагностика жасау.

Зерттеудің тәжірибедегі маңыздылығы: Жұмыста ұсынылған амал- тәсілдерді орта және жоғарғы сыныптарда тарихи салаларын меңгертуде қолдануға болады. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, жаңа тақырыпты тез меңгеруге мүмкіндік береді.

Кіріспе.

Қайырлы күн, құрметті әріптестер!

Бүгін мені қолдауға келген және ынтымақтастыққа дайын адамдарға алғыс айтамын. Жұмыс тәжірибемді ұсынуға рұқсат етіңіз.

Тақырыптың өзектілігі: Еліміздің орта білім саласына енгізіліп жатқан жаңа реформа білімнің берілу сауаттылығы ғана емес, мемлекетіміздің әлемдік деңгейдегі бәсекелестікте алатын орнына да қатысты. Бүгінгі білім саласындағы талап әлемдік озық үлгідегі білім беретін елдермен тәжірибе алмаса отырып оқыту. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру –заман талабына сай өскелең ұрпақтың өмірге бейімділігі, халықаралық стандарт деңгейінде сапалы білім мен тәрбие алуының негізгі құралы. Негізгісі оқушыларды мектеп бітіргеннен кейін өмірге бейім етіп, алған білімін өмірде кез келген жағдайда, қажетті жерде оңтайлы қолдана алатын тұлға ретінде оқыту болып отыр

Функционалдық сауаттылық дегеніміз-адамдардың әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі, заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, үнемі білімін жетілдіріп отыруы.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде тарих пәнінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін таныту, оларға идеялық-саяси, рухани –адамгершілік, этикалық-эстетикалық тәрбие беру, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыру тарих пәнінің басты міндеті болып табылады.

Көбінде балалар бұрын алған білімін өмірде қолдана алмайды; талдау жасап, содан нәтиже шығаруды білмейді; берген мәліметті жинақтай алмайды; сабақ мақсаттарын анықтап, сол мақсатқа жету жолын таба алмайды. Сабақ барысында оқушылардың аз сөйлеп, өз ойын нақты жеткізе алмауы осының барлығы үлкен проблема болып табылады. Яғни оқушыларда функционалдық сауаттылық дағдылары қалыптаспаған.

Тарих сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру тетіктерін зерделеу арқылы оқытудың озық технологияларын тиімді пайдаланып, сапалы білім беру, өмірге бейім тұлға тәрбиелеу. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды тарих пәнін оқытуда қолдану және оқушы білімін тереңдету мен сабақты шығармашылық ізденіспен меңгеруге әсерін тигізеді. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы жұмыс жасағанда оқушылар өз алдына қойған сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отырады.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады.

1-кезең: «Қызығушылықты ояту». Бұл үйрену үрдісі. Оқушының бұрыңғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сондықтан да сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұнда ойды қозғау, ояту арқылы әсер ету жүзеге асады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты –оқушының белсенділігін, ынта-жігерін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” «Кластер» сияқты т.б. әдістерді пайдалануға болады

Кластерді құру оқушыларға кез-келген тақырып туралы еркін және ашық ойлауға мүмкіндік береді. Оқушы парақтың ортасына кілт сөзді жазады және одан әр түрлі бағытта жебелер – сәулелерді тартады, олар бұл сөзді басқалармен байланыстырады, олардан өз кезегінде сәулелер одан әрі бөлінеді.

Кластер әдісін Рефлексия сатысында-оқушылардың зерттегенін қорытындылау кезінде де қолдануғада болады.

Кластерлермен жұмыс жасағанда келесі ережелерді сақтау керек: 1. Ойға келген нәрсенің барлығын жазудан қорықпау керек. Қиял мен интуицияға ерік беру керек. 2. Уақыт біткенге дейін немесе ойлар сарқылғанға дейін жұмысты жалғастыру. 3. Көбірек байланыстар жасауға тырысу. Алдын-ала белгілі жоспарды қолданбау.

2-кезең: «Мағынаны тану». Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетінше жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқу стратегиялары бар. Соның бірі INSERT кестесі. "Инсерт" немесе даладағы белгілер, әсіресе балаларға ұнайды, өйткені бұл технология қарапайым және қол жетімді және пайдасы зор: бұл әдіс сыни ойлауды дамыту үшін тиімді . 6 сыныпта «Сақтар тарихы» тақырыбымен танысу барысында қолдандым.

Ү-білемін;

-- білмеймін;

+- мен үшін жаңалық;

?- мені таң қалдырды;

белгілерін қоя отырып, мәтінді оқу тапсырылады. Оқушылар білетіндерін анықтап, 5 сыныпта өткенді естеріне түсіреді, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.

3-кезең: «Ой толғаныс» Бағдарламаның үшінші кезеңі күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған оқушыларға «Тарихи диктант», «Венн диаграммасы», «Даталар сөйлейді» “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай қолданамын.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы қолданылған сабақтың нәтижесі төмендегідей болады.


Мұғалімнің мақсаты

Сабақтың нәтижелілігі

    Оқушыға жаңа сабақты өз бетінше меңгерту

Қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау

Топпен жұмыс жасауға үйрету

Қарым-қатынас үйренуі

Бір-бірін шынайы бағалауға тәрбиелеу

Басқаларды тыңдай білуі

Сабақтың тәрбиелік әсерін жеткізу

Белсенділігің артуы

Өз көзқарасын қалыптастыру

Өз ойын тұжырымдай білуі

Қайталау сабақтарында оқушылардың өткен тақырыпты толық меңгергенін білу үшін оқушыларды баяндаушы, сынаушы, талдаушы, сұрақ құрастырушы деп бөліп тапсырмалар беремін. Оқушылар өздері талдап, өздері бір-бірін бағалауға мүмкіндік алады. Баяндаушы әңгімені мазмұндайды, сынаушы баяндаушының жіберілген қателерін айтады, талдаушы баяндаушының жақсы жақтарын айтып, қорғап шығу керек, сұрақ құрастырушы сұрақтар даярлайды.

Функционалдық сауаттылықтың тағы бір тетігі ретінде қосымша білім мен мектептен тыс сабақтармен қамтуды жатқызуға болады. Оқушылардың ізденушілігі мен дербес ойлауын дамыту, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында тарих сабақтарын түрлендіріп өткізу керек. Дәстүрден тыс сабақтарды, мысалы, жарыс, ойын, КТА яғни көңілді тапқырлар алаңы, шығармашылық жұмыстарға, дебат сайыстарына көңіл аударылады. Мектепте оқушылар дебат сайыстарына қызығушылықпен қатысады.

8-9-10сынып оқушыларынан құрылған «Болашақ» тобы аудандық пікір-сайыстарда жыл сайын 1-2-3 орындарға ие болып, Петропавл қаласында өткен «Қазақстан Тәуелсіздігі күніне арналған Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің атындағы кубогіне арналған «Тәуелсіздік-тарихтың төл тарихы» атты республикалық пікір сайысқа қатысып Серификатпен оралды.

Дебат сайыстарына қатысу арқылы оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас мүмкіндігіне ие болады, яғни ой, сөз, іс бостандығына жол беріледі. Өзіндік пікір қалыптасады, шығармашылық жұмыстармен айналысады, тарихи білімге синтез жасай алады, сөйлеу мәдениеті артады, өз бетінше ізденеді, зерттеу жұмысын жүргізеді. Оқушының шығармашылық белсенділігі артады. Дебат сайыстарына қатысуға оқу үлгерімі төмен оқушылар да ниет білдіреді. Олардың тіл байлығы жетіліп, тарих пәніне деген қызығушылығы артқанын байқадым.

Қорыта айтқанда тарих сабағында өзім қолданып жүрген оқыту технологиясын қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:

-Оқушыларға еркін ойлауға мумкіндік береді;

- Сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

- Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

-Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға көмектеседі;

- Тіл байлығын дамытады;

- Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;

- Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді;

- Өз бетімен білім алатын, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.

Тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын, қабілетінің дамуын ескере отырып, функционалдық сауаттылығына қол жеткізуді қамтамасыз етіп, жан-жақты дамыған, мектепте алған білімін өмір бойы пайдалана алатын тұлға өсіру-білім беру мамандарына жүктелген үлкен міндет деп түсінемін.


Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. ҚР Білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы

  2. С. Қожагелдиева, Н. Нұртазаева.Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі. Бастауыш мектеп, 2009ж №4

  3. Әбдіғұлова Б.К. Қазақстан тарихын оқытуда оқушылардың  өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру жолдары. Алматы, 2000.

  4. Интернет жүйесі.
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!