Орманға саяхат

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Орманға саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша тәрбиешілеріне қажет,сабақ өткізген кезде көмегі тиеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орманға саяхат

( ертегі)

Мақсаты: Балалардың санасына ну орман, тоғай туралы түсінік бере отырып, өз ойларын ашық жеткізе білуіне ықпал жасау. Сөздерді анық айтып, есте сақтау қабілетін дамыту.

Міндеті:

Балалардың сөздік қорын дамыту, достық қарым-қатынасқа шақыру.

Балалардың ертегі әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру.

Ертегі арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Автор: Жап-жасыл жайқалған орман ағаштары, айнала жасыл шөп, жайнаған гүлдер, сайраған құстардың дауысы естіледі. Орман аңдары тып-тыныш өз тіршілігін жасап жатыр. Қоян секеңдеп, тиін ағаштан-ағашқа секіріп ойнап жүрсе, кірпі пысылдап жорғалап жүр, аю қорбаңдап жүрген кез болатын.

Бір кезде гүрілдеген дыбыс естіліп, бір автобуспен балалар орманға саяхатқа келеді. Орман аңдары олардан қорқып тығыла бастайды

Балалар сыртқа шығып, бір-біріне орман қандай тамаша деп, тамсана бастайды

Балалардың ішінен Нұрбол деген бала ары-бері жүгіріп, мәз болуда..

Нұрбол:

-Жеттім-ау орманға – Автор: деп, керіліп-созылып, бар дауысымен айғайлап құстарды шошыта бастайды. (А-а-а деп айғайлайды)

Балалар:

-Нұрбол сен алысқа кет пе, адасып кетесің , аю кездессе шошып қаласың деп, (олар бір жерде шоғырланып өз жөндерімен отырады)

Нұрбол:

-Жоқ, мен адаспаймын, аюдан да қорықпаймын

Автор: Нұрбол сол кеткеннен достарынан ұзап кетеді, алдынан шыққан кірпіні ұстап алып:

Нұрбол: Сен кімсің, не істеп жүрсің? деп, мойнынан қыса бастайды. Сонда

кірпі:

Кірпі, кірпі, кірпімін

Үстім толған ине,

Бірін берсем шіркіннің

Қадар едің түйме

Босатшы, мені үйге дейді


Нұрбол:

-Жоқ мен сені босатпаймын, мен сенің тікенегіңнен де қорықпаймын,- Автор: деп, кірпі әрең қашып құтылады.

Автор: Нұрбол ағаш бұтақтарын сындыра бастайды, алдынан тиін шығады

Нұрбол:

-Саған не керек?

Тиін:

Бұтақтарға секіріп,

Әр жерден қылт етемін,

Кейде жаңғақ кеміріп

Жоғары өрлеп кетемін,

Бұтақтарды сындырсаң,

Үйге қалай жетемін ?


Нұрбол:

-Мені бөгеме, былай тұр жолымнан!

Сол кезде алдынан қоян шығады

Қоян:

-Мұның ұят болады, әдепті бала олай жасамайды

Нұрбол:

Мен әдепті баламын

Осында мен қаламын

Құлағың қалқимай,

Кетші, өзің мұнда тұрмай

Сен өзің кімсің?

Қоян:

Мен қоянмын, қоянмын

Бәрінен де қорқамын,

Бұғып қана жатамын

Сенен де мен қашамын


Нұрбол:

-Ха-ха-ха- Автор: деп күледі ағаш бұтақтарын сындырып сіріңке алып жаға бастайды

Енді оған шыдай алмаған аю ырылдап Нұрболдың қасына келеді

Аю: ыр-ыр-ыр

Нұрбол:

-Сен.... кімсің? (аюдан шошыңқырап)

Аю:

Тәтті көрсем бас салам,

Айнымаймын баладан,

Үп-үлкен боп жасқанам

Кіп-кішкентай арадан

Мына қылығың дұрыс емес,

Болса, сенде ақыл-ес,

Бірақ сенен қорықпаймын

Табиғатты қорғаймын,

Сен мені тыңда ,

Табиғатты қорға!




Нұрбол:

-Маған, сен тиіспеші дейді

Аю:

-Балақай сен мені тыңда, былтыр орманға демалушылар келіп, солардың кесірінен орман ағаштары жанып, өрт сөндірушілер келіп әрең өртті сөндіргенбіз

Нұрбол:

Кешіріңдерші мені орман аңдары, ағаштары.Мен бәрін түсіндім,- (Автор:) - деп қасына достарын шақырады.

Орман аңдары:

-Жарайды Нұрбол. Біз сені кешіреміз. Енді бұндай қателіктерге бой алдырмауға тырыс. Орман аңдарымен дос болуға шақырамын.

Хормен:
Табиғатты қолдай біл
Аң құсында қорғай біл
Білуіміз керек оны біз
Бізде табиғаттың ұлымыз
Табиғат бөлек демеңіз
Сол үшін жауап береміз.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2018
446
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі