400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өрт туралы тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Өрт тәрбие сағат қмжы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Өрттің пайда болу себептері»

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының тақырыбы:

«Өрттің пайда болу себептері»

Сынып сағатының мақсаты:

Өрт қаупі кезіндегі ең алғашқы қауіпсіздік ережелерін тұрмыстық

жағдайларда ескеруге машықтандыру.

Сынып сағатының міндеті:

  • Табиғатта болатын өрт қаупі кезіндегі ең алғашқы қауіпсіздік ережелерін ескеруге үйрету;

  • Өрт қаупі төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру

Бағалау критерийлері:

  • Өрт қаупі кезіндегі ең алғашқы қауіпсіздік ережелерін тұрмыстық жағдайларда ескереді.

  • Өмірдің өзгермелі жағдайында өздерін қорғай алады.

Сынып сағатының түрі:

Open Space

Ашық кеңістік технологиясы-жиналыстарды, конференцияларды, корпоративтік көшпелі іс-шараларды, қоғамдастықтардың симпозиумдары

мен кездесулерін өткізу әдістемесі...Бұл жерде сынып сағатының ашық алаңдағы көрінісі ретінді.

Игерілетін дағды:

Айтылым

Ресурстар:

Флипчарттар, маркерлер, пазлдар, көрнекті суреттер, алғашқы

көмектің құралдары

Функциональдық

сауаттылық:

Жедел жағдаяттар кезіндегі сауаттылық

(оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты)

Жүру барысын алдын ала үйлестіру


Алғашқы сөз (кезең)



Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Сынып жетекші алдын ала шара орынын таза ауадағы кеңістікте дайындап қояды. Бұл жердегі көрнекіліктерді қолдану оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай (1,2,3,4-сыныптар) өзгертіліп алынуы мүмкін.

Сынып жетекшісі оқушыларды өз қажетіне қарай топтарға бөледі.

Сынып жетекші: - От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От - өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды.Десек те, мына бейнебаянға назар аударсақ, оттың зиянды жағын да көреміз.(Оқушылар назарына гаджеттен ( топ санына қарай гаджет саны тең болуы тиіс) «Отпен ойнама, балақай!» бейнематериалы ұсынылады.) Тапсырма № 1

Бейнебаян мазмұны бойынша өрттің шығу себебін анықта және бейнебаян кейіпкерлерінің іс-әрекеттерінің дұрыстығына көңіл аудар.

Бейнебаян сілтемесі https://youtu.be/6V3tSWZCptc


Тапсырма №2

«Пазлдағы жасырынған ой» ойыны

Түрлі-түсті суреттердің қиындыларын (Пазл) жасырылған жерлерден тауып, құрастыру. Суреттер мазмұнын келесі топқа іс-қимыл жасап көрсет, қарсы топ ойды анықтап айтады және өз ойларымен толықтырады.


Тапсырма №3

«Сұрақтар жаңбыры» ойыны

Таза ауадағы қоржын ішіне жасырынған сұрақтарды таңдап, шешімін, шығу жолдарын топ ішінде талқылайды.

Сұрақтар:

-Өрт сөндіру қызметін шақыру үшін неге «101» нөмері таңдалынып алынған? (себебі, ол-қарапайым, әрі оңай. Есте сақтауға жеңіл. Екіншіден, ол қысқа, қараңғы жерде де теруге ыңғайлы.)

-Өрт сөндіру қызметін шақыру кезінде 101-телефоны арқылы қандай ақпараттар беру қажет?

(өрт болған нысанның орналасқан мекен-жайын, өрттің шығу орны мен өзінің фамилиясын дереу хабарлау қажет)

-Өрт сөндірудің алғашқы құралдарына нелер жатады?




Shape1












Соңы (бекіту)

(2 көпіршікті өртсөндіргіштер, 2 шелек, күрек пен балта, багор, лом. Қалқан жанында құм салынған жәшік болуы керек.)

-Өрт болып жатқан үйдегі немесе пәтердегі терезені сындыруға бола ма? ( Болмайды. Себебі, сынған терезе арқылы үйге ауа келеді де, ол өрттің иодан әрі күшеюіне әкеледі).

-Егер үйде газ ашық қалып, үйге таралған жағдайда электр жарығын қосу керек пе?

(электр қосқышты, разетканы пайдаланған кезде жалын шарпуы мүмкін, осының нәтижесінде газдың жарылысы болады).

-Өрт сөндірушінің қызмет киімі қандай қызмет атқарады?

(өрт сөндірушіні судан, жоғарғы температурадан, өрт сөндіру кезіндегі түрлі травмалық жарақаттардан қорғайды).


Кері байланыс «Бэкроним» әдісі бойынша «Өрттен сақтан!» сөзінен сөздер құрау, ол сөздер бүгінгі айтылған ойдың нәтижесіндей болуы шарт.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22.11.2023
237
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі