Өр Алтайдың мұзбалағы - Оралхан әдеби сазды кеш сценарийі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өр Алтайдың мұзбалағы - Оралхан әдеби сазды кеш сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оралхан Бөкеевтің өмірі мен шығармашылығына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы

Қобда ауданы

«Талдысай орта мектебі» КММ



Бекітемін:_______________ Келісемін:________________

Мектеп директоры К.Ж.Жубанова ДОЖЖО А.С.Избасарова

«____»_______________2023 ж «____»_______________2023 ж



Picture 1

«Өр Алтайдың мұзбалағы - Оралхан»

әдеби сазды кеш





Ұйымдастырушы: қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Космагамбетов А.С







2022-2023 оқу жылы

Әдеби сазды кеш
( Оралхан Бөкеев шығармашылығына арналған) 

Үлкен зал. Зал іші гүлмен, шармен безендірілген. Төрде Оралхан суреті. Залға жазушы шығармашылығынан көрме ұйымдастырылды. Залға: «Ұйқым келмейді», «Мынау аппақ дүние» деген өз сөздері ілінді. 


Мұғалім (А.С.Космагамбетов) : - Армысыздар, әдебиет сүйер қауым!Қоғамдық-гуманитарлық пәндер онкүндігінің аясында өтіп жатқан төл әдебиетімізде өміршең өрнек қалдырған талантты жазушы, аяулы азамат Оралхан Бөкей шығармашылығына арналған «Өр Алтайдың мұзбалағы - Оралхан» атты әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер!
Бүгінгі кешіміз Өр Алтайдың құнарлы топырағынан нәр алған, қыз - табиғат өңірдің уызынан қанып ішкен, өз санасында сандаған повестер мен сағыныштарға толы әңгімелердің негізін қалап үлгерген, Алтайда жатып асқақ та өршіл дауысымен алты алашты елең еткізген Оралхан атамызға арналады.
Осы айтам-ау, адамның адамнан несі артық? Адамның адамнан мінезі мен білімі артық. Ендеше, бүгінгі кешке мінезімен де, білімімен де ерекшеленген оқушыларымыздың сіздерге жеткізбек ойы бар.


2Жүргізуші:

Толқытар ойлар мың қилы, 
Армансыз әсте күн бар ма?! 
Жүрегі оның бұлқынды, 
Анадан алғаш туғанда. 
Иә, Оралхан Бөкеев сұрапыл соғыстың отты жылдарында 1943 жылы 28-қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Қатон қарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында Бөкей мен Күлия отбасында дүниеге келеді. 
1Жүргізуші: Өзінің туған күні туралы Оралхан әзіл-қалжыңы аралас былай дейді екен: «28 – қыркүйек – қазақ әдебиеті үшін қайырлы күн. Мұхтар Әуезов 28 – қыркүйекте туған. Шерхан Мұртазаның туған күні де 28-қыркүйек, мен де осы күнде дүниеге келіппін» - деген екен.


1Жүргізуші:

  • Дильназ, осы сенің атынды дәл етіп кім қойған?

  • Менің есімімді анам қойған. Оның кешке қандай қатысы бар?

  • Оралхан атамыздың есімін де анасы Күлия қойыпты. Оның өзі бір – тарих.

2Жүргізуші: 1943 жылы Оралхан атамыздың әкесі Бөкей Орал қаласында еңбек армиясында жүрген кезінде сол жылдың 28 қыркүйегінде Оралхан дүниеге келіпті.Анасы «Әкесі Оралдан аман есен оралсын» деген ырыммен «Оралхан» атапты. Ниеті қабыл болып, әкесі аман – есен оралады екен.

1Жүргізуші: «Аспирант қыздың тракторшы жігіті» шығармасынан үзінді .

1Жүргізуші:

Бөкей отбасында – 6бала оның ішінде 5қыз : Шолпан,Әймен,Ләззат,Мәншүк, Ғалия, 1 ұл – Оралхан болды.

2Жүргізуші: Оралхан үлкен апайы Шолпанға: «Сен біздің алдыңғы дөңгелегімізсің, сен қалай дөңгелесең , біз де солай дөңгеленеміз» - депті.

2Жүргізуші:Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болған Оралхан атаның алғашқы әңгімесі 1967 жылы «Жұлдыз» журналында «Таң шапағы» деген атпен жарыққа шығады. 
1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген Оралхан Бөкей журналистік кәсіптің шырағын жиырма жасында жағып, қатардағы әдеби қызметкерлігінен Бас редакторға дейінгі 26 жылда жазу өнерінің ат жалында ойнағаны жұртқа мәлім. 

1Жүргізуші: Оралхан атамыздың туған елін кереметтей көріп, ерекше қастерлейтін. Өзінің туып-өскен Шыңғыстай ауылын қайда жүрсе де аузынан тастамайтын. Алтайдың шығысында сонау бір түкпіріндегі қалың қарағайдың арасында Шыңғытай ауылының барын бұрын кім білген? Қазақтың кең байтақ жерінде аралға ұқсап, оңаша қалған кішігірім ауылдар аз ба? Тым шағын осындай ауылды әлемге танытуға болады екен. Танытатын – сол жердің даңқты азаматы Шыңғыс Айтматов өзінің туған ауылы Шекерді бүкіл елге танытты.

Біз Орағаңның туған ауылы Шыңғыстайды да жап-жақсы біліп алдық. Ағаның жазған әңгімесінен Шыңғыстай ауылына кіріп, үйлерін аралап, адамдармен танысып отырмыз.

Соның бірі балаларға ертек айтып жүріп, еңбекке тәрбиелеген әжеміз Сарқыт жайлы жазған «Апамның астауы» әңгімесі.
( Асылай)
Он бес жасыма дейін Апамның қойнында жаттым; он бес жасыма дейін Апамның тәрбиесінде өстім; он бес жасыма дейін Апамның етегіне жабысып, соңынан қалмай бүлкектеп құлындай еріп ер жеттім. Сол кісімен жүрсем, мал сойған үйдің құлағы, тәттісі мен дәмдісі менің аузыма тиетін. Мен ол кезде Апамның тарихын, тіпті кім екенін білмей алаңсыз шуақты күндерге марқайып маңар едім. Бүгінде көз алдымда: арық ашаң кемпір, тарамысты мықты саусақтар, еріні мен иегін күйік шалып тыртықтанған әдемі ажар, кимешегін дудырап шығыңқырап жүретін ақ шалмаған қара бұйра шаш қана...менің көз алдымда: қандаурынан қайрап, басының қаны тасыған еркек-ұрғашының кеудесіне мініп, арам қанын ағызып тұрған; немесе тері илеп, көн тігіп отырған, жүн түтіп, арқан ескен, жіп иіріп, алаша тоқып, оюлап сырмақ тігіп отырған Апам;... ертеректе қазақ әйелі не істеу керек болса түгел қолынан келетін апам; қазақ әйелінің ғана емес, ер-азамат атқарар істі қара нардай қасқая көтерер Апам.
(Нұралы)
Жаз шыға бәріміз (әпкелерімізді айтамын) Апам есіп берген жіпті алып, тоғайға отынға аттанамыз. Бір-бір арқа отын көтеріп ең алда Апам, содан кейін құндыздай шулаған біздер, күлі-ойнап келе жатар едік. Ол шақта қыстық шөпті де ала жаздай арқалап тасып, қораны маяға толтырып қоятынбыз. Қысқы соғым мен ұн ғана әке-шешеміздің мойнында. Огород, шұрқыраған қаз-тауық, екі сиыр мен ұсақ малымыз бар, ол кісілерге зиянымызды көп тигізбейтін едік. Шынымызды айтсам, бізді, тіпті бізді ғана емес ертеректе әкемізді, оның іні-қарындастарын асыраған Апамның теректен ойылып жасалған келісі мен ескі астауы еді. Осы келі мен астау тіпті әкемнен де үлкен, Апам Алтайдың арғы беті – төркінінен ала келген аса қымбат заттары болатын. Дүниеде өсек-аяң, қулық-сұмдықты білмеймін, не болмаса тірі пенденің бетіне «әй, сен сондайсың» деп қарамаған, немесе тірі пендеге тілі тимеген, жарықтық, ораза-намазы бұзылмаған таза да тәкаппар әйел еді. Бала кезімде байыбына барып бағамдадық па, бізді қойып, бүкіл ауыл-аймақ, тіпті қазақ елі ең соңғы қасиетті әйел, тұрмыстық-салттық өмірдің этикалық-этнографиялық, тіпті археологиялық байлығынан айрылғанын білді ме? Қазір ойлаймын, егер қазақтың әйелдері атқарарлық бүкіл іскерліктің қолөнер институтын, немесе фабрикасын ашып менің апамды бастық сайласа, тұтас бір он саусағынан өнер тамған ұрпақ дайындап шығарар еді.

(Арман )
Ия, ол кісі тірі кезінде ешкім елеп-ескермеген алтын қолды құдіретті әйел еді. Қазақта осыншалық мықты, осыншалық ақылды ұлы әйелдер болғаны қандай жақсы.
Бірақ біздер, жиырмасыншы ғасырдың азаматтары көп ретте осындай асылымызды байқамай айналып өтер едік. Айрылып қалған соң ғана айтып өтіп, сан соға өкінер едік. Өзгені қойып мықтынсып жүрген мына менің өзім сол Апамның тірі кезінде неге ғана бәрі-бәрін: киіз басып, үй тігуді, арқан есуді, тері илеп, өңдеп киім тігуді, алаша тоқып, өрнектеп сырмақ тігудің, саба, сүйретпе, торсық істеуді бүкіл қыр-сырын тәптіштеп жазып алмадым...
Қазір Апам жоқ. Қара жер қойнына алған. Былтыр мен кигізген атлас көйлекті ала кеткен жоқ, арулаған адамдар киіп жүр. Сексен жыл жолдас болған жарықтық астау да қаңсып қалды әне... қаңсып итаяқ болып қалды әне. Апам ала кеткен жоқ.
(Гүлназ )
Ия, сонымен қанша туа от маздатып, қарағайдың шәйірін жалмаң-жалмаң шайнап, екі бүйірі, жон арқасы нарттай қызарып кеткен темір пешке шырт-шырт түкіріп шыжылдатып отырған тамам баланың ортасында қарадай қақсайып отырар, Апам менің, қап-қара болып тілім-тілімі шыға жарылған аяғыма қаймақ жағатын. Қаймақ тиіп, удай ашығанда, шыбын жаным шырқыраушы еді. Қаздың балапанындай алқа қотандай жайғасқан немерелерін айналып-толғанған әжемнің тек қарашада, қылаулап алғашқы қар жауарда ғана айтар әңгімесі ағыл-тегіл. Оның ақылы жүздеген ұстаз, мың сан мектептен артық, тәрбие деген ұғымының асқарлы таптырмас үлгісі екенін қайдан білейік. Дүние жүзінде Апамның қойнынан аңқып шығар әжелік иістен жағымды не бар екен жалғанда. Бұл жалғанда қас қарая малды жайғап келіп, әңгімесін тыңдағаннан қымбат сәттер табыла ма, қайта айналып келер ме?
(Нүргүл)
Апа ауырып жатыр!
Біз алғашында сеніңкіремедік, тек шешем ғана: жеңешемнен айырылып қалмайық, кісі шақыратындай қатты ауырған емес еді,- деп тұра жүгірді. Бәріміз шұбап кеттік. Апам өзінің ағаш төсегінде кеудесі сырылдап, құр-құр етіп, теріс қарап бүк түсіп жатыр екен. Көзін алайта ашады да, қайта жұмады. Тіл-аузы байланған, келгендерді танымады, білем. Әкем екеуміз басын көтеріп, сусын ішкізіп едік, езуінен қайта ақты. Балалар ұлар-шу. Бәріміз жылап жүрміз. Жеңеше,- деді шешем тарамыстанған артық қолынан ұстап, - елу жыл бірге өмір сүріп едік, жамандығым, ағат кеткен жерім болса, кеш. Кеш, жеңеше, кеш, ораза-намазы бұзылмаған асылым,- деп көзіне жас алып, қолынан сүйді. Әлгіден бері кісі танымай кеудесі сырылдап іргеге қарап жатқан Апам күшпен аунап, шалқалады да иегін қақты. Сонсоң әрең: «К-е-ш-т-і-м»,-деді де көзін қайта жұмды.
Апам күбірлеп «Илайолла, илайолла», деп иман айтты. Апам өз иманын өзі оқыды. Апам өз жаназасын өзі шығарып жатқанын сездім. Ендігі сәтте шешем: «Апаңнан айрылдық»,- деп, бісміллә деген күйі әлемдегі ең ұлы аналардың бірі – Апамның бетін жапты. Үйдің іші ұлар-шу, қым-қуыт.
Апам менің... Өлдің, ауырмай-сырқамай, бір тісің шетінемей, «Алла белім» демей, сексен тоғыз жасында өз иманыңды өзің айтып өлдің. Апамды арулап сырмаққа орап, зузаға салып көтере жөнелгенде үйдің бұрыш-бұрышында «апам-ау, апам» деп зар еңіреп немерелері қалды. Маған зузаның ең бір маңдай басы тиіп еді, ағаш сырғауыл иығыма батып, жанымды шығарса да шыдадым.

(Әмина)
Апамды үйінен, қара орманынан ел-жұртты шулатып ала қашқан шеру жаңадан қазылған жас қабірдің басына келіп тоқтап, сүйек салынған зузаны жерге түсірген соң біздерге бір-бір сомнан ақша таратты. Менің де ұйып қалған алақаныма жұмарланған бір теңгелікті ұстата салғанда жүрегім дір ете түсті де, көзімнен жас ыршыды. Менің есіме сонау балалықтың алаңсыз жылдарында «ақшамды алып қояды деп» бөлек кеткенім түсіп еді. Енді міне, мойныма қарыз болмасын дегендей, сол бір қайнатым шай алған бір сомды өзіме қайтарып тұрғандай сезіндім. Өз-өзімді тоқтата алмай жыладым, қара жер томпайғанша жыладым.

Ертеңінде ескі қораның бұрышында төңкерулі жатқан Апамның астауын алып, Алматыға қайттым. Апам менің... Сенен не қалды? Жарық астау ма? Ия, адам өмірі де сол жарық астау секілді қаңсып қалады екен-ау.
(Мерей)
Мен осы әңгімені оқығаннан кейін ене түсіндім?
Оралхан Бөкеевтің «Апамның астауы» атты әңгімесінде «әже» мен «немеренің» үлкен, шексіз де шетсіз махаббаты көрсетілген. Жазушы, әжеге баласынан гөрі немересі ыстық әрі қымбат болатынын көрсеткен. Егер, бала әжесінің тәлім-тәрбиесінде өссе, оған ата-анасынан гөрі әже қымбаттырақ болады. Оралхан Бөкеев осыны анық көрсеткен. Жалпы, әже тәрбиесін көрген бала тәртіпті, мәдениетті болады, әрі өнерлі, өнегелі болып келеді. Әженің тәрбиесінде болған бала мұғалім мен мектепке ауырлық түсірмейді екен. Өйткені әже өзінің көрген-білгенін айтып, тәртіпті тәрбиелеп, еңбекке баулып, мәдениетке үйретеді. Осыны Оралхан жақсылап көрсеткен. Оралханның табиғаты қандай қылаусыз, таза болса, оның күллі шығармаларының да қардай аппақ кіршіксіз сөзді лебі есіп, қаламгердің кәусар демі сезіліп тұрады. Сондықтан болар, Орлахан қалың қазақ естімеген, тіпті күллі адамзат баласы естімеген дауысты естиді.
Бұл – Оралханға ғана тән стиль. Оралғанға ғана тиесілі сезім. «Апам менің» дейді. Ол күйзеле «Сезімнен не қалды?» «Жарық астау ма? Иә, адам өмірі де сол жарық астау секілді қаңсып қалады екен-ау!»

1Жүргізуші:

Оралхан Бөкей драматург ретінде де көп танымал. Оның «Құлыным менің», «Қар қызы», «Текетірес», «Зымырайды пойыздар», «Желтоқсан желі» пьесаларында да заман тынысы, адамдардың алуан түрлі адамгершілік қарым – қатынастары, арман – қиялы, ұмтылыс – құлшыныстары көрініс береді. Бұл шығармалар ұзақ жылдар театр сахналарынан түспей, көрермен көпшіліктің рухани азығына айналғаны белгілі.

2Жүргізуші: «Оралханға арнау»


Аспанның өңі қарайып… (Иран-Ғайып)-Бекзат


Жерінде Үнді елінің,

Жоғалып алтын сынығы –

кетірді көңіл сенімін,

Ажалдың ұзын құрығы.


өнердің шырқау көгінен,

қазақтың ағып жұлдызы –

көз жасын сүртіп жеңімен,

қасірет жұтты ұл-қызы.


Шейіт боп қапыл халқымның,

Бір туар қайран асылы –

Қарашаңырағына марқұмның

Тағтырдың түсті жасыны.


Мейірімін төкті соңғы рет,

Аспанның өңі қарайып –

«Оралхан Бөкей өлді!» – деп,

Айтамыз қалай, халайық?!


Қисынсыз қыршын кетсе де

Қырқылжың кетер жол қайда?!

Қайғының қосын жеккенше,

Қаламым сынса болмай ма?..                                                        


ЕЛ – АНА СЕНІ ЕШҚАШАН ҰМЫТПАЙДЫ (Марфуға Айтхожина)-Дильназ

Жамылып қара бұлтын қасіреттің,

Үзілді ортамыздан қасиетті үн.

Ғұмырын соншалықты қысқа қылып,

Адалдық, адамдығын басым еттің.


Қиятын жан емес ең кісі өлімге,

Сені ойлап аза – қайғым күшеюде.

Тағдыр – ай, арманыңа жеткізбедің,

Қырық тоғыз, алып кеттің мүшелінде.


Тербеген құштар жүрек, сонар – таңы,

Үзілді шиырлатқан ән арқауы.

Ұшырған ақиығын шыңдарынан,

Алтайдың сөнді бүгін жанартауы.                                     


БІРТУАР-Гүлниса

Жанардан сорғалап жалғанға жаңбыр – мұң,

Өкіндік өртеніп, өксік жеп опындық…

Қайтейік,

сұп-суық сызығы сызылса Тағдырдың…

Жан, Аға!

Өлімнен қорқатын мынау бір әлемге,

Өлмейтін Сөзіңді қалдырдың!



1Жүргізуші: Белгілі жазушы, ақын – Марфуға Айтхожина Оралхан Бөкей туралы былай деп жырлайды.

«Өр едің, өр Алтайдай, тірегім ен,
Айрылды қазақ сендей түлегінен.
Өзінді қастерлеген туған елдін,
Жатарсын, орын алып жүрегінен».

2Жүргізуші: Өмірден ерте кеткенімен артына мол әдеби мұра қалдырған Оралхан Бөкей ұлттық көркемөнерімізде өзіндік орны бар ірі суреткер. Жазушының адамның сезім тұңғиығына, жан – дүние тереңіне, ой – арманына үңілген шығармалары туған халқымен бірге жасасып, оның игілігіне қызмет ете береді.

1Жүргізуші: Шерхан Мұртаза сөзінде: «Оралхан – дүниеден озғалы, міне, тура жиырма жыл болды. Кітаптары өмір сүріп келеді, өмір сүре береді. Олар: жасқа – ақыл, кәріге – қуат береді. Бақытқа бақыт қосады. Бақытсызға медет болады» - деген екен.

2Жүргізуші: Тынымсыз еңбегінің, игілікті ізденісінің арқасында Оралхан Бөкей әдебиетімізге өзіндік бетімен, өзіндік өрнегін сала келіп еді. Оның алғашқы әңгіме – повестерінен – ақ («Қамшыгер», «Үркер», «Бура», «Кербұғы», «Қайдасың, қасқа құлыным») ешкімге ұқсамайтын өзінше сөп саптамасы, асқақ мінезі, алғыр зерде – зейіні оқушысын бірден баураған болатын. Жазушының ой мен сезімді қатар өрген шығармалары бірде тұңғиық ойға жетелесе, бірде асқақтыққа, өршілдікке тартып, толғау – толғаныстары кең тынысты, өзгеше үнді болып шығатын. Олардан бірде романтикалық құштарлықты, бірде публицистік от – жалынды, бірде реалистік өткірлікті, енді бірде сағыныш – мұңға бөлейтін лирикалық әуенді айқын аңғарар едік.

1Жүргізуші - Оралхан атамыздың естіген құлаққа жағымды, әдемі, қоңыр даусы болған екен, сонымен қатар гармонда жақсы ойнаған. Балетті өте қатты ұнатқандығы сонша, «Би тілі», «Шара» атты мақала жазған екен. Көңілденген кезінде, әсіресе, үйінде туыстары бас қосқанда ән айтады екен. Атамыздың «Бесқарагер», «Ағажан, Алтайдай жер қайда», «Қайықта», «Құстар қайтқанда», «Жастық вальсі» сияқты жақсы көрген әндері болған.

2-ж: - Олай болса, атамыздың сүйікті әндерінің бірі «Қайықта» әнімен ортаға 7-сынып оқушысы Сугурова Гүлназды шақырамыз.

Бейнематериал Оралхан Бөкей жайында

1Жүргізуші: Қазақ әдебиетіндегі орны бөлек тұлғалы қаламгерлердің бірі. «Жазушылық дегеніміз, - дейді ол, - шындыққа жүгіну, ал әдебиет дегеніміз – сол шындықты шырақ алып іздеудің бірден – бір формасы». Осыдан – ақ талантты жазушының бүкіл шығармашылығындағы темірқазық бағдары аңғарылып тұрған жоқ па! Оның қай шығармасын алсаңыз да іздейтіні шындық, зерлейтіні ақиқат.

2Жүргізуші: Оның көзі тірісінде де, бақиға аттанған соң да аттандап: "Алтайдың кербұғысы!", "Мұзтаудың мұзбалағы!" деген сынды эпитеттерді қарша боратқан. Бала Орашты, бозбала Оралханды, жазушы әрі қайраткер Бөкеевті танығысы келген кез келген адам оның шығармаларын екі қайтара оқып шықса, сол жеткілікті шығар. Оралхан - жазушылыққа өзін бала кезінен дайындаған адам. Жиырма жасына дейін ел деген, Өр Алтай деген құнарлы да қыз - табиғат өңірдің уызынан қанып ішкен ол, өз санасында сандаған повестер мен сарытап сағыныштарға толы әңгімелердің негізін қалап үлгерген екен.

1Жүргізуші:. Сондықтан Шығыс жұртының  ғана емес бүкіл Алаштың мақтанышына айналған О.Бөкей шығармаларын оқуға сіздерді де шақырамыз. Осы шығармаларды оқу арқылы бойларында ең жақсы қасиеттер қалыптасып, тәуелсіз еліміздің білімді, білікті, жігерлі  ұл қыздары болады деген сенімдеміз. Іс-шарамызды О.Бөкейдің  өз  күнделігіне  жазған  мына  сөздерімен  аяқтағымыз келеді.

«Адам  армандай  білуі  керек, армандаса — соған  қол  жеткізеді. Мен жазушы  болуды армандадым,жазушы  болдым.Менің  парталас досым Жеңіс ұшқыш  болуды армандады, ол да ұшқыш болды. Адам  армандай отырып, соның  жолында күресе білуі керек. Бүкіл  адамзат соған қарап  тұрғандай, өз-өзіңді шексіз  жауапкершілікте  сезінгенде ғана ойлаған  мақсатыңа  жете  аласың».

О.Бөкейдің  қолтаңбасын ары қарай аша беретін, таныта беретін  уақыт  әлі алда.

Оралхан атамызға  біз  әлі  ораламыз!




































Picture 6 Picture 5


Picture 4 Picture 3


Picture 2 Picture 1

Жүргізуші: Оралхан аға – заман келбетін адам келбетінен іздейтін нәзік суреткер. ХХ ғасырдың соңында адамзат өмірінен тарихи-психологиялық және әлеуметтік-философиялық шығарма жазып, жол салған Оралхан Бөкеев екендігінде ешкім таласа қоймас.
Оның «Атау-кере» атты әңгімесінен үзінді тыңдай отырып, жазушының көркем әдебиетке қосқан ерекше құбылысын аңғарасыздар.
( )
Ең соңғы шуағын қызықтасын дегендей, бүгін өрескел ашық болды. Жарықтық жаз қайта шығатындай тау салқынын лезде түре қуып тастады да, елжіреген жылылық жайып, маужыратады-ай. Бағана, таңертең күреңқабақ ішілген шай үстінде Ерік «бүгін күннің ашығын пайдаланып бал шайқаймыз» деп ескерткен. Әншейінде сөзге араласпай отыра алмайтын Нүрке кемпір де өкпеледі ме, кім білсін, ләм-мим жақ ашқан жоқ. Осы таңның жалғыз сөзін Еріктің өзі айтты да, типыл болды.
Күннің бүгін тым жанға жайлы болып тұрғанын білген Нүрке кемпір бұлар бал шайқау науқанына кіріспес бұрын бір өтініш айтқан. Онда да ұнжырғасы түскен ұлына емес, келіні мен Тағанға қаратып айтқан.
-Қарақтарым, бүгін күн ашық екен, келер күзді көрем бе, көрмеймін бе, оны бір Алланың өзі білер, мені Тысқа шығарып отырғызыңдар, намаз арасына шуақтайын,- деді үні дірілдеп.
-Апа-ау, керемет әдеміленіп кеттіңіз,-деп күле әзілдеді Таған таң қалғанын жасыра алмай.
-Мені айттырған адам жоқ еді... қыз кезімнен қалған жұрнақ шығар. Қараңғыда қамалған қаздай қаңқылдап отыр едім, далаға шығып жаным жарылқанып қалды-ау. Ал енді сендер жұмыстарыңа барыңдар. Ерік іздеп жатқан шығар,- деді серги сөйлеген кемпір.
( )
Міне, енді аралар әулетінің арпалысып, тірнектеп жинаған шырынын аузынан жырып алу қарекетіне кірісіп кеткен. Бал айырғыш аппаратының құлағын бұрап тұрған Таған анда-санда кемпір отырған жаққа қарап қояды.
Не ойлап отыр? Кім білсін... Еріктің қолындағы түтіннен үріккен аралар тынымсыз айналсоқтап, тыныштығын бұзған бұзақыны нәлеттегендей гу-гу етеді. Кейбірі ұзап ұшады, кейбірі Тағанды жағаттап мөлдірленген балға қонып, малтығып қалады. Ондай сәтте еппен қанатынан сүйреп шығарып, былайырақ тастайды. Мұның да басында перде тұтқан қалпағы бар-ды.
Бал алу кездегі Алматыдан келген «қауіпті гибридтерде» жетті.
Бұлармен аса сақ сыпайы қарым-қатынасқа көшпесе болмайды.
Ұяның қақпағы ашылғаннан-ақ атойлаған ноян аралар ал дегеннен-ақ анталаған шабуылға көшіп, Айна мен Еріктің ес-ақылын шығарып жіберген. Сонда да шебін бұзбастан қара бұлттай қаптап көпке дейін дуылдап тұрып алды.«Капиталистік тұқым сен боларсың...қандай шапшаң ұшады жауыздар» деп ойлап, Таған да қамтана түскен. Бұл жақтан оң жамбасқа келер оңай олжа таппаған соң, самғай зулап Нүрке кемпірге беттеген:
Толғанай:
-Айнаш! Ау Айнаш! - деген үннен селк етіп оянды. Бірер минут көзі ілініп кетсе керек. Әлгі өзін шақырған үн қайдан шыққанын білмей жан-жағына қарады. Ешкім жоқ. Енесі көзі ашық, тіпті сау кезіндегідей ажарлы.
-Айнам-ау! - дегенде зәре құты қалмады. -Қорықпа, келінжан, мен ғой. Су жылытпалап әкелші, дәрет алайын,-деді қимылдап.
-Қазір, апатай, қазір,- қатты қуанды. Сауыға бастады деген иланым биледі бойын.
Бұл Нүрке кемпірдің бой жазғаны еді.
Асықпай дәреттеніп, атау кере суын ішіп болған соң, Алла тағалаға мінәжат білдіріп, рақымына көнетін, төтеден жіберген дәретін мың да бір алғысын айтып ұзақ күбірледі. Бұдан соң «бисмилла рахман-рахим» деп, екі қолын кеудесіне қойып шалқалай жатып көз жұмды.
...Енесінен көз алмай отырған Айна бір уақытта...жаңа ғана қыбырсыз жатқан апасының бұл түсінбейтін орысша әлденені айтып күбірлеп, бұл түсінетін «о господи, прости своего грешного...» деген сықылды сөздерді араластыра сөйлеп, шоқына бастағанын көргенде... иә-иә, көргенде...екі көзі шарасынан шыға шошынғаны соншама «апатайым-ау, мұның не?!» деп, айқайлап барып құлады. Талып қалды.
Бұл – Айнаның екінші рет қорыққаны еді.
Қорытынды сөз ( ): Сіздер үзінді тыңдаған «Атау кере» повесін Оралхан Бөкей омарта ұстаушылардын оралысымен Шыңғыстайдағы үйінде 20 күн отырып жазған екен. Оралхан Бөкей шығармаларындағы үлкен арна – сенім. Адамзат алдындағы табан тірер күш сенім болу керек дей келе, түбінде жүрекке орнаған сенім жеңетінін автор повесте Нүрке бейнесімен береді. Жазушы Нүркенің өзінің өткен ғұмырында өз-өзін қазақпын деп нандырып жүргенде, оны ішкі табиғатының жерсінбеуі. Яғни сыртқы іс-әрекетінде қазақ болып көрінгенімен, ішкі әлемінде өз ұлтының сенімімен өмір сүріп келе жатқанын автор повестің соңында береді. Бұл әңгімеде тағы бір ой салар жай адамның кейінгі ұрпаққа деген шынайы көзқарасы. Мысалы Нүркенің келіні Айна және Таған адал жандар. Нүрке оларға қалай адал қараса, олар да Нүрке кемпірге соны қайтарғандай.
Менің бұл әңгімеден түйгенім көп, оны бір сағатта тауысуы мүмкін емес, сондықтан шығарманы оқуды ұсынар едім.

Оралхан  Бөкейдің  бір-бірінен  бөліп  қарауға  келмейтін  шығармаларының  барлығына  тоқталу  мүмкін  емес. Қазақта  мақал-мәтелдер баршылық  қой,  сонда  да  ойға  жүйрік  Оралханның    кейбіреуі  мәтелге  айналып  кеткен  сөздері  бар. Оларды  қара  сөз  деп  айтуға болады. Өйткені  ол  тауып  айтылған  тапқыр  сөз,бұра  тартпас  дәлелімен  тамсандырып, таңдай  қақтыратын  білгір-білімді  сөз, тоқсан  ауыз  сөздің тобықтай  түйінін  жеткізетін  терең  мағыналы  түйінді  сөз.

1.Алыстап  кетсе сағынатын.жақындап  кетсе  қағынатын  ағайын.

2.Түйе  мінген құдайға бір  табан  жақын.

3.Байдың итіне  дейін дөңге  шығып  үреді.

4.Кісі  заманына  қарап  түлейді.

5.Кедейге қыз  жақпайды.

6.Жамандықтан  құтылудың жолы- сол жамандықтың  батпағын  кешіп  жүріп  күресу.

7.Бұл  дүниеде  мен  пір  тұтар, сырласар,  жалғыз-ақ  нәрсе бар, ол-кітап.





«Тілдескен туған дала табиғатпен…»

Жаз шықса да сезіледі ызғар әлі,

Алтай да қабақ түйіп сызданады.

Қарағайлар көз тігед Алматыға,

Қайда жүр-деп Мұзтаудың мұзбалағы.

Қосылған аламанға бала кезден,

Сақта оны, деуші едік тіл мен көзден.

Қазағының пырағы, Құлагері,

Қара сөзі артық ед, өлең сөзден.

Пір тұтып жастайынан даналарды,

Үлгі етіп Шерхандайын ағаларды.

Тау баласы екнін мойындатып,

Тың сүрлеуге ол талай дара барды.

Тілдескен туған дала, табиғатпен,

Еліткен замандасын ақиқатпен.

О.Бөкейге арналған «Біртуар» атты өлеңі оқылады.                                           

Ақ бас Алтайдың ақ бұқақ Ақыны-

Кербұға секілді Қазақтың кербезі! 

Оғлан Ойлары тұңғиық тебіреніп,

Арудай Сезімі тәкәппар еміреніп,

Өзендей буырқанып тасыған арнасы;

Бұрыңғы Әулие.  Кешегі Жыраулар жалғасы-

Оралхан!

Шоқпардай маңдайдан шексіздік шашырап,

Болмысы жаралған бір тентек Арманнан.

Тылсымнан тылсымға тылсым боп жалғанған-

Көкірек көзінен аққудай сұңқылдап,

Еркіндік қырандай қомданған!

Әттең-ай!

Жан Аға!  Өлімнен қорқатын мынау бір әлемге

Өлмейтін Сөзіңді қалдырдың!

АЛТАЙ. ҚЫС. САҒЫНЫШ

I Аязына сүңгисің

Айдалада,

Жылылық бар онда бір ойламаған.

Тұмсығыңмен жұтасың,

Тұп-тұнық бір

Арқар иісі аңқиды айналаңнан.


Аяңымен ақ қырау арғымақтың,

Бедер түсіп жүзіне сан қыраттың.

Құсбегінің кешкі бір жүзіндей боп,

Батып бара жатады албырап күн.


Сезгендейін, жымыңдап түн жанары,

Балғын қыздың балтыры сыздағанын.

Жас қонаққа жаутаңдап,

Бейуақта,

Жалғыз үйдің кірпігі дір қағады.


 Бір қиғылық сезімге жасап өтер,

Аяз ерні алдымен масаң етер.

Ай қылымсып ақ төсін аша беріп,

Бұлт үстіне бұраңдап жата кетер.


 ( )

Не бір арман күзетте, не бір елес…

Шолпан туды, жас шопан жөніңе көш.

Ай мүйізді текеңді қасқыр жепті,

Түсіңдегі айдай қыз, тегін емес.


Ақ сүңгі етіп ажарлы қас-қабақты,

Алып қашсаң ақ түнде ақ тамақты.

Аппақ қарда жүйткіген ақ қояндай,

Пырағыңды ағызып ақ қанатты.


Жүзін өбіп таулардың таңғы ызғары,

Уысында ұлпадай балмұздағы.

Бұрымында күн нұры күміс шашып,

Бұлаңдайды бұзылмай сәнді ырғағы.


 

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ

Бел астынан бір тіршілік білсем деп,

Мен де жортып, тау қолтығын тінтем кеп.

Ай  мүйізін шайқап қашқан арқардай,

Бұлт қалқасын паналап жүр бүрсеңдеп.


Жолға бағыт бере алмайды бұл біздің,

Жүзін әбден суық сорған жұлдыздың.

Бейнесі де есімде жоқ дәл қазір,

Ұмыт болған жамалындай бір қыздың.


Жал-құйрығы сүңгі мұзға малынып,

Омыраулап тартады алға сәуірік.

Шоқылардан бөрі ұлиды аулақта,

Бөрі ұлиды тұмсығы айға шағылып.


Адастырмай әкеледі-ау түнгі өкпек,

Дәл сондағы күйге қалай тіл жетпек.

Балғын қыздың мені күткен деміндей,

Қар бетінде жүрген түтін дірдектеп.                      


ЖҮЗІҢДЕ БІР МҰҢ ЖАТАТЫН

Сабырдың өзін көп сұрап,

Алланы да мезі еттік.

Көрмедік бірақ топшылап,

Мынадай сұмдық кезекті

Оралжан-ау, рас па,

Сенің де жоқ боп қалғаның.

«Ажалдың жөнін сұраспа», –

Деуші еді ескі шалдарым.

Аз жылда сенің жоғалтқан,

Аз ба еді жақын жандарың?

Енді кеп саған оқ атқан

Тағдырды қайтіп қарғармын?

Өзгеше біткен қазақтың,

Өнерпаз ұлы дара бір.

Жасадың ғұмыр аз-ақ күн,

Жасамай елу және бір.

Жаныма қатты батушы ед,

Көргенде суық бетіңді.

Жүзіңде бір мұң жатушы ед,

Қасіреттің мөрі секілді.


Ғафу Қайырбеков

Алтайдың сұлу таулары,

Орнынан бүгін аунады.

Жоғалтып күнін саудағы.

Маңыды марал, маңырады.


Маралдай сұлу жігіт ең,

Қараптан қарап сүйікті ең.

Табиғат-ана үмітті ең,

Айнымайтын сүйріктен.                              



Бауыржан Қарағызұлы

Ал, қазір біздің Жақ –

Биліктің қан-жынын ұртына тыққылап,

Қалғанын, мұртымен сүрткілеп жарысқан,

Ар өліп, тұншығып ұяттар,

сатқындар сатқынмен табысқан.

Сен айтқан: «Сейітқұлдар»* – «құрметті әкімдер»,

Сен айтқан: «Анаулар»* – «атақты данышпан».

Біздің Жақ осындай,

Ішімнен жылаймын, ызамен күлемін,

Сен айтқан: «Бархандай»* қан құсып жүрегім,

Сен айтқан: «Ақтандай»* ашынып жүремін.         



-«Өр едің, өр Алтайдай, тірегім ең,

Айрылды қазақ сендей түлегінен.

Өзінді қастерлеген туған елдің,

Жатарсың, орын алып жүрегінен».


-«Көрінуші ең көнелердің көзіндей,

Жазғандарың – қара өлеңнің сөзіндей,

Асқақ едің, нар едің –

Туған өлкең — өр Алтайдың өзіндей»













Shape1

«Талдысай орта мектебі» КММ

10 сынып оқушысы

Жұмағазы Алишер













Shape2

«Талдысай орта мектебі» КММ

9 сынып оқушысы

Казбаганбетова Дильназ



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2025
160
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі