Материалдар / Ордабайқызы Перизат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ордабайқызы Перизат

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушыларға, студенттерге, мұғалімдерге қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қырқүйек 2020
355
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ
ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР
(2008-2012 жылдардағы баспасөз
материалдары бойынша)
Алматы, 2013


Page 2

- 3 -
КІРІСПЕ
Қазақ тіл білімінде көп зерттеле қоймаған, тіл мамандары
тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбей жүрген мəселенің бірі
– қысқарған сөздердің жай-күйі. Жалпы қысқарған сөздердің
тілімізде пайда болып, қолданысқа ене бастауы кейінгі бір
ғасырдың төңірегінде көрініс бере бастаған құбылыс. Қысқарған
атаулар негізінен ХХ ғасырдың басынан бастап, тілімізде жаса-
лып, қолданысқа ене бастады. Оған
себеп болған газет-журнал-
дар мен кітаптардың басылып, баспа өнімдерінің көбеюі, қоғам
өміріндегі жазба тіл рөлінің артуы, орыс тілінің ықпалы сияқты
факторлар. Өткен жүзжылдықтың жиырмасыншы жылдарынан
бері қарай тіліміздегі қысқарған атаулардың қарасы көбейіп,
олар баспасөз тілі мен ғылым тілінде біртіндеп көбейе түсті.
Кеңестік кезеңде олардың басым көпшілігі тілімізге СССР,
КПСС, ЦК
, НКВД, КГБ, МВД, совнарком, ревком, комбат,
парбюро, колхоз, совхоз түрінде орыс тіліндегі қалпын бұзбай
енді, солай қолданылды. Ал қазақ тілінде туындаған қысқарған
атаулардың барлығы дерлік олардың орыс тіліндегі үлгісі бой-
ынша жасалды. Осылайша бұл кезеңде сөзжасамның бұл түрі
тұтастай дерлік орыс тілінің ықпалында болып, орыс тілі қазақ
тілі мен бірқатар
ұлт тілдері үшін үлгі тіл саналды. Сол себепті
Кеңес Одағы тұсында жасалып, қалыптасқан қазақ тіліндегі
қысқарған атаулар қабаты тұтастай сол кезеңнің өзіндік сипа-
тын, тілдер арасындағы қатынастың ерекшелігін көрсетіп тұр.
Еліміз тəуелсіздігін алып, қазақ тілі мемлекеттік тіл мəртебесін
иеленген соңғы жиырма жылдан астам уақыт ішінде де тілімізде
көптеген қысқарған атаулар пайда
болды. Ондай атаулардың
АҚ, БАҚ, ЖАҚ, ҚР, ТМД, ҚазМұнайГаз, Қазтелеком сияқты
бірқатары қазір тілімізде орнығып, кеңінен қолданылып жүр.
Олардың арасында қысқарған атау жасаудың кешегі кеңестік
УДК. 811.512.122
ББК 81.2-2
Қ 77
Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат
жəне мұрағаттар комитетінің «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін
басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды
.
Пікір жазғандар: Ə. Қайдар ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының
докторы, профессор, Ш.Сарыбай ҚР ҰҒА академигі, филология
ғылымдарының докторы, профессор
Қ 77 Құрманбайұлы Ш. Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер . – Алматы,
2013. - 296 бет.
ISBN 978 - 601 - 80098 - 1 - 5
Бұл кітапта соңғы жылдары мерзімді баспасөз беттерінде қолданылып
жүрген қазақ тіліндегі қысқарған атаулар жинақталып, мысалдарымен беріліп
отыр. Сонымен қатар кітапта
халықаралық ұйымдар мен орталық мемлекеттік
ұйымдардың, жоғары оқу орындары мен түрлі мекемелердің қысқарған
атаулары да қамтылған.
Автор қазіргі қысқарған сөздерге жан-жақты тоқталып, лингвистикалық
қысқаша талдау жасайды. Баспасөздің қысқарған сөздерді қалыптастырудағы
рөлі мен онда орын алып отырған кемшіліктер атап көрсетіледі. 1990-жылдардан
бергі кезеңдегі қысқарған сөздерді жасаудың бағыты, осы кезеңнің сипаты,
ерекшеліктері көрсетіледі.
Ғылыми еңбек тілші ғалымдар мен оқытушыларға, аудармашылар мен
журналистерге, филология факультеттерінің студенттері мен магистранттарына,
сондай-ақ қазіргі қазақ тілі даму ерекшеліктері, бүгінгі сөзжасам үдерісі,
сөзқолданыс мəселесі қызықтыратын көпшілік қауымға арналған.
ISBN 978 - 601 - 80098 - 1 - 5
УДК. 811.512.122
ББК 81.2-2
© Құрманбайұлы Ш. 2013 ж.
© «Баспалар үйі» АҚ, 2013 ж.


Page 3

- 4 - - 5 -
салу, қолданылу ерекшеліктеріне тоқталып, лингвистикалық
талдау жасап, қысқарымдардың бірқатар мəселелеріне қатысты
өзіміздің ғылыми көзқарасымызды да білдірдік. Бұл кітапты
осы мерзімге дейін жасалған қысқарған атауларды мейлінше
молырақ қамтыған, жалпы қазақ тіл білімінде бұл мəселеге ар-
налып отырған алғашқы ғылыми-көпшілік басылым деуге бо-
лады ғой деп ойлаймыз. Соған қарамастан, біз көркем мəтіндер

мен ресми ісқағаздар, заң тіліндегі, əсіресе ғылыми мəтіндерде
қолданылатын қысқарымдарды бұл кітаптың ғылыми-
практикалық басылым ретіндегі жалпы көпшілікке арналған
қолданбалылық сипатын ескере келіп, көп енгізіп отырған
жоқпыз. Ондай қысқарымдарды жеке жинақтап, ғылыми жəне
ресми стильдің ерекшелігін, терминжасам мəселесімен байла-
ныста қарастырамыз.
Автор

кезеңде орныққан үлгісі бойынша жасалғандары да, ұлттық
ерекшеліктері бар, жаңаша үлгімен жасалғандары да аз емес.
Жалпы кейінгі жылдары тілдік қорымыздағы қысқарған
атаулардың үлесі күрт өсті. Олардың қолданылу жиілігі де
артып отыр. Сондықтан тілдегі мұндай құбылыстың сырына
үңіліп, қысқарған атауларды жиып-теріп, жүйелеп, олардың
жасалу жəне қолданыс ерекшелігін анықтау маңызды міндет.
Тіл
маманы ретіндегі кəсіби міндетімізді қал-қадірімізше
атқару мақсатында қазіргі қолданыстағы қысқарған атауларды
жинақтап, осы еңбекті жұртшылыққа ұсынып отырмыз.
Бұл кітапқа еніп отырған қысқарған сөздер негізінен 2008-
2012 жылдар аралығындағы қазақ баспасөзінен соңғы 5 жыл
көлемінде жинақталды. Сондай-ақ түрлі арнаулы салаларда,
салалық терминологиялық сөздіктер мен анықтамалықтарда,
ресми құжаттар мен ғылыми мəтіндерде қолданылып
жүрген
бірқатар аббревиатуралар, халықаралық ұйымдар мен орталық
мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының атаула-
ры да жеке жəне орысша-қазақша сөздік түрінде беріліп отыр.
Қазіргі қолданыстағы қысқарған сөздердің басым көпшілігі
кейінгі жиырма жыл көлемінде жасалған атаулар. Олардың ара-
сында тіл нормаларына сай сəтті жасалып жаппай қолданыла
бастағандарымен қатар, сəтсіз жасалымдар мен бірреттік
неме-
се авторлық қолданыстар да бар. Біз қазақ сөзжасамының бір
түрі ретінде қысқарған атаулардың қазіргі жасалу ерекшеліктері
мен қолданысын, жетістігі мен кемшіліктерін айқындауды,
оларды түгендеп, жиып-теріп алу арқылы мамандардың
ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдауына мүмкіндік туғызу
үшін қысқарымдарды сəтті-сəтсіз демей, мейлінше молырақ
қамтуды, тілдік деректерді барын бардай көрсетуді
мақсат
еттік. Əрине, мəселені арнайы қарастырып отырған маман
ретінде кітаптың бастапқы бөлімінде жиналған атаулардың жа-


Page 4

- 6 - - 7 -
кеденші, қаржыгер, хаттама т.б. Қысқарған сөздер жасалғанда
жаңа мағына туындамайды. Соған қарамастан қысқарған
сөздер сөзжасам аясында қарастырылады. «Неге бұлай болуы
керек?» деген сұрақтың жауабын іздесек, оның ең басты себебі
– қысқарған сөздер күрделі толық атаулардың бір нұсқасы
ретінде дербес сөз қызметін атқаратындығы. Яғни, қысқарған
сөздердің де сөзге қойылатын талаптардың барлығына жа-
уап беретіндігі. Ал тіл білімінде сөздердің белгілі бір
мағынасының болуы, дайын қалпында қолданылуы, сөйлемге
дайын сөз ретінде кіруі, сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беруі,
сөйлемнің бір мүшесі қызметін атқаруы, тұрақты бір құрамда
жұмсалуы, біртұтас қалыпта жазылып-айтылуы, бір екпінге
бағынуы – сөзге қойылатын негізгі талаптар болып саналады.
Мұның бəрі сөзге тəн негізгі белгілер десек
, осы сипаттардың
барлығы да қысқарған сөздерге де тəн болғандықтан, олар
тілдегі лексикалық бірліктер тобынан жеке сөз ретінде орын
иеленеді. Яғни, сөзжасамның бір амалы ретінде қалыптасқан
қысқарымдар лексикалық бірлік болып танылады.
Қысқарған сөздер қолданыстағы күрделі атаулар негізінде
туындайды, жасалады. Лексикалық мағынаның болуы – туын-
ды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірліктерге қойылатын
негізгі
талап болып саналады. Олардың тұлғасы мен құрамына
ешқандай шек қойылмайтындықтан, туынды сөздің жасалуына
негіз болатын сөздің қызметін негізгі түбір сөз де, біріккен сөз
де, қысқарған сөз де атқара беретіндігі белгілі.
Қазақ тіліндегі қысқарған атаулардың көпшілігі орыс
тілі үлгісімен жасалып келгендігіне қарамастан, өзіндік
ерекшеліктері де жоқ емес. Сондай ерекшеліктердің бірі
жөнінде
белгілі тілші ғалым Ы.Мамановтың төмендегі пікіріне
назар аударған жөн. “Қысқарған сөздер де қазақ тілінде сөз негізі
болып қолданылады. Орыс тілі мен қазақ тілдерінде қысқарған
1. Қысқарған сөздердің тілдік табиғаты,
ерекшеліктері
Тілдегі үнемдеу, ықшамдау заңдылығы əлем тілдерінің
барлығына да тəн құбылыс. Бұл заңдылық əр тілде түрліше
көрініс тауып, тілдің түрлі салаларына қатысты болып жа-
тады. Қысқарған сөздердің пайда болуы да осы ықшамдау
заңдылығымен тікелей байланысты. Яғни, қысқарған сөздер
тілдегі үнемділікті қамтамасыз етудің бір тəсілі. Көпбуынды не-
месе бірнеше сыңардан құралған күрделі
сөздерді қысқартып,
айтуға, жазуға икемдеп қолдану тілде ертеден бар. Қазақ
тіліндегі сөзжасам мəселелерін зерттеуші ғалымдар сөздерді
əдейі қысқарту кеңес дəуіріне дейін кісі есімдерімен [Садуақас
– Сəкен, Қожабек – Қожаш] байланысты орын алғандығын
айтады[ҚГ. 261-б]. Біздің пікірімізше, кісі есімдерін бұлайша
айтуда сөзді ықшамдау, үнемділіктен гөрі қазақтың сыйлы,
елге қадірлі адамдарын, үлкенді құрметтеу
мен кішіні еркелету,
əлпештеу сипаты басым сияқты.
Сөз табына қатысы тұрғысынан қысқарған сөздер негізінен
заттық немесе абстракті ұғымдарды білдіретін зат есімдер.

Қысқарған сөздер екі, үш немесе одан да көп сыңарлардан
тұратын күрделі атаулардың ықшамдалған тұлғалары. Бірнеше
сөзден құралып, сөздердің тіркесуі арқылы жасалған түрлі
ұғымдардың атаулары қысқарымдарға негіз болады да, олардың
құрылымы ықшамдалып, өзгеріске ұшырайды. Күрделі ұғым
атаулары фразеологиялық тіркестер сынды бастапқы қалпын
сақтай алмай, ықшам нұсқада жұмсалуға көшеді. Мұны басқа
зат есімдерге қарағанда, қысқарымдардың өзіне тəн сипаты,
ерекшелігі деуге болады.
Əдетте, сөзжасам үдерісі кезінде пайда болған жаңа сөзбен
бірге жаңа мағына да туындайды. Мысалы, əкімдік, жасуша,


Page 5

- 8 - - 9 -
Қазақ тіліндегі қысқарған сөздерді тақырыптық жəне
семантикалық топтарға қатысына қарай негізінен халықаралық
ұйымдардың атаулары [БҰҰ, ШЫҰ, НАТО т.б.], жоғары оқу
орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің, орталықтардың
атаулары [ҚазҰУ, ТарМУ, ТБИ т.б.] географиялық жəне əкімшілік
[мемлекетер мен облыстар] атаулары [АҚШ, ГФР, ҚХР жəне
ШҚО, ОҚО, БҚО, СҚО т.б
.], орталық мемлекеттік органдар мен
жергілікті мемлекеттік жəне өзін-өзі басқару органдарының
[ПƏ, БҒМ, ТЖМ, СІМ, ІІМ т.б.], қоғамдық, саяси, əскери, жастар,
спорт ұйымдары мен бірлестіктердің, одақтардың, қорлардың
атаулары [ЖСДП, ҚСА, КО т.б.], ғылыми, техникалық, əскери
терминология [ДНҚ, БЖБ, ШТƏ, ЖМ, ТШ т.б] жиірек кездеседі.
Көптеген тілдерде өте
жиі ұшырасатын кəсіпорындар мен
өндіріс орындарының, ауылшаруашылық кəсіпорындарының,
зауыттар мен фабрикалардың, машиналар мен аспаптардың,
əскери техникалардың қазақша қысқарған атаулары елімізде
олардың өзі сирек болғандықтан немесе өндірілмейтіндіктен
өте аз кездеседі. Ең жиі ұшырасатын қысқарымдар – жоғары оқу
орындары мен орталық мемлекеттік органдар атаулары. Бірігіп,
қосылып, қайта құрылып жататындықтан, олардың толық ата-
улары
да, қысқарған атауларды да жиі өзгеріске ұшырап жа-
тады. Мысалы, БАМ (Байланыс жəне ақпарат министрлігі),
ҚазМемҚызПИ (Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
институты), ҚазҰМА (Қазақ ұлттық музыка академиясы)
сияқты атаулар қазір басқаша
аталады.
2. Қысқарған сөздердің жасалу жолдары
Тіл мамандарының арасында қысқарған сөздің бізге қажеті
жоқ, бұл қазақ тіліне жат нəрсе деген пікірді ұстанатындары да
бар. Алайда бұл пікірмен келісудің негізі бар дей алмаймыз. Егер
қазақ тіліне қысқарған сөз қажет болмаса, оның шынымен-ақ
сөздердің кейбіреулері ғана болмаса[буыннан қысқарған],
негізінен олар өзгермейді. Ал қазақ тілінде қысқарған сөздердің
барлығы да грамматикалық өзгеріске түседі, сөздің негізі
ретінде қолданылып, оған түрлі қосымшалар жалғанады. Мы-
салы, КазГУ-ге, РТС-тан, ВЛКСМ-ның т.б.» [Маманов Ы.] –
деп жазады ғалым.
Тілші ғалым қысқарған сөздердің сөз негізі болатындығын
жəне
олардың грамматикалық өзгеріске түсетін ерекшелігін
атап көрсеткен. Тіліміздегі қысқарған сөздердің табиғатын
тану бағытында жасалған мамандардың мұндай тұжырымдары
жинақталып, қорытылып, алдағы уақытта олар жаңа зерттеу-
лермен толыға беруге тиіс.
Негіз сөздің немесе сөз тіркесінің мағынасымен сөзжасам
үдерісі кезінде пайда болған туынды сөздің лексикалық
мағынасы тең болуы да кездеседі. Бұл сөзжасамның дəл
осы
қысқарту тəсілі арқылы жасалатын сөз түрлеріне тəн сипат.
Мысалы, Бұқаралық ақпарат құралдары ═ БАҚ, Дүниежүзілік
сауда ұйымы ═ ДСҰ, Еуразия экономикалық қоғамдастығы ═
ЕурАзЭҚ, Жабық акционерлік қоғам ═ ЖАҚ, Ұлттық бірыңғай
тестілеу ═ ҰБТ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым ака-
демиясы ═ ҚР ҰҒА, Түкітілдес мемлекеттер Парламенттік
Ассамблеясы ═ ТүркПА
т.б.
Бұл сөздердің толық нұсқасы мен қысқартылған
нұсқаларының арасына тепе-теңдік белгісін қоюға болады.
Өйткені мұндай сөздердің екі нұсқасының арасында мағына
теңбе-теңдігі сақталған. Яғни, ауызша сөйлеу барысында не-
месе жазба тілде «БАҚ» қысқарымы қолданылса, оны тілді
тұтынушылар «бұқаралық ақпарат құралдары» деп түсінеді.
Қысқарған сөздердің тілдегі қолданысы тұрақтап, жалпыға
бірдей
танымал болатын деңгейге жеткенде, оның толық нұсқасымен
мағыналық жəне қолданыстық тепе-теңдігі де орнайды.


Page 6

- 10 - - 11 -
Парламентік Ассамблеясы), ҚТЖ (Қазақстан темір жолы) т.б.
2. Буындық қысқарымдар.
Күрделі атаулар сыңарларының негізінен басқы буындарынан
құралған қысқарымдар:
Мысалы, кеңшар, ұжымшар, Ономком, Терминком,
3. Аралас қысқарымдар.
Күрделі атауларды құрайтын сыңарларының басқы буындары
мен бастапқы дыбыстарынан құралатын қысқарымдар. Яғни, сөз
тудырудың мұндай жағдайында қысқарған сөз жасаудың екі түрлі
тəсілі де,
əріптік жəне буындық қысқарту да пайдаланылады.
Мысалы, ҚазТАГ, ҚазҰУ, АлМУ т.б.
4. Жартылай немесе ішінара қысқарымдар

Бұл қатарға буындық қысқарымдар мен толық сөздердің
бірігуінен жасалған сөздер жатады. Күрделі атауды құрайтын
сөздердің бəрі буындық қысқарымға ұшырамай, жарты-
лай немесе ішінара қысқартылып, өзгелері сол қалпында
қысқарған сөз құрамына енетін қысқарым түрі. Мысалы,
Қазбаспасөз, мембағдарлама, мемқызмет, меммүлік, Мемхат-
шы, мемсыйлық, мемсату, т.б. “Госслужащий” сөзі кейбір қазақ
газеттерінде “мемқызметкер”
түрінде қолданылған. Дұрысы –
“мемқызметші” болуы тиіс.
Орыс тілінде қысқарымның бұл түрін «частичносокращен-
ные слова» [пединститут, госбанк, сельхозотдел] деп атап жүр.
Күрделі атауларды құрайтын сөздердің бірі қысқартылып алы-
нып, екіншісі тұлғасын өзгертпей алынатындығын ескере оты-
рып біз қысқарған сөздердің бұл түрін жартылай қысқарымдар
немесе орыс тіліндегідей ішінара қысқарту деп атаған дұрыс
болар деген ойдамыз.
Қысқарған сөздер де қазақ тілінде сөз негізі болады
біздің тіліміз үшін жат құбылыс екендігі рас болған болса, онда
қазіргі қолданыстағы жүздеген қысқарған атаулар пайда болмас
еді. Оны басқа тілдің ықпалымен немесе жекелеген адамдардың
қалауымен туындаған құбылыс ретінде дəлелдеу қисынсыз. Тіл
үнемділікті, аз сөзбен көп ойды жеткізуді ұнатады. Бірнеше сөздің
тізбегінен тұратын күрделі атауларды мəтін ішінде қайта-қайта
шұбалтып қолдана
бермей, ықшамдап беру арқылы ақпаратты
мол қамтып, аз сөзбен көп ой айтуға əрі басылым бетінде орын
үнемдеуге болатыны белгілі. Бұл жалпы баспасөз тіліне де, ғылым
тіліне де тəн нəрсе. Қысқарған сөздерді тілде толық мағынасы бар
күрделі атаулардың «орынбасары» немесе «алмастырушысы» деп
қабылдаған күннің өзінде тіл үшін мұндай «орынбасар» сөздер өте
қажет екендігіне дау жоқ. Сол себептен де «біздің тілімізге тəн емес»
деп қысқарған сөздерден негізсіз бас тартуға да, «қысқарған сөз де
сөз болып па» деп оларды жасауға жауапсыз қарауға да, олардың
қолданысын бетімен жіберуге де болмайды. Керісінше, оларды
жасауға да, тіліміздегі толық мағыналы атауларды жасағандай
талғаммен, кəсіби біліктілікпен, үлкен жауапкершілікпен
қарағанымыз
жөн. “Күрделі атауларды қысқартып қолдануда
совет дəуірі кезінде тілімізде орыс тілінің үлгісі қабылданды
[ҚГ. 207-б.] – деген пікірдің негізсіз айтылмағаны анық. Оны
теріске шығаруға ұмтылу тарихи шындықты мойындамай, тілдік
деректерді ескерусіз қалдыру болар еді. Сондықтан қысқарған
атауларды жасау жолдарының орыс тіліндегі түрлерінің біздің
тілімізден де орын алғанын тілдік-тарихи дерек ретінде
қабылдан
жөн. Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарған зат есімдер жасалу жолына
қарай төрт топқа бөлінеді.
1. Əріптік қысқарымдар.
Екі немесе одан да көп сөздер тіркесімінен құралған күрделі
атаулар құрамындағы сыңарлардың басқы дыбыстарынан
құралған қысқарымдар.
Мысалы, АҚ (акционерлік қоғам), АҚШ (Америка құрама
штаттары), ЕК (Еуропалық Кеңес), ЕКПА (Еуропа Кеңесі


Page 7

- 12 - - 13 -
үндестік заңы, дыбыс үндестігі, буын үндестігі бұзылып, ды-
быстар тіркесімі заңдылықтары сақталмаса, сөзіміз сөз болу-
дан қалады. Сондықтан не бірыңғай дауыссыздан, не бірыңғай
дауыстылардан құралғандарын ғана емес, АӨҚО, АІІБ, ƏЫК,
ЕҚЫҰ, ЕҰЕБ, ЖҮЕҚ, ҰӨК сынды дауысты-дауыссызы ара-
ласып келген, алайда дыбыстар тіркесімі бұзылып, үйлесім
таппай тұрған қысқарымдарды да сəтті жасалған
дей алмай-
мыз. Бұл көрсетілген қысқарымдарды немесе осылар іспеттес
бірқатар қысқарған сөздерді сөз негізі ретінде алып, олардан
жаңа сөз туғызу мүмкіндігі жоқ деуге болады. Түбірі, негізі
сəтсіз жасалған мұндай сөздер арқылы тіліміздің лексикалық
қорын байытатын жаңа сөз жасай алмаймыз.
Сөздің жағымсыз ассоциация туғызып, дөрекі дыбыстал-
май, эстетикалық талғамға сай, құлаққа
жағымды естілуі,
айтуға ыңғайлы болуы да өте маңызды. Бұл тұрғыдан қарағанда
АМҰ, АМЛ, БЖƏ, БӨҚжА, ҚӨТ, МЖƏ, ӨСЕҚ деген сияқты
қысқарған сөздер аталған талапқа жауап береді дей алмасақ
керек. Естір құлаққа ерсі əрі дыбыстар тіркесімі тұрғысынан
үйлесімсіздік орын алған мұндай атауларды қолдануға ешкім
құштар болмасы анық.
Кеңестік кезеңде қысқарған
атаулардың денін орыс тілінен
дайын қалпында өзгеріссіз қабылдау дəстүрі қалыптасқан еді.
Тілімізге енген ондай кірме қысқарған сөздердің көпшілігі ұзақ
жылдар қолданылып, жаппай жұмсалатын дəрежеге жетіп, тілде
орнығып та қалған болатын. Қазақ тілі мемлекеттік мəртебеге
ие болып, ұлт тіліндегі сөзжасам, терминжасам үдерісі жандана
бастағанда тілдік қолданысымызда орныққан сондай күрделі
атаулардың бірқатарының толық
нұсқасы да, қысқарған нұсқасы
да қазақша қайта жасалды. Мəселен, колхоз – ұжымшар, со-
вхоз – кеңшар, СССР – КСРО, КПСС – КОКП, ЦК – ОК сын-
ды атаулар сол қатарға жатады. Қазір осы тарихи кезең тура-
дегенімізбен, кейбір тілдердегідей туынды сөздердің жаса-
луына негіз сөз ретінде көп пайдалана бермейміз. Мəселен,
орыс тілінде қысқарған сөздер негізінде сөз туындату дəстүрі
бар. Мысалы, вузовец, КВНовец, спецовка, чекист, эсеровский
т.б. сөздер қысқарған сөздер негізінде туындаған атаулар. Ал
бізде негізінен сөйлеу тілінде ҚазМУлықтар, АлМУлықтар,
ТЖМдіктер деген сияқты жекелеген қолданыстар кездескенімен,
олар
жаппай тілдік қолданысымызға ене қоймаған. Қысқарған
сөздердің жаңа сөздердің туындауына негіз сөз ретінде жиі
пайдаланылмауы, ең алдымен, олардың өздерінің кең та-
рап, тіл тұтынушылардың бəріне таныс, бірдей ұғынылып,
дайын сөз қалпында қолданыла бермейтіндігімен байланы-
сты деп пайымдауға болады. Сондай-ақ олардың баспасөзде,
ғылым тілінде жиі жазылып, қолданылып жүрген көпшілікке
біршама
танымалдарының елеулі бөлігінің құрамы қатар
тұрған бірнеше дауыссыз дыбыстан немесе екі-үш дауыстыдан
келуі де олардың тілде жаппай қолданылуына жол ашып, сөз
туғызуға да икемділігін арттырмайды. Мысалы, БКТ, АШҚҚҚ,
ЖҚКҚ, ЖММК, МЖЗҚ, РЖҚБ тəрізді бірнеше дауыссыз
дыбыс қатар келген немесе ААА, АЭА, ЕАƏК, ОАӨАҮО,
ОАӨЭЫА, ҮЕҰ бірыңғай дауыстылардан тұратын сөздердің

негізінде жаңа сөз туғызу қиын. Бұл қысқарымдар дайын сөз
ретінде айтуға, қолдануға икемсіз. Осы тұрған қалпында сөз
ретінде қолдану қиындық туғызып жатса, олардың негізінде
өрбітіп сөз туғызу мүмкіндігі туралы айтудың өзі артық.
Қазақ тіліндегі дыбыстардың бір-бірімен тіркесу заңдылығы
бар. Кез келген дыбыс қатар келіп сөз құрай алмайды. Бұл
дауысты
дыбыстарға да, дауыссыздарға бірдей қатысты. Бір
сөздің құрамында қ мен ө-нің, к мен ұ-ның, о мен ə-нің неме-
се ү мен қ-ның қатар тұруы қазақ тілі үшін қалыпты құбылыс
емес. Бұл дыбыстар бір-бірімен тіркесе алмайды. Тіліміздің


Page 8

- 14 - - 15 -
бойынша жасалғандықтан, қысқарымдарымызды сол тілдердің
тəжірибесін негізге ала отырып, жіктеу қисынға келеді.
Əр түрлі ұғымдарды білдіретін күрделі атауларды қысқартқан
кезде олардың қысқартылған нұсқалары бірдей болып шығып
жататын жағдайларды көптеген тілдерден кездестіруге болады.
Осындай білдіретін ұғымдары басқа-басқа, ал қысқартылған
нұсқалары бірдей дыбысталатын қысқарымдар – омоним-
қысқарымдар (сокращения-омонимы) деп аталады.
Мұндай омоним
-қысқарымдардың мейлінше аз, ең дұрысы
тілдік қолданыста болмағаны дұрыс. Бірақ бұл талап үнемі
орындала бермейді. Қысқарған сөздер күрделі атауларды
шұбыртпай сөзқолданыстағы ықшамдылық, икемділік үшін,
мақсатты түрде жасалатын екінші аталым [вроичная номи-
нация] нəтижесі. Сондықтан оларды саналы түрде жасау,
қалыптастыру үдерісінде ыждағаттылық танытып, бірдей дыбы-
сталатын қысқарған атаулардың қолданысқа еніп кетпеуін
жолға
қоюға болады. Əрине, ол үшін тілдегі сөзжасам үдерісін үнемі
қадағалап, жаңа туындап жатқан атаулар мен қолданыстардың
бəрін дер кезінде тіркеп, жиып-теріп, лингвистикалық сарап-
тан өткізіп отыру ісі кəсіби деңгейде жүзеге асып жатуы тиіс.
Егер мұндай жұмыс өз деңгейінде жүзеге асырылатын болса,
тіліміздің сөзжасам жүйесінен орын алып, кейінгі жиырма жыл

көлемінде қарқын ала бастаған қысқарған сөз жасау үдерісіндегі
омонимияның көп орын алмауына, басқа да кемшіліктерге жол
берілмеуіне негіз қаланады. Мысалы, қазір тілімізде Еуропалық
одақ та – ЕО, Еуразиялық одақ та – ЕО түрінде қысқартылып
қолданылып жүр. Сондықтан ЕО қысқарған атауын оқыған
адамда “Бұл қай одақ?” деген сұрақ туындауы табиғи нəрсе. Ен-
деше, жұртшылық бірден түсінетін қысқарым қалыптастырамыз
десек, Еуроазиялық одақты – ЕО деп қалдырып, ал Еуропалық
одақты – Еуроодақ түрінде қолданысқа енгізген жөн болар еді.
лы сөз қозғалғанда жоғарыда мысалға келтірілген атаулардың
кейінгі жылдары жасалған қазақ тіліндегі нұсқалары жаппай
қолданылып жүр. Бұдан қысқарған сөздерді өзге тілдерден
қабылдау мен олардың жасалуына қатысты бүгінгі күннің

кешегіден өзгеше өз талабы бар екендігін байқауға болады.
2.1. Қысқарған сөздердің түрлері
Қысқарған сөздер жасалуына, мағынасына, құрамы мен
қолданысына қарай бірнеше түрге бөлініп, іштей жіктеледі.
Қазақ тіл білімінде қысқарған атаулардың түрлерін ажыратып,
ғылыми əдебиеттерде негіздеп бірізді беру мен мектеп, жоғары
оқу орындарына арналған оқулықтарда оларды іштей жіктеп-
жіліктеп оқыту жағы əлі кемшін түсіп отыр. Бұл да қысқарған
сөздер мəселесінің бізде жан-жақты зерттеліп
, оларға жеткілікті
көңіл бөлінбей келе жатқандығын айғақтайтын факторлардың
бірі. Жасалу сапасының əркелкі екендігіне қарамастан,
жинақталған материалдар көлемі бүгінгі таңда қазақ тілінде
қолданылып жүрген қысқарған атауларды жан-жақты зерттеп,
олардың пайда болу, қолданылу үдерісін үнемі назарда ұстап
отыру қажеттігін анық көрсетті. Қысқарған сөздер мəселесі
Н.Алдашевтың кандидаттық диссертациясында ғана арнайы
зерттелген
жəне тіл мамандары тарапынан жазылған бірнеше
мақала бар. Сөздің бұл түрінің тілдік табиғатын тереңірек тану
үшін қысқарған сөздердің жай-жапсарын мамандар əр қырынан
əлі де қарастыра түсуі қажет деп білеміз.
Қазақ тіл білімінде қысқарған сөздер түрлері ажыратылып,
олардың аты мен заты анықталып, бір жүйеге түсе қоймағанымен,
өзге тілдерде оларды іштей жіктеу
біршама орныққан деуге
болады. Біз тілдік қолданысымыздағы қысқарған атаулардың
дені олардың өзге тілдердегі сəйкес баламаларының үлгілері


Page 9

- 16 - - 17 -
қысқарған сөздер түрін окказионал қысқарымдар, мəтіндік
қысқарымдар (окказиональные, текстовые сокращения) деп
жіктеу бар. Баспасөз беттерінен мұндай қысқарымдар түрі көп
ұшырасады. Қолданушылардан басқаларға мүлде таныс емес,
толық нұсқасын қоса көрсетпесе түсініксіз мұндай атауларға
мысал келтіру қажеттілігі бола қояр деп ойламаймыз.
Қысқарған сөздерді тілде белсенді немесе өте сирек
қолданылуына байланысты да жіктеуші ғалымдар
бар.
Қысқарған сөздер де тілдегі лексикалық мағынасы бар сөздер
сияқты қоғам өміріндегі тарихи өзгерістерге байланысты
қолданыстан шығып немесе өте сирек қолданылатын көнерген
сөздер қатарына енеді. Белсенді қолданыстан шығып, пас-
сив сөздер қатарына енген ондай қысқарған сөздер – тарихи
қысқарымдар [сокращения-историзмы] деп аталып жүр.
Сондай-ақ күрделі атауларды құрайтын сөздердің төл
сөз не-
месе кірме сөз болуына байланысты қысқарту кезінде солардың
негізінде туындаған қысқарған атаулар да құрамына қарай будан
(гибрид) болып шығады. Біздіңше, оларды будан қысқарымдар
деп атауға болады. Мысалы, ҚазБытХим(Казахстанская
бытовая химия, ҚазМұнайГаз, ҚазТрансГаз, Мемтермин-
ком, Мемономком, Санпедқадағалау (санпеднадзор) жəне т.б.
«ҚазБытХимнің» хош иісті сабындары. («Егемен Қазақстан
»,
7 қыркүйек 2012 жыл. №590-591); Бұл туралы кеше
санпедқадағалау комитетінің облыыстық департаменті хабар-
лады. («Айқын», 23 сəуір 2010 жыл. № 70).
Қысқарған атауларды бұлайша жіктеуді біз лингвистикалық
əдебиеттерден кездестіре алмадық. Қысқарған сөздердің
мұндай түрі қазіргі қолданысымызда жиі ұшырасатын болды.
Сол себепті бұл секілді қысқарымдарды өзінше бөліп қарауға
негіз бар деп білеміз. Тілімізді кірме сөздер
мен терминдер
өте көп болғандықтан, кейінгі жылдары солардың қатысуымен
Біздің тілімізде қысқарған сөздердің жасалып, қалыптаса
бастағанына бір ғасырға жуық қана уақыт болғандықтан,
ағылшын, неміс, орыс т.б. тілдерімен салыстырғанда олардың
қоры соншалықты бай емес. Мысалы, орыс тілі қысқарған
сөздерге өте бай тілдердің бірі. Айталық 1984 жылы жарық
көрген «Словарь сокращений русского
языка» сөздігінің 4-ші
басылымында 18 000 мыңға жуық қысқарған атау қамтылған.
Соған сəйкес орыс тілінде омоним-қысқарымдар да жиі
ұшырасады. Мəселен, ВП – военный порт, ВП – воздушная по-
душка, ВП – выжидательная позиция, ВП – вторичное предъ-
явление т.б. Бірақ бұдан біз де қысқарған сөздер қорын мақсатты
түрде орыс тіліндегідей көбейтіп, омоним-қысқарымдарды да

көптеп қалыптастыра беруден қашпайық деген түсінік туында-
мауы тиіс. Əр тілдің өзіндік ерекшелігі, төл табиғаты бар. Соған
сəйкес қажеттілігіне қарай жасалған қысқарған сөздерімізді
жазу мен айтуға қолайлы, тілдік нормаға сай қалыптастыру
маңызды міндет.
Қазір транслитерацияланбаған қысқарымдардың (не-
транслитерированные иноязычные сокращения) тілдік
қолданысымызға ене бастағаны байқалады. Олардың
қолданысын осы кітаптың келесі
тармағында берілген мысал-
дардан көруге болды.
Кеңестік кезеңде тілімізде ТУ–134, ТУ–144, ТУ–154, МИ–8,
ДТ–75, ГАЗ –53, ЗИЛ–130, ЮМЗ –70, К–700 сияқты əріп пен
санның немесе сөзбен санның қосындысынан құралған əріп-
сан қысқарымдар (инициально-цифровые аббревиатуры)
баспасөзде, жалпыхалықтық тілде жиі қолданылып, көпшілікке
түсінікті болса, қазір қысқарымның бұл түрі арнаулы сала
əдебиеттерінде болмаса, өте
сирек кездеседі. Баспасөзде А–20,
АН–24, ЯК– 42 тəрізді бірді-екілі қысқарымдар ғана ұшырасады.
Бірреттік немесе жекелеген мəтін ішінде ғана қолданылатын


Page 10

- 18 - - 19 -
3. Қысқарған сөздер қолданысының жайы
Қазіргі кезеңде қоғам өмірінің қай саласын алсақ та,
қысқарған сөздер молынан кездеседі. Еліміз əлемнің көптеген
мемлекеттерімен саяси-экономикалық, дипломатиялық жəне
ғылыми-мəдени байланыстарын қалыптастыруына байланы-
сты қазір қысқарған атаулар бұрынғыдай тек орыс тілінен ғана
алынып отырған жоқ. Халықаралық қатынастардың нығаюы
өзге тілдерден тікелей сөз алмасуға жол аша бастады. Əсіресе,
ағылшын
тілінен енген халықаралық сипатқа ие қысқарған
сөздер қатары біршама артып отыр. Бұрын орыс тіліндегі
нұсқасында киррил əріптерімен таңбаланып жүрген бірқатар
атаулар қазір латынша таңбалануы бойынша қолданыла ба-
стады. Қазіргі баспасөз беттерінде латынша транцкрипци-
ясы бойынша жазылатын шетелдік компаниялар мен түрлі
ұйымдардың, мекемелердің күрделі атаулары да көбейіп келеді.
Мəселен, бұрынырақта, дəлірек айтқанда
90-жылдарға дейін
біздің тілімізде орыс тіліндегі қысқартылған нұсқасы бойын-
ша қолданылатын қысқарымдар көп болған болса, қазір еуро-
па елдерінің тілдері мен ағылшын тіліндегі күрделі атаулардың
қысқарған нұсқаларын да мерзімді баспасөз бен ресми
құжаттардан, түрлі басылымдардан жиі ұшырататын болдық.
Олардың қатарына мына төмендегі ASEAN, АІВА, ЕХРО,
IBA, ISO, IT, ІРО, FILA, FIFA, FIDE, FIAS, NACA, NATO, NTI,
UNESCO, UNICEF, USAID, UNEP, USIA, UNPF, OPEC, WBA,
WBO, WBC, WiMAX, WWF, UBS, VIP, CNN, CARICC, SMS,
TIMSS, G-20, REACH, PNB, РR жəне т.б
. сияқты қысқарымдарды
осы қатарға қосуға болады.
Кеңестік кезеңдегі қоғамдық құрылыс, мемлекеттік ме-
кемелер, ұйымдар атаулары мен қоғамдық саяси лескиканы
құрайтын күрделі сөздердің қысқарған нұсқаларының көпшілігі
жасалған будан терминдер мен осындай будан қысқарымдар
саны күрт көбейіп келеді. Мұндай үдеріс үздіксіз жалғасып,
кірме дыбыстар мен кірме сөздерді өз тілімізге икемдемей,
түпнұсқа тілдегі қалпында өзгеріссіз қабылдай берсек, соған
сəйкес қазақ сөз құрамының елеулі өзгеріске ұшырайтынын
болжау қиынға соқпайды.
Қысқарған сөздердің осы аталған түрлерімен қатар оккази-
онал қысқарымдар, мəтіндік қысқарымдардан
кейбір авторлық
қысқарымдарды бөліп қараған жөн деп санаймыз. Авторлық
қысқарымдар оның авторы тарапынан белгілі бір мақсатты
көздей отырып жасалып, бір емес, бірнеше рет арнайы
қолданатындығы тұрғысынан ерекшеленеді деген пікірдеміз.
Қазіргі баспасөз бен көркем шығармаларда кейбір
авторлық қысқартулар кездеседі. Авторлық қысқартуларды
жиі қолданытындардың бірі – ақын Мұхтар Шаханов. Белгілі
ақын өзінің ауызша
сөйлеген сөздерінде, сұхбаттары мен
мақалаларында, өлеңдерінде «ТЖ» – туфли жалағыштар
қысқарымын, «жағымпаздар, жарамсақтар» деген мағынада
қолданады. «ШҚ» – шала қазақтар, «МҒ», «МҒҚ» – мор-
диясы ғана қазақтар. Автор осы қысқарымдарды бірнеше
мақалаларында, ауызша сөйлеген сөздерінде, өлеңдерінде
мақсатты қолданады.
Ж.Кеттебектің «Қарағаш» əңгімесіндегі мына қысқарымдар
да мақсатты қолданыстар.«ТҚ-ларға» жаққан нəрсе «ҚҚ-ларға»
жақпай
, «ҚҚ-ларға» жаққан нəрсе «ТҚ-ларға» жақпай, екі тайпа
бір-бірімен аңдысып, қырық пышақ қырқысып жататын (Жəлел
Кеттебек. Қарағаш. «Жас Алаш», 14 мамыр 2013 жыл. № 37).
Мұндағы ТҚ – Түзу Қалпақтылар, ҚҚ – Қисық Қалпақтылар.
Бұл іспетті қысқарған сөздердің поэзия мен прозада, көркем
шығармалар тілінде қолданылуын да арнайы қарастырған жөн.


Page 11

- 20 - - 21 -
1.1. Қысқарған сөздердің қазіргі қазақ баспасөздегі
қолданысы
Осы басылымға енгізіліп отырған қысқарған сөздер, ғылыми
тұрғыдан сөз қозғауға жеткілікті тілдік материал негізінен қазақ
тіліндегі газеттерден жиналды. Сол себепті қысқарған сөздердің
мерзімді баспасөз тілінде қолданысының басты ерекшеліктерін
анықтап, мейлінше нақтырақ пайымдаулар жасауға негіз бар
деуімізге болады.
Қысқарған сөздердің мақала тақырыбында
қолданылуы. Орыс тілінде шығатын газеттерде қысқарған
сөздердің мақала тақырыбында
қолданылуы бұрыннан
қалыпты құбылыс. Мəселен, «ЧП в масштабах МЧС» («Ка-
захстанская правда», 8 октября 2009 года № 239); Как ВРП
наращивает ВВП(«Казахстанская правда», 20 июля 2011 года.
№ 224); От КХЛ до ВХЛ. «Казахстанская правда»,12 сентя-
бря 2012 года. № 306-307) сынды мақала тақырыптарын жиі
ұшыратуға болады. Соңғы жылдары қазақ басылымдарында
да қысқарған сөздердің мақала тақырыбы ретінде
берілуі жиі
байқалатын болды. Мына мысалға назар аударалық: ҰҚШҰ-
ны НАТО-ға балама əскери блок ретінде қарастырған орынды
ма? ( «Алаш айнасы», 2009 жыл 4 тамыз. № 130); БҰҰ-ЕҚЫҰ
форматындағы үнқатысу. («Егемен Қазақстан», 16 қазан 2009
жыл. № 337-339). Бір ғана мақала тақырыбында екі қысқарған
сөз қатар қолданылған. Қазақ газеттерінде мақала тақырыбына
қысқарған сөздердің қос-қостан
қолданылуы кейінгі жиырма
жылдың көлемінде көрініс бере бастаған құбылыс. Оған дейін
мақала тақырыбында емес, газет бетінде қысқарған атаулар дəл
қазіргідей көп қолданылмайтын. Мұның негізгі себептерінің
бірі тіліміздегі қысқарған сөздердің санының күрт өсуімен,
өзге тілден дайын күйінде қабылданатын қысқарымдардың
елдің тарихи-мəдени, саяси-экономикалық өмірінде болған
елеулі өзгерістерге байланысты белсенді қолданылмай,
тіпті
пассив сөздер, көнерген лексика құрамына өтіп жататындығын,
əріге бармай-ақ бергі тарихымыздан да көруге болады. Оған
көз жеткізу үшін ыдырағанына əлі соншалықты көп уақыт өте
қоймаған кешегі КСРО тұсында өте жиі қолданылып, актив
сөздер деп саналған мына төмендегі қысқарымдарды мысалға
келтірсек те жеткілікті болар деп ойлаймыз. Мəселен, БАМ,
ВКП[б
], ВЛКСМ, ВЦИК, ВЦСПС, ГОЭЛРО, ДОСААФ, КП,
ЛКСМ, МТС, РСДРП, РСФСР, ТАСС, Горком, Генсек, завфер-
ма, местком, райком, обком, партбилет, партком, партбюро,
партком, парторг, комсорг, комсомол, компартия, нарком, раб-
фак, ревком, совдеп, совнарком сияқты көптеген атаулар бүгінде
қолданыстан шығып, көнерген сөздер, историзмдер қатарынан
орын алды. Осыдан 20-30 жыл бұрын жоғарыда келтірілген
қысқарған
атауларды мектептің жоғарғы сынып оқушыларынан
бастап, əрбір сауаты бар азамат жақсы білетін болса, бүгінгі
оқушылар мен студенттер, кейінгі он бес-жиырма жыл
көлемінде жоғары оқу орнын бітіргендер олардың не мағына
білдіретіндігін біле бермейді. Арада бір жиырма жылдай ғана
уақыт өткенде бұл атаулар кешегі тарих қойнауында қалып
отыр. Сол өткен кезеңнің тарихына
қатысты сөз қозғалғанда
болмаса, бүгінгі тілімізде бұл атаулар қолданылмайды.
Қысқарған сөздердің қолданысы жайлы сөз еткенде олардың
ғылым тілінде, баспасөз бен көркем əдебиетте, іс қағаздары
мен ауыз екі сөйлеу тілінде қолданысы туралы жеке-жеке
қарастырып, ерекшеліктері мен ортақ қырларын мейлінше
нақтырақ көрсеткен абзал. Біз төменде жинақталған қолда
бар материалдарға сүйене отырып
, қысқарған атаулардың
баспасөз тілі мен ғылым тіліндегі қолданысына қысқаша ғана
тоқталмақпыз.


Page 12

- 22 - - 23 -
Қысқарған сөздердің газет мəтінінде тізбектеле
қолданылуы. Қазақ газеттерінен əр жылдары жинақталған
мына төмендегі сөйлемдер қысқарған сөздер тізбегінен
тұрады: Қазақстанның сыртқы саясатының көп арналылығы
жəне оның Ресеймен де, сол секілді Батыспен де жақсы
қарым-қатынасы тұрғысынан осы негізде барынша əрқилы
халықаралық бірлестіктер – ЕО, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, НАТО жəне
ҰҚШҰ ынтымақтаса алар еді
. («Егемен Қазақстан», 11 қараша
2009 жыл. № 371-372 (25769); Ал жуырдағы Алматы қаласы
Əкімінің тапсырмасына сəйкес Түрксіб ауданының əкімі
В.Юстюговтың 59 өкілімен өкілетті орындар АЖИ, МСҚББ,
АІІД, АСҚБ жəне аталған учаскеден 3 ықпалды адамдардан
құралған комиссия құрылып, құжаттарды қабылдап, Алматы
қалалық əкімшіліктің Жер комиссиясына өткізу жұмыстарын
жүргізді. («Алматы ақшамы», 13 наурыз 2010 жыл. № 31);
Бақылаушы ретінде ЕҚЫҰ
ДИАҚБ, ЕҚЫҰ ПА, ТМД ПАА,
ШЫҰ, ТүркПА жəне басқа ұйымдардан өкілдер келмекші.
(«Егемен Қазақстан», 24 қыркүйек 2010 жыл. № 386-387); Бұл
басқосуға БҰҰ, МАГАТЭ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ҰҚШҰ, ЕурАзЭҚ,
АӨШСК, ЮНЕСКО, ЯСЖТКҰ сынды халықаралық ұйымдар
басшылары мен өкілдері, əлемдік саяси топтар, үкіметтік емес
ұйымдар өкілдері, белгілі сарапшылар мен ғалымдар жиылды.
(«Алматы ақшамы», 15 қазан 2011
жыл. № 118).
Жоғарыда берілген мысалдарда əр сөйлемде кемінде 4-тен
9-ға дейін қысқарған сөз кездеседі. Газет мəтінідегі түрлі
халықаралық ұйымдар атаулары мен өзге де күрделі атау-
лар толығымен берілгенде сөйлемдердің ұзындығы екі-үш
есе артып, қаншама орынды алған болар еді. Мəселен, соңғы
сөйлемдегі халықаралық ұйымдар атауларын толық жазғанда
41 сөз жазылуы
керек болса, оның орнына 9-ақ қысқарған сөз
қолданылған. Айырмашылық өте үлкен. Үнемделген 32 сөздің
азайып, ұлт тілінде жасалған төл қысқарымдардың артуы-
мен де байланысты. Сондай-ақ қазақ газеттерінде ақпаратты
ықшам түрде, аз сөзбен көп мəлімет беруге, күрделі атауларды
шұбыртпай олардың қысқартылған нұсқасын қолдана отырып,
жұртшылықтың көзін соған үйрету мақсатын көздеген бағыттың
пайда
болғанын көруге болады. Сонымен қатар қысқарған
сөздердің қазақ газеттерінде мақала тақырыбы ретінде жиі
қолданылуына орыс газеттері тілінің үлгісі де ықпал еткенін
жоққа шығаруға болмайды.
Газет мəтінінде жекелеген қысқарымдардың
қолданылуы. Мақала тақырыбында ғана емес газет мəтініндегі
сөйлемдер құрамында да қысқарған сөздер жекелеп те, қос-
қосынан қолданылып жатады. Қазақ газеттерінен алынған
мына
сөйлемдер солардың қатарынан. Мысалы: Сөйтіп, ПИК
пен ЖҮК-тер арасындағы жарыста І орынды – Жетісу ауданы,
ІІ орынды – Əуезов ауданы, ІІІ орынды – Медеу ауданы иеленді.
(«Алматы ақшамы», 17 қазан 2009 жыл. № 121); АИТВ инфек-
циясын жұқтырғандарға жəне ЖИТС-пен ауыратын науқастарға
медициналық-əлеуметтік көмек көрсету. («Егемен Қазақстан»,
29 қыркүйек 2009 жыл); Саудабаев – АҚШ-та. «
Айқын», 26
қыркүйек 2009 жыл. № 179 (1360); АҚШ АЭС салады. («Еге-
мен Қазақстан», 23 ақпан 2010 жыл. № 66-68); ЕҚЫҰ БҰҰ-мен
бəсекелес пе? ( «Айқын», 10 желтоқсан 2010 жыл. № 230) жəне
т.б.
Cөйлем ішінде құрамында үш жəне одан да көп сыңарлары
бар күрделі атауларды тиісінше 3-5 əріптен немесе буын-
нан тұратын қысқарған сөзбен беру əлдеқайда ұтымды. Газет
оқырманына
да жеңіл. Бұл жердегі басты мəселе – қысқарған
сөздің оқырманға мағынасы таныс, қолданысы орныққан,
көпшілікке танымал болуы.


Page 13

- 24 - - 25 -
жылдары қазақ баспасөзінде де кісі есімдерін, көбінесе елге
белгілі лауазымды тұлғалардың, саясаткерлердің аты-жөнін не-
месе есімдерін қысқартып қолдану құбылысы да көрініс бере
бастады. Мəселен, «Нұр Астана» (29 сəуір 2012 жыл. №13)
газетінің бірінші бетінде «ГГГ-лер кімнің мүддесін көздейді?»
деген мақала басылды. Бұл ГГГ-лер – бас банкир Григорий
Марченко, мəжіліс депутаты Гүлжан
Қарақұсова жəне сол кез-
де Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі қызметін
атқарған Гүлшара Əбдіхалықова есімдерінің бірінші əріптерін
алу арқылы жасалған қысқарған сөз. Қазақ баспасөзіндегі
қысқарған сөздің бұл түрінің жасалуына да, қолданысына да
орыс тілінің əсері бар. Ресей баспасөзінде де, бізде шығатын
орыстілді басылымдарда да Владимир Владимирович Путинді
– ВВП деп
қысқартып өте жиі қолданады. Біздің «Время»
газеті (21.04.2012. № 59) де «ВВП вычеркнули из списка» де-
ген жəне «ВВП: год с правом передачи» (5.03.2013г. №33) деген
тақырыппен мақалалар жариялады. Жалқы есімдердің, оның
ішінде кісі есімдерінің, белгілі тұлғалардың қысқартылып алы-
нуы кейінгі жылдары жиі көрініс бере бастады.
1.2. Қысқарған сөздердің ғылым тіліндегі қолданысы
Қысқарған сөздер ғылым тілінде де жиі қолданылады.
Адамның жалпыхалықтық тілдегі қарым-қатынасы кезінде
күнделікті тіршілікте тұтынатын заттар мен қарапайым
ұғымдар атаулары көбірек кездессе, ғылым тіліндегі кəсіби
қарым-қатынас барысында сала терминдері мен күрделі
ғылыми ұғымдар атаулары, саланың метатіліне тəн оралымдар
қолданылады. Екі-үш, төрт-бес компоненттен тұратын күрделі
ұғымдар атаулары
сол ұғымдар жөнінде сөз қозғалғанда ғылыми
мəтінде, ғалымдар мен мамандардың кəсіби қатысымы кезінде
қайта-қайта қолданылып жатады. Күрделі ұғымның толық
газеттің қанша жолын алатынын, оны оқуға кететін оқырман
уақытын есептесек, қысқарған сөздерді қолданудың пайда-
лы коэффиценті шығады. Күрделі атаулардың толық жазы-
луы газет тілін ауырлатып, оқырманның да ақпарат алуын
қиындатары
сөзсіз. Қазіргі оқырман қалың-қалың романдар
мен газеттің сала құлаш, айқара бетті алып жатқан көлемді
мақалаларын оқудан гөрі қысқа да нұсқа, нақты ақпараттар
сығымдалып берілген мəтіндерді оқуға бейіл. Мəселенің мəніне
бірден көшпей, алыстан орағытып, ұзақ тарихи шолу жасаудан
басталған, жалпы сипаттауы мен бейнелілігі басым, көпсөзділік
орын алған мəтінді оқуға бүгінгі оқырман
уақытын жоғалтқысы
келмейді. Сондықтан баспасөз тілінде қысқарған сөздердің көп
қолданылуы бүгінгі ақпарат ғасырында ақпаратты тез, ұтымды
жеткізу мен оны алудың қажеттілігіне байланысты туындап
отырған құбылыс деп тануға негіз жеткілікті.
Сондай-ақ баспасөз беттерінде сынға алып отырған
нысанының атауын мақсатты түрде қысқартып қолдану арқылы
оқырманға əсер етіп, қоғамдық пікір туғызуды көздейтін

жағдайлар да кездесіп жатады. Мəселен, тестілеу жүйесі алғаш
енгізіле бастаған жылдары ол “Бірыңғай ұлттық тестілеу” деп
аталды. Осы күрделі атауды «БҰТ» деп қысқартып алып, сын
мақала тақырыбы ретінде («БҰТ-ымыз айырылып кетпесін»)
газеттің бірінші бетінде айғайлатып үлкен тақырып берген
басылымдар да болды. Көп ұзамай бұл құрылымның атауы
«Ұлттық бірыңғай
тестілеу» деп өзгертіліп алынып, соған
сəйкес ҰБТ түріндегі қысқартылған атау қолданысқа енді.
Қысқарған сөздерді де оқырман назарын аудару үшін мақсатты
түрде қолданылатын жағдайлар едəуір жиілеп келеді.
Жалпы біздегі қысқарған сөздердің басым көпшілігі
олардың орыс тіліндегі нұсқасын үлгі ете отырып жасалып
жататындығын қадам басқан сайын көруге болады. Кейінгі


Page 14

- 26 - - 27 -
тельные приборы], ЖТМ – жерқазу-тасымалдау машиналары
[ЗТМ землеройно-транспортные машины], ҚЖМ – құрылыс
жəне жол машиналары[СДМ – строительныне и дорожные ма-
шины], ТШ – техникалық шарттар [ТУ – технические условия],
ІЖҚ – іштен жану қозғалтқышы [ДВС – двигатель внутрен-
него сгорания] экология саласында ГРШ – гигиеналық рауалы
шығарынды [ВГД – выброс гигиенически допустимый], ЖБ –
жағалау белдемі [
ЗП – зона прибрежная], СҚБ – санитарлық
сақтау белдемі [ЗСЗ – зона санитарно-защитная], ШРШ –
шектеулі рауалы шығарынды [ВПД – выброс предельно допу-
стимый] т.б. қысқарымдар қолданылады. Бұл тəрізді қысқарған
атауларды ғылымның өзге де салаларынан алып, мысалға
келтіре беруге болады.
Ғылым мен техниканың түрлі салаларында -анти, -био,
-гео, -зоо, -моно, -нео, -экс
сынды көптеген латын-грек
терминбөлшектері арқылы да көптеген ықшамдалған термин-
дер мен атаулар жасалады. Бұрын мұндай атаулар көбінесе
орыс тілінен дайын қалпында қабылданып келсе, кейінгі жи-
ырма жылдай уақыт көлемінде олардың бір бөлігі өз тіліміздің
сөздерінің қатысуымен жасала бастады.
Жалпы алғанда түрлі ғылым салалары бойынша жинақталған
тілдік материалдар ғылым тіліндегі
қысқарған атаулардың
да басым көпшілігі негізінен орыс тіліндегі нұсқасының
үлгісімен жасалғанын көрсетеді. Бұл құбылыс ғалымдар мен
сала мамандарының да қысқарған сөздерді жасауға, олар-
ды ғылыми еңбектерінде қолданып, сөздіктерге енгізуге жете
мəн беріп отырғандығын, бұл іске терминжасам тəсілі ретінде
шығармашылық ізденіспен қарап отырғандығын көрсетпейді.
Тілге жеңіл, құлаққа жағымды естілетін, ғылым мен
техниканың
белгілі бір саласында жаппай қолданылатын дəрежеге жет-
кен қысқарған атауларды көп деп айта алмаймыз. Жоғарыда
атауын шұбалтып қайталап қолдана беру ғылыми мəтіннің
де, ғылыми қатысымының түсініктілігін, ұғынықтылығын
арттырмасы анық. Сол себептен де жалпығылыми тілде,
ғылым мен техниканың əр саласының метатілінде күрделі
атаулардың ықшамдалған нұсқаларының жасалуы, олардың
жиі қолданылуы ғылым тілінің
икемділігін қамтамасыз ету
қажеттілігінен туындаған деуге негіз бар.
Қазіргі ғылыми əдебиеттерді, оқулықтар мен
терминологиялық сөздіктерді қолға алсақ, қай саладан да
қысқарған атауларды көптеп кездестіруге болады. Мысалы,
биология саласында ДНҚ – дезоксирибонуклиеин қышқылы
[ДНК – дезоксирибонуклеиновая кислота], ЕПА – етпептон-
ды агар [МПА – мясопептонный агар], география саласында
БЖБ – баяу жылдамдықтар белдемі [ЗМС – зона
малых скоро-
стей], ШТƏ – шағылысқан толқындар əдісі [МОВ – метод от-
аженных волн], СГЖ – су-газ жапсары [ВГК – вондно-газовый
контакт], ШОЗ – шашыранды органикалық зат [РОВ – рассе-
янное органическое вещество], геоаумақ[геозона], геобиосфе-
ра, гидрогеодинамика, геотехносфера, геожүйе [геосистема],
зоогеография, медицина саласында биоырғақ [биоритм], кен
ісі жəне металлургия саласында ЖМ – жарылғыш материалдар
[
ВМ – взрывчатые материалы], ҚҚС – қысқа қайыру сызығы
[ЛНС – линия наименшего сопротивления], МСС – майлай-
суытатын сұйықтар [СОЖ – смазывающе-охлаждающая жид-
кость], ТЖМ – тиеп-жеткізу машиналары [ПДМ – погрузочно-
доставочные машины, ТТМ – тиеп-тасымалдау машиналары
[ПТМ – погрузочно-транспортные машины], техника саласын-
да АЕМ – аналогты есептеуіш машина [АВМ – аналоговая вы-
числительная машина], АЖЖ
– автоматтандылыған жобалау
жүйесі [САПР – система автоматического проектирования],
БӨА – бақылау-өлшеу аспаптары [КИП – контрольно-измери-


Page 15

- 28 - - 29 -
факторды сөзсіз ескеріп, қысқарған сөздердің тілімізден елеулі
орын алып отырғанын мойындап, алдымен олардың жасалу са-
пасына, одан соң жазба тіл мен сөйлеу тілінде орынды, сауат-
ты қолданысына тиісті мəн беретін уақыт жеткенін ескермеске
болмайды.
5. Қысқарған сөздер қолданысындағы кемшіліктер
Еліміз тəуелсіздігін жариялап, егемен ел ретінде қалыптасу
кезеңінде көптеген мемлекеттік құрылымдар, Ұлттық компа-
ниялар мен мекемелер, жаңа жоғары оқу орындары ашылып,
олардың толық жəне қысқарған атаулары пайда болды. Осы
атаулардың жасалуы мен қолданысын бір ізге түсіру, жаңа пай-
да болып жатқандарын сараптан өткізіп, жаппай қолданысқа
ұсынып отыру маңызды жұмыс. Жалпы қысқарған
сөздер де
уақтылы жинақталып, үнемі мамандар талқысынан өтіп отыр-
маса, оларды жасауда тілдік норма сақталмай, қолданысында
ала-құлалық көбейіп кетеді. Қазіргі қолданылып жатқан
қысқарған атауларымыз осындай кемшіліктерден ада дей ал-
маймыз. Оларды жасауда да, қолданысында да орын алып
жатқан олқылықтар бар.
Қысқарған атаулар тек қазақ тілінде жасалып қоймайды,
олардың бірқатар
бөлігі өзге тілдерден өзгеріссіз қабылданған
қалпында қолданылады. Олардың өзге тілдерден қалай
қабылданып, өз тілімізде қалай жасалып, қолданыс тауып
жатқандығын анықтап, бұл бағыттағы жақсы үрдістерді үлгі
ретінде ұсынып, кемшіліктерді түзету жолдарын көрсету
тіл мамандарының тікелей міндеті. Осы тұрғыдан қарағанда
кейінгі жылдары тілшілер қауымы тарапынан қысқарған сөздер
мəселесіне жеткілікті көңіл бөлінбегені байқалады. Соның
сал-
келтірілген мысалдардан-ақ соны көруге болады. Тұтастай
алғанда жалпығылыми тілде, оның ішінде ғылыми-техникалық,
ғылыми-математикалық, ғылыми-көпшілік баяндау стилі үшін
де қысқарған атаулардың болуы, олардың ұтымды жасалуы
қажет екендігі дау туғызбайды.
Бұл орайда “Қысқарған күрделі зат есімдер ғылым тілінің
жүйелі, ықшамды жетілген тіл болуына өз үлесін тигізеді”[ҚГ.
339] деген ғалымдар пікірі орынды айтылған деп білеміз.
Қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдары саласын-
да еңбек етіп жүрген қазақтілді ғалымдар мен сала мамандары
қысқарған терминдердің жасалуына термин шығармашылығына
қарағандай жауапкершілікпен қарауы тиіс. Ал тіл мамандары,
терминтанушылар мен терминшілер қысқарған терминдерді
жасаудың тиімді əдістері мен үлгілерін жасап, мамандарға
ұсынуы қажеттігі айқын аңғарылып отыр.
Мұндай əдістер мен
үлгілердің дайындалуы тек терминдерге ғана емес, тіліміздегі
қысқарған сөздердің барлығына бірдей қатысты болуы тиіс.
Жалпы алғанда қазақ тілінің нормаларына сəйкес келетін
қысқарған атаулар жасау сөзжасам тəсілі ретінде жетілдірілуі
керектігі айқын көрініс беріп отыр. Оның себебін біз қысқарған
сөздерді, терминдерді оларды жасаудың белгілі үш-төрт жо-
лын көп ізденіссіз
, көбінесе өз тіліміздің табиғатын ескермей
орыс тіліндегі нұсқасына қарап механикалық тұрғыда жасай
салу үрдісі белең алып бара жатуынан деп пайымдаймыз. Бізге
қысқарған сөзді де сөз деп, оны жасаудың жолдарын да сөзжасам
тəсілі ретінде толық мойындау əлі де жетіспей тұрғанын
олардың жасалуы мен қолданысынан айқын байқауға болады.
Қазіргі қазақ тілінде қысқарған
атаулар жүздеп, мыңдап санала-
ды. Олар ғылым тілінде де, баспасөз тілінде де, ісқағаз тілі мен
көркем əдебиет тілінде де, яғни бүгінгі таңда функционалдық
стильдердің барлығында кеңінен қолданылады. Ендеше, осы


Page 16

- 30 - - 31 -
алып, сол тілдің шылауынан шыға алмай қалатындығымызды
байқатады. Əйтпесе, орыс тіліндегі əріптік қысқартуларды дəл
сондай етіп алып жататындығымызды немен түсіндіруге бола-
ды? Орыс тіліндегі немесе шет тілдерінің қысқарған атауларын
дəл сол тілдегідей айнытпай аударып қабылдау керек деген
ережеміз болған емес. Ондай атауларды буындық немесе ара-
лас қысқарту жолымен өз тілімізге бейімдеп
, жатық дыбыстала-
тындай етіп қысқартып алу жолға қойылмай келеді.
Қазақ тілі мемлекеттік мəртебеге ие болған соңғы жиыр-
ма жылдың көлемінде тілдің түрлі мəселелері үнемі сөз бо-
лып келеді. Талғамсыздық пен кəсіби шеберліктің жетіспеуі
салдарынан туындаған термин сөздер, тұрақты тіркестердің,
жекелеген сөздердің дұрыс қолданылмауы, орашолақ аудар-
малар мен дұрыс құрылмаған сөйлемдер
төңірегінде тіл ма-
мандары тарапынан түрлі деңгейдегі конференциялар мен се-
минарларда, бұқаралық ақпарат құралдарында аз сөз болып
жүрген жоқ. Ал осы аталған мерзім ішінде көптеп жасалып,
БАҚ-тарда, іс қағаздары мен түрлі əдебиеттерде қолданыла
бастаған қысқарған сөздер туралы көп сөз қозғала бермейді
екен. “Қысқарған сөздер де сөз болып па?” – деп қарайтын
ма-
мандар да табылады. Дұрысы, қысқарған сөздер де назардан
тыс қалмай, олардың жасалуы мен қолданысы қадағаланып,
мамандардың сарабынан өтіп отыруға тиіс. Тіл мəселесінде
ұсақ-түйек дегеннің болмайтындығы белгілі. Тіл маманда-
ры тарапынан арнайы қарастырылып 1996 жылы Н.Алдашев
“Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарған сөздер” деген тақырыпта
кандидаттық диссертация қорғағанымен, ондай зерттеулер
нəтижелерін
қысқартып сөз жасаушылардың басым көпшілігі
іс барысында пайдалана бермейтіндігі байқалады.
Жалпы қысқарған сөздердің жасалуы мен қолданысында
едəуір кемшіліктер орын алып отыр.
дары да анық аңғарылып отыр. Баспасөз беттерінде, ғылыми,
танымдық, оқулық əдебиеттер мен салалық сөздіктерде
кездесетін қысқарған атаулардың жасалуында, қолданысында
көптеген кемшіліктер орын алып жүр. Ондай олқылықтарды
уақтылы анықтап, түзетіп,
қысқарған атаулардың қолданысын
қадағалап отырмаса, ретсіздіктің белең алары белгілі.
Осыдан бірнеше жыл бұрын “Хабар” арнасының “Тіл” деп
аталатын бағдарламасында қысқарған сөздер жайы сөз болды.
Сонда бір студент өзінің оқитын оқу орнын тек КИМЭП деп
атайтынын, ҚМЭБИ деген атауды ешқашан қолданбайтынын
айтып еді, оның бұл ісін құптамайтындар, сөккендер аз болған
жоқ. Студенттің
өз тілін құрметтемейтіндігі, отаншылдық
сезімінің төмендігі сынға алынды. Шындығында тек КИМЭП
қана емес Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындарының
студенттері өз оқу орындарының қысқартылған қазақша ата-
уларын қолданбайтындығына күмəн болмаса керек. Мұның
себебін тек орыс тілінің үстемдігінен немесе шəкірттердің қазақ
тіліне деген жанашырлығының жетіспейтіндігінен іздегеніміз
дұрыс дей алмаймыз. Мəселенің бір ұшы
осы қысқартылған
атаулардың “тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетіндей” ұтымды жа-
сала бермейтіндігімен тікелей байланысты деп білеміз. ҚМЭБИ
ғана емес ҚазБСҚА (КазГАСА), ҚазМҚХƏТУ (КазГУМО-
иМЯ), МББҚБА жəне ҚДИ (Мемлекеттік жəне білім беру
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау
инстиуты) сияқты бірқатар іргелі оқу орындарының қазақша
атауларын қанша ұлтжанды, қанша
жерден тілдің жанашыры
болсаң да, айтуға құштар бола қоюың қиын-ақ. Бұл секілді
мысалдарды əлі де көптеп келтіре беруге болады. Осының
өзі сөздерді қысқартып алу кезінде бас қатырып, көп ойла-
нып жатпайтындығымызды əрі өз тіліміздің заңдылықтарына
сəйкестендіріп қысқартпай, орыс тіліндегі нұсқасын үлгі етіп


Page 17

- 32 - - 33 -
жұртты шатастырады əрі басқа-басқа ұғымдардың атаулары
бірдей қысқартылғандықтан, бұл нұсқалардың бірінің тілде
орнығуына екіншісі кедергі келтіреді. Мəселен, Еуропалық
Кеңесті – қазіргі қалпында ЕК деп əріптік қысқарту үлгісімен,
ал Еуропалық комиссияны – ЕуКом түрінде буындық қысқарту
жолымен алуға да болар еді. Жалпы, түрлі атаулардың бірдей
қысқартылып алынып қолданыста жүруінің өзі мұндай атаулар-
ды
жинақтап, оларды сұрыптап, ретке келтіру жұмыстарының
тиісті дəрежеде қолға алынбай отырғанын көрсетеді. Бізде
тіл білімі саласындағы көптеген мəселелерде, соның ішінде,
сөзжасам, аударма, сөз қысқарту ісінде де орыс тіліне бай-
ланып қалғандық, оған орынсыз жүгіну байқалып жатады.
Мұны орыс тілінің үстемдігі орнап тұрған кеңестік кезеңде
қалыптасқан дəстүрдің əбден орнығып, оның көп
жағдайда əлі
де бұзылмай отырғандығының бір көрінісі деуге болады. Əр
басқа ұғымдарды білдіретін бірнеше күрделі атауларды бірдей
қысқартудың салыстырмалы кестесі осы кітап соңында беріліп
отыр.
Сонымен, қысқарған сөздердің жарыса қолданылуының
бірнеше түрі кездеседі. Олардың негізілері ретінде мыналарды
көрсетуге болады:
1. Қазақша нұсқасы мен орысшасы жарыса жұмсалып
жүрген қысқарған атаулар. Мысалы, ТƏБ//БТА, ОББ //ЦРУ,
ЖЭО//ТЭЦ, СЭС//ГЭС, АҚТҚ //ВИЧ, ЖҚТБ//СПИД, ФБР//ҚІБ
жəне т.б.
2. Бірде орысша таңбалануы бойынша, кейде ағылшынша
қысқартылуына сəйкес өзгеріссіз қолданылып жүрген атау-
лар да əдəуір. АІВА//АИБА, FIFA//ФИФА, ASEAN// АСЕАН,
UNESCO// ЮНЕСКО, ISO// ИСО, NATO// НАТО жəне т.б.
3. Қысқарған атаулардың қолданысындағы кемшіліктің
бірі – олардың қазақша түрліше қысқартылып алынып, бірнеше
Сөз қысқарту кезінде де тілдегі дыбыстар тіркесімділігі, дау-
ысты-дауыссыз дыбыстардың бір-бірімен қатар тұру мүмкіндігі,
олардың тарихи қалыптасқан орны ескерілмейді. Əйтпесе
ҚӨТ(қаржы-өнеркəсіптік топтар), ОАӨАҮО (Орталық
Азиядағы өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы), БӨҚжА
(бақылау-өлшеу құралдары жəне автоматика),
ҚҚХҚИ (Қазақ
құқықтану жəне халықаралық қатынастар институты),
ӨОАƏ (өлшемдердің орын алмастыру əдісі) сияқты көптеген
сəтсіз қысқартылған атауларды оңды-солды қолданып жүрмеген
болар едік. Мысалға алынып отырған қысқарған сөздердің
кемшілігі – əріптік қысқарту барысында қазақ тіліндегі дыбы-
стар тіркесі сақталмаған. Дыбыстар үндестігі бұзылғандықтан
тіліңді қанша бұрасаң да айтуға келмейтін, құлаққа түрпідей

тиетін, айтуға қолайсыз атаулар пайда болған. Қысқарған
сөздердің жасалуы туралы сөз болған екінші тармақта да бұл
мəселеге тоқталып, мысалдар берілді. Айтқанда, оқығанда
қиындық туғызатын мұндай атауларды тілде орнықтыруға
əрекеттенудің өзі зорлық. Қазір əр басылым, əр автор күрделі
атауларды өз қалауынша, орныға бастаған нұсқасына назар ау-
дармай қысқартуы жиілеп барады.
Əр
басқа ұғымдарды білдіретін бірнеше күрделі атаулардың
қысқартылған нұсқаларының бірдей болып шығуы,
қысқарған сөздерді жасау жұмысының үйлестірілмей, стихи-
ялы жүргізілуінің салдары. Бөлек-бөлек ұғымдарды бір ғана
қысқарған сөзбен берудің кең таралуына жол бермеген абзал.
Көпмағыналы қысқарымдардың негізсіз молаюын да орын
алып жүрген кемшіліктердің қатарына қосуға болады. Мысалы,
Халықаралық кəсіпкерлер ұйымын да, Халықаралық
көші-қон
жөніндегі ұйымды да ХКҰ деп бір-ақ қысқарған сөзбен беріп
жүрміз. Осы сияқты Еуропалық Кеңес те, Еуропалық комис-
сия да ЕК түрінде қолданылып келеді. Мұндай қысқартулар


Page 18

- 34 - - 35 -
се орыс тілінен енген қысқарған сөздерді аударудың əркімнің
қалауынша жүзеге асып, бұл істің жүйелі түрде жүргізілмей,
тиісті дəрежеде үйлестірілмей отырғандығын аңғартады.
Қысқарған сөздің толық нұсқасының жақша ішінде
берілмеуі. Баспасөз беттерінде жұртшылықтың көз-құлағы
үйреніп, жиі қолданылатындай дəрежеге жете қоймаған,
көпшілікке бейтаныс немесе жалпыхалықтық тілде өте си-
рек жұмсалатын қысқарған атауларды мақала
тақырыбы етіп
беру немесе мəтін ішінде толық нұсқасын көрсетпей қолдану
сияқты кемшіліктер де аз ұшыраспайды. Мұндайда газет-жур-
налды бос уақыты болғанда ғана оқитындар емес оны үзбей
қадағалап отыратын оқырманның өзі қысқарған сөздің толық
нұсқасының қалай болатынын тауып, оның мағынасын түсіну
үшін біршама ойланып, уақыт жоғалтуына тура келеді. Кейде
мəтін
мазмұнына қарай шамалай салуға мəжбүр болады. Осыдан
бірер жыл бұрын белгілі азамат беделді басылымдарымыздың
бірін оқып отырып, мақала тақырыбында кездесетін ТƏБ де-
ген қысқартылған атаудың “ТұранƏлемБанк” екенін мəтінді
оқып барып əрең түсінгенін, қысқартылған атаулардың мақала
тақырыбы ретінде берілмеу керектігін айналасындағыларға
айтып отырды. Өзіміз де бір автордың мақала соңында жұмыс
орнын МӨҚҚ
ББ түрінде көрсеткен қысқартуының бастапқы
төрт əрпін мəтін көмегімен таратып (Мемлекеттік өртке қарсы
қызмет) түсінгенімізбен соңғы екі əрпін дəл ажырата алмадық.
Шамасы “Бас басқарма” болар деп топшыладық. «Осыған орай
жұмыс істеп тұрған МКҰ көрсетілген үш жылдық кезең ішінде
МҚҰ болып қайта тіркелуі жəне есептік тіркеуден өтуі тиіс.
МҚҰ болып қайта
тіркелмеген, жұмыс істеп тұрған МКҰ өзге
ұйымдық-құқықтық нысанда қайта құрылуы не таратылуы тиіс
(«Егемен Қазақстан», 25 сəуір 2012 жыл) деген сөйлемедердегі
МКҰ қысқарымының да мағынасын көп адам біле бермейді.
нұсқада жарыса жұмсалуы. Азиядағы өзара ықпалдастық жəне
сенім шаралары жөніндегі кеңесі атауының қысқарған нұсқасы
орыс тілінде СВМДА түрінде бір ғана нұсқада қолданылып

жүрсе, бізде бұл қысқарым – АӨСШК, АӨЫСШ, АӨСІШК
болып үш түрлі нұсқада жарысып жұмсалып жүр. Осы қатарға
ТКШ// ТҮКШ (тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы), Қаз
АТУ//ҚАТУ (Қазақ агротехникалық университеті), ЕҚЫҰ //
ЕҚЫК (Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақ келісімі), БСҰ//
ДСҰ (Бүкілəлемдік сауда ұйымы, Дүниежүзілік сауда ұйымы),
ЭСК//ЭСЖК (Экономикалық
саясат жөніндегі кеңес),
БДҰ//ДДҰ (Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы,
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы), ІЖӨ//ЖІӨ (ішкі
жалпы өнім, жалпы ішкі өнім) сияқты жарыса қолданылып
жүрген атауларды да қосуға болады.
4. Түрлі мағынаны білдіретін күрделі атаулардың бірдей
қысқартылып алынуы да оқырманды жаңылыстыруы, оның
дəл ақпарат алуына кедергі келтіреді. Мысалы, қазір мына
төмендегі секілді көптеген əр басқа күрделі атаулардың бірдей
қысқартылып алынып жүргенін кездестіруге болады: 1. ҚХА
– қалалардың халықаралық ассамблеясы; 2. ҚХА – Қазақстан
халқы ассамблеясы. 1. СЭС – су электр стансасы, 2. СЭС –
санитарлық эпидемиологиялық
станса.
Əрине, өзге тілдерден де мұндай бірдей қысқартылған əр
түрлі ұғым атауларын кездестіруге болады. Орыс тілінде де
олар аз емес. Бірақ мүмкіндігінше мұндай бірдей қысқартылған
атаулар санының артуына жол бермеген абзал.
Осы көрсетілген жолдардың бірі бойынша жасалған немесе
шет тілдерінен қабылданып, жарыспа нұсқалардың кейбіреулері
жиі, екіншілері сирек қолданылып, көпшілік қауым мен

тиісті саланың мамандары біркелкі ұғынатын нұсқасы тілде
тұрақтай алмай келеді. Қазіргі мерзімді басылым беттерінде
кездесетін осындай деректер күрделі сөздерді қысқарту неме-


Page 19

- 36 - - 37 -
Цзянг болып қайтты. («Алматы ақшамы», 9 мамыр 2009 жыл.
№54-55), КМЖЗҰИ-дің бағалауынша, мұндай көрсоқыр шара-
лар шағын бизнес нысандарының қатарын кем дегенде 20-25
пайызға кемітіп, көптеген жұмыс орындарының қысқаруына
алып келуі мүмкін. («Ана тілі», наурыздың 5-і, 2009 жыл. № 9),
ҚызПУ-ге бəсеке оқу орны ашылмақ. («Айқын», 6 қараша 2008
жыл. № 209),
Осы байқауда ҚазМҚПУ
-дің № 2 жатақханасындағы
10-ші бөлме «Ең үздік бөлме» атағын жеңіп алды. «Еге-
мен Қазақстан», 29 қыркүйек 2009 жыл. № 315-318 (25715).
Осы сөйлемдердегі барыс септігінің жалғаулары ҚазҰАУ-
да, КМЖЗҰИ-дың, ҚызПУ-ға түрінде жуан жалғану керек
еді. Қысқарған сөздерге қосымшаны қалауымызша жалғауға
жол беріп алып жатсақ, онымыз жазу мəдениетімізге асқан
ықтияттылықпен қарап отырмыз
дегенді білдірмесе керек.
«Астана ақшамы» газетінің 2010 жылғы 10 қарашадағы са-
нында «ХШТС – үздіктердің қатарында» деген тақырыппен
шағын мақала жарияланды. Осындағы ХШТС-тің толық атауы
– Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешені. Осындағы
«кешен» сөзі қысқарған сөз құрамынан көрініс таппаған. Орыс
тіліндегі газеттерде де мұндай қысқарту үлгілері кездесіп
қалады. Мысалы, ГЦБ – Государственная эмиссионная
ценная
бумага. Ведомство определяет объемы, сроки и условия каждо-
го выпуска ГЦБ. («Казахстанская правда», 30 января 2013 года).
Қысқартуда «эмиссионная» сөзі көрініс таппаған.
Қысқарту барысында күрделі сөздің құрамындағы толық
мағыналы бір сөзді тастап кету əдетте оның мағынысының дұрыс
ұғынылмауына апарып соғады. Күрделі сөз құрамындағы дер-
бес лексикалық мағынаны білдіріп тұрған сөздер мен
көмекші
сөздерді, оның қысқарған нұсқасының құрамына енгізбеудің
мəні бірдей емес. Сондықтан қысқарту тəжірибесінде «жəне»
жалғаулығы мен «бойынша» септеулік шылауларын бірде
Мұндай мағынасын ашу қиындық туғызатын қысқарған атау-
ларды мерзімді басылымдардың көпшілігінен кездестіруге бо-
лады. Сондықтан сирек қолданылатын немесе жаңадан жаса-
лып көпшілікке үйреншікті бола қоймаған қысқарған сөздерді
алғаш қолданғанда олардың толық нұсқасын сол мəтінде жақша
ішінде беріп, одан əрі қысқартылған нұсқасын пайдалану орын-
ды. Бұрынырақта сөз алғаш қысқартылып қолданылғанда оның
толық
түрі жақша ішінде беріліп, біраз уақыт өтіп, көпшілікке
əбден таныс болғанша қатар жазылатын дағды болушы еді,
қазір көп жағдайда оны естен шығарып алып жатамыз. Мұның
газет оқырмандарының елеулі бөлігіне қосымша қиындық,
түсініксіздік туғызатын фактор екенін де ұмытпаған абзал.
Қысқарған сөздердің көпшілікке таныс емес, кең тарай
қоймаған орыс тіліндегі нұсқаларын өзгеріссіз
қазақ тілді ба-
сылымда қолдану да құптарлық іс емес. «СНиП-ның аясына
сыйып тұр аялдама» («Астана ақшамы», 19 қаңтар 2012 жыл.
№7) деген мақала тақырыбын солардың қатарына қосуға бо-
лады. СНиП дегеніміз – орыс тіліндегі «Строительные нормы
и правилы» дегеннің қысқарған түрі, қазақшасы – «Құрылыс
нормалары мен ережелері». Құрылыс мамандары болмаса, бұл
қысқарымды екінің
бірі біле бермейді. Оған қоса қосымша да
дұрыс жалғанбаған.
Қысқарған сөздерге қосымшалардың дұрыс жалғанбауы.
Қысқарған сөздерге қосымша жалғау тəртібі де сақтала бермейді.
“Əріптерден қысқарған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары
соңғы əріптің немесе соңғы цифрдың айтылу əуеніне қарай, ал
олардың ішінде дауысты дыбыс болса, сол дыбыстың айтылу
əуеніне қарай жуан не жіңішке
жалғанады да, дефис арқылы
жазылады” деген ереженің ескеріле бермейтінін өте жиі
ұшыратып жатамыз. Қысқарған сөздерге қосымша жалғаудағы
қателіктер азаяр емес. Мысалы, ҚазҰАУ-де ректор Лоо Цжи


Page 20

- 38 - - 39 -
6. Қысқарған атаулардың қолданысын реттеу
жұмыстары
Көп құрамды күрделі атауларды қысқарту мен оларды
қолдану кезінде орын алып жататын кемшіліктерге жол бер-
меу үшін бірқатар жұмыстар үздіксіз атқарылып отыруы тиіс.
Олардың қатарына мыналарды қосуға болады:
1. Арнаулы салалардағы жəне жалпы қолданыста жүрген жəне
жаңадан туындап жатқан қысқартылған атауларды жинақтап,
тіркеп, оларды үнемі лингвистикалық сараптан өткізіп отыру
қажет.
2.
Ұтымды жасалған қысқарған атауларды сұрыптап, елек-
тен өткізіп алғаннан кейін оларды ресми мақұлдап, жұртшылық
бірізді қолдануы үшін қысқарған сөздердің ресми ұсынылған
жеке сөздігі түрінде шығарып, оларды орфографиялық сөздіктің
əр басылымына қосымша ретінде енгізіп, толықтырып беріп
отырған жөн. Тілдік жəне тілден тыс факторларға сəйкес
ескіріп, қолданыстан шығып қалған сөздерді ондай сөздіктердің
келесі
басылымдарына енгізбеу арқылы да реттілікке қол
жеткізу мүмкіндігі бар. Мысалы, АзияКеңес, АҚШ, АХАТ, БАҚ,
БЭК, ЕурАзЭҚ, Еуроодақ, ЖАҚ, кеңшар, КОКП, ҚазМұнайГаз,
ҚазАқпарат, ҚазБат, ҚазҒарыш, ҚазМырыш, ҚазТАГ,
ҚазТрансГаз, ҚазҰУ, ҚазҰПУ, ҚазҰТУ, ҚР, МАИ, Мемтермин-
ком, МӨЗ, Сырбар, ТарМУ, ТМД, ҰБТ, ҰҒА, ҰТ тəрізді көптеген
атауларды ресми бекітіп, аталған сөздіктерге енгізуге əбден
бо-
лады деп білеміз. Себебі бұл атаулар біршама ұтымды жасалған
əрі қазір жаппай бірізді қолданылатын дəрежеге жетті. Осы
көрсетілген атаулардың арасында əріптік, буындық жəне ара-
лас қысқартудың күрделі атаулардың қысқартылып алынған
нұсқасын жасау кезінде үлгі ретінде пайдалануға болатын
барлық түрлері бар. Сондай-ақ жасалуы, айтуға қолайлылығы
қысқарым құрамына енгізіп, бірде қалдырып кету де көрініс
беріп жатады. Мəселен, ҚР ҚР БҒМ//БжҒМ, ҚР ЭБЖМ//ҚР
ЭжБЖМ, ҚазХҚƏТУ //ҚазХҚжƏТУ т.б.
Бұл нұсқалардың көбінесе біріншісі, яғни жалғаулық шыла-
усыз нұсқасы қолданылып жатады. Жалпы мұндай құрамында
жалғаулық демеулік, септеулік шылаулар болатын күрделі
атауларды қысқартудың да тиісті ережесін мақұлдап, оны
басшылыққа алып отырғанымыз абзал.
Кейде қысқартылған атаулардың толық түрі дұрыс тара-
тылып берілмей жататын жағдайлар да ұшырасады. Мысалы,
«Үш күнде 61 техникалық жөндеу орны тексерілді. (мақала
тақырыбы). Əлбетте, бақыланар нысандардың топ басында
шаһардағы техникалық қызмет көрсету органдары (ТЖО) тұр».
(«Алматы ақшамы», 4 наурыз 2010 жыл. № 27). Қатар тұрған
екі сөйлемде бір күделі
атау екі түрлі берліп, соңғысында оның
қысқартылған атауы толық нұсқасымен сəйкеспей тұр.
«М.Паханов ОКС сайлауға дайындық кезінде жəне оны
өткізуде жариялылық қағидаттарын сақтауға үлкен маңыз
беретінін айтты» («Егемен Қазақстан», 6 қазан 2010 жыл.
№ 410-413) деген сөйлемде ОСК (Орталық сайлау комиссия-
сы) түрінде қысқартылып қолданып жүрген атау ОКС түрінде
қате қолданылған. «
Айқын» [24 ақпан 2010 жыл. № 32 (1456)
газетінен алынған “Мемлекет басшылары арасындағы өзара
сенім бізді БҰҰ жəне ШҰҚ ұйымдары аясында да мүдделес
болуға жетелейді” деген сөйлемдегі “ШҰҚ” қысқарымы
түсініксіз. Оқырман “ШЫҰ [Шанхай ынтымақтастық ұйымы]
немесе ЭЫҰ (Экономикалық ынтымақтастық ұйымы) болар”
деп, шамалауы мүмкін.
Сөзқолданыс мəселесінде мұндай «ұсақ-түйек»
кемшіліктерге де орын берілмеуге тиіс.


Page 21

- 40 - - 41 -
Қазіргі қазақ баспасөзіндегі қолданылып жүрген
қысқарған атаулар (2008-2012 жылдар)
А
А
–20 – «Азия жиырмалығы». Елбасымыз «А–20» деген атпен
«Азия жиырмалығын» құруды ұсынды. «Егемен Қазақстан», 21
сəуір 2009 жыл. № 141-142 (25539); А–20 əлем тізгінін Азияға
ауыстыратын күшке айнала алады. «Айқын», 21сəуір 2009 жыл.
№ 69 (1250).
ААҚ (ААО) – ашық акционерлік қоғам. Тараптар энергети-
ка саласындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ пен «Газпром нефть»
ААҚ арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі
бірқатар
мəселені талқылады. «Егемен Қазақстан», 5 қыркүйек 2008
жыл. № 273-274 (25244); Электр қуаттарын үнемдеу мəселесі
«Томский электроламповый завод» ААҚ-та кеңінен сөз болды.
«Егемен Қазақстан», 26 қараша 2010 жыл. № 502-503 (26346).
АƏА (САР) – арнайы əкімшілік аудан. Осы күні Қазақстан
Премьер-Министрі Кəрім Мəсімов Сянган АƏА ақша-кредит
əкімшілігінің (орталық банк) орынбасары Йю Кван Чоймен

кездесті. «Егемен Қазақстан», 24 қараша 2009 жыл. № 386-388
(25785).
АƏДИ – адам əлеуетінің даму индексі. Қазақстан 169
мемлекеттегі денсаулықтың, білім мен кірісінің жиынтық
ұлттық көрсеткіші болып табылатын адам əлеуетінің даму
индексінде (АƏДИ) 2010 жылы 66-орын алды. «Алматы
ақшамы», 6 қараша 2010 жыл. №136 (4381).
АƏК [РВК] – аудандық əскери комиссариат. «Бəзгенұлы
Байзақ (дұрысы – Бəзікенұлы – Қ.Ə.) 1894 жылы туған,
қазақ
, Торғай АƏК-нан шақырылған, сержант, 215-атқыштар
дивизиясының 711-атқыштар полкінде қызмет атқарған. «Еге-
мен Қазақстан», 7 қараша 2009 жыл. № 368 (25765).
жағынан аса ұтымды болмаса да тілімізде бұрыннан қолданып
келе жатқан БҰҰ, ЖОО, ҚХР сияқты көптің көзі əбден үйренген
атауларды да осы қатарға қосқан орынды деп білеміз.
3. Сəтсіз жасалған, тілдік нормалараға сəйкес келмейтін
қысқарған
сөздерді анықтап, оларды қолданбау жөнінде
ұсыныстар енгізіп, олардың тізімін баспасөзде жəне арнау-
лы басылымдар мен сайттарда жариялау. Мысалы, АӨҚО,
АМҰ, АМЛ, БЖƏ, ББЖК БАРИ, БӨҚжА, ЕҚҚЖДБ, ЖҚКҚ,
КМЖЗҰИ, ҚӨТ, МЖƏ, ТҮҚЖБ, ӨСЕҚ сияқты қысқарған атау-
ларды сол тізімге қосуға болады.
4. Қазір қандай көп таралыммен шығарғанмен де сөздіктер
жұрттың
бəріне бірдей жете бермеуі мүмкін. Қысқарған
сөздердің электрондық сөздігін немесе қазақ тіліндегі кез кел-
ген қысқарған сөздің толық нұсқасын көрсетіп бере алатын
компьютерлік бағдарлама жасаудың пайдалы болары сөзсіз.
5. Тілші ғалымдар салалық мамандарға арналған күрделі
атаулардың қысқартылған нұсқасын жасаудың жолдарын
көрсететін əдістемелік құрал жасағандары жөн. Көптеген ар-
наулы салаларда кездесетін қысқартылған
атаулардың сауатты
жасалмауы осындай құралдардың сөзсіз қажеттілігін көрсетіп
отыр.
6. Қысқарған сөздерді шет тілдерінен қабылдауға, оларды
аудару-аудармауға байланысты ережерімізді жасап, қолданысқа
енгізумен қатар кеңестік кезеңде жасалған кейбір ережелерді
қайта қарау қажеттігі туындап отыр. Мысалы, «Халықаралық
стандарт сипатындағы аббревиатуралар «қазақшаланбайды»
– деген ережеміз қазір үнемі сақтала бермейді. Бұрын
«аударуға болмайды» деп
келген қысқарған атауларымыздың
бірқатарының қазақша нұсқалары қолданылып жүр.
Осы сияқты жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп отырса,
қысқарған сөздеріміз дұрыс жасалып, олардың тіліміздегі
қолданысы да қалыпқа түсуіне негіз қаланады.


Page 22

- 42 - - 43 -
мен АЕЛ бас хатшысы енген. «Айқын», 30 наурыз 2010 жыл.
№ 52 (1476).
АЗИЯКЕҢЕС – Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім
шаралары кеңесі (АӨШСК – СВМДА). АзияКеңес жəне қазіргі
əлем. «Егемен Қазақстан», 19 тамыз 2008 жыл. № 254-255
(25226).
АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы. АИТВ инфек-
сиясын жұқтырғандарға жəне ЖИТС-пен ауыратын науқастарға
медициналық-əлеуметтік көмек көрсету. «Егемен Қазақстан»,
29 қыркүйек 2009 жыл. № 315-318 (25715).
АКТУ (СПТУ) – Ауылдық кəсіптік-техникалық училище. Бұл
сол кездегі Үкіметтің «қасабына» түсіп кеткен АКТУ (СПТУ)
мен ҚКТУ-лардың (ГПТУ) кепиетінің ұрып жатқаны шығар.
«Егемен Қазақстан», 30 мамыр 2009 жыл. № 190-191 (25588).
АҚ (
АО) – акционерлік қоғам. Тараптар энергетика
саласындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ пен «Газпром нефть»
ААҚ арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірқатар
мəселені талқылады. «Егемен Қазақстан», 5 қыркүйек 2008
жыл. № 273-274 (25244).
АҚДИБ – Адам жəне демократиялық институттар бю-
росы. Кездесу барысында тараптар 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға
Қазақстан төрағалығы тұсында АҚДИБ-пен салиқалы жəне
тиімді ынтымақтастық орнағандығын атап өтті
. «Айқын», 2 на-
урыз 2011 жыл. № 39(1706).
АҚК – Адам құқықтары жөніндегі кеңес. Жақында БҰҰ
Бас Ассамблеясы АҚК-ге жаңа 18 мүше қабылданды. «Егемен
Қазақстан», 14 қараша 2012 жыл. № 746-751 (27823).
АҚТҚ (ВИЧ) – адамның қорғаныс тапшылығының
қоздырғышы (вирус иммунодефицита человека). АҚТҚ
жəне ЖҚТБ-дан қалай сақтану керек. ЖҚТБ & AIDS ЖОО
студенттеріне арналған бүктеме. (Буклеттен). Он айда 349
адам
АБЖ (АСУ) – автоматтандырылған басқару жүйесі. АБЖ
арқылы ұрыс кезінде бригада қолбасшысы батальон командирін
көзімен көріп, операцияны басқарып отыруға мүмкіндігі бар.
«Айқын», 27 наурыз 2009 жыл. № 52 (1233).
АБҰҒО (ННЦМР) – Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы.
«Егемен Қазақстан», 16 шілде 2008 жыл. № 215 (25186).
АВР – алтын-валюта резерві. АВР-нің өсуі жыл басында
4,6 млрд долларды құрады. Осылайша, елдің АВР-і дағдарысқа
дейінгі деңгейге дейін қалпына келтіріліп қана қойған жоқ,
60 млрд доллар белгісіне жуықтап, одан асып түскені туралы
айтуға болады. «Айқын», 29 желтоқсан 2010 жыл. № 241 (1665).
АДБ – Азия Даму банкі. Ол сондай-ақ ХВҚ, ЕҚДБ, АДБ,
Орталық Азия одағы, АӨСШК сияқты барлық өңірлік жəне
халықаралық ұйымдарға
жүйелі түрде қосылу саясатын
жүргізді. «Егемен Қазақстан», 30 қазан 2010 жыл. № 450-451
(26294).
АДР (АДР) – Ауғанстан Демократиялық Республикасы.
АДР-дың Қарулы күштерінің дамуына жəрдем берілді. «Егемен
Қазақстан», 25 ақпан 2009 жыл. № 74-77 (25474).
АЕК (МРП) – айлық есептік көрсеткіш. Қауіпсіздігін
тағынбаған жүргізушілерге 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК)
мөлшерінде салынады. «Нұр Астана». 17 шілде 2008 жыл. №
29 (242); Ол ай сайын пайдаланған ғимараттың шаршы метріне
1,5 АЕК көлеміндегі төлем. «Айқын», 27 қаңтар 2009 жыл.
№ 11 (1192); 1993 жылғы Ережеге сай еңбекке жарамсыздық
төлемінің көлемі АЕК емес, жалақы мөлшері өзгерген жағдайда
қайта есептелуші еді. «Айқын», 5 ақпан 2010 жыл. № 19(1443);
...ал құрылтайшы болған жеке кəсіпкерге 50 АЕК көлемінде
айыппұл салады. «Айқын», 13 мамыр 2011 жыл. № 84 (1751).
АЕЛ (ЛАГ
) – Араб елдері лигасы. Комиссия құрамына Ли-
вия, Мысыр, Катар, Ирак жəне Йеменелдерінің жетекшілері


Page 23

- 44 - - 45 -
екі жарым мың жұмысшыны ауыстыруды жоспарлап отыр.
«Айқын», 21 қаңтар 2009 жыл. № 7 (1188).
АМҰ (ОАГ) – Америка мемлекеттерінің ұйымы. АМҰ бас
хатшысы ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің мəжілісінде Ұйымның та-
рихында тұңғыш рет сөз сөйледі. Америка Құрама Штаттары
мен Канада ЕҚЫҰ мен қатар, АМҰ-ға да мүше мемлекеттер
болып табылады. «Егемен Қазақстан», 29 қазан 2010 жыл.

447-449 (26292).
АНТ (ИПГ) – ақпаратық насихат тобы. Жиында басты
мақсат бойынша, Елбасының биылғы Қазақстан халқына Жол-
дауын талқылау, ақпараттық насихат тобының АНТ құрамын
бекіту жəне басқа да бірқатар мəселелер қаралды. «Айқын», 5
ақпан 2010 жыл. № 19 (1443).
АОМКДИ (АОИРПС) – Алматы облыстық мамандар
кəсібін дамыту институты. Конференцияны ашқан АОМКДИ
директоры Күлімхан Жəйшібекова: «Бүгінгі
оқушы – ертеңгі ел
азаматы, өз Отанының патриоты», – деді. «Егемен Қазақстан»,
22 шілде 2008 жыл. № 220-221 (25192).
АОК (АОС) – Азия олимпиялық кеңесі (Азиатский олимпиский
совет). Ал АОК Қазақстанда өтетін жарыстарды үнемі бақылап
тұратын болады. «Егемен Қазақстан», 3 қараша 2010 жыл. №
456 (26299); АОК талабы бойынша қонақүйлердің мəртебесі
үш жұлдыздан кем болмауы керек. «Егемен Қазақстан», 29
желтоқсан 2010 жыл
. № 552-555 (26398); Досмұхамедов АОК
вице-президенттігіне сайланды. «Алаш айнасы», 21 шілде 2011
жыл. № 126 (578).
АӨК//АөК (АПК) – Аграрлық өнеркəсіп кешені. Алдағы тамыз
айында Шортандыда, қыркүйек айында Алматының іргесіндегі
Көлді ауылында АӨК мамандарының білім жетілдіру орталығы
ашылады. «Айқын», 22 шілде 2008 жыл. № 134 (1071); Сондай-
ақ ағымдағы жылы аграрлық кадрларды қайта даярлау про-
АҚТҚ жұқтырған. «
Алматы ақшамы», 14 қараша 2009 жыл. №
133(4224); Алматыда АҚТҚ асқынып тұр. «Айқын», 28 шілде
2010 жыл. № 135 (1559); Тек уақыт өте келе АҚТҚ жұқтырған
адам жиі ауыратын болады. «Астана ақшамы», 23 тамыз
2011 жыл. № 95 (2705); Дəрігерлер тұңғыш рет АҚТҚ-дан
айықтырды. «Алаш айнасы», 5 наурыз 2013 жыл. № 36 (947).
АҚШ (США) – Америка құрама штаттары. Олар негізінен
АҚШ пен
Оңтүстік Кореядан келгендер. «Егемен Қазақстан»,
15 шілде 2008 жыл. № 213-214 (25185). АҚШ-тың атышу-
лы шырмауығы адамзатқа апат əкеледі. «Қазақстан-Zaman»,
24 шілде 2008 жыл. № 30 (697); АҚШ-та ақша «жасаған».
«Жас Қазақ», 15 қазан 2010 жыл. № 40 (300); Қазақ елінің
көшбасшылығын АҚШ мойындайды. «Айқын», 15 қазан 2010
жыл. № 191 (1615).
АЛТК (КСДЛ) – Аға лауазымды тұлғалар комитеті.
Жақында ішкі мемлекеттік
процедуралардың нəтижесі бойын-
ша Анкара Қазақстанның ұсынысымен келісетіндігін мəлімдесе,
АЛТК-тың осы отырысында ол ресми түрде жария етілді. «Еге-
мен Қазақстан», 24 ақпан 2009 жыл. № 72-73 (25470); АЛТК
отырысы нəтижесінде энергетикалық қауіпсіздік саласындағы
ынтымақтастық жөніндегі тұжырымдама мен іс-əрекеттер жо-
спары бекітілді. «Егемен Қазақстан», 26 қаңтар 2010 жыл. №
24-25 (25871).
АМЛ – Араб мемлекеттерінің лигасы. АМЛ жоспары
-
на сəйкес Сирия Президенті Башар Асад биліктен кетіп, елді
басқару тізгінін өзінің бірінші орынбасары – бірінші вице-
примьер Фарук əл-Шараға тапсыруы тиіс болатын. «Егемен
Қазақстан», 24 қаңтар 2012 жыл. №27-32 (2704).
АМТ (АМТ) – «Арселор Миттал Теміртау» АҚ. Дерек
көдерінің мəліметінше, жұмыс орнын сақтау үшін «АМТ»
комбинатының өндірістік цехтарынан жөндеу учаскелеріне


Page 24

- 46 - - 47 -
ұйымдарға жүйелі түрде қосылу саясатын жүргізді. «Егемен
Қазақстан», 30 қазан 2010 жыл. № 450-451 (26294).
АӨСШК АЛТК – Азиядағы өзара ықпалдастық жəне
сенім шаралары жөніндегі кеңестің Аға лауазымды тұлғалар
комитеті. Қатысушылар АӨСШК АЛТК алдында өткен ар-
найы жұмыс тобының отырыстарының тиісті ұсыныстарын
қарастырып, мақұлдады. «Егемен Қазақстан», 24 ақпан 2009
жыл. № 72-73 (25470).
АӨІСШК (СВМДА) – Азиядағы өзара іс
-қимыл жəне
сенім шаралары кеңесі. Иордания АӨІСШК-ке мүше болмақ.
«Айқын», 13 маусым 2008 жыл. № 108 (1045).
АПА – Азиялық Парламенттік Ассамблея. Қазақстан АПА
құрамына мүшелікке қабылданды. «Егемен Қазақстан», 11
желтоқсан 2009 жыл. № 413-415 (25812).
АрқМПИ – Арқалық мемлекеттік педагогикалық ин-
ституты (толық атауы – Ы.Алтынсарин атындағы
Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты. Ыбырай
Алтынсаринның 170 жылдық мерейтойын лайықты
атап өту –
АрқМПИ-дың төл міндеті екені сөзсіз. АрқМПИ студенті Тоба
Өтепбаев пен Құлжа қаласына келген жас ақын Жақсылық
Орынбасар айтысы жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленді.
«Егемен Қазақстан», 27 қаңтар 2012 жыл. № 39-40 (27112).
АСОА – Азиялық сайлау органдары ассоциациясы. Соны-
мен қатар отырыста АСОА-ның веб-сайтын ашу жəне АСОА-ға
мүше елдер арасындағы
ақпарат алмасуды күшейту жолдарын
іздестіру көзделуде. «Егемен Қазақстан», 31 шілде 2012 жыл.
№ 436-441(27515).
АСПХК (МКАПП) – Азиялық саяси партиялардың
халықаралық конференциясы. Онда тұрақты комитеттің отыры-
сы мен АСПХК Бас ассамблеясының сессиясын елордада өткізу
айтылған, – деген ресми өкілдің сөзінше, шетелдіктердің бұл
блемаларын шешу мақсатында «ҚазАгроИнновация» АҚ
ғылыми-зерттеу ұйымдарының базасында АөК-те білім
та-
рату орталықтарын ашты. «Айқын», 7 сəуір 2009 жыл. № 59
(1240); Қазақстанда АӨК саласындағы білімдерді жүйесін құру
жөніндегі жобаны жүзеге асырып келеді. БТО қызметінің негізгі
бағыты – АӨК-тің түрлі бағыттары бойынша қысқа мерзімді
білім беру семинарларын өткізу. «Егемен Қазақстан», 15 қазан
2010 жыл. № 424-426 (26269).
АӨҚО (АРФЦ) – Алматы өңірлік қаржы орталығы. Толық
атауы – ҚР
Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы
АӨҚО ҚРА (АРДРФЦ г.Алматы). «АӨҚО аймақтың қаржылық
жүйесінің қозғаушы күші мəртебесін иеленді». «Егемен
Қазақстан», 17 қыркүйек 2008 жыл. № 284 (25254); Бұл ұзақ
мерзімдік жоспарда АӨҚО əмбебап қаржы орталығына айна-
латынын білдіреді. «Айқын», 3 ақпан 2009 жыл. № 16 (1197);
АӨҚО-ны құру мемлекеттің қатысуы бар қазақстандық
компаниялардың капиталдандыруын ұлғайту жəне қызметінің
ашықтығын
қалыптастыру арқылы, олардың бəсекеге
қабілеттілігі жөніндегі мемлекет стратегиясының құрамдас
бөлігі болып табылатындығын айта кету қажет. «Егемен
Қазақстан», 26 қараша 2010 жыл. № 502-503 (26346).
АӨЫСШ (СВМДА) – Азиядағы өзара ықпалдастық жəне
сенім шаралары жөніндегі кеңес. Геосаяси мүдделестік
тұрғысынан қарағанда, Пəкістан – АӨЫСШ бастамасын бірден
қолдаған мемлекеттердің бірі. “Жас Алаш”, 6 желтоқсан 2003
жыл.
АӨСШК (СВМДА) – Азиядағы
өзара іс-қимыл жəне сенім
шаралары кеңесі. Түркия АӨСШК эстафетасын қабылдайды.
(мақала тақырыбы). «Егемен Қазақстан», 14 ақпан 2009 жыл.
№ 63-64 (25461); Ол сондай-ақ ХВҚ, ЕҚДБ, АДБ, Орталық
Азия одағы, АӨСШК сияқты барлық өңірлік жəне халықаралық


Page 25

- 48 - - 49 -
Қазақстан», 2 тамыз 2008 жыл. № 234-235 (25206).
АТУ (АТУ) – Алматы технологиялық университеті. «Жас
Алаш», 15 шілде 2008 жыл. № 56 (15306).
АТЭЫ – Азия-Тынық мұхит экономикалық
ынтымақтастығы. Ендігі кезек АТЭЫ-ның саммитіне тиеді.
АТЭЫ – бүгінгіден болашағы жақындау ұйым. «Егемен
Қазақтан», 19 қараша 2010 жыл. № 493-494 (26337).
АҰІК (ВКНМ) – Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғары ко-
миссар (АҰІЖК).
Ол Е.Шəймерденді Гаага қаласындағы ЕҚЫҰ
АҰІК штаб-пəтеріне келіп-қайтуға, сондай-ақ Нидерланды
Корольдігінің тіл саласындағы оң тəжірибесімен танысуға
шақырды. «Егемен Қазақстан», 29 мамыр 2009 жыл. № 188-189
(25586).
АФЗ (АФЗ) – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты. АФЗ-ның ал-
пыс бесі. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 65 жылдығы кең
көлемде атап өтілді. «Егемен Қазақстан», 23 шілде 2008 жыл.

222 (25193).
АХАЖ (ЗАГС) – Азаматтардың хал актілерін жазу. АХАЖ
саласы бойынша «Жеке тұлға» бағдарламасы аудандарда іске
асып жатыр. «Егемен Қазақстан», 5 тамыз 2008 жыл. № 23-237
(25208); Аудандық АХАЖ қызметіне халық дəн риза. «Егемен
Қазақстан», 4 ақпан 2009 жыл. № 45-48 (25445).
АХАТ (ЗАГС) – Азаматтардың хал актілерін тіркеу.
Бəйдібек аудандық АХАТ бөліміне барып анықтама қағазын
сұрасам,
баламды өлгендер қатарына қосып қойыпты. «Айқын»,
7 желтоқсан 2010 жыл. № 227 (1651).
АХШИ (АИНХ) – Алматы халық шаруашылығы институ-
ты (Қазіргі – ҚазЭУ). К.Дүйсенбаевтың ұйымдастырушылық
қабілеті АХШИ «Есеп-экономикалық» факультетінің деканы
болған жылдарында жарқырай көрінді. «Егемен Қазақстан», 25
ақпан 2009 жыл. № 74-77 (25474).
қолқасына – Қазақстанның аймақтық жəне ғаламдық деңгейде
күн санап артып келе жатқан
беделі негіз болған. «Айқын», 26
наурыз 2009 жыл. № 51 (1232); Кеше Сенат Төрағасы Қасым-
Жомарт Тоқаев Азия саяси партиялары халықаралық конферен-
циясы тұрақты комитетінің 10-отырысына қатысуға Астанаға
келген АСПХК Тұрақты комитетінің тең төрағалары Хосе де
Венесиа мен Чжонг Ы-Йонгты қабылдады. «Егемен Қазақстан»,
28 наурыз 2009 жыл. № 117-118 (25515).
АСШК (СВМДА) – Азиядағы өзара іс-қимыл
жəне сенім
шаралары жөніндегі кеңес. АСШК төрағалығы да Еуропа
құрлығында орналасқан мұсылман елі Түркияның тізгініне
өтпек. «Айқын», 19 қаңтар 2010 жыл. № 6 (1430).
АтМӨЗ (АНПЗ) – Атырау мұнай өңдеу зауыты. Ал жергілікті
экологтар АтМӨЗ-дің санитарлық аумақ шекарасын анықтауды,
сонымен бірге, қоршаған ортаның тазалығына ұдайы монито-
ринг жасайтын құрылғы орнатуды кешіктірмеу қажеттігін атап
көрсетті. «Егемен Қазақстан», 15 шілде 2008 жыл. № 213-214
(25185).
АТӨ (АТР) – Азия тынықмұхиты өңірі. Демократияның өз
қазақстандық моделін іздестіруде Қазақстан басшылығы ХХ
ғасырдың екінші жартысында АТӨ-нің бірқатар елдерінде та-
бысты іске асырылған «азиялық демократия» деп аталатын
демократияның өнегелеріне талай рет оралған болатын. «Еге-
мен Қазақстан», 11 қараша 2009 жыл. № 371-372 (25769).
«АТП»
АЭА («ИТП» СЭЗ) – «Ақпараттық технология-
лар паркі» арнайы экономикалық аймағы (Парк инноваци-
онных технологии ПИТ). Премьер-Министрге жұмыс жай-
ын баяндаған «АТП АЭА» дирекциясы бас басқармасының
инфрақұрылымды дамыту мəселелері жөніндегі директоры
Е.Құсайыновтың сөзінде бұл орайда əлі де шешімін күткен
бірталай өзекті мəселелер бар екендігі аңғарылды. «Егемен


Page 26

- 50 - - 51 -
АЭБУ(АУЭС) – Алматы энергетика жəне байланыс
университеті.
АЭЗ – арнайы экономикалық зона. «Заң жобасындағы ба-
сты ұсынылып отырған шаралар АЭЗ жұмысның тиімділігін
арттыруға бағытталған. Онда АЭЗ əкімшілігін АҚ ұйымдастыру-
құқықтық формасындағы басқарушы компаниялармен алма-
стыру көзделіп отыр. «Алаш айнасы», 11 қаңтар 2011 жыл. №
1 (453).
АЭС (АЭС) – Атом электр стансасы. Ұлттық
компанияның
қаржылық мүмкіндігі АЭС салуға жеткілікті. «Айқын», 23
шілде 2008 жыл. № 135 (1072); «Біздер, қазақтар сендер-
ге тəжірибелік АЭС салып, күмəнді істеріңді былықтыруға
жол бермейміз», – деді. «Жас Алаш», 7 қаңтар 2009 жыл. № 7
(15361); Алайда Қазақстанның АЭС салудан бас тартатын түрі
жоқ. «Жас Алаш», 26 сəуір 2011 жыл. № 32 (15594).
АФК (АФК) – Азия футбол конфедерациясы. Дегенмен АФК-
да ойнаған кезде аяқдоп шеберлеріміз жетістіктерге жеткенін
де айта кеткен жөн. «Айқын», 29 сəуір 2009 жыл. № 75(1256).
АІІБ – аудандық ішкі істер бөлімшесі. Алайда ауылдық ок-
ргуг əкімі С.Бəсібеков жетім қыздың қамқоршысы емес екеніне
қарамастан, өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып,
пəтерді Талғар АІІБ учаскелік инспекторына жалға беріп қояды.
«Айқын», 19 қаңтар 2010 жыл. № 6 (1430).
АІІБ КТІЖБ – аудандық ішкі істер бөлімшесі кəмілетке
толмағандар ісі жөніндегі басқарма. Байзақ АІІБ КТІЖБ
бастығы, полиция майоры Дидар Сағыновтың айтуынша, Байзақ
аудандық соты жайсыз отбасы ретінде полицияның жеке психи-
атор-нарколог дəрігердің есебінде тұрған Д.Нерадивыйларды
ата-аналық құқығынан айыру жөнінде шешім шығарды. «Еге-
мен Қазақстан», 27 тамыз 2010 жыл. № 348-350 (26193).
АШҚҚҚ –
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры.
Сөйтіп АШҚҚҚ осымен екінші жыл қатарынан «Егінжай»
бағдарламасының көздеген мақсаты мен талаптарына сəйкес
шағын фермерлік шаруашылықтарға көктемгі дала жұмыстарын
жүргізуге несиелер беріп келеді. «Егемен Қазақстан», 30
қыркүйек 2011 жыл. № 467-471 (26863).
АШМ (МСХ) – Ауыл шаруашылығы министрлігі. Осы секілді
бірқатар былықтардың бетін ашқан прокурорлар жергілікті
атқарушы органдарға,
АШМ аумақтық басқармаларына 23
ұсыным даярлап, сыбайлас жемқорлыққа жол берген лауазым-
ды тұлғаларды тəртіптік жауапкершілікке тарту мəселесін де
қарастыруды талап етті. «Айқын», 3 наурыз 2009 жыл. № 36
(1217); АШМ басшылығы əп дегеннен-ақ бар айыпты аймақ бас-
шыларына аудара салды. «Айқын», 3 қараша 2010 жыл. № 204
(1628); АШМ басшысы салада тамыр жайған бір алаяқтықты
əңгімелеп берді. «Айқын
», 26 қаңтар 2012 жыл. № 16 (1927).
АШТӨ – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер.
Көп ұзамай бұл дизельдік отын АШТӨ-ге жеткізіледі. ҚР
Ауылшаруашылығы министрі атап айтқандай, қазақстандық
АШТӨ-лерді алаңдататын үлкен мəселелердің бірі – дəстүрлі
астық сату нарықтарының шектеулілігі. «Ана тілі», 20-26 қазан
2011 жыл. № 42 (1090).
АЭА – арнайы экономиклық аймақ. АЭА-ларды дамыту –
елді дамыту. «Егемен
Қазақстан», 24 шілде 2009 жыл. № 245-
246 (25644); Жаңа АЭА «Үштік одақтың» шектеуін қытайлық
тауарлардың айналып өтуіне жол ашатынға ұқсайды. «Айқын»,
29 желтоқсан 2010 жыл. №241 (1665); Заңда инвестиция
салуға ұсынылатын жеңілдіктер пакетін кеңейту мен АЭА
қатысушыларына рұқсат берілетін шаралар санын қысқарту
қарастырылған. «Егемен Қазақстан», 4 қазан 2011 жыл. № 474-
478 (26870).


Page 27

- 52 - - 53 -
айтуынша, қазірдің өзінде 9 ғылым докторы, 13 ғылым кан-
дидаты, 2 магистр, жалпы саны 38 қызметкер жұмыс істеуге
кірісіп кеткен, заманауи құрылғы, жаңа техникалық құрал-
жабдықтармен жабдықталған ƏСЗО ғылыми зеттеулерді өз
күшімен, сонымен қатар қазақстандық, шетелдік танымал
ғалымдармен бірлесіп жүргізеді. «Айқын», 22 тамыз 2008 жыл.
№ 157 (1094).
ƏШҚҚ (ПВО) – əуе шабуылына қарсы қорғаныс (противо-
воздушная оборона).
Жаттығулар барысында құрамалар мен
бөлімдердің, ƏШҚҚ əскерлері бөлімшелерінің іс-қимылдарын
ұйымдастру мəселелері пысықталды. Жауынгерлік есептоптар
зенитті-зымыранды кешеннен əуе нысаналарын атса, ƏƏК-тің
ұшақтары ƏШҚҚ позицияларына əуе бомбаларын тастады.
«Алаш айнасы», 29 қыркүйек 2011 жыл. № 171 (623).
ƏЫК – əріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім.
...Болгария Республикасы мен Румынияның ƏЫК-ге қосылуы
туралы
хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобалары
қаралатын болады. «Егемен Қазақстан», 15 маусым 2010 жыл.
№ 233-234 (26080).
Б
БАƏ (ОАЭ) – Біріккен Араб Əмірліктері. БАƏ президенті
Қазақстанға ресми сапармен келді. «Айқын», 15 шілде 2008
жыл. № 129 (1066); Бұл БАƏ Президентінің билік тұтқасын
қолға алғалы бері елімізге жасаған алғашқы ресми сапа-
ры. «Ел», 22 шілде 2008 жыл. № 29 (157); БАƏ-де бір-ақ рет
ескертеді. «Алматы ақшамы», 11 тамыз 2011 жыл. № 93 (4495).
БАҚ (СМИ) – Бұқаралық ақпарат
құралдары. 2011 жылы
Қазақ елінде өтетін VII қысқы Азия ойындарына əлемнің 20-
дан астам елінен 800 спортшы, 1000-ға жуық БАҚ өкілдері,
150 құрметті қонақ келеді деп күтілуде. «Егемен Қазақстан»,
15 шілде 2008 жыл. № 213-214 (25185); БАҚ-тың «қолы» бай-
Ə
ƏƏК (ВВС) – əскери əуе күштері (военно-воздушые силы).
Жауынгерлік есептоптар зенитті-зымыранды кешеннен əуе ны-
саналарын атса, ƏƏК-тің ұшақтары ƏШҚҚ позицияларына əуе
бомбаларын тастады. «Алаш айнасы», 29 қыркүйек 2011 жыл.
№ 171 (623).
Əділет мині (МинЮст) – ҚР Əділет министрлігі.
Ведомстволарға қарасты мекемелердің органдар мен санақты
өткізу жөніндегі біріккен тəртібін əзірлеу жəне
қабылдауды
(КБМ, ҚМ, ІІМ, ТЖМ, ҰҚК, Əділет мині, СІМ, ДСМ, БҒМ,
Еңбек мині) жүзеге асыру; «Егемен Қазақстан», 25 ақпан 2009
жыл. № 74-77 (25474).
ƏЖК (СИК) – əлеуметтік жеке код. Бұл ретте орташа айлық
табыс əлеуметтік жеке код (ƏЖК) бойынша міндетті əлеуметтік
сақтандыру жүйесінің (МƏСЖ) қатысушысына Қорға түскен
əлеуметтік аударымдар сомасы негізінде анықталады
. «Ана
тілі», 5-11 қараша 2009 жыл. № 44 (985).
ƏКК (CПК) – əлеуметтік-кəсіпкерлік корпора-
ция. Президенттің бастамасымен құрылған əлеуметтік
кəсіпкерлік корпорациялар (ƏКК) 146 инвестициялық жоба-
ны қаржыландыруға мүдделілік танытты. «Нұр Астана», 28
тамыз 2008 жыл. № 35 (248); Əкімдік пен ƏКК меморандумға
қол қойды. «Айқын», 13 наурыз 2009 жыл. № 43(1224); Көксу
ауылшаруашылық коледжінің директоры Мəлік Қарасаев
«Жетісу» ƏКК-мен
бірлесіп, жақсы істі қолға алғанын жеткізді.
«Егемен Қазақстан», 5 ақпан 2010 жыл. № 40-42 (25888);
«Жетісу» ƏКК-ы «Алматы» болып өзгерді. «Алматы ақшамы»,
30 қазан 2010 жыл. № 133 (4378); ƏКК əлеуеті күшейе бермек.
«Егемен Қазақстан», 25 қаңтар 2013 жыл. № 49-53(27992).
ƏСЗО (ЦВСИ) – Əскери-стратегиялық зерттеулер
орталығы. Орталықтың вице-президенті Бейбіт Шахановтың


Page 28

- 54 - - 55 -
республикалық институт. Семинарды ББЖК БАРИ директо-
ры п.ғ.к., профессор Бахтияр Өрісбайұлы Сманов сөз сөйлеп,
семинардың бүгінгі маңыздылығына тоқталды. «Айқын», 19
наурыз 2010 жыл. № 48 (1472).
БДҰ (ВОЗ) – Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы.
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) мəліметі
бойынша, Қазақстан өкпе ауруынан батыс Еуропадан ондаған
есе артта қалған. «
Нұр Астана». 17 шілде 2008 жыл. № 29 (242).
Осыдан отыз жыл бұрын Қазақстанды əлемге танытқан БДҰ
мен БҰҰБҚ-ның ұйымдастыруымен болған атақты Алматы
конференциясын өткізуге дайындық барысы ауыл, аудан ауру-
ханаларын, фелдьшерлік-акушерлік пункттерді де қамтыды.
«Егемен Қазақстан», 4 қазан 2008 жыл. № 304-305 (25275).
БЖƏ – Бейбітшілік жолындағы əріптестік. БЖƏ
бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық туралы айтатын
болсақ
, ол азаматтық төтенше жоспарлауды, дағдарысқа
қарсы реттеуді, қарулы күштер мен қорғаныс құрылымдарын
демократиялық бақылауларды, қорғаныс саясаты мен стратеги-
ясын, əскери жаттығулар мен əскери білім беруді қоса алғанда
НАТО-мен өзара іс-қимылдың кең ауқымын қамтиды. «Егемен
Қазақстан», 10 маусым 2009 жыл. № 200 (25597).
БЖЗҚ – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры. БЖЗҚ өз
қызметін қалай жандандырады
? «Қазақстан-Zaman», 4 сəуір
2013, жыл. № 13 (934).
БЖК – «Бизнестің жол картасы -22-020» (бағдарламасы).
Осы жылы УИИД бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан
жеміс-жидек өсіруге араналған жылыжайдың инфрақұрылымын
жүргізу үшін кəсіпкер БЖК бағдарламасының көмегіне жүгінеді.
«Астана ақшамы», 15 қыркүйек 2011 жыл. № 105 (2715); БЖК
– бизнестің жол картасы. 24 KZ телеарнасы. Жаңалықтар 6.05.
2013. Сағ.14.00
лаудан босайтын болды. «Айқын», 12 қараша 2008 жыл.
№ 213
(1150).
БАМ (БАМ) – Байкал-Амур магистралі. «Батыс Еуропа –
Батыс Қытай» жобасы еліміздің жастарын кең түрде жұмысқа
жұмылдыратын бір кездегі БАМ аталып кеткен екпінді ком-
сомол-жастар құрылысы – «Байкал-Амур» магистралі сияқты
ауқымды құрылыс болуы керек. «Айқын», 16 сəуір 2010 жыл.
№ 65 (1489).
БАМ (МСИ) – Байланыс жəне ақпарат министрлігі
. Опе-
раторлар Кеңесінің (БАМ жанындағы телекоммуникациялық
қызмет көрсететін барлық компаниялардың жетекшілері кіретін
кеңесші орган) кезекті жиынында бұл ұсыныс ұялы байланыс
нарығының барлық қатысушыларынан қолдау тапты. «Айқын»,
11 қыркүйек 2010 жыл. № 167 (1591).
БАФ – Боао азиялық форум. БАФ мемлекет қайраткерлерінің,
ықпалды іскер топтардың, халыаралық ұйымдардың, ірі
ғалымдар мен сарапшылардың Азия мемлекеттерінің алдағы
дамуы жəне
дүниежүзінің басқа аймақтарымен үнқатысуы бой-
ынша пікірлер, болжамдар жəне жаңа ойлар мен алмасатын
əмбебап сұхбат алаңы болып табылады. «Егемен Қазақстан», 2
наурыз 2013 жыл. № 79 (28018).
БББО (ЦАО) – Баламалы білім беру орталығы. Білім
жəне ғылым министрлігінің, Балалардың құқығын қорғау
комитетінің, «Шеврон» компаниясының жəне «Жастардың
жетістіктері БББО-ның өкілдері 12 жылдық білім беру
бағдарламасына
пəн ретінде енгізілген «Кəсіптік дайындық»
курсының əдістемесімен жəне оқулықтарымен танысып, өз ой-
ларын ортаға салды. «Жас Қазақ», 22 қаңтар 2010 жыл. № 2
(262).
ББЖК БАРИ (РИ) – Білім беру жүйесінің басшы жəне
ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын


Page 29

- 56 - - 57 -
БҚО (ЗКО) – Батыс Қазақстан облысы. Басқа облыстардың
ауылдарында жаппай «қырғынға» ұшыраған кітапханалар
БҚО-да 372-сі де аман сақталған. «Егемен Қазақстан», 30 ма-
мыр 2009 жыл. № 190-191 (25588).
БӨП – бақылап-өткізу пункті. Оңтүстік шекара шебін
нығайту мақсатында Қордай ауданының Қарасу ауылынан
«Қарасу» БӨП-інің жаңа ғимараты бой көтерді. «Қарасу» БӨП-
інің негізгі
тарихы 1993 жылдан басталады. «Айқын», 25 сəуір
2012 жыл. № 75 (1986).
БПҮК – Бас прокурорлар үйлестіру кеңесі. Сондай-ақ форум
шеңберінде А.Дауылбаев Украина, Ресей, Армения, Баларусь
Бас прокурорларымен, сонымен қатар БПҮК атқарушы хатшы-
сымен екіжақты кездесулер өткізіп, кездесу барысында алдағы
ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. «Алаш ай-
насы», 4 қазан 2012 жыл. № 176(858).
БРМФ – Бүкілəлемдік рухани-мəдени
форум. Брифингте се-
натор Төлеген Мұхамеджанов БРМФ-ны ұйымдастырушылар
туралы да ақпарат берді. «Егемен Қазақстан», 11 қыркүйек
2010 жыл. № 368-369 (26212); Мен осы тұрғыда БРМФ-ның
бастамасын қолдаймын. «Айқын», 29 қыркүйек 2011 жыл. №
180 (1847).
БҰО (НЛО) – белгісіз ұшатын объект немесе беймəлім
ұшқыш объект ( неопознанный летающий объект). Вьетнамда
БҰО құлады. «Жас Алаш», 9 шілде 2008 жыл
. № 54 (15305);
БҰО-ның келе жатқанын адам алыстан сезіп, еш себепсіз ма-
залана бастайды екен. «Халық сөзі», 21 тамыз 2012 жыл. №
66(210).
БСН – бизнес-сəйкестендіру нөмірі. Міне, осы уақытқа
дейін Қазақстанның барлық азаматтары Мəліметтерді тіркеудің
бірыңғай жүйесіне кіріп, ЖСН – жеке сəйкестендіру нөміріні,
БСН – бизнес-сəйкестендіру нөмірін алып үлгерулері керек.
БЖСМ (
ДЮСШ) – Балалар мен жасөспірімдер спорт
мектебі. – Ең бірінші басын ашып алатын мəселе, БЖСМ
облыстық бюджеттегі мекеме облыстық спорт комитетіне
қарайды. Ал енді шағымшылардың сөзіне келсек, БЖСМ тек
спортшы балалармен айналысуы керек. «Жас Алаш», 18 қараша
2010 жыл. № 92 (15550).
БЖЭС (БТЭС) – Балқаш жылу-электр стансасы.
Негіздемелік келісімде БЖЭС-тың құрылысы жобасын
жүзеге
асырудағы стратегиялық əріптестіктің басты ұстанымдары
белгіленіп-бекітілген. «Айқын», 26 наурыз 2009 жыл. № 51
(1232).
БЗЖҚ – Біріктірілген (біріктіріліп жатқан) зейнетақы
жинақтау қоры. БЗЖҚ қаржысы ЕХПО – 2017-ге жұмсалмайды.
«Қазақ үні», 5 наурыз 2013 жыл. № 9(572).
БИН – бизнес-идентификациялық нөмір. БИН-ді заңды
тұлғалар алатын болса, жеке тұлғалар үшін ЖИН жарамды.
«Айқын», 9 ақпан 2010 жыл. № 21 (1445).
БКТ (ЕТТ) – бірыңғай кеден тарифі. «Егемен Қазақстан», 29
желтоқсан 2011 жыл. № 660-665 (27057).
БҚАТУ (ЗКАТУ) – Батыс Қазақстан агро-техникалық
университеті. Сөйтіп, қаңтар айында қала əкімі, облыстық Ішкі
істер департаменті басшысы жəне ең үлкен қос университет
(Махамбет атындағы БҚМУ мен Жəңгір хан атындағы БҚАТУ)
ректорлары арасында арнайы келісімге қол қойды. «Айқын», 11
ақпан
2009 жыл. № 22(1203).
БҚМУ (ЗКГУ) – Батыс Қазақстан Мемлекеттік
университеті. Сөйтіп, қаңтар айында қала əкімі, облыстық Ішкі
істер департаменті басшысы жəне ең үлкен қос университет
(Махамбет атындағы БҚМУ мен Жəңгір хан атындағы БҚАТУ)
ректорлары арасында арнайы келісімге қол қойды. «Айқын», 11
ақпан 2009 жыл. № 22(1203).


Page 30

- 58 - - 59 -
жүйесі. БҰДСЖ бойынша қайта тіркеу Алматы қаласында 1
қарашадан басталып кетті. «Алматы ақшамы», 16 қараша 2010
жыл. № 140 (4385); Дегенмен, БҰДСЖ-нің əлі де қарапайым
жұрт түгілі, денсаулық сақтау иелерінің өздері түсінбейтін
жақтары көп. «Алматы ақшамы», 25 қараша 2010 жыл. № 143
(4388); БҰДЖ бағдарламасы – еліміздің медицина саласындағы
ең ірі бағдарламаның бірі. «Алаш айнасы», 3 қараша 2011 жыл.
№ 195(647).
БҰҰ
(ООН) – Біріккен ұлттар ұйымы. БҰҰ Бхуттоның
өлімін тексереді. «Айқын», 10 шілде 2008 жыл. № 128(1065);
Елбасы БҰҰ мінберінен ғаламдық мəні бар ұсыныстар айт-
ты. «Айқын», 23 қыркүйек 2011 жыл. № 176 (1843); Бірақ сол
мəселені шешуге болатынын БҰҰ Даму Бағдарламасының
Қазақстандағы тұрақты өкілі Екатерина Паниклованың сөзінен
ұқтық. «Айқын», 12 қазан 2011 жыл. № 189 (1856).
БҰҰ БА (ГА ООН) –
БҰҰ Бас Ассамблеясы. Атап айтсақ, 2011
жылдың қыркүйек айында Нью-Йоркте өткен БҰҰ БА 66-шы
сессиясында айтылған Астананың соңғы бастамасын жеткізді.
«Егемен Қазақстан», 13 қазан 2011 жыл. № 493 (26885).
БҰҰБҚ (ДФ ООН) – Біріккен ұлттар ұйымының Балалар
қоры. Осыдан отыз жыл бұрын Қазақстанды əлемге танытқан
БДҰ мен БҰҰБҚ-ның ұйымдастыруымен болған атақты Алма-
ты
конференциясын өткізуге дайындық барысы ауыл, аудан ау-
руханаларын, фелдьшерлік-акушерлік пункттерді де қамтыды.
«Егемен Қазақстан», 4 қазан 2008 жыл. № 304-305 (25275).
БҰҰДБ (ПРООН) – БҰҰ-ның даму бағдарламасы. Жоба
нəрлендірушілері – Қазақстандағы БҰҰДБ мен Қазақстандағы
Ұлыбритания елшілігі. «Егемен Қазақстан», 24 қараша 2009
жыл. № 386-388 (25785); БҰҰДБ мəлімдемесіне қарағанда,
ұлттық парк жаһандық маңызға ие Сиверс жабайы алма
ағаштарын
сақтап қалу мақсатында құрылмақ. «Алматы
«Алматы ақшамы», 10 қараша 2011жыл. № 131 (4533).
БСС – бөлшек сауда салығы. БCC – бөлшек саудада сатылған
тауар мен көрсетілген қызметке салық. «Жас Алаш», 8 сəуір
2008 жыл. № 28 (15278).
БСҰ (ВТО) – Бүкілəлемдік сауда ұйымы. Соның ішінде сы-
байлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, ƏКК мен тұрғын
үй құрылысына үлестік
қатысу, т.б. мəселелерге қатысты
кейбір заңнамалық актілерге, ал БСҰ-ға енуге байланысты
толықтырулар мен өзгерістер енгізу мəселелері қаралды. «Еге-
мен Қазақстан», 20 наурыз 2009 жыл. № 105-107 (25504). Мем-
лекет басшылары Қазақстан мен Ресейдің БСҰ-ға кіруі үдерісі
бойынша ақпарат алмасты жəне бұл үрдісті үйлестіріп отыруға
уағдаласты. «Егемен Қазақстан», 5 мамыр 2009 жыл. № 158-
159 (25556); М
.Ломоносов атындағы ММУ-дың посткеңестік
кеңістіктегі қоғамдық-саяси процестерді зерттеу жөніндегі
ақпараттық-сараптамалық орталығының сарапшысы Юлия
Якушеваның пікірінше, «Кеден одағына кіруден Қазақстанға
келетін ең үлкен пайда – бұл рынокта еркін бəсекелесуге
үйрену мүмкіндігі, БСҰ-ға мүше болғаннан кейін жаһандық
бəсекелестікке үздік дайындалуға үлкен мүмкіндік. «Егемен
Қазақстан», 22 сəуір 2011 жыл. № 160-163 (26565).
БТЖ (БТЖ
) – «Баку-Тбилиси-Жейхан» құбыры. Британдық
компанияның өкілі «БТЖ»-ға қосылған біздің мұнайдың нақты
көлемі қанша екендігін атаған жоқ. «Нұр Астана», 6 қараша
2008 жыл. № 45 (258).
БТО – білімдерді тарату орталықтары. Əр БТО-да
теориялық білімдер беру үшін қажетті инфрақұрылымдар бар.
БТО қызметінің негізгі бағыты – АӨК-тің түрлі бағыттары бой-
ынша қысқа
мерзімді білім беру семинарларын өткізу. «Егемен
Қазақстан», 15 қазан 2010 жыл. № 424-426 (26269).
БҰДЖ//БҰДСЖ – Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!