Материалдар / өрт сөндіргіш құралдар және олардың түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

өрт сөндіргіш құралдар және олардың түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
өрт қауіпсіздігі туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2021
489
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өрт сөндіргіш құралдар және олардың түрлері

А.А. Ибраева- М.Тынышбаев атындағы

ҚазККА Ақтау көлік колледжі

Мамандығы: 1203000-«Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»

Біліктілігі: Техник

Пәні: Еңбекті қорғау және экология негіздері

Курс, тобы: 2 курс, ОПЖД-11/15-01


Сабақтың тақырыбы: «Өрт сөндіргіш құралдар және олардың түрлері»

Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі:Студенттерді өрт сөндіргіш құралдармен таныстыру, олардың түрлері туралы мағлұмат беру

Дамытушылығы:Студенттердің ойлау қабілетін дамыту, пән бойынша алған білімін қолдана отырып, тез шешім қабылдауға бейімдеу

Тәрбиелігі: Студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, қауіпсіздік техникасын жетік меңгеруге, жауапкершілікке, байсалдылыққа, шапшаңдыққа баулу.

Пәнаралық байланыс:«Экология», «Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі және жолдағы қауіпсіздік техникасы»

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері:«Миға шабуыл», Сәйкестендіру, Кубизм

Сабақтың көрнекілігі: Н.Жаданов «Еңбекті қорғау» 2010ж оқулығы, тақта, смайликтер, өрт сөндіргіш құралдар, өрттен қорғану қалқаны, еңбекті қорғауға арналған плакаттар, т.б

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру бөлімі (2мин)

1. Психологиялық дайындық ( амандасу, студенттерді түгендеу, көңіл күйлерін сұрау)



2.Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)

Қайталау (Миға шабуыл) Ғажайып алаң ойыны

Сұраққа жауап беру
Сұрақтар:

1.Тамырдан қан кету орын алғанда қан кетуді тоқтату үшін қандай көмек көрсетесіз және қандай құралдарды пайдаланасыз? (көрсету керек)

2.Ауыз арқылы дем беру техникасы туралы ойыңыз?
3.Күйіктердің түрлеріне сипаттама беріңіз.
4.Адам есінен танғанда пайдаланылатын спирт түрі?
5.Стирильденген таңғыш дегеніміз не?

6.Сүйек сынған кезде, мысалы, қол сынғанда көрсетілетін АМК көрсетіңіз. (көрсету керек)

7.Суға батқан адамға қандай алғашқы медициналық көмек көрсетесіз?

8.Улы химикаттармен уланған адамға көмек көрсету жолдарына мысал келтіріңіз.

9.Жүрекке массаж жасауды көрсетіңіз және ол қандай жағдайда жүзеге асырылады? (көрсету керек)

10.Электр тогымен зақымданған адамға көмек көрсетуші адамның табысқа жетудегі негізгі шарттары?

3.ЖАҢА САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ: (10 мин)

Жаңа сабақты түсіндіру

1. Өрт сөндіргіш құралдар

2. Көбікті өрт сөндіргіштер 
3. ОУ-2 көмір қышқылды өртсөндіргіш
4. Өрт машиналары

5. Өрт сөндіру қалқаны



4. Жаңа тақырыпты бекіту (5 мин)

А) (сәйкестендіру)

1.Өрт сөндіргіш құралдарын атаңыз.

Су, көбік, көмірқышқыл, инертті газ, құм, брезент, киіз, асбест

2.Жанар жағар майды сөндіру үшін ......... өрт сөндіргіш пайдаланады.

Көбікті

3.Электр тогы жүріп жатқан аймаққа және өртке шалдыққан адамға көбікті өрт сөндіргішті қолдануға болама?

Болмайды

4.Өрт сөндіру құрал-жабдықтарына не жатады?

Су құятын бактар, өрт шелектері, құм салатын жәшіктер, өрт сөндіргіш аспаптар тақтасы

5.Өрт сөндіру қондырғыларын атаңыз.

Гидранаттар, өрт крандары, сорғылар

6.Өрттен қорғану құралдарын атаңыз.

Саты, арқан

7.Өрт машиналарының түрлерін атаңыз?

Автомобильдер, мотопомпалар, тікұшақтар, ұшақтар

8.Жанып жатқан электр тогын қандай өрт сөндіргіш түрімен сөндіреді?

Көмір қышқылының көмегімен

9.1 өртсөндіргіш құралдың қуаты қанша қашықтықтағы отты өшіреді?

6 метр

10.Қалқанның құрамын атаңыз?

Шелек, сүймен, киіз, құм, балта



Б) Кубизм әдісі. (Кубикті лақтыру арқылы) (8 мин)

1.Өрт сөндіруші автомобильдер қандай түспен боялады және қандай құрылғылармен жабдықталады?

2.Өрт сөндіргіш құралдарды толтырылғаннан кейін қандай қандай жұмыстар жасалады?

3.Өртті болдырмау үшін құрылыстарға алдын ала жүргізілетін техникалық шараларға сипаттама беріңіз.

4.Өрт сөндіруші автомобильдердің негізгі және қосалқы бөліктерінің атқаратын қызметі туралы не білесіңдер?

5.Өрт сөндіру кезінде қауіпті аймақтардағы өрт сөндіруші қызметкерлер қандай арнайы киім киюі керек?

6.Өрт сөндіргіштердің жарамдылығы қанша уақытта тексеріліп тұруы тиіс?


5.Ситуациялық сұрақ (7 мин)

1.Сіз жолсеріксіз.Кезекті сапарыңыз жаңа жылмен тұспа тұс келді.Жолаушылар жаңа жылды тойлау үшін вагонда бенгал отын тұтандырды, ұшқын төсенішке түсіп, арты өртке ұласты.Сіздің әрекетіңіз?

2.Жұмыс орнындасыз.Кенеттен күйіктің иісі шығып, желіде қысқа тұйықталу әсерінен өрт шыға бастады.Жақын жерде ажыратып-қосқыш, өрт сөндіргіш құралдар көрінбейді.Сіздің әрекетіңіз?

3.Адам өртене бастаса сөндіру үшін қандай әрекет жасайсыз және қандай құрал пайдаланасыз.

4.Көк түтінге оранған ғимараттың ішінде қалдыңыз делік.Ештеңе көрінбейді.Сіз уланбай түтіннен сыртқа шығуыңыз керек.Бұл жағдайдағы әрекетіңіз?

6. Бағалау (2 мин)

7.Үйге тапсырма (1 мин)


1. Н.
Жаданов «Еңбекті қорғау» 2010 ж.121 бет Өрт сөндіргіш құралдар

2. Үш тілге аудару (щит, огнетушитель, насос, гидрант, мотопомпа, пена, порошок, углекислотные, аэрозоль)

3. Өрт сөндіргіш құралдарға слайд жасау









Өрт сөндіру үшін суды, көбікті, үгінділерді және инертті газдарды пайдаланады.
Суды өрт сөндіретін жеңдер, зеңбіл арқылы қолданады. 
Төмендегі аталған нәрселер өрт кезінде судың көзі болып табылады:
- өрт сөндіру гидрантарымен жабдықталған өрт сөндіру су құбырлары;
- арнайы крандармен, зеңбілдермен, жеңдермен жабдықталған ішкі су құбыры;
- арнайы жабдықталған бүкіл су құбырлар жүйесі.
Көлдердің, өзендердің суларын пайдалануға болады. Объектілердің ауласында арнайы бөшкелерде су қорын сақтауға болады.
Кейбір жағдайларда суды өрт сөндіруге қолдануға болмайды. Мысалы, калий, натрий, кальций карбидін, алюминий үгіндісін т.б. заттарды су арқылы сөндіруге болмайды.
Электр қондырғыларды да сөндіруге су қолдануға болмайды.
Ағашқы өрт сөндіру құралдарына қол және жылжымалы өрт сөндіргіштер, құм салынған жәшіктер, су құйылған бөшкелер, шелектер т.б. жатады.
Әр мекемеде алғашқы өрт сөндіру құралдары тұратын арнайы қабырға болады. Сол қабырғада алғашқы өрт сөндіру құралдары толығымен нұсқаулыққа сәйкес түрде орналасуы керек.
Өрт сөндіргіштердің түрі – көбікті, көмірқышқылды, үгінді түрде болады.Өрт сөндіру жабдықтарына спринклерді және дречерлі қондырғылар жатады.

Барлық мекемелерде алғашқы өрт сөндіру құралдары нұсқаулыққа сәйкес , толығымен және іске жарамды түрде тұруы қажет.
Бұл шара үшін арнайы бекітілген өрт сөндіру қызметшісі немесе арнайы нұсқаулықтан өткен адам жеке басымен жауап береді.
Өрт сөндіргіштер мен өрт сөндіру крандары нөмірленіп арнайы журналда тіркеліп тұруы керек. Журналда өрт сөндіргіштердің соңғы рет толтырылғаны мерзімі, кранның соңғы тексерілген мерзімі көрсетілуі керек. Өрт сөндіру крандары және өрт сөндіргіштерге пломба салынып папорт ілініп қояды. Пломба жоқ болса өрт сөндіргішті алып іске жарамдылығын тексеріп толтырылғанын тексереді.
Өрт сөндіргіштерді арнайы өрт сөндіру қоғамының шеберханасында толтырады. Пайдалану мерзімі өтіп кеткен көмірқышқыл газды өрт сөндіргіштерді дереу ауыстырады. Баллонның жоғары жағында мерзімі жазылады. Бірінші сан- айы, екінші – жылы, соңғы- келесі толтыру жылы деп есептеледі.
Кезекті қарау кезінде өрт сөндіргіштерді сыртын шаң мен кірден тазалап отыру керек. Тот басқан жері немесе сырдың кеткен жері болса, дереу тотты қырып тастайды да, керосинделген шүберекпен қырған жерін сүртеді де, жаңадан қызыл сырмен сырлайды.
Көбікті өрт сөндіргіштердің мембранала және сепкіш қасиетін тексеру жөн. Өр сөндіргіштерді жабық жайларда орналастыру керек. Егерде ашық ауада орналастырылған болса өрт сөндіргіштердің үстіне төбе жасайды, немесе арнайы қызыл түсті сырға боялған шкафтарға орналастырады. Көмірқышқыл газды өрт сөндіргіштерге ерекше қатаң талап қойылады. Әсіресе ылғал тимеуі қажет, жылыту аспаптардың жанында қоюға болмайды, күн сәулесі түсетін жерден аулақ болуы керек.
Су сепкіш жеңдерді де ерекше күту керек. Оларды уақытында шаңнан тазартып, орнын ауыстырып отыру керек. Ылғал жеңдерді кептіріп отыру қажет. Өйткені осы шаралар орындалмаса, жеңдер тез тозып кетеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!