Орта ғасыр мәдениет контексіндегі «Рыцарь» болмысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Орта ғасыр мәдениет контексіндегі «Рыцарь» болмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта ғасырлар тарихта сұрғылт түсті атанған дәуір, дәл осы кезде «әлем жарығы» атауын алған рыцарьлар мәдениеті ерекше көзге түседі. Рыцарь мәдениеті бүгінгі күні үлгі болатын «мінсіз ердің» келбеті ретінде танылады. Анықтамада: «Рыцарь – христиан дінін ұстанатын елді жаудан қорғаушылар, христиан дінін таратуға үлес қосқан жауынгерлер деп көрсетеді. Кез-келген адам рыцарь атағын иелене алмайтын, ол үшін арнайы шарттар мен кодекстер бекітілген. Алдымен діни рәсім негізінде обет беріп, шіркеу әкейіне әлсіздерге қол ұшын созып, жетім мен жесірлерге көмек береміз», -деп ант етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарлығаш Нұрмұхамет

Мәдениеттану пәнінің оқытушысы

Алматы Технологиялық университеті

Орта ғасыр мәдениет контексіндегі «Рыцарь» болмысы

Орта ғасырлар тарихта сұрғылт түсті атанған дәуір, дәл осы кезде «әлем жарығы» атауын алған рыцарьлар мәдениеті ерекше көзге түседі. Рыцарь мәдениеті бүгінгі күні үлгі болатын «мінсіз ердің» келбеті ретінде танылады. Анықтамада: «Рыцарь – христиан дінін ұстанатын елді жаудан қорғаушылар, христиан дінін таратуға үлес қосқан жауынгерлер деп көрсетеді. Кез-келген адам рыцарь атағын иелене алмайтын, ол үшін арнайы шарттар мен кодекстер бекітілген. Алдымен діни рәсім негізінде обет беріп, шіркеу әкейіне әлсіздерге қол ұшын созып, жетім мен жесірлерге көмек береміз», -деп ант етеді.

1) Рыцарь атану үшін алдымен шыққан тегің текті болуы тиіс.

2) Міндетті түрде шоқынып, христиан дінін қабылдауың керек.

3) Өз басшысына берілгендік, опасыздық жасамауға ант бересің.

4) Денесі шымыр болу керек, алып болмаса, 60 кг тұратын

сауыттарын көтере алмайтын.

6) Саятқа шығып, аң аулауға епті болуы керек.

7) Қылыштаса алу.

8) Суда жүзе алу.

9) Қоғамда өзін-өзі дұрыс ұстау.

10) Әйелдердің алдында ілтипат таныту, ізетпен өлең жолдар оқи алуға міндеттелетін[1,212б.].

Халқымыздың батырын рыцарьмен салыстырсақ, Абылай заманында да рыцарьға ұқсас ер жігітке он талап қойылған. Күресте жеңу, аударыспақта басым түсу, садақ тартқанда құралай көзіне ату, құрықпен, шоқпармен өнер көрсету, асау атты үйрету, бүркітпен түлкі алу, ат жарыста мәреге жету, қылыштасу, найзаласу. Қазақ жігіттеріне қойылатын талаптың ішінде «әйелдердің алдында өлең жолдар оқи алу» деген көлгірсу жоқ. Қазақ батырларын Батыстың батырларымен теңестіруге келмейтін сияқты. Қазақ батырларының деңгейі олардан әлдеқайда биікте тұр дегім келеді. Рыцарьларға неке деген жат ұғым, оларға ұшқынмен бір жалт еткен жалған махаббат тән. Аттың қомында, өлім мен өмірдің екі ортасында жүрген рыцарьлар «Мөлдір махаббат» дегенді жадыларынан шығарып тастаған. Рыцарьларға қатысты жағымсыз деректер де кездеседі. «Шындығына келгенде, бірнеше айға созылған соғыстарда сауыттарын шешпей жүргендіктен үстерінен жағымсыз иіс шығып тұратын. Рыцарьлар үсті-бастарын жуынуға әркез ыңғайы келмегендіктен биттеп те кететін, сақал-дарына жабысқан тамақ қалдықтары Рыцарьларды ұсқынсыз көрсететін. Тағы бір жерде Рыцарлар жаулаған жерінен пәктігін жоғалтпаған қызға тиісетін осыдан өздерін еркектің мықтысы екенін сезінген деседі[2]. Иман мен ибаны білген қазақ жігіттері жаудың қызы болса да әйел затының арын жоғары қойған, ғашық болып жатса жаудың қызына үйленіп алып қалуға тырысатын. Жалпы қазақ қоғамында қыздың абыройы әулеттің, бүкіл елдің абыройына баланған. Жігіттеріміз әйел затын қастерлеген, қыз ретінде аялау, жар ретінде сүю сияқты құндылықтарды саналарына сіңірген.

Орта ғасыр тарихына шолу жасасақ, мұсылмандардың Рыцарьлар орденінің құрылуына себепші болғаны рас. Өйткені, селжүктер бір жағынан, екінші жағынан арабтар Испанияны жаулап алғаннан бастап Еуропалықтар аяқтарынан тік тұрады. Батыс Таяу Шығыстан қатты қауіптенген бұл кездері Араб халифаты Шығыста Қытайға, батыстағы Франктерге, Солтүстік Африкаға өз үстемдігін жүргізген еді. Иерусалим VII ғасырдың 40 жылдарынан бастап мұсылмандардың қолында болатын. 1088 жылы Рим папалығына сайланған Урбон ІІ Клермон соборында 1095 жылы христиан шіркеуінің жиынын өткізіп, өз сөзінде қол астындағыларына: «мұсылман-дарға қарсы крест жорығын жариялады. Жорыққа баратындардың барлық күнәсі кешіріліп, шайқаста қаза тапқан болса о дүниеге жұмаққа түсіп, жандары рахатқа бөленетінін хабарлады...» [3,140б.]. Папаның жарлығын қабыл алған рыцарьлар атақ пен даңққа бөленудің кезегі келгенін сезініп, күштерін біріктіріп шығысқа бет алды. Шіркеудегілер жорықтың мақсатын мұсылмандардың қол астындағы Палестинада Иса пайғамбардың мүрдесін дінсіздерден босату үшін ұйымдастырылып отырған жорықтар деп жариялады. Крест жорығы аталған саясаттың астарында шіркеу байлығын арттырумен қатар жер иелігін ұлғайту жатқан еді.

Алғашқы жорықты Исаның мүрдесін желеу етіп бастаған еуропалықтар мұсылмандарға қарсы сегіз рет крест жорығын жасаған. Соғыс Палестина, Франция, Балкан елдерінің аймақтарын қамтиды. Францияның Амьен қаласынан шыққан монах Петр Пустынник үгіт-насихат жұмысын жүргізіп артына қарапайым тұрғындармен, сіңірі шыққан кедейлерді ертіп Венгрия мен Болгар жерлерін басып өтіп Кіші Азияға басып кіреді. Әскери тактикадан бейхабар, алдын-ала стратегиялық жоба жасамаған Пустынниктің тобырын 1096 жылы селжүк түріктерінің әскері қырып тастайды. Осы кезде бастан аяқ қаруланған рыцарьлардың жасағы келіп жетеді. 1096 -1099 жылы аралығын қамтитын бірінші жорықты герцог Роберт Нормандский, оңтүстік шепті Тулузалық граф Раймунд, солтүстік Франция жасағын герцог Готфрид Бульонский басқарды. Дорийлік жазықта Султан Сулейменнің әскерімен кездесіп екі жақта киян кескі ұрыс болады. Крестшілердің бұл шайқасы сәттімен болады.

Ары қарай Антиохияға жол тартқан олар үш ай бойы азапты күндерді басынан өткізеді. С.А. Нефедов: «Степи и пустыни не могли прокормить огромное воинство, вскоре начался страшный голод; говорят, что воины Христа ели человечину; их путь был устлан телами умерших»[4,136 б. ]. Ауа райының аптап ыстығынан шөл қысқан әскерлердің өліктерінен адам аяқ алып жүргісіз болған. Константиопольді, Антиохияны алған олар ары қарай жылжып 1148 жылы Дамаскіні қоршап алады. Қаланы ала алмай қойған крестшілердің екінші жорығы сәтсіздікпен аяқталады.

1171 жылы Египетте Фатимидтер әулеті құлаған соң, билік курд Саллахидиннің қолына көшеді. Саллахадин жихад жариялап, Иерусалимді қайтадан тартып алады. Иерусалимді тартып алуы крестшілердің үшінші крест жорығын тудырады. Үшінші жорықты 1202-1204 жылы Рим императоры Фридрих Барборосса, Француз корольі Филипп ІІ, Англия королі арыстанның жүрегін жұтқан Ричард І – дің бастамасымен болады. Бұл үшінші жорық та олар үшін сәтсіз аяқталады. Төртінші жорықты ұйымдастырған Папа Инокентий. Ол Венеция арқылы теңізбен барып Египетті жаулап алмақшы болады. Төртінші крест жорығын мұсылмандарға бағытталмаған дейді, христиан әлемі қарғыс атқан жорық деп те айтып жүр. Крестшілер жаулап алған жеріндегі шіркеуді тонап, шіркеу қызметкерлерін өлтірген. Крестшілер 1217-1221 жылдар аралығындағы жасаған бесінші жорықты Венгрияның корольі Андраш пен Австриялық король Леопольд басқарды. Соғыстағы жинақылық пен ауызбіршілік жоқтықтан, екінші жағынан табиғат апатынан бұл жорықта сәтсіз аяқталады. Алтыншы жорықты (1228-1229) Барбороссаның немересі Фридрих ІІ басқарады. Ол соғыспай дипломатиялық жолмен келіссөз жүргізеді. Жетінші, сегізінші крест жорығын Француз корольі Людовик ІХ басқарады. Крест жорығының соңғы нүктесін Бейбарыс сұлтан қояды. Осы жылдары чума ауруы пайда болып эпидемиядан талай крестшілер көз жұмады, соның ішінде король Людовик ІХ бар еді.

ХІІ ғасырда Еуропада жұмыла біріккен рыцарьлардың үш ордені пайда болады. Бірінші орден Иерусалим жерінде пайда болған. Рыцарьлық орден 1190 жылы госпиталь негізінде құралып, әскери аурухана ретінде ашылған. Бірінші орден госпитальерлер не болмаса Иониттер деп аталған. Бұл рыцарьлардың құрамы нормандар мен франктардан тұрады. Госпиталь рыцарьлары қажылыққа келген, ауру сырқаулар мен кемтарларға қамқорлық жасайтын, алғаш рет басқыншылардан жаралы, өлім аузында жатқан әскерлерге көмек беру мақсатында құрылған. Екінші рыцарьлық ұйым тевтондық орден деп аталады. Бұлардың басым көпшілігін Германиядан келген немістер құрды. Бұл орден Әулие Марияға арналады. Тевтондықтар кейін Шығыс Прибалтикаға қарай жылжиды. Тевтондықтар соңынан Пруссияның құрамына кірігіп кетеді. Тамплиер орденінің негізін салған Гуго де Пайенс. Ол 1080 жылы Пайенс қалашығында дүниеге келген, бірінші крест жорығына қатысқан рыцарь. Тамплиер ордені туралы мәліметтер өте аз, өйткені Гуго де Пайенстың құрған ұйымының өзіндік ерекшеліктері бар. Орден мемлекетен тыс көп жылдар бойы құпия тұрғыда астыртын жұмыс жасаған. Бұл орденнің Париждегі Марэ кварталы, Англия, Испания, Португалияда жер иеліктері болған, өздеріне қарасты Ла-Рошель порты арқылы алыс-беріс, айырбас, сауда-саттық жасап төрт күл дүниемен байланыс ұстаған. Тамплдың күрт баюының астында не жатқанын түсінгісі келгендер қаншама? Луи Шарпантьенің мәлімдеуінше: «Тамплиеры имели в одной только Франции около двух миллионов гектаров, свободных от нологов и соборов. В скором времени приобрели бы вдвое больше. Люди, которые землю обрабатывали, свободные от налогов и сборов, подчинялись бы только юристдикции ордена..»[5, 212б.].

Кейбір деректерде Тамплиерлер шынымен де эзотерикалық ілімге қызыққан, алхимия, мұсылман суфизімінен де хабардар еді делінген. 1307 жылы король көрікті Филипп тамплиерлерді қолға түсіру туралы жарлық шығарады, оларға қарасты барлық дүние мүлкін тәрк етіп, иеліктерін тартып алады. Инквизитор Гойома тамплиерлер ұйымына түрлі жала жауып тергеуге алады. Тамплиерлерді мұсылмандармен байланысы бар деп те айыптаған, алайда оған ешқандай да негіз жоқ. Трамплиерлерге христиан дініне қарсы келген деп айып тағылады. Өйткені тергеуде: «Орденге қабылданған кезде Исус таңылған крестке түкірдік, ол жай ғана адам, құдай емес дегенбіз» – деп жауап бергендері болған. Бұл орденнің өздеріне тиісті «Бафометтің» басы бейнеленген рәміздері болған. Ол рәмізді ібілістің басы деп түсінген. Түнек, қара әлемнің бейнесі ешкінің басымен байланысты қарастырылатын. Астары тек тамплдарға мәлім. «Однако вряд ли можно сомневаться в том что в предъявленных тамплиерам обвинениях была известная доля преувели-чения.... в полне возможно, что отдельные тамплиеры действительно были виновны в упомянутых преступлениях, но у нас нет оснований утверждать, что весь орден был охвачен дьяволщиной. Преследование тамплиеров, как и травля евреев, было затеяно королевской властью; ловко сыграв на религиозной ненависти и страхе народа, она расправилась с богатым и влятельным оппонентом»[6,332б.] Тамплиерлер Батыстың дамуына елеулі үлес қосқан. Екі жүз жылды қамтитын орден 200 жүзге жуық романдық, готикалық стильде шіркеулер тұрғызған. Орта ғасырлар корольдер бейбітшілік мәмлеге келгенде, жеңіс тойланғанда рыцарлық турнирлер өткізіп тұратын. Бұндай турнирлерге рыцарьлар жан-жақтан, тіпті алыс-жақын Германиядан, Франциядан келіп қатысып жататын. Нағыз азаматтың болмысы қисса, ертегілерде көрініс тапқан десек, рыцарьдың болуға тиіс бейнесі поэмаларда бейнеленген. Атақты рыцарьларды жырға қосқан трубадорлардың бүгінгі күнге жеткен жырлары әлем әдебиетінің ең үздік серияларына кіреді. Батырлар жыры сансыз болса, рыцарьға арналған жырлар саусақпен санарлық екен солардың қатарында: «Тристан романы», француздардың «Роланд жыры», немістің «Небелунг жыры».


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Л.А. Никитич. Культурология. Москва «Юнити - дана», 2005. – 559с.

  2. Рыцарьдың көлеңке тұстары. Udіvitelnay- zhizn.mirtezen.ru

  3. Қ.Жұмағұлов. Орта ғасыр тарихы.– Алматы «Қазақ университеті», 2010. 405б.

  4. А.Нефедов. Орта ғасыр тарихы. Москва «Аст», 2010. 362с.

  5. Луи Шарпантье. Босэн тайна тамплиеров / сокр. пер. с фр. Е.В. Головина. М.: «Эннеагон Пресс», 2008. 230с.

  6. Дж. Бартон Рассел. Колдовство и ведьмы в средние века. Cпб,2001. – 480 с.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
921
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі