15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Орта және алыс қашықтықтарға жүгіру
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1. Жүгіру,секіру және лақтыру дағдыларын оқу |
Мектеп: ҚОМ Тексерілді |
|||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Кадекова К |
|||||
|
Сынып: 7
|
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
||||
|
Сабақ тақырыбы |
Орта және алыс қашықтықтарға жүгіру. |
|||||
|
Оқу мақсаттары |
Барлығы: Білім алушы жүгіреді Көбі: Білім алушы қауіпсіздік ережесін сақтай отырып жүгіре алады Кейбірі: Білім алушы жүгіреді, өз ойларын еркін жеткізе біледі, дене жаттығуларының түрлерін орындай алады |
|||||
|
Оқу бағдарламасына сілтеме |
3.3 Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау,олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын зерттеу. |
|||||
|
Сабақ мақсаттары |
Жеңіл атлетикадағы орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру дағдылары жайлы өз білімдерін салыстыра және көрсете алады. |
|||||
|
Жетістік критерийлері |
Жаттығуларды орындау кезіндегі айырмашылықты, оның ағзаға тигізетін әсерін, энергетикалық жүйемен байланысын анықтайды. |
|||||
|
Тілдік мақсаттар |
Екпін алу, итерілу, ұшу, қону көтерілу, жерге қону фитнес құрамдастары: күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік қадамдар, аттау лақтырулар: итеріп шығару, итеру, көтеріп тастау, лақтыру қауіпсіздік, қауіп-қатер сөрелік екпін алу, қашықтық бойынша жүгіру, мәреге жету. |
|||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Білім алушылар бір - бірімен келісіп және үйлесімді жұмыс жасауға тәрбиелеу. |
|||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Биология пәнімен байланыс - дене мүшелерін анықтай біледі. |
|||||
|
Бастапқы білім |
Қысқа қашықтыққа жүгіру. |
|||||
|
Сабақ барысы Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке, Тәж -оқушы тәжірибесі,К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау. |
||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||
|
Сабақтың басы 10мин |
Дайындық бөлімі. Білім алушылардың зейінін шоғырландырып,бірге сабақ мақсаттарын/ОМ/ анықтап алып. Техника қауіпсіздігі. Саптық жаттығулар:орыннан оңға, солға бұрылу. Оқушылар жүгіру жаттығуларын орындайды. Аяқты артқа бүгіп жүгіру. Тізені жоғары қөтеріп жүгіру. Оң жақ иықпен адымдап секіру. Сол жақ иықпен адымдап секіру. Әрбір адымда секіріп жүгіру. Ж.Д.Ж.бір орында.
|
Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік. Кең алаң Ысқырық,секундомер |
||||
|
Сабақтың ортасы 25мин |
(С, К) Тамыр соғысы туралы алдыңғы өтілген материалды қараңыз. МС – минутына соққы. Тынығу кезіндегі тамыр соғысы, жұмыс тамыр соғысы, қалпына келу. Білім алушыларды сапқа тұрғызып бүгінгі 400 - 800м орташа шапшандықпен жүгіру әдістерін айтып түсіндіремін.
Қашықтықтырға жүгіру үшін сөреден шыға білудің үлкен манызы бар.Әдетте жүгірушілер жоғары сөрелік қалыпты пайдаланады.Бұл ретте сөре сызығына күшті деп есептеген аяқты қою керек «Дайындал» пәрмені бойынша аяқты бүгіп,кеудені ілгері еңкейтеді «Баста» деген пәрмен бойынша орташа жылдамдықпен жүгіреді. Қолмен кеуденің қалыпы,қозғалысы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Дененің бұлшық еттерін қатты ұстауға болмайды 5-6 қадам жасағаннан кейін тыныс алған жөн (ауызбен) Шапшандық артқанда тыныс алу жиілігі артады. Демді қалыпқа келтіру жаттығулары. елу тамыр соғысы. (ЖЖ, Т) «Қуып жет». Ойынның қатысушылары олардың арасында бірдей арақашықтық болатындай етіп (10-15 м) жүгіру жолына тұрады. Белгі бойынша барлық ойыншылар жүгіре бастайды. Әрбірінің міндеті – өзін қуып жетуге жол бермеу және ойыннан шығарып тастау үшін алдында жүгіріп бара жатқан оқушыға қол тигізуге тырысу. Ойын жолында ең төзімді үш оқушы қалған кезде, ойын аяқталады. |
|||||
|
Сабақтың соңы 5 мин |
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі: Оқушалардан бұл жаттығуда қандай тәуекел бар екенін және оны қалай азайтуға болатынын сұрау. Оқушылар таңдаған тірек-қимыл дағдыларын бақылау. |
|||||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||
|
Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап. Деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым.Деңгейі жоғары оқушылармен аралстырып білім деңгейлерін көтердім. |
Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Әр оқушыға жекелей тапсырмалар беру, тапсырмалардың орындалу дағдыларын тексеру. |
Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: |
||||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген