Материалдар / "Өрт қауіпсіздігі" тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Өрт қауіпсіздігі" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты "Өрт қауіпсіздігі" ересек және ортаңғы топтарға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2018
8418
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

26 «Балапан» бөбектер бақшасы























Тәрбиешілер: Ж.Б.Кабытаева

А.Н.Жұмақанова










2017-2018 оқу жылы



«Өрт-қауіпсіздігі» ережесін сақтаймыз!


Жүргізуші: -Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, балабақшамыздың кішкентай бүлдіршіндері. Бүгінгі ортаңғы «Нұрсәуле» тобымен ұйымдастырылып отырған

«Өрт-қауіпсіздік» ережесін сақтаймыз атты іс-шарамызға қош келдіңіздер.

-Бүгінгі іс-шарамызға қонақтар келіп отыр екен. Балалар бүгін сендер өрт қауіпсіздігі ережелері жөнінде көптеген мағлұматтар алатындарыңа сенімдімін.

Жүргізуші: -Балалар, өрт қауіпсіздігі дегеніміз не?

Балалар: -Отпен, газ плитасымен, электр құралдарымен ойнамау.

Жүргізуші: -Дұрыс айтасыңдар, балалар. Отпен ойнамау керек, себебі ол өте қауіпті. Бірақ оттыңда пайдасы бар екен. Оттың қандай пайдасы бар екенін білесіңдер ме?

Балалар: -От үйімізді жылытады, тамақ істейміз.

Жүргізуші: -От боймызды жылытады. От - өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымыз піспейді, үйіміз жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Отты тек үлкендердің бақылауымен ғана пайдалану керек екенін ұмытпаңдар. (Слайд көрсету)

Жүргізуші: -Мінеки, балалар оттың зиян жағы сіріңкемен ойнаған бала күйеді, ал пайдасы боймызды жылытады екен. Ал, енді от жайында балалар бірнеше тақпақтарды қайталап айтайықшы.

Бірінші:  От жақпа күйерсің, 

Оттың ісі қуырмақ,

Өртеніп жүрерсің.

Желдің ісі суырмақ.

Екінші:  Сіріңкені ұстасаң,

Қазір жанған жалынды,

Бәлеге сен түсерсің.

Алып ұшып қуалмақ.


Хор: «Ел қорғауға әзірміз» әні: Күнсайын. Қуатбаев

1.Аязда да тоңбаймыз
Аптапқада төземіз,
Түнде де жол барлаймыз,
Суда еркін жүземіз.

Қайырмасы:
Бұл шақта,бұл шақта,
Кішкетаймыз қазір біз
Кішкентай болсақ та,
Ел қорғауға әзірміз.


2.Біз Отанды сүйеміз,
Біз Отанға адалмыз
Көгілдір ту — иеміз,
Қалай жасық болармыз.


Жүргізуші: -Ал, енді мына суретке қараңдаршы, бұл жерде не көріп тұрсыңдар?

Балалар: -Бұл – газ плитасы.

Жүргізуші: -Газ плитасын біз не үшін пайдаланамыз?

Балалар: -Газ плитасын, біз шай қайнатып, тамақ пісіруге пайдаланамыз. Газ плитасын үлкендер ғана пайдаланады. Себебі уланып қалуы мүмкін.

Жүргізуші: -Дұрыс айтасыңдар балалар, газ плитасын тек үйіміздегі үлкендер ғана пайдаланады. Ал, балалар маған айтыңдаршы егер өрт болған жағдайда қайда хабарласамыз? Ол жайында бізге Ахмет айтып берсін.

Ахмет: Өртпен түтін айнала,

Қарап тұрма жай ғана.

Тез хабар бер 101-ге,

Уақытты сен байлама.

Жүргізуші: -Балалар, енді сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, жауабын таба аласыңдар ма?

Балалар: -Әрине жауабын табамыз.

Жүргізуші: Үйде тұр бір жұлдыз,

Ол барда түн-күндіз.

Балалар: -Жауабы: Электр лампасы

Жүргізуші: -Электр лампасын тәуліктің көбіне қай мезгілінде қолданамыз?

Балалар: -Кешке және түнде пайдаланамыз.

Жүргізуші: -Келесі өртке қауіпті нәрсе –электр құралдары. Үйдегі үлкендердің көмегімен ғана ол құралдарды пайдалануымызға болады. Балалар осы сақтық шараларын орындамасақ, тіпті өрт шығу қаупі орын алады. Электрдің пайдасы да, өте көп, оның көмегімен қандай шаруаларды бітіреміз, электр құралдарын қай кезде пайдаланамыз?

Балалар: -Үтіктегенде, тоңазытқышты қосқанда, теледидар көргенде, шаңсорғышты пайдаланғанда, кір жутын машинаны қосқанда пайдаланамыз.

Жүргізуші: -Балалар тағы бір тақпақтарды қайталайықшы.

Балалар:

1.Электрсыз шырағым, 

Болмай-ақ қой шүбәлі.

Теледидар, үтік те-

Барлығы істен шығады.


2.Тату өскен баламыз,

Айтқан тілді аламыз,

Нанға кетсе анамыз,

Үйде өзіміз қаламыз.


3.Іші пысқан балалар,

От жақты шөпті бықсыта.

Бықсып жанған от енді,

Алып-ұшып жөнелді.

Өшірем деп ұмтылған,

Балаларға көнбеді.


Сергіту сәті:

Тік ұста бойыңды.
Жоғары соз қолыңды.
Соз қолыңды тағыда.
Жеткіз жираф мойынына.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.

Аяқтары тыпырлап,
Күлкілері сыңғырлап,
Шаттанады қол бұлғап.
Ұшынан басып аяқтың,
Тік тұрайық жығылмай.


Жүргізуші: -Балалар, өрт қауіпсіздігі жайында айттық. Енді осы өртті сөндіретін адамдарды біз кім деп атайды екенбіз?

Балалар: -Өрт сөндірушілер деп атаймыз.

Жүргізуші: -Дұрыс айтасыңдар, өрт сөндірушілер үлкенді де, кішіні де барлығын өрттен құтқарады . Өрт сөндірушілер арнайы көліктермен жүреді. Олардың арнайы тігілген, от өтпейтін киімдері болады.

Жүргізуші: -Бүгін сендерге қонақтарымыз өздерінің өрт сөндіруге арналған құралдарымен суреттер арқылы таныстыруға келген екен.

-Қанеки қонақтарымызды ортаға шақырып мұқият тыңдайық.

  1. Арнайы өрт сөндіргіш көлік;

  2. Арнайы киім;

  3. Арнайы өрт сөндіргіш заттар.


Ән: «Өрт сөндірушілер» Орындайтын: Ортаңғы «А» тобының ұлдары.

(Ұлдар жұлдызшаларға тұрып «Өрт сөндірушілер» гимнін орындайды.) 
1.Өршелеген өртті сөндіруші, 

Біз боламыз өрт сөндіруші. 
Жауыз жалын, қара түтін бізді көріп, 
Шегінеді, шегінеді ол бірінші. 

Қайырмасы: 
Біз өрт сөндіргіш батырлармыз, 
Қатал өртті де тыңдатамыз. 
Егер де өрт шыға қалса, 
Сөндіруге оны жұмыламыз. 

2.Көмекке әрқашанда келеміз, 
Қиын сәтте көмек қолын береміз. 
Қауіпті, тілсіз жауды бағындырсақ, 
Міне, нағыз біздердің ерлігіміз. 

Жүргізуші: -Балалар, бүгін біз өрт қауіпсіздік ережелерімен таныстық. Өмірімізге қауіп тудыратын заттармен ойнамау керектігін айттық. Сендер де өздеріңе қажетті мағлұматтарды алдыңдар. Енді өрт қауіпсіздігі ережесін етеріңде сақтап жүруге сөз бересіңдер ме?

Балалар: -Ия, сөз береміз. Өрт қауіпсіздік ережесін әрқашан есте сақтап жүреміз.

Жүргізуші: -Ал, енді мен сендердің өрт қауіпсіздігін қаншалықты сақтайтындурыңды білу үшін сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Мен қазір сендерге сұрақтар қоямын, егер болады десеңдер қызыл шеңберді, ал болмайды дейтін болсаңдар онда жасыл шеңберді көтересіңдер.


ОЙЫН Сұрақтар арқылы:

  1. Өрт болғанда 101-ге қоңырау шалуға болады ма?

  2. Өрт кезінде төсектің астына, шкафка тығылуға болады ма?

  3. Үлкендерді айғайлап шақыруға болады ма?

  4. Өрт шыққан жерде қалуға болады ма?

  5. Өрт кезінде терезе, есікті ашуға болады ма?

  6. Өрт кезінде су немесе құм, топырақ шашуға болады ма?

  7. Жанып тұрған сіріңкені жерге тастауға болады ма?

  8. Басымызды, бет аузымызды ылғалды сүлгімен орауға болады ма?

  9. Өрт кезінде электр жүйесін пайдалануға болады ма?

  10. Көршілерді көмекке шақыруға болады ма?


Жүргізуші: - Жарайсыңдар, балалар өрт қауіпсіздігі жайында толық біліпсіңдер.

Хор: «Бейбітшілік»

Жүргізуші: -Құрметті қонақтар, сіздер де әрқашан өрт қауіпсіздігі ережесін сақтап жүретіндеріңізге сенімдімін.

-Келесі кездескенше сау болыңыздар.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!