"Орманға саяхат"кіші топ Сенсорика , сурет салу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Орманға саяхат"кіші топ Сенсорика , сурет салу

Материал туралы қысқаша түсінік
Үлкен және кіші заттарды ажырату. Қолдың қимыл қозғалысын,ойлау қабілетін дамыту.Балалардың танымдық және сөйлеуін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өткізу күні:

Тобы: Кіші жас «Дарын»

Дағдыдылар: «Таным және зияткерлік дағдылары»  «Шығармашылық дағдыларын зерттеу, іс-әрекетінің дамуы» 

Ұйымдастырылған қызмет: Сенсорика, сурет салу
Тақырыбы: «Орманға саяхат».

Мақсаттары: Балалардың танымдық және сөйлеуді дамыту туралы білімдерін кеңейту
1.Оқыту : Үлкен және кіші заттарды ажырату, олардың көлемін атау
2.Дамытушылық: Қолдың қимыл қозғалысын, ойлау қабілеттерін дамыту
 3.Тәрбиелік:қамқорлыққа тәрбиелеу
Педагогикалық технологиялар: ойын түрінде
Көрнекі құралдар/материалы: Жұмсақ Қоян, Аю, сәбіз, геометриялық пішіндер, гуашь, сулы майлықтар
Билингвалдық компонент: Қоян-заяц, Аю-медведь, сәбіз-морковь

1.Ұйымдастырушылық  кезеңі/Организационный момент:

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме! Балалар

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Балалар біз ояндық! Енді денемізді оятып алайық.

Қане, көзім сен тұр, ояна ғой. Балалар көздерін сыйпайды.

Бастарын сыйпайды.

Қолым сен тұр, ояна ғой деп қолдарын сыйпайды.

Құлағын сыйпайды.

Аяқтарын сыйпайды. Балалар бәріміз денемізді оятып алдық.

2. Негізгі бөлімі:

Енді мына шарды үрлеп шардың, жібінен ұстап орманға саяхатқа барамыз.

Балалар, қараңдаршы қоянға анасы тапсырма беріпті.

Сәбіздерді екі себетке бөліп салу керек екен. Үлкен және кіші сәбіздерді екі себетке бөліп салады. Түсін және пішінін айтады тәрбиеші. Балалар қоянға біз сенімен ойын ойнағымыз келіп тұр дейді. «Қояндар» биі.

Қоян болып секіреді.

Қоян: Рақмет! Сау болыңдар балалар!

Балалар енді біз аюға барайық. Паравоз болып жүріп, аюдың үйіне барады. Аю ұйықтап жатады. Аюды оятады.

Аю, аю тұршы,

Бетіңді жушы,

Шашыңды тарашы,

Айнаға қарашы.

Аю айтады, балалар маған сендердің көмектерің керек деп.

Мен үйімді құлатып алдым, құрастырып бересіңдер ме деп сұрайды.

Балалар иә деп келіседі.

Балалар геометриялық пішіндерден аюдың үйін құрастырады.

Балалар аюмен қоштасып топқа қайтады.

Дидактикалық ойын

«Ұқсас затты тап!» ойыны.

Ойынның тәрбиелік мәні. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелекке ұқсас заттарды тауып, атын атай білуге үйрету. Баланың түстерді, пішінді ажыратудағы ой-қиялын дамыту. Ойынға басшылық. Тәрбиеші үш түрлі - ▲●■ пішіндерді көрсетіп, аттарын сұрайды. Оларды атаған соң, түстерін сұрайды. Бұдан кейін балаларға тапсырма береді. Тәрбиеші: - таратып берілген суреттерге қарандар, мен үшбұрышты көрсетем, соған ұқсас сурет тауып көрсетіндер (төртбұрышты көрсетеді, дөңгелекті көрсетеді). Балалар өздеріндегі ұқсас затты көрсеткенде, олардан не екенің, түр-түсін сипаттап айтуды талап етеді.

3 Рефлексия-Қорытынды:

Балалар бүгінгі орманға саяхатымыз ұнады ма?

Біз орманда кімдерге көмек көрсеттік?

Біз қандай пішіндерді білдік

Балаларды мадақтау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.11.2024
182
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі