Қайырлы таң
достым, Қайырлы күн
болсын. Ісіміздің әр
кезі, Сәттілікке
толсын!
Тәрбиеші:Балалар,бүгінгі көңіл-күйлерің
қандай?
Осы жақсы көңіл –күйімізбен сабағымызды
бастайық.
–
Балалар, қазір
жылдың қай
мезгілі?
–
Қыс мезгілінде ауа-
райы қандай
болады?
Дұрыс айтасыңдар, қыста үйіміз
жылы болу үшін, үйге біз не
жағамыз?
–
Олай болса, балалар,
бүгінгі сабағымызда «Өрт қауіпсіздігі» деген тақырыпта
әңгімелесетін
боламыз.
Балалар мынау ненің дыбысы кәнекей мұқият
қарайықшы біздің топқа қонаққа келе жатқан
секілді.
Тосын
сәт: Топқа қолында сіріңке
мен оттығы бар Қоян
келеді.
Қоян: Қалайсындар балалар,
сендер не істеп отырсыңдар көңіл- күйлерін жоқ, жүр кеттік
ойнаймыз, менде мынадай оттық пен сіріңке бар.Жүріндер
ойнайық.
Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе Қоян қош
келдің,сіріңкемен ойнауға болмайды, өрт қауіпсіздігін білу әр
баланың міндеті!, сен бізбен болып оттықпен ойнаған қандай қауіпті
екенін түсін.
Балалар, от деген сөз
өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От - өмір сәні. Отсыз
тіршілік жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді, үй жылымайды. Ал тамақ
ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге
деген қызығушылық қасиетіміз жоғалады. Оттың сол сияқты зияны да
бар. Өрт біздің
жауымыз.
Балалар өрт тілсіз жау. Біз
үлкендердің көмегінсіз үйдегі газдың,сіріңкенің, разетканың қасына
жақындауға болмайтынын білуіміз керек.
Балалар біз әрқашан өрттен сақтануымыз керек. Егер де байқаусызда
өрт шықса не істеу керек? Өрт шыққан кезде не істеу
керек?
Слайд бойынша телефон шалуды
айту.
Тақтаға назар аударту. (видеоролик
көрсетіледі)
Ойын: «Қауіпті және
қауіпсіз заттар»
Сандықтың ішінде бірнеше
заттар бар. Енді мұқият қара, осы заттардың ішінде қайсысын
сендерге ұстауға немесе пайдалануға болмайды? сол заттарды
табу.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Сендер
от туралы жақсы біледі екенсіңдер, енді орнымыздан тұрып шамалы
сергіп алайық.
Сергіту
сәті
Тәрбиеші:Өрттен сақтану туралы
бекітіп,балалардың мақал - мәтелдерін тақпақтарын
тыңдайық
Қоян: Жарайсыңдар балалар! Мен оттықтың, шырпының
ондай қауіп тұдырады деп ойламаппын, енді оттықпен, шырпымен
ойнамаймын. Рахмет сендерге келгенім қандай жақсы болды, сендерден
көп зат үйрендім, білдім. Енді мен кетейін, сау
болыңдар!
Өрт белгілері арқылы балалар екі топқа
бөлінетін боламыз. Бүгін сурет салу жұмысында қандай сурет
салатындарын түсіндіріп мұқият
көрсету.
Ақ қағаздағы үйдің жанына
гуаштың қызыл,сары,
қызғылтсары түстерін
тамызу.

2ші : Гуашь бетіне целофанды
жабу.
3ші : Сол қолмен астыңғы жағынан басып отырып,оң
қол
саусақтарымен бояуды целофан үстімен жоғары
жағып,
от
бейнесіне келтіру.
4ші : Төменгі жағынан жоғары қарай көтеріп
целофанды
еппен алу.
5ші: Кептіру.
6шы: Өрт сөндіру машинасын қағаз бетіне
жапсыру.

7ші: Сары түсті ермексазды ширату арқылы су
шашатын шланганы жасап
орнатады. 
Балалар,сендер отпен ойнаудың
қаншалықты қауіпті екенін білдіңдер.Егер өрт болған жағдай да
өзімізді қалай ұстау керекпіз.
1. Өрт сөндіруге қарсы «101» телефонына қоңырау шалу
керек және өз мекенжайыңызды айтуыңыз қажет, үйден жүгіріп
шығу және көмекке адамдарды шақыру
кажет.
2. Егер сіздің телефон жоқ болса
«Өрт!»- деп қатты дауыспен сырттағы адамдарды көмекке шақыру
керек.
3. Өрт шыққан кезде еденге
жатып мұрын мен ауызды сулы орамалмен жауып еңбектеп немесе
жорғалап есікке қарай шығу
қажет.
«Сұрақ-жауап» ойыны арқылы
қорытындылау.
Тәрбиеші: Рақмет
сендерге,балалар!Міне, балалар бүгін біз «Өрт қауіпсіздігі !»
деген тақырыпта өрттен сақтану жолдарын білдік. Жоғарыда
айтылғандарды естеріңде сақтап, әдепті болып
жүріңдер.
|