Шу қаласы, Төле би атындағы
орта
мектебінің география пәні
мұғалімі
Карбаева
Айжан
ӨРКЕНИЕТ, ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨМІР
САПАСЫ
Технологиялық прогресс экологиялық жағдайдың нашарлауына алып келеді. Аумағы орасан зор және табиғи ресурстары мол Қазақстан да ерекшеленеді. Алайда,
ел басшылығы экологияны жақсарту, жаңартылатын энергия
көздерін пайдалануды кеңейту, табиғатқа ұқыпты қарауды культивациялау мәселелеріне бірінші кезекте көңіл бөледі. Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев
«сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен
өркендеуінің негізі» атты Қазақстанхалқына Жолдауында Үкіметке нақ
осы бағыттар бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. 2019 жылы үлкен
жұмысатқарылды, оның нәтижелері бүгінде көрініп тұр. 2019 жылы
экология саласындағы басты оқиға Қазақстан Республикасы Экология,
Геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрылуы болды.
Орталық атқарушы органды құру елдің қоршаған ортаны қорғау
саласындағы саясатын жетілдіруге, қалдықтарды басқару саласын
қарқынды дамыту үшін жағдай жасауға арналған. Жаңа экологиялық
кодекс — қағидатты жаңа құжат азаматтардың қолайлық оршаған ортаға
құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.
Негізгі Заңның 31-бабының 1-тармағында: «Мемлекет адамның өмірі мен
денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етіп қояды»
делінген. Бұл конституциялық ереже Қазақстанда 2007 жылдан бері
қолданылып келе жатқан Экологиялық кодексте одан әрі дами түсті.
2019 жылы жетекші сарапшылар мен бизнес-қауымдасты қүздік
халықаралық тәжірибеге негізделген ҚР жаңа экологиялық кодексін
әзірлеу бойынша үлкен жұмыс атқарды. Желтоқсан айында
Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің
кезекті отырысында ҚР Экологиялық кодексінің жаңа редакциясының
жобасы мақұлданды. Кодекс 7 негізгі қағидаттан тұрады, олардың
еңбастысы — «ластаушы төлейді және
түзетеді».
Экология саласында Үкіметтің
қызметі қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендетуге, халықаралық
стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоршаған орта сапасын
тұрақтандыруға, қоғамның орнықты дамуына көшу негіздерін жасауға
бағытталған. Қазіргі уақытта экологиялық жағдайдың одан әрі
нашарлауының нақты және ықтимал қатерлерін болдырмауға бағытталған
шаралар кешені жүзеге асырылды.
Бұл жағдайда «экологиялық
тәуекел – денсаулық – өмір сапасы» проблемасы шешілмейтіндер
санатына жататынын атап өткен жөн. Біздің ойымызша, бұл келесі
негізгі себептерге негізделген:
Өмір сүру стандарттарының
жақсаруы жаңа қауіп-қатерлер туғызады. Болашақта адамға радиациялық
(химиялық, ақпараттық және т.б.) қауіптен әлде қайда маңызды
ғылыми-техникалық прогресс факторлары әсер етуі
мүмкін.
"Өмір сапасы - денсаулық -
тәуекел" проблемасына философиялық көзқарас оны одан да кеңірек
қарастыруға мүмкіндік береді. Табиғат-адам-өркениет: қайшылықтар
немесе келісім? Табиғатқа адам керек пе, адамға өркениет
керекпе? Жаңа технологияның дамуы
адамзаттыңәл-ауқатын, өмірін уақытша жақсартқанымен,өркениет табиғи
ресурстарды нашарлатады, қоршаған ортаға кері әсерін тигізізетіні
айқын. Адам өзінің өмірін жақсарту
туралы ойлап, табиғат пен энергия ресурстарының резервтері шексіз
емес екенін білуі керек. Бұла дам мен табиғаттың, табиғат пен
өркениеттің негізгі қайшылықтарының бірі. Табиғатпен (экологиялық
ортамен) келісімге ақылға қонымды қажеттіліктер мен ғана қол
жеткізуге болады.