"Ормандағы жабайы аңдар"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ормандағы жабайы аңдар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жабайы аңдар туралы түсінік ұалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Білім беру саласы: Әлеумет
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Ормандағы аңдардың тіршілігі»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға жабайы аңдар туралы түсінік бере отырып ,білімдерін
кеңейту.Жабайы аңдардың балаларын түрлерін бір-бірінен ажырата білу.
Дамытушылық: Жабайы аңдарды көрсете отырып, балалардың ой-өрісін
дамыту.
Тәрбиелік: Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Билингвалдық компонент: аю-медведь-bear, қоян-заяц-rabbit, қасқыр-волк-
wolf, кірпі-еж-heddehod ,тиін-белка-sduire
Қолданылатын көрнекіліктер: Жабайы аңдардың суреттері, слайд, куб
суреттермен, ұжымдық жұмысқа арналған көрнекілектер ,кесілген суреттер,
алаңқай, интерактивный доска ,жұмбақ , өлең- жырлар.
Қолданылатын әдіс –тәсілдер: сұрақ –жауап, әңгімелесу, түсіндіру,
жобалау әдісінің элементі.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Шаттық шеңбері
Табиғатқа қамқор боп
Байлығын біз қорғайық
Әдепті де, тәртіпті боп
Жақсылығын қорғайық
- Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір жылдың қыс мезгілі
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыс мезгілінде үш ай бар.
- Қыс айларын атап беріңдерші
- Қыс айлары желтоқсан, қаңтар, ақпан
2.Ұйымдастырушылық -ізденістік
- Балалар сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма?
- Иә, ұнатамыз
- Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырамын
1.Сылдырдан қорқады, шошынып жортады?
-Балалардың жауабы қоян
2.Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады?
- Балалардың жауабы аю-медведь-bear,
3.Жапырақ жоқ бұтасында, қуыс емен өсіп тұр бұтасында?
- Балалардың жауабы бұғы
4.Қырда жүрер ол жортып, ініде жоқ бармайтын.


Page 2

Құйрығымен бұлмаңдап, қандай аң ол алдайтын?
- Балалардың жауабы түлкі
5.Жаңғақ жауған орманда,
күндіз көрек айырып
жатады кеш батқанда
Өз құйрығын жамылып
-Балалардың жауабы тиін
6.Сақтап жүрген оны
Тікенекті тоны
Жоғалады қорықса
Басы ,аяғы,қолы
-Балалардың жауабы кірпі-еж-heddehod
-Дұрыс балалар енді бәрін бір сөзбен не дейміз?
-Жабайы аңдар дейміз.
-Олар қайда тұрады?
-Орманда тұрады
Дұрыс, жабайы аңдар жыртқыш және шөппен қоректенетіні бар.
-Балалар, мен сендерге алдын ала тапсырма берген едім әр аңға
мағлұмат жинап келу керек едіңдер.
Аю-түсі қоңыр, орманда мекендейді. Суға сүңгіп балықтарды жейді.
Ол ақылды, сезгіш, жыртқыш аң.Бірақ ол өзі ешкімге тимейді.Жазда
жеміс – жидек, балды жақсы көреді. Қыста аю апанда ұйықтап
жатады.апанда жатып, өзінің жаз бойы табанына жиналған майын
жалап жатады. Аюдың баласын – қонжық дейміз.
Балпаң-балпаң басамын
Алты қырдан асамын
Аю деген ағанмын
Аңшы көрсем қашармын.
Арыстан: Қасқыр – итке ұқсайды. Ол күшті, батыр, ақылы да айласы да
бар өте қауіпті жыртқыш аң.Олар жан-жануарлар мен құстармен
қоректенеді. Үй жануарлары кездесе қалса, ұстап жеп қояды.
Қасқырдың баласы- бөлтірік дейміз. Олар үңгірде тұрады.
Бірде қасқыр мақтанды
Дем деміне апталды
Қорқып тұрған қоянды
Тап беруге шапталды.
Түлкінің түсі қызғылт. Түлкінің денесі қасқырға ұқсас келеді, бірақ
қасқырға қарағанда тұмсығы ұзын, жыртқыш аң. Түлкінің қорегі: түрлі


Page 3

құстарды, құстың жұмыртқасын, балық аулап жейді. Түлкінің баласын-
түлкішек деп атайды. Олар інде тұрады.
Түлкі айтты түлкімін
Тұнып тұрған түлкімін
Бұлаң-бұлаң құйрығым
Текке өтпейді бір күнім
Қоян-ең қорқақ аң. Қоян ағаштардың қуысында қоныстайды, қорегі
түрлі шөптер, ағаш қабықтары. Ол жылы тонның арқасында суыққа
тонбайды. Қыста ақ тон киіп, ал жазда қоңыр тонын киеді. Сәбізді,
қырыққабатты жақсы көреді. Қоянның баласын-көжек дейміз.
Жәңгір: Қайшы құлақ қоянмын
Ақшыл түске боялдым.
Сытыр еткен бұтақтан елең етіп қаламын.
Тиін- түсі қылғылт сары кішкентай аң.Ағаштың қуысында мекендейді,
жаңғақ, саңырауқұлақпен қоректенеді.Ағаштан ағашқа секіріп жүреді.
Тиіннің баласын-тиіндер деп атаймыз.
Мен тиінмін, тиінмін
Қысқа жылы киіндім
Қоймам толы жаңғаққа
Іші жылы үйімнің
-Енді балалар әуен арқылы аю мен бойымызды жазып, сергіп алайық.
Сергіту сәті
-Ал енді балалар сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайық
Қасқыр, қоян, түлкі,аю сөздерін балалар буынға бөліп, дыбыстық
талдау жасайды.
- Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз «Дыбыстарды ажырат» деген.
Дыбыстарды ажыратып, әр аң қалай дыбыстатынын айтып береді.
Аю-ақырады; түлкі- қыңсылайды; кірпі-пырсылдайды; Қоян-
пырылдайды; бұғы- мөңірейді; қасқыр-ұлиды.
-Қазір балалар біз қағаздан түлкі жасаймыз.
Алдарыңда тұрған қызғалдақ қағаз қандай пішінге ұқсайды?
-Балалардың жауабы шаршыға ұқсайды.
-Балалар біз қазір осы қағаздан түлкі жасаймыз.
-Сендер маған қарап қайталайсыңдар.
Осы шаршыға ұқсас қағазды бүктеп ұшбұрыш жасаймыз.Үстіңгі ұшын
алдыңғы жаққа бүгіп , оң жақтағы , және сол жақтағы бұрыштарды
үстіне қарай бүктейміз.Ол бізде түлкінің басы болады. Енді екінші
шаршыдан денесін жасаймыз.Шаршыны бүктеп ұшбұрыш жасаймыз,


Page 4

астыңғы ұшбұрышты қайырамыз- бұл түлкінің құйрығы болады.Енді
желімді денесінің үстіңгі жағына жағамыз,оған басын жабыстырамыз.
Ал балалар бізде не шықты?
-Балалардың жауабы түлкі шықты.
-Олай болса қарындашты алып , түлкінің көзін ,тұмсығын , аузын
саламыз.
-Тамаша балалар бізде керемет түлкі шықты.Олай болса түлкімізді
алаңқайға апарып қояйық.
Рефлексиялық-түзетушілік
Қазір біз сендермен кубик арқылы «Кім тапқыр» ойынын ойнаймыз.
Осы ойын арқылы бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізді
пысықтаймыз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
08.10.2020
462
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі