15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ормандағы денсаулық мерекесі»
Тақырыбы: «Ормандағы денсаулық мерекесі»
Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. Сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке тәрбиелеу.
Міндеті: ұйымшылдыққа баулып, балалардың денсаулығын нығайтуды жалғастыру, қимыл-әрекетке жаттықтыру.
Барысы:
Шаттық шеңбері:
-Армысың, алтын күн
Армысың, көк аспан
Армысың, достарым
Сендерді көрсем қуанам
-Здравствуй, солнце золотое
Здравствуй небо голубое
Здравствуйте мои друзья
Рада всех вас видеть я
-Good
Morning, Good Morning,
Good
Morning
to
You
Good Morning,
Good
Morning,
Good Morning I am glad to see you
Есік түртіледі, хат келеді (хатты оқимын)
-Балалар, бізге орман тұрғындарынан хат келді, қоян біздерді ормандағы денсаулық мерекесіне шақырып жатыр екен. Барамыз ба?
-Барамыз
-Орман алыста екен поезбен баруымыз керек, отырыңдар, кеттік!
Балалар бір бірінің иығынан ұстап шеңбер айналып жүреді
Хормен: Қане, кімнің бойы ұзын
Паравозы ол пойыздың
Қатар қатар тұрайық
Пойызды біз құрайық
Ал паравоз, баста алға!
Бәрімізді басқарда
Пш, пш, пш, біз кеттік
Жүрісті тым үдеттік
Орманға келеді. Шеңбер жасап тұрады
Қоян ( Айқайлап жаттығу жасап кіріп келеді)
Денсаулық ол - күлуің
Көңіл – күйің жадырай,
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Қоян: Сәлем, балалар!
Балалар: Сәлем, қоян!
Қоян: -Бүгін біздің орманда «Денсаулық мерекесі»
Тәрбиеші: Балалар, сендер денсаулық не екендігін білесіңдер ме?
-Ал дені сау болып өсу үшін не істеу керек?
1.
Таңертен жаттығу жасау керек
2.
Тамақтану алдында қолымызды сабынмен
жуу керек
3. Шынығу керек
4. Тісімізді
күніне 2 рет тазалау керек
5. Спортпен
шұғылдану керек
Қоян: Балалар, менімен бірге жаттығу жасауға дайынсындар ма?
Балалар:
Ия
Қауіп- қатерлі әуен үнімен топқа қасқыр кіреді
Қасқыр: Салем! Салем! Ақыры сені таптым ба, Қоян!?
Қоян: Салеметсің бе, Қасқыр? Саған не болған? Денің сау ма? Ауырып қалған жоқсың ба?
Қасқыр: Мен сендерге асығым деп шаршап, ауырып қалған сияқтымын!
Қоян: Қасқыр, бұның жарамайды! (Қасқырдық қолын көтереді, қолы әлсіреп құлайды).
-Қасқыр, осы сен таңертен не істедің?
Қасқыр: Балалар, мен көөп ұйықтаймын, құрылдаймын
Қоян: Қане, бар шыңдықты айт, сен ертеңгілік жаттығу жасайсың ба?
Қасқыр: Жооқ! Жаттығуды ешқашан жасап та көрмеппін!
Тәрбиеші: Балалар, мен Қасқырды қалай емдеу керектігін білемін! Әр күнімізді ертеңгілік жаттығудан бастау керек. Бізбен бірге шеңберге тұр
Музыка
әуеніне жаттығу жасалады: «Аяқпенен
топ топ топ»
Қасқыр: Ох! Қандай керемет! Жақсы болып қалдым! Енді жақсылап тамақтанып алсам болады – гамбургер жеп алайын!
Қоян: Бұның не?! Сен дұрыс тамақтанып жүрген жоқсын!
Тәрбиеші:
Балалар,
деніміз сау болу үшін қандай тамақ
жеуіміз керек?
Балалар:
Жеміс - жидектер, көкөністер.
Қоян: Дұрыс! Ойын ойнағыларын келеме?
Тәрбиеші: Балалар, екі топқа бөлінеміз
Ойын
«Жемістер мен көкөністерді жина»
Балалар
музыкамен жемістер мен көкөністерді
топтастырады
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар,
балалар! Көбірек көкөністер мен жемістерді
жеп жүріңдер! Олардың ішінде дәрумендер
өте көп. Бірақ жемес бұрын оларды жақсылап
жуу керектігін ұмытпандар! Ал қолымызды
сабынмен жуамыз!
Қасқыр: Қолымызды?! Тағы не дейді! Мен жумаймын, таза қолым!
Тәрбиеші: Қасқыр, біздің балалар тазалық туралы көп тақпақтар біледі, бірге тыңдайық
Бегайым:
Сылдырлайды
мөлдір су
Мөлдір суға
қолыңды жу
Дінмұхамед:
Ашытады көзіңді,
Сабындаған кезіңде
Бола
білсең төзімді
Тап-таза
етер өзіңді
Айдын:
Тазалықтың досы
Сабын
деген осы
Әмірбек:
Кәмпит жесең көбірек
Тісің жүрер мазалап
Не
жесең де күніне
Тазалап
жу екі рет
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Енді сол құралдармен ойын ойнайық
Ойын:
«Тазалық құралдарын тез жина»
Белгі
бойынша балалар, қарама қарсы жақты
тұрған тазалық құралдырын тез жинау
керек.
Қасқыр: Бұл ережені мен ұғып алдым!
Тәрбиеші:
Ойын «Ия -Жоқ»
1.Көп көкөніс жиміз бе?
2.Дәрумендер пайдалы ма?
3.Таңертен «жаттығу жасамаймын» деп жылаймыз ба?
4.Сарымсақ пен пияз жесек
Тұмаудан
сақтанамыз - бұл рас па?
Қасқыр: Балалар, сендер қандай ақылдысыңдар!
Тәрбиеші: Деніміз сау болу үшін тағы біздер шынығуымыз керек!
Қасқыр: Шынығу? Қорқам! Салқын судан қорқам!
Тәрбиеші: Шынығу ол – жуыну, таза ауамен тыныс алу және күннің көзіне күю! Кәзір біздер суда шынығу жаттығуларын жасаймыз.
«Суға
шомыламыз» ойыны
(Көк
матаны жан жақтан балалар қолдарымен
ұстап тұрып жаттығу жасайды)
Қасқыр: Жарайсыңдар,
балалар! Қандай керемет!
«Балықтарды құтқар» эстафеталық ойыны
Тәрбиеші: Балалар, мына жерде балықтар судың жағасына шығып қалған екен, олар сусыз өмір сүре алмайды, оларды мына тастардың үстімен өтіп суға апаруға көмектесеміз бе?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Олай болса, ойынды бастаймыз
(Ойын ойналады)
Тәрбиеші: Балалар, жарайсыңдар, барлық балықтарды құтқарып қалдыңдар!
Қасқыр, сен денің сау болу үшін не істеу керектігің түсіндің бе?
Қасқыр: Түсіндім! Енді мен дұрыс тамақтанып, жаттығу жасап, шынығып жүремін.
Тәрбиеші: Достар, мен сендерге дәрумені көп алманы сыйлағым келіп тұр Сендер өте жақсы жұмыс атқардыңдар! Жарайсыңдар! (Барлық балаларға алма беріледі)
Тәрбиеші: Балалар, енді біздің топқа қайтатын уақытымыз келді.
Қасқыр:
Балалар,
өте қызықты мереке болды. Сендер де
айтылған ережелерді естеріңде сақтап
жүріңдер! Сау болыңыздар!
Қоян:
Балалар,
мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын!
Сау болыңдар, достар!
Балалар қасқыр және қоянмен қоштасады
Тәрбиеші: Пойыға отырамыз «Пойыз» әнін орындап жүреді (балалар бір – бірінің иықтарынан ұстап жүреді, шеңбер жасап тұрып қалады).
Тәрбиеші:Балалар, біздер қайда бардық? Нелермен кездестік?
Балалардың жауаптары!
Осымен біздің шарамыз аяқталды. Сау болыңыздар!
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: дәрумендердің, тазалық пен шынығудын пайдаларын
Нені игеру керек: тазалық дағдыларын игереді
Нені біледі: спорттың денсаулыққа пайдалы екенін

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген