Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Өрелі елдің өрісі кең
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Өрелі елдің өрісі кең
«... Қазақстанның
интеллектуалды элитасын тәрбиелеудің іргетасы болып табылатын жаңа
мектептер, Н.Назарбаев ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністермен ерекшеленеді. Дүниежүзілік жаһандану үрдісі - білім беруді дамыту үрдісінде педагогикалық технологияларды үнемі жетілдіру қажеттілігін туындатып отыр. Дамыған елдердің тәжірибесін зерттеу барысында білім беру саласын дамыту арқылы ғана еліміздің жетістіктерге жететіні айқындалды. Осыған орай қазақстандық ұстаздар біліктілікті арттыру курстарында білімдерін жетілдіріп, дүниежүзілік озық педагогикалық технологияларды қолдануда. Қазір елімізде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2008 жылы 30 қаңтарда «Болашақ» стипендиаттарының форуымында «Қазақстанда интеллектуалды ұлт қалыптастыру қажет» деген идея ұсынған «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама бес кезеңге бөлініп жүзеге асырылуда: * 2008-2009жж. - дайындық кезеңі; * 2010-2011жж. - реформалау кезеңі; * 2011-2012жж. - имплементация кезеңі; * 2013-2018жж. - мониторинг кезеңі; * 2018 жылдан - даму жаңғыру кезеңі басталады. Жобаның басты мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру екендігі айтылды. Президенттің айтуынша, "жоба әлеуетті үш жағдайды ескеруге тиіс". - Бірінші жағдай білім беру жүйесінің инновациялық дамуына қатысты; - Екінші басты мәселе, ақпараттық революция; - Үшінші бағыт жастарды рухани тұрғыдан тәрбиелеу. [1,2б] Елбасының интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы деңгейлік бағдарлама идеяларымен үндесуде. Білім беру жүйесінің инновациялық дамуына қатысу осы бағдарлама негізінде жүзеге асуда. Білім саласында өзгеріс енгізу педагогикалық тәжірибені жаңартып, дамыту арқылы ғана мүмкін. Интеллектуалды әлеуетті тұлға – адамгершілік және ұлттық құндылықтарға негізделген жаңа және арнайы мамандандырылған білім көздерін жоғары дәрежеде игеру арқылы пайда болған білім, білік, құзыреттерді өзінің, ұлты мен Отанының мүддесіне жарата алатын азамат. [2,3б]. БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰ ДБ) адам дамуы жөніндегі деректеріне қарағанда, 2006 жылы Қазақстандағы адам дамуының индексі (АДИ) 0,774 құраған. 2007 жылы Қазақстан адам дамуы деңгейі бойынша әлемдік рейтингте 117 мемлекеттің ішінде 73 орынды иеленген.
БҰҰ ДБ адам дамуы жөніндегі
2007-2008 жылдарға арналған баяндамасындағы мәліметтерге сүйенсек,
Қазақстан жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көрсеткіші бойынша
ТМД елдері ішінде үшінші орында болды және ол 7857 АҚШ долл.
құраған. 5 жастан 24 жас аралығындағы халыққа білім беру көрсеткіші
бойынша Қазақстан ТМД елдері ішінде І орынды иеленді. Бұл көрсеткіш
бойынша халықтың 93,8 % қамтылған /4/. Дүниежүзілік экономикалық форумның 2015 – 2016 жылғы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан әлемнің 140 елінің арасында 42-орынды иеленді. Білім және ғылым саласындағы 12 индикатордан білім беру жүйесінің және ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы, мектептердегі интернетке қолжетімділік, зерттеу және білім беру қызметтеріне қолжетімділік бойынша 8 индикатордың мәні жоғарылады. ЮНЕСКО елдің мыңжылдықтың даму мақсаттарына қол жеткізудегі прогресін атап өтеді. Қазақстан Білім беруді дамыту индексі бойынша көшбасшы елдердің ондығына кіреді. Білім – Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының адами даму рейтингінің негізгі үш субъективті факторының бірі. /6/ Мемлекетіміз “Қазақстан - 2030” Стратегиялық бағдарламасы негізінде орнықты даму жолын жалғастырып келеді. Сондықтан бүгінгі таңда еліміздің әлемдік қауымдастықтағы, экономикадағы бәсекеге қабілеттілігі, жалпы бүкіл қазақстандықтардың – ғалымдарымыздың, менеджерлеріміздің, кәсіпкерлеріміздің, жұмысшы мамандарымыздың бәсекеге қабілеттілігі күн тәртібіне қойылып отыр. Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен, білім деңгейімен, интеллектуалдық мүмкіндіктерімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігімен терең интеграциялық үдеріс еліміздің білім беру жүйесін халықаралық стандарттар деңгейіне сәйкестендіру міндетін талап етеді. Сол себепті еліміздің білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайта беру міндеті бірінші кезекке қойылып келеді. 2010 жылы 7 желтоқсанда Қазақстан Президенті “Назарбаев университетінде” оқыған дәрісінде бүгінгі күні біздің еліміз үшін халықаралық деңгейдегі мамандар даярлайтын ғылым мен білім индустриясы қажет екенін мәлімдеді. Сонымен бірге, Президент: «… Бүкіл еліміз бойынша жаратылыстану-математика циклі пәндерін тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған болашақтың 20 Интеллектуалды мектептерін ашу бағдарламасы жүзеге асырылуда. ХХІ ғасырда Қазақстанда білім беру жүйесінде инновациялық серпіліс жасалынды. Жаңа мыңжылдық білім беру үдерісін мүмкіндігінше кеңірек қарауды талап етеді. Әр адамды жаңа әлемде жұмыс істеуге, білім алуға, өмір сүре алуға, бірлесіп өмір сүре білуге үйрету қажет. Бұл ЮНЕСКО қалыптастырған білім берудің төрт тағаны. Әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы елдерінің білім беру жүйесі білім берудің құрылымын, мақсатын, мазмұны мен технологиясын өзгертті. Білімді, білікті, дағдыларды бұрынғыдай механикалық түрде беру емес, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, инновациялық идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын болашақ маман тұлғасын қалыптастыру басымдылық болып табылады Интеллектуалды ұлт пен бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастырудың маңызды міндеттерін жүзеге асыруда мемлекеттік бағдарламалар мен ел дамуының стратегиялық жоспары шешуші рөл атқаруы тиіс. Мұндай негізгі бағдарламалық құжаттарға: «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген), «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген) жатады. “Қазақстан – 2030” Стратегииялық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары жасалды. Бұл жоспар бойынша келесі онжылдықтағы еліміздің дамуының басым бағыттары мен стратегиялық мақсаттары айқындалды: 1) дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық; 2) инфрақұрылымды индустрияландыру мен дамыту арқылы әр тараптандыруды жеделдету есебінен экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету; 3) болашаққа салынған инвестициялар – орнықты экономикалық өсуге, қазақстандықтардың өркендеуі мен әлеуметтік әл-ауқатына қол жеткізу үшін адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 4) халықты сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету; 5) ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету /7/. Ал еліміздің индустриалды-инновациялық дамуына арналған мемлекеттік бағдарламалар ұлттық модернизацияны, яғни ұлттың бәсекеге қабілеттілігі мен интеллектуалдық мүмкіндіктерін жаңа сапалық деңгейге көтеруді қамтамасыз етеді. Бұдан шығатын қорытынды интеллектуалды ұлт қалыптастырмайынша біз Қазақстанды бәсекеге қабілетті адам капиталы бар елге айналдыра алмаймыз. Мен бүгін барлық ғалымдарды, педагогтар мен студенттерді оны жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырамын. Біріге отырып біз алдымызға қойған барлық мақсаттарымызға қол жеткіземіз және Қазақстанда интеллектуалды ұлт құратын боламыз. Құрметті студент жолдастар - біз ұлттың үміті боламыз. Саналы да сапалы, білімді де белсенді жастары бар елдің қашанда еңсесі биік, болашағы зор болмақ. Сондықтан елдің ертеңгі бақыты біздің қолымызда. Әйтсе де, бақыт ешбір жанды өзі іздеп келмейтіні белгілі. Бақ-дәулет, барша игілік адамның өз қолымен жасалады. Әр заманның өзінің артықшылығы мен қиыншылығы да болады. Қазіргі бәсеке заманында қажыр-қайратың, ынта-жігерің, тынымсыз ізденісің болмаса, көштен қалу оп-оңай. Данышпан ақын Шәкәрім бабаларың "Құбылған әлем жарысы. Ақылды жанның табысы" деп бекер айтпаған. Біз қазір бұл межеге іргемізді нығайтып, күш-қуатымызды арттырып, жетілген мемлекет ретінде келіп тұрмыз. Қазақстан - бүкіл әлем сыйлайтын және есептесетін беделі биік іргелі ел болды. Міне, бүгінгі жауапкершілікті осындай дәрежедегі елдің игілігін одан әрі еселеп, озық елдердің қатарынан орын алу үшін бізге зор міндет жүктеліп отыр. Алдымызда биікке жетелейтін үлкен мақсат тұр. Бұл, әрине, оңай шаруа емес. Бірақ, біз бұл міндетті жүзеге асыра аламыз. Себебі, біз не істеу керек екенін білеміз. Енді тек ұмтылыс керек, еңбек пен қабілет керек, ең бастысы, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігіміз керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «бақытты өмірді басқа жақтан іздемеңдер. Ата-бабаларымыздың айтып кеткен асыл сөздері есте болу керек. "Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" деген өсиет қалдырған. Өз Отаның бұл дүниедегі жәннатың мен шуағың. Сондықтан білімдерің мен қайрат-жігерлеріңді өз елдеріңнің мүддесіне жұмсаңдар. Туған елің дәулетті, туған жерің сәулетті болса, сендер де әулетті, әлеуетті боласыңдар. Сол үшін менің қатарластарым еңбек етіп келеді. Бұл міндет сендердің де мойындарыңа түседі. Сонда өз ұрпақтарыңды ойлайтын боласыңдар. Сондықтан осы бастан қам жасау керек. Еліңді сүйе білсең, жан аямай қызмет ете білсең, елің де сені алақанға салып аялай біледі. Осыны ұмытпаңдар. Туған елдеріңнің игілігі үшін жанкешті қайрат қылып, Қазақстанның мақтанышы болуларыңа тілектеспін, жас достар!» деп бізге үлкен сенім артып отыр. Бізге еліміздің іргесін берік ұстап, көркейту үшін барлық жағдайлар жасалған. Бүгінгі таңда елімізде:
Біз өзімізге берілген осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, уақтымызды текке кетірмей білім алып еліміздің дамыған 30 елдің қатарына қосылуға өз үлесімізді қосайық. Құрметті жастар- біз осы елдің үкілі үміті екенімізді ұмытпайық!. Пайдаланылған әдебиеттер: 2 Назарбаев Н. Инновационная индустрия науки и знаний – стратегический ресурс Казахстана в ХХІ веке // http://www.akorda.kz) 4 Отчет о человеческом развитии. Казахстан. 2009 г. 5 Назарбаев Н. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // http://www.akorda.kz 6.Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы 7. Назарбаев Н. Инновационная индустрия науки и знаний – стратегический ресурс Казахстана в ХХІ веке // http://www.akorda.kz |