|
Пәні: Қазақ әдебиеті |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Мектеп: №3мектеп Күні: 20.02.2020 Сынып: 6 Мұғалімнің аты-жөні: Г.Мұханбетқалиева Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы: |
Оралхан Бөкей "Тортай мінер ақбоз ат" әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламысына сілтеме) |
6.2.1.1 Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар:Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасайды |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқушылардың көбісі: Көркем шығармаға өз көзқарасын білдіріп,өзара пікір алмасады,сұрақтарға жауап береді; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар: Шығарма барысын шынайы өмірмен салыстырады,шығарма мазмұнынан тыс дербес ой танытады; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ойлау деңгейлері |
Қолдану |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: күлтеленген-шоқталып түйілген буда жіп;күреңсе-саздау жерге шығатын шабындық шөп;ымырт-күн батып,оның қызылы тарағанға дейін уақыт;сепаратор-сүттен қаймақ айыратын сүт машина;мүкіс-тіл,құлақ секілді дене мүшелерінің ақаулығы,кемістігі;ит басына іркіт төгілу-ағыл-тегіл молшылық;зауқы болмау-көңілі соқпау; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: Меніңше... Себебі... Менің ойымша... |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сұрақтар:
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы, шынайы өмірмен салыстыру арқылы үлкенге деген құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке дағдыланады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Топтық тапсырмалар барысында қазақ тілі,өзін-өзі тану, көркем еңбекпен байланысады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
АКТ қолдануы |
Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтадан тапсырмаларды орындайды. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Оралхан Бөкей "Тортай мінер ақбоз ат" |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен) |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 10 минут
Сабақтың ортасы: 25 мин |
Психологиялық ахуал Күннің нұрын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Жарық, жылы, нәзік әрі мейірімді, Болып кетер дереу сонда жан жағым. «Сәлемдеме» бөлімі Оқушылар, сіздер білесіздер ме, жарасты әрі әдемі дәстүрдің бірі - сәлемдеме. Ол адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Оның қымбат, бағалы болуы шарт емес. Олай болса, Оралхан аталарыңыз сіздерге сәлемдеме беріп жіберіпті. Ол үшін экранға назар аударамыз. Жетекші сұрақтар: 1.Салықсалғанда
соғыстан кейінгі жағдай қандай? 7.Кітаптың адам өмірі, мінез құлқы үшін қандай маңызы бар? 8. Ол таскүркеде қандай кітап оқыды ? 9.Әңгіменің соңында лирикалық кейіпкер қандай шындық айтады? 10. Тортай неге арманына жете алмады? Тыңдалым тапсырмасы: Балалар, сәлемдемеге риза болдыңыздар ма? Ендеше, «Оқиға тауы» сызбасын сызайық, яғни шығарманың композициялық құрылысына талдайық. Ол үшін сіздерге, қима қағаздар ұсынылады, соны оқиға орнымен орналастырайық. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Иә, дұрыс айтасыздар, шығарманың композициялық құрылымы. Күннің жады мен тақырыбын жазайық. Сабақтың мақсатымен таныс болайық. Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау. Топқа бөлу 1 минут Оқушылар, сендерге қима қағаздар ұсынылады.
І топ: Табиғат ІІІтоп: Талант (жазушы,оқу, жазып, кітап, оқуымды, сырласар нәрсем, пір тұтарым-кітап жалғыз, жетім, әке-шешесіз, жуас,ерте айырылған, жасқаншақ, есігінде жүр, қоңыр салқын,жаңбырлы күн, құла ған бұлақ, көлкілдеген су, бұлтсыз күн, ыстық емес,Салықсалған жері) Келесі тапсырма: 8 минут «Сүйінші» Топпен жұмыс «Әдеби шеңбер» Балалар, мен сіздерден сүйінші сұрағым келеді. Сүйінші дегеніміз не еді? Дұрыс айтасыздар, қуанышты хабар жеткізген адам «сүйінші» деп айтады.Бұл қуаныштың ортақ екендігіне айғақтап, қуанышты бөлісу. Олай болса, балалар «Сүйінші», сіздер, яғни 6 «а»-сынып оқушылары әдебиет пәнінен ең жоғарғы сынып екен, маған сүйіншіме сіздер, ұсынылған тапсырмаға орай терең білімдеріңізді көрсетсеңдер деген тілегім бар. Дайынбыз ба? Олай болса, сіздерге мәтін таратылып беріледі. Сол мәтінді «Әдеби шеңбер» әдісімен талдап беріңіздер. «Әдеби шеңбер» Талқылау себептері: (мәтінге тақырып қой) Белгілеуші: (мәтіннің маңыздылығын табу) Байланыстырушы: (өмірмен байланыстыру) Қорытындылаушы: (мәтінді нақыл сөзбен түйіндеу) 1-мәтін
Шығарма Ораштың
көзімен, қимас сезімімен, өкінішімен берілген Тортай тағдыры жайлы.
Екі баланың әңгімесінен олардың зеректігін, сезімталдығын,
ақылдылығын көрмеу мүмкін емес. Үміт арту, мақсат қою, армандай
білу осы балалардың әңгімесінен анық көрінеді. Бір-бірінің қамын
ойлап, бір-бірін толықтырып отыратынын оқыған кезде, шын
жанашырлықтың не екенін түсінуге болады. 2-мәтін
«Тортай мінер ақ боз
ат» әңгімесіне негіз болған ауылдың күйбең тіршілігі әңгіме басында
азды-көпті айтылып кетеді. Шілде айындағы саф ауа, керемет табиғат
көрінісі мен күндіз-түні тыным таппайтын ауыл өмірі әдемі
суреттелген. Бұл – автордың шеберлігі. Қазақ ауылының қайнап жатқан
тіршілігі, ара-арасында шырқалған ән, маздап жанған ошақ,
жиналмайтын алтыбақан – тірлік пен думанның астасқан ортасы.
Моңғолияның бер жағындағы Салықсалғанның иығында орналасқан ауыл.
Осы ауылда Тортай мен Ораштың балалық шағы өтті. «Біздің ауыл
Салықсалғанның иығында орналасқан...» Осылай басталатын әңгіме
сөзімізге дәлел. Әңгіме басын оқып отырып, жаздың жайма-шуақ
күніндегі ауылдың табиғаты көз алдыңызға бейнелене кетеді. Суға
бай, құнарлы жерде мал да қоңды болатыны белгілі. Бұл ауыл мал
өсіріп, өнімін алып отыр. 3-мәтін
Оралхан Бөкейдің
туған жерді сипаттауында өзгешелік бар, себебі оның шығармасында
ауылы, туған жері, туған елі ерекше суреттеліп, онымен қоса, өзінің
тілдік тұлғасы көрініп отырады. Оның шығармасындағы табиғатты,
пейзажды, соның ішінде, заңғар тау-тасты бейнелегенін оқып,
автордың өр тұлғасын, алыптығын көруге болады. Салықсалғанның
иығында отырған ауылдың көрінісінен бастау алатын әңгіме табиғаттың
сиқырымен оқырманды бірден баурап алады. «...Шілденің дәл ортасы
болса да, бұл жерде қоңыр салқын, бұлтсыз күндері тамылжыған тамаша
мезгіл басталушы еді. Не ыстық емес, не суық емес жайлаудың
жайма-шуақ сәтінде төбеңде көкпеңбек болып төңкеріліп тұрар аспанға
қарағайдың бүршігін лақтырып ойнайсың. Қанша құласаң,
ауырсынбайтын, қанша аунасаң, жапырылмайтын күлтеленген күреңсе
балапан табанымызға кілемдей жұмсақ тиюші еді-ау. Теңіз бетінен
қаншама биік болғанмен, осы Салықсалғанның кез келген жерінен жер
ошақ қазсаң, көлкілдеген су шыға келетін,» деген тұстан
көрінетіндей. Топпен танысып, талқылап алған соң топтар келесі кестені толтырады Сүйінші бергендеріңізге рақмет, енді біз, бір-брімізге тілек білдірсек. ҚБ "Екі жұлдыз,бір тілек" Дескриптор:
Сергіту сәті ТАБИҒАТ; ТАЛАНТ; ТАҒДЫР 1 минут «Көрімдік» Күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан дәстүрдің бірі – көрімдік. Көрімдікті Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға, тағыбасқа алғаш көрген сәтте көрімді сұрау халықтың ежелгі дәстүрі. Мұның маңызы алып беруде емес,жақын-жуықтың адамгершілігін, ашықтығын танытудың белгісі. Көрімдікті жаңалыққа берілетіні белгілі. Мен сіздерден жаңа ой, жаңа тұжырымдама күтемін. Ол үшін сіздерге таратпа таратылып беріледі. Таратпа мақсатына сай берілген эпизод бөліктерінен құндылықты анықтау. «Әдеби құндылық» Жұппен жұмыс 7 минут Мақсаты: Берілген үзіндіге сай құндылықтарды анықтау.
ҚБ. Мадақтау сөздер «Базарлық» 8 минут Базарлық - алыс сапарға, сауда жолына шыққан адамдардың үйіне, көрші-қолаң, сыйлас адамдарына, жас балаларға, жерлестеріне әкелетін ірілі-ұсақты сыйлықтары, тарту-таралғысы.сыйлығы. Мен сіздерге «Әдебиет әлемінен» базардық ала келдім. Алдарыңыздағы қорапшадан сіздерге әкелген базарлығымды бөліп алыңыздар. Жеке жұмыс «Үзіндіде үзік сыр» әдісі Төмендегі тақырыптарды бөліп беремін.
|
«Интербелсенді әдіс-тәсілдер»
Экранда сұрақтар беріледі
ЖИ арқылы жасау
ЖИ арқылы жасау
Бөлісу 1 - айлық Материал тарифі-96% жеңілдік 00 05 00 ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз 1 990 ₸ 49 000₸ 1 айға қосылу Материалға шағымдану Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз Жариялаған: Мұханбетқалиева Гүлбану Бахкерейқызы Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Тақырып бойынша 16 материал табылды
Оралхан Бөкей "Тортай мінер ақбоз ат" әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесіМатериал туралы қысқаша түсінік
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы, шынайы өмірмен салыстыру арқылы үлкенге деген құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке дағдыланады.
Материалдың қысқаша нұсқасы
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||


