Материалдар / Өрт сөндіру ашық оқу қызметі

Өрт сөндіру ашық оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне керек
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Білім беру саласы: Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға өрт туралы түсінік беру. Өрт тілсіз жау,өрттен сақтану жолдарын үйрету. Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру, өз өмірлері үшін жауапты екенін ұғындыру.

Дамытушылық: Кенеттен пайда болатын жағдайларда керекті телефон нөмерлерін жатқа айтқызу, тақпақ, сурет арқылы ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларға жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, әдепті және байыпты сөйлеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа үлкеннің айтқанын тыңдай білуге тәрбиелеу.       

Әдіс-тәсілі: Шаттық шеңбер, әңгімелеу, түсіндіру, сурет бойынша әңгіме қортындылау. 

Көрнекілігі: АКТ

Қостілділік: Өрт-пожар, сіріңке-спичка

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң достым,

Қайырлы күн болсын.

Ісіміздің  әр кезі,
Сәттілікке толсын!

Балалар, от деген сөз өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От - өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді, үй жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылық қасиетіміз жоғалады. Оттың сол сияқты зияны да бар. Өрт біздің жауымыз.

Балалар өрт тілсіз жау. Біз үлкендердің көмегінсіз үйдегі газдың,сіріңкенің,разетканың қасына жақындауға болмайтынын білуіміз керек.
Балалар біз әрқашан өрттен сақтануымыз керек. Егер де байқаусызда өрт шықса не істеу керек? Тақтаға назар аударту. (видеоролик көрсетіледі)

Сергіту сәті: Өрт пен түтін айнала

                       Қарап тұрма жай ғана

                       Тез хабар бер 101-ге

                       Уақытты сен байлама

Тәрбиеші:Өрттен сақтану туралы бекітіп,балалардың мақал - мәтелдерін тыңдайық.

Сақ жүрсең сау жүрерсің.

Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Естеріңде болсын: «Отпен ойнама, күйерсің», «Өрт – тілсіз жау».


























































ЖИ арқылы жасау
29 Қараша 2020
1162
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі