«Гагарин атындағы №34 ЖОББМ»
КММ
қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімі
Космуратова Шолпан
Тауасовна
Орта буында оқушының сөздік
қорын байыту, сөздік жұмысы
Қазақстанда білім беру
жүйесіндегі өзекті мәселелер қатарына шоқтығы биік болып әрқашан
мемлекеттік тілді меңгерту мәселесі тұрады. Тіл-адамазат баласының
рухани күш қуаты, елдігіміздің тірегі де тілегі, сол себепті де оны
қазақ халқы ғана емес, елімізді мекендейтін өзге ұлт өкілдері де
құрметтеп, үйренуі тиіс.
Мемлекетіміздің кез келген оқу
орнында қазақ тілі ана тілі және мемлекеттік тіл ретінде оқытылады.
Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқыту
әдістері өзгеше. Ол өзге тіл есебінде жүргізіледі. Мемлекеттік
тілді өзге ұлт мектептеріндегі оқушыларға үйрету – аса күрделі
ізденісті қажет ететін жұмыс. Өзге тілді ұлт мектептеріне
қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы тілдің коммуниктивтік
қызметін ескере отырып, оны коммуникативтік танымдық жағынан
меңгертуді көздейді.Қазіргі кезде тілді коммуникативтік оқыту
мәселесіне ерекше назар
аударуда.
Ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов былай деген екен
«жақсы мұғалім» деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, соларды
оқытуда қолдана білу арқылы ғана жетуге болады. Сонымен қатар,
бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай, табанда өзі қажет әдісті
тауып, пайдалана білу керек» деген екен, демек өзге ұлт
өкілдерінің алдында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, мерейін
тасыту үшін, мұғалімнің жан-жақты дамып, кәсіби шеберлігін ұштай
түсуі маңызды. Мектеп оқушыларының мемлекеттік тілді қарым-қатынас
негізінде игеріп сөйлей алуы үшін мұғалімнің тілді үйретуде
әдіс-тәсілдің тиімді тұсын қолдану орасан зор пайдасын
тигізеді.
Оқушының сөздік қорын үнемі
байытып отыру – тіл дамытудағы негізгі мәселе. Сөздік қоры бай
адамның ойын анық жеткізу мүмкіндігі мол болады. Сөздік қоры бай
адам ойын жеткізуге ең керек сөзді таңдап қолдана алады, оның ойын
дәл білдіретін сөзді тыңдау мүмкіндігі бар. Тауып сөйлеу, ойын анық
білдіру қажетті сөзді қолданумен тікелей байланысты. Ал ол сөздік
қордың байлығын керек етеді. Сондықтан тіл дамытуда оқушының сөздік
қорын байытуға ерекше мән беріледі.
Сөздік жұмысы әр сабақ үстінде,
жыл бойында, бүкіл оқу кезеңінде белгілі жоспармен, жүйемен
жүргізілуі керек. Оқушы сабақ сайын жаңа сөз үйреніп отырады.
Оқушыға үйретілетін жаңа сөз тексте, диалогтарда жаттығуда
қолданысымен байланыста беріледі. Сабақ сайын жылма-жыл әр класта
оқушының сөздік қоры өсіп отырады. Әр сабақта үйретілетін жаңа
сөзді оқушының күнделік өмірде, қарым-қатынаста қолданатын белсенді
сөздігіне айналдыру оқушының сөздік қорын байытудағы негізгі мақсат
болып саналады. Осы мақсатқа жету үшін, төмендегі жұмыстар жасалу
керек:
1)жаңа сөз мағынасын оқушыға
анық түсіндіру;
2)жаңа сөздің оқушы есінде
сақталуын қамтамасыз ету;
3)жаңа сөзді қолданыста меңгеру
яғни жаңа сөзді қолдану дағдысын
қалыптастыру;
4)жаңа сөздің айтылуы мен
жазылуын меңгерту;
5)сөздікпен жұмысқа
үйрету.
Жаңа сөзді оқушы жақсы игеру
үшін, оның мәнін оқушы жақсы түсіну керек. Жаңа сөздің мағынасын
оқушыға түсіндіруде ол сөз айтатын заттың өзін көрсету, заттың
суретін көрсету, оқушының ана тілінде аудармасын беру, оқушыға
бұрын таныс синоним сөздерді пайдалану, кейде сипаттамалы түсіндіру
сияқты әдістер қолданылады. Заттың өзін көрсету алғашқы кезеңде
көбірек орын алады, бірақ ол мүмкіндігіне қарай ол кейін де
қолданыла береді. Бұл әдістердің қайсысын қолдануды мұғалім
таңдайды.
Жаңа сөздің оқушы есінде
сақталуын қамтамасыз етуге өте үлкен мән беру керек. Оқушы жаңа
сөзді сабақта үйреніп, бірақ оны жеткілікті дәрежеде бекітпесе, ол
оқушының есінде сақталмайды, сондықтан
оқушының
сөздік қоры байымайды. Олай
болса, жаңа сөзді оқушы есінде бекітетіндей жұмыс жүргізу қажет.
Оқушының үйренген жаңа сөздерін жазып отыратын жеке дәптері болуы
керек. Сөздік дәптерге әр сабақта үйренген жаңа сөздерін жазып
отыруға оқушыны дағдыландыру қажет. Оқушы жаңа сөздерді сөздік
дәптерге жазумен бірге, әр күні оны ең кемі екі реттен оқып отыруға
дағдылану керек. Мұндай дағдыны қалыптастырған оқушы жаңа сөздерді
ұмытпайды. Сөздік дәптерді үйде күнде отырғанда, тек жаңа сөздерді
ғана емес, ол түгел қайталанады. Барған сайын алғашқы сөздер әбден
сақталған кезде, оларды оқуды тоқтатып, соңғы кездердегі сөздерді
оқу керек. Осылай жүйелі түрде сөздікпен жүргізілген жұмыс оқушының
сөз байлығының молюына мүмкіндік жасайды. Сөздік дәптер оқушының
үйренген сөздерін ұмытпауға, үнемі қайталап отыруға өте қолайлы.
Оқушының сөздік қорын байыту жаңа сөздерді үйренумен бірге, бұрын
үйренген жұмыстарын қолданыстан шығармауды керек етеді.Ол сөздік
дәптер алғашында сөздік ретінде, кейін аударма ретінде
жасалады.
Сөздік дәптер қайталауға да,
ұмытқанды еске түсіруге де, мазмұндама жазуда пайдалануға да, өте
ыңғайлы. Оқушылар сөздік дәптерін сабақ кезінде ғана емес, сабақтан
тыс уақытта үйренген сөздермен толықтырып отыруы пайдалы. Сонымен
бірге сөздік дәптер оқушының қазақша үренген сөздерінің жалпы санын
біліп отыруы үшін де керек. Сөздік дәптер арқылы оқушы қазақша
үйренген сөзінің күннен-күнге өсіп келе жатқанын біліп отырады және
ол сөздікті толықтыруға қызығушылық туғызады. Ол – оқушының тілін
байытуға, тілді үйренуге көмектеседі.
Оқушының сөздік қорын байытудың
тағы бір жолы – мақал –мәтел сөздігін жасау. Мақал-мәтелдер сөздігі
оларды оқушы есіне тұрақтандыруға көмектеседі. Ал мақал-мәтелдер
оқушының қазақша сөйлеуін көріктендіреді. Мақал-мәтелдер сөздігін
оқушы сөйлесу кезінде, мазмұндама, шығарма жазғанда, пайдалануына
болады.
Сонымен бірге жаңа сөздер
оқулықтарда соңғы бірнеше сабақта, жиі қайталанып, кейін сирек
кездеседі. Бірақ ол мүлде кездеспеуә мүмкін емес. Оқулықта бұл
жағдайлар сақталмаса, мұғалім оны қадағалап, қолданысқа енгізіп
отыруы қажет. Сөздердің жеткілікті қайталанып отыруы – оның
ұмытылмауы үшін ең қажет шарттардың бірі.
Мұғалім сабақтағы жаңа сөзді
келесі сабақта жеке сөз ретінде тексеріп отыруы да өте пайдалы.
Мұндай жұмыс түрі затты көрсетіп, суретін көрсетіп, оны қазақша
атату арқылы жүргізіледі немесе орыс тілінде сөзді атап, қазақшасын
оқушыға айтқызу арқылы да тексеруге
болады.
Жаңа сөзді қолданыста меңгерту
оқушыны әрі сөйлеуге баулу, әрі сөзді оқушы есіне сақтауға
көмектеседі. Сөздің қолданысын оқушы текстен, жаттығудан көреді,
танысады. Бұл жаңа сөзбен алғашқы танысу. Мұғалім оқушыға жаңа
сөзді сөйлемде өзінше қолдануға жаттықтырады. Жаңа сөздермен сөйлем
құрауды үйретеді, сөздерді сөйлеуде, диалогта қолдануға
жаттықтырады. Жаңа сөздер қатысқан мақал-мәтел жаттау, өлең жаттау
өте пайдалы, ол сөздердің ұмытылмауына үлкен ықпал жасайды және
сөздердің қолданысын үйретуді бекітеді.
Жаңа сөздердің мағынасын
түсіндірген соң, олардың дұрыс айтылуын түсіндіру керек. Жаңа
сөздердің айтылуын мұғалімге еліктеп бүкіл класқа, топқа, жеке
оқушыға айтқызу арқылы үйретуге болады. Жаңа сөздерді могнитофон
таспасына жазып әкеліп, оқушыларды оған қосылып бірге айтқызу
арқылы, дұрыс айтуға үйретуге болады. Жаңа сөзді үйретуде мұғалім
дауысына еліктеуді де, магнитафонды да қолдану ұтымды, бұл
әдістердің бәрін қолдану сөздің ауыр, жеңіліне қарай шешіледі. Жаңа
сөздің жазылуын меңгерту жазбаша жаттығулар, мазмұндама, диктант,
шығарма, арқылы жүзеге асады. Оқыту барысында осы үйренгени
сөздерді оқушылар іш жүзінде пайдалана білуі
керек.
Жаңа сөзді үйретуде үнемі бір
тәсілмен өткізбей, әр сабақта тәсіл түрлерін өзгертіп, оқушыны
жалықтырмай, түрлендіріп өткізген дұрыс.
Оқушының тілін дамыту, сөздік
қорын байыту – жан-жақты жұмыс. Бұл ретте оқушыны дайын
сөздіктермен пайдалануға жаттықтырудың да атқаратын қызметі зор.
Сөздіктермен пайдалануға үйрету, жаттықтыру оқушының сөздік қорын
байытуға көмектеседі. Бұл жұмысты бастауыш кластың соңғы
кластарында бастауға болады. Оқушы сабақта сөзді сөздіктен тауып
үйренсе, ол сабақтан тыс уақытта кітап оқуда, тағы басқа
жағдайларда таныс емес сөзді сөздіктермен үйрене алады. Бұл да
оқушы тілін дамытады, байытады. Сөздікті пайдаланып үйренген оқушы
кездескен таныс емес сөзді елеусіз қалдырмайды, оны білуге
таырысады, ол үшін сөздікті қолданады.
Оқушының сөздік қоры тек сабақ
кезінде толығады деуге болмайды. Оқушының сөздік қоры сыныптан тыс
уақытта да толығып отырады. Оған әсіресе сыныптан тыс уақытта да
толығып отырады. Оған әсіресе сыныптан тыс уақыттар әсер етеді.
Қызықты ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстарға оқушылар белсенді
түрде қатысады. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыға қазақша сөйлеу
ортасы жасалып, оның қазақша қарым-қатынас жасауына зор мүмкіндік
туады. Оқушы қазақ тілі үйірмесінде ән үйренеді, тақпақ жаттайды,
қойылымдарға қатысады, мәнерлеп оқуға жаттығады, олимпиадаға
қатысады. Осының бәрі қазақша жүргізіледі. Ол оқушының сөздік қорын
байытады, сөйлеу дағдысын бекітеді, тілін
дамытады.